Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық тренингтер
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық тренингтер



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін және есте сақтауын дамытуға
арналған психологиялық тренингтер

1.«Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

Тағы да нөсер жауын жауды.

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Дауыл соқты.

Жел соқты.

Жел басылып келеді.

2. Жағымды   сөздер.

Мақсаты: Өзін-өзі   одан әрі  ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.                                                                                                                                                                     Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.

 

3. «Сәлемдесу» ойыны.

 Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.

Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді?  т.б. сұрақтар қоюға болады.

5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.

Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:

«Трансформатор»                   «Талдықорған»

  форма                                         қорған

  матор                                          тал                        т.б.

            6. «Сантики, Фантики, Лимпопо».

Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 

7. «Қолдағы хат».

Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.

8. «Көңіл-күй неге ұқсас».

Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

9. «Тасбақалардың жүгірісі».

Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.

10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»

Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.

11. «Тыныштықты жақсы көретін патша»

Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады. Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жас мамандарға арналған кәсіби бейімделуге көмектесетін тренингтің  өткізілуі бойынша анықтама

          Мақсаты: жас мамандардың кәсіби сана шеңберін кеңейту, кәсіби іс-әрекеті барсында пайда болатын қиындықтарды шешу дағдыларын дамыту, олардың психикалық қысымдарын төмендету, ішкі психикалық күшті дамыту.

         Барлығы алтыжас маман қатысты. Алдымен өткізілетін іс-шараның мақсат-міндеттері ескеріліп өткен соң, әрбір қатысушымен амандасу рәсімі өткізілді. Қатысушылар өздері туралы толығырақ айтып кетті, сөйтіп бір-бірімен жақынырақ танысты. «Ұжымдық сурет» атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.Жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, дем алып, рухани толысты.

           

 

Орта және жоғары буын оқушыларының адамгершілік құндылықтықтарын  зерттеу

         

Мақсаты:  оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік-рухани бағдарларын анықтау.

         Адамның адамгершілігі сыртқы іс-әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның мінез-құлқына қарап оның шын адамгершілік екені туралы айтуға болмайды, өйткені ол әрекеттердің ар жағында әртүрлі адамгершілікті емес түрткілер мен сезім жатуы мүмкін. Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекетттерден көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады.

         Оқушылардың рухани бағыттылын анықтау мақсатында М. Рокичтің құндылықты анықтау әдістемесі алынды. Оқушылар өздері үшін аса маңызды болып табылатын құндылықтарын берілген 18 түрлі құндылықтар ішінен рет-ретімен орналастыруы тиіс болды. Қатысқан оқушылар көбінесе төменде келтірілген 5 құндылықты бірінші орынға жиі орналастырған:

Құндылықтар

Пайыздық көрсеткіштері

Денсаулық

55%

Нәтижелі өмір

20%

Белсенді іс-әрекетке толы өмір

15%

Адал және сенімді жақсы достардың көп болуы

5%

Материалдық жағынан қамтамасыз етілген тұрмыс

5%

 Қорытынды: сыналушылардың нәтижелері бойынша өмірде басшылыққа алатын құндылықтардың ішінде денсаулық алғашқы орында, яғни қатысушылар денсаулық және салауатты өмір салтының маңызын жете түсінеді. Өмірлерінің, болашақтарының нәтижелі және белсенді іс әрекетке толы болғанын қалайды.

 

Тақырыбы: Сандарды қалай есте сақтауға болады?

          Мақсаты: оқушыларды ес, есте сақтау, оның ішінде сандарды есте сақтау тәсілдерімен таныстыру. Танымдық белсенділігін ұйымдастыру, заттар арасында ұқсастық байланыстар орнату қабілеттерін дамыту.

         Қажетті құралдар: ойынға қажетті түрлі кез-келген заттар.

         Ұйымдастыру кезеңі. Психолог: «Ағылшындар есте сақтаудың құпиясы – ассоцияцияларды пайдалану өнері дегенді ұнатады. Егер олар болса, есте сақтау да оңайға соғады. Егер болмаса, оларды ойлап тапқан жөн. Белгілі фотосуретші Брель айтқандай, осы ойыннан кейін, көзі түскен әрбір жерде цифрлар көрген. Теңіз толқыны, садақ, мұрт – бұл 3. Кеме, жылан, кенгуру – бұл 5... Енді осындай мысалдарды өздерің келтіріп көріңдер. 153 санын қалай есте сақтауға болады? Адамның бетін елестетуге болады 1- мұрын, 5 – ашылған ауыз, 3 – иек. Салынған адам бетін есіңе түсірсең, сандар да еске түседі».

         Сандарды есте сақтауды жақсартатын  бірнеше ойындар ойналады

.

 

34

23

54

68

97

50

64

47

77

38

19

76

 5-6 сан жазылса – норма.

 Жарық, көңіл-күй, жұмыс, ауа райы, қанжар, кітап, машина, үй, әйнек, ағаш, қасқыр, көру. (6 сөз – норма).

 Денсаулық серігі

 Алкоголь және есірткіні қолданудың алдын алу

         Алкоголизм – бұл алкоголге деген патологиялық әуестенуден, психикалық іс-әрекеттің бұзылуынан, соматикалық және неврологиялық бұзылулармен, жұмыс қабілеттілігінің төмендеуінен, әлеуметтік байланыстарды жоғалтудан, тұлға деградациясынан көрінетін спирттік ішімдіктерді қолдану нәтижесінде пайда болған сырқат.

         Наркомания – бұл есірткілік заттар тізіміне ресми түрде енген заттарды ұлғаятын мөлшерде қолдануға деген патологиялық әуестіктен көрінетін сырқаттар тобы.

