Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Серуен "Қыстың көркі - қар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Серуен "Қыстың көркі - қар"

библиотека
материалов

1 Қыс бастауы – алғашқы қар

Мақсаты: Қыс мезгіліне тән ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Экологиялық міндет: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге үйрету.

Қандай жыл мезгілі басталды? Айналаға әсем көрініс сыйлаған жаңа жауған қарға көңіл аудару: жер беті аппақ, жолдарды, орындықтарды, ағаштар мен бұтақтарды қар басқан. Қыс – барлық ересектер мен балалардың сүйікті жыл мезгілі, сондықтан оны қуанышпен қарсы алады..

Жұмбақ: Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (Қар)

Көркем сөз: Алғашқы қар

О, керемет, керемет!

Бейне аппақ көбелек,

Ақша қар жай көлбеңдеп,

Қонып жатыр жерге кеп.

Қонып жатыр тауға кеп,

Бақшаға кеп, бауға кеп.

Қонып жатыр көлге кеп –

Кетті ұласып жер мен көк.

Шыр көбелек айналып,

Қонып жатыр жайланып:

Енді қайтып ұшпаймыз

Осы жерді қыстаймыз. (Жаманбалинов М)

Еңбек: Ойын алаңындағы қоқыстарды жинау..

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Қимылды ойын: «Маған қарай жүгіріңдер»

Мақсаты: Балаларды жүгіруге жаттықтыру.

Мақал-мәтел: Қыстың қамын жазда ойла. Қыс қарлата , дауылдата келеді.

Болжам: Жаз аптап ыстық болса, қыс қатты болады.

Қыста ағаштың бұтағында қар аз болса, жазда құрғақшылық болмақ.



2 Қалың жауған қарды бақылау

Мақсаты: Қысқы табиғатты сүйсіне қарауға үйрету, қалың жауған қарды бақылау, байқампаздығын дамыту.

Экологиялық міндет: Қардың қасиетімен таныстыру.

Жауған қарға, оның қайда түскеніне (ағаштың басына, орындықтың үстіне, жолға т.б.) көңіл аудару. Тұнжыраған күні қар жабысқыш келеді, жақсы жабысады, ал аязды күні – қатты, сықырлақ болатынын атап өту, аяқ астындағы қар қалай сықырлайтынын тыңдауды ұсыну.

Жұмбақ:

  1. Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (Қар)

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Көркем сөз: Ақша қар

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады – қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Гүлденеді бақшалар

Жауса, жаусын ақша қар. (А.Тоқмағамбетов)

Еңбек: Күрекшелермен ойын орнындағы қарды күреу.

Мақсаты: Айналаны таза ұстауға, ойынға орын дайындауға үйрету.

Қимылды ойын: «Күн мен түн», «Нысанаға қар лақтыруи»

Мақсаты: Сергек көңіл-күй туғызу, белсенді қимылдауға жаттықтыру.

Мақал-мәтел: Ақ қар көп болса, ақ нан көп.

Болжам: Қыста торғайлардың қауырсыны