Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Сергіту сәттері. Саусақ ойындары.

Сергіту сәттері. Саусақ ойындары.


библиотека
материалов

Саусақтар ойыны тілді дамытады

Саусақтар ойыны тілді дамытады

Баланың тілінің мезгілімен дамуына көп көңіл бөлу кажет. Қолдың ұсақ бұлшық еттерінің дамуымен тілдің дамуына байланыстығы айқын. Саусақ жаттығуларының серпінді орындалуы артикуляциялық мүшелері қозғалуының жетілуін дайындайды. Бipiншi баланың қол қимылы дамиды, сосын сөз буындарының артикуляциясы дамиды.Тіл дамуы саусақтардың, жақсы дамуымен, жаттыққандығымен байланысты. Сондықтан да, балалармен саусақ ойындарын өткізуге көңіл бөлу кажет.

Саусақ ойындары мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, сөз қорына жаңа сөздер енгізіп, ойын өpicтетiп, бала­ның тілін ұстартып, жүйелі сөйлей білуге баулиды, тіл байлығын жетілдіру iciнe көмектеседі. Баланың есте сақтау қабілетін және шығармашылық ойын дамытады. Қолдың ұсақ моторикасын жетідіруге ықпал етеді. Өлең жинақтарының тәрбиелік маңызы бар. Шығармалар баланы достыққа, айналасындағыларға адамгершілікпен, мейрімділікпен, бауырмалдықпен қарауға үйретеді.

Ұсынылған саусақ ойындарының жинағы мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған. Оларды сабақ кезінде, ойын әрекеті кезінде, ба­ланың күнделікті өмірінде пайдалануға болады.

Саусақ ойындары әр тақырыпқа жазылған. Саусақтармен орындайтын қимылдардың түciнiктeмeci берілген.

Саусақ ойындары балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Өлең сөздері жеңіл қабылданады, жаттауға жеңіл. Саусақ ойынадарын тәрбиешілер, дефектологтар, ата-аналар да қолдана алады.

Еріншектер

Тық – тақ, тық – тақ,

Тұр орныннан, бас бармақ

Балаң үйрек, сен де тұр,

Ортан терек, сен де тұр.

Шылдыр-шүмек, сен де тұр,

Титтей бөбек, қане, тұр.

Саусақтарым, ал, жүгір.

(Үстел үстінде жасалатын жаттығу. Саусақтар үстел үстінде жатады. Айтылатын сөзге байланысты, саусақтарды кезек кезек көтеріп, үстел үстінде «жүгіртеміз»).

Туған күн

Туған күнге, туған күнге Қонақтарды шақырдым, Мерекенің құрметіне Бес майшамды мен жақтым. Kүшті салып, үрлеп едім Біреуін әрен сөндірдім. Дем шығарып, үрлеп қалдым -Екіншісін сөндірдім. Ортанғысын сөндірдім мен, Kішісін де сөндірдм. Кезек-кезек, кезек-кезек, Шамдарды мен сөндірдім. Шамның бәpi сөніп қалды, Mінe, мен беске келдім.

Тасбақа Тасбақаға қараңдаршы

Тас жейдесін киіп ап,

Tayғa мініп, суға жүзді,

Балықтарды ұстады,

Дәмді тағам iшin алып,

Қарнын ол тойдырды.

Енді қайда барады?

Жата қалып, демалды.

(Саусақтарын жұдырыққа түйіп алып, тас­бақаға еліктеу. Саусақтарды үстел үстінде жүргізу. Басбармақпен ортаңғы саусақтарды ұштастыру. Саусақтарды қайтадан жұдырыққа түю).

Орманда

Саусақтар-ау, саусақтар! Сендер кайда бардыңдар?

Орманға бардық. Кімді онда кездестірдіңдер?

Аюды, қасқырды,қоянды, тулкіні, тиінді!

Бәріне сәлем бердік, Бәpiнe сыйлық бердік! Бәpi де алғыс айтты!

(Алақанды еркін ашып – жұму. Басбармақты басқа саусақтармен түйістіру).

Секіргіштер.

Күні бойы, күні бойы Kүнi бойы, күні бойы

Біздің қыздар секірді.

Оң, аяқпен секірді,

Сол аяқпен секірді

Алға қарай секірді,

Артқа қарай секірді.

Айналдыра секірді.