         Бұл сырқаттарға психикалық, физикалық тәуелділік, толеранттылықтың (әдеттену, үйрену) өсуі, ал қолданбаған кезде – абстинентті синдром (ломка) тән.

         Кез-келген психобелсенді заттарды қолдану психикалық іс-әрекет пен адамның физикалық қалпына күрделі бұзылулар әкеледі, ол өз кезегінде науқастың өзіне де, оның туған туыстарына, жалпы қоғамға зиян келтіреді.

 Зейін аударыңыз!

         Алкогольді қолдану тілегі туындағанда кез-келген жағдайда ойша  және шын келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

А) маған бұл (алкоголь) не үшін керек?

Б) алкоголді қолданғаннан мен не аламын?

В) менің алкогольді қолданғанымнан кім жеңеді және кім жеңіледі?

Г) өзім және менің отбасым бақытты болу үшін мен қандай мөлшерде алкоголь ішу керекпін?

Д) мен өзімді құрметтеймін бе?

Е) мен не үшін туғанмын?

Ж) менің алкогольді ішімдікті қолданғаным саналы әрекетке жатады ма?

 Ұсынылған есірткі немесе алкогольден бас тарту кезінде ең ыңғайлы жауапты таңдаңыз:

«Рахмет, жоқ. Мен өз істеріме есеп беретіндей жағдайда болғым келеді».

«Рахмет, жоқ. Мен велосипед тепкелі жатырмын».

«Рахмет, жоқ. Мен ата-аналарыммен, мұғалімдермен кикілжіңге түскім келмейді».

«Рахмет, жоқ. Ішсем (есірткі қолдансам), өзімді билеу қабілетімнен айырыламын».

«Рахмет, жоқ. Маған алкогольдің (есірткінің) дәмі ұнамайды».

«Рахмет, жоқ. Ішімдік ішкен соң, тез шаршаймын».

«Рахмет, жоқ. Бұл менің стилімде емес».

«Рахмет, жоқ. Мен толғым келмейді (сыра – жоғарыкалориялы өнім)».

«Рахмет, жоқ. Мен спорттық жаттығуға баруым керек».

«Рахмет, жоқ. Басқа еш нәрсе ұсына алмайсың ба?».

 Есірткіні таратушы адамдардың әдеттегі сөзі:

 Факт: олардың барлығы сондай болса да, өз күштерін де, таланттарын да жоғалтқан.

 Факт: нашақорлар барлық өмір қызықтарынан еркін болады.

             Факт: тек бір рет қана бас тартуға болады – бірінші рет. Алайда адамдардың 99%-ы үшін ол соңғы болмайды.

 Факт: ол барлық өмірді күрделі мәселеге айналдырады.

 Факт: айырады, бірақ өмірмен бірге.

 

 

 

 

 

Жетістікке бағыттау тренингі

 

     Мақсаты: «МЕН» деген ұғымның жағымды бейнесін құру, көңіл- күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимистік сезімді қоңдыру, эмоциялық күйзелісін түсіру, жетістікке бағдарлау.

Жүргізілу уақыты – 1 сағат

     Үш бөлімнен тұрады:

1.     Танысу, күйзелісін түсіру (жаттығулар – «Есімдер», «Жетістік қаланың тұрғындары»).

2.     Жетістікке бағдарлау («Жетістік» қаласындағы жаңбыр, «Жетістік» қаласындағы атомдар мен     молекулалар, «Жетістік» қаласындағы пікірталастар, «Жетістік» қаласындағы «Ааааа және Иииии» көңілді жаттығулары.)

3.     Қорытынды   («Сілкіп тастау» ойыны, «Баспалдақ» ойыны)

І Танысу:

«Есімдер» жатығуы

     Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты  туғызу.

    Уақыты: 5 мин

    Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.

    Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер?

(Тақтадағы баспалдаққа қазіргі сендердің көңіл-күйлеріңді қай дәрежеде екенін белгілеңіздер.)

      Кіріспе сөз

    «Сәлеметсіз бе! Біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз. Сендердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері), осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге барлық бөгеттерден өтіп «Жетістік» мемлекетінде болуы ұсынамын. Барлықтарының бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді жабуды сұраймын, менің белгім бойынша, біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз (ән ойналады). Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.

    Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, - ашл сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы».

                                                          Таңертең көбелек оянды, тартылды,

                                                          Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

                                                          Азғана айналып, барлығына күліп,

                                                          Қайта гүліне оралды.

  Мұндай дәстүрдің бірі ол қаланың негізгі алаңында үлкен сағаттардың орналасуы.

 «Жетістік қаланың тұрғындары» жаттығу (5 мин.)

     Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін түсіру, топта еркін ахуалды туғызу, топтағы қарым-қатынасты жақсарту.

     Уақыты: 3 минут

     Нұсқау:    Біздің «Жетістік» қаламызда да сондай сағат орналасқан. Сол сағаттың қоңырауы соғылғанына байланысты «Жетістік» қаланың қызық дәстүрі бар. Сол дәстүрді орындауға тырысайық.

Қоңырау бір рет соққанда – барлық тұрғындар келесідей амандасады:

-         бір-бірінің алақанын сипайды, ал егер қоңырау –

-         екі рет соқса – арқалармен бір-бірінің арақаларын сипа бастайды,

-         үш рет соғылса тізелерді қосып «тізелермен амандасады».

    Жаттығуларды орындаған кезде балалар шашылып, еркін жүреді. Содан кейін – белгі беріледі, жаттығулар аяқталады.

    Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Жаттығудан кейін қандай сезімдесіңдер?

 

 

Общая информация

Номер материала: 469553

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"