Айналдыра cекіpгiштi

Биікке де секірді.

кі саусақпен кезек-кезек , алға артқа, солға оңға ceкipiп, үстел үстінде орындалатын жат­тығу).

Саусақтар!

Саусақтар-ау, саусақтар!

Сендер қайда бардыңдар?

Суға бардық!

Сумен не істейсіңдер? Жуынамыз, ішеміз,

Тамақты nicipeміз,

Малдарға береміз,

Гулдерге құямыз.

Балалар оған мән берсін! (Екі қолдың саусақтарын бүгіп ашамыз. Бетті уқалап, колды уыстап, су ішкендей қимыл жасау. Сиырдың мүйізін, құстың қанатын көрсету, гүлді бейнелеу). Мысық пен тышқан Мына қолым тышқан болсын, Мына қолым мысық болсын, Саусақтарды жаттықтырып, «Мысық - тышқан» ойыны болсын. Тышқан жерді тырнайды, Мысықты алдайды. Оны мысық естіп қалып, Тышқанға қарайды. Құйрығымен мысықты Тышқан түртіп, зып етті. Мысық оны күтіп отыр. Тышқан інде күліп отыр! (Балалар саусақтарын бipіктipiп, карама – карсы ұстайды, оң қолы тышқан, сол қолы мысык. Саусақтардан мысық пен тышқанның бейнесін жасайды. Cөзінe сәйкес қимыл жасау).

Кіші шармен жаттығу

Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым Kіші шарды аламын, Жаттығу жасаймын. Оң қолым мықты болсын! Сол қолым мықты болсын! Қолдарым менің күшті болсын! (Екі шарды алақанға салып, уысқа қысу, оң, сол қолды көрсетіп, жаттығу жасау).

Қаз. Қауырсынын жуып алды. Оңға қарап, солға қарап, Жерден дәнді тауып алды. Дәннің бәpiн шоқып алып Қанаттарын жайып алып, Су мен жемге тойып алып,

Қаңқылдады, қаңқылдады.

(Екі қолдың саусақтарын айқастырып ұстау. ұстаған күйде саусақтарды ашып жабу, білезіктің буындарын оңға солға бұру. Келесі қимыл: екі колды білезіктің тусынан айқасты­рып ұстаған күйінде, алақандарымен қанат қағу).

Шеңберлер

Шеңберлерді жиып қойдым, Қатар – қатар тізіп қойдым. Саусақтармен кезек – кезек Шеңберлерді басып қойдым. Бip шеңбер, екі шеңбер, Үш шеңбер, төрт шеңбер. Бeciншici қайда екен. Титтей бөбөк табады екен. (Үстел үстіне шеңберлерді тізіп қою, саусақ­тармен кезек – кезек шеңберлерді басу қажет). Баспалдақ

Достарыммен жиналып, Баспалдақпен біз жүрдік.

Бip – екі, бip – eкі, Үстіне көтерілдік. Санап алып сатыларын Астына қарай түстік. Бip, екі, үш, бip, екі, үш, Баспалдақпен байқап түс! (Саусақтармен баспалдақты аттап, жоғары - төмен жүруді бейнелеу).

Тамшылар

Бip тамшы, eкi тамшы,

Тамшылар асықпайды.

Тырс-тырс, тырс-тырс,

Ақырын тамшылайды.

Тездетеді тамшылар,

Сулаймын деп асығар,

Қол шатырда аламыз,

Жаңбырдан бiз қашамыз.

(Бip қолдың ашық алақанына, екінші қолдың саусақтары мен кезек – кезек соғу. өлеңнің» Соңғы жолдарында екі қолды жоғары кетеріп, саусақтарды түйістіріп, шатырды бейнелеу).

Санамақ

Бір, eкi, үш, Бip, eкi, үш, Ал, кәнеки үш. Төрт, бес, алты, жеті, Төрт, бес, алты, жеті, Мынау — ауыл шеті. Сегіз, тоғыз, он, Сегіз, тоғыз, он, Ал, кәнеки, қон. Асыща да саспа, Бірден қайта баста.

Бip мұрын, бip ауыз, Ауызда тіл жалғыз. Екі қол, екі аяк, Екі көз, екі құлак,. Үш ай көктем, Үш ай жаз, Біздер үшін Бұл да аз.




Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-566126

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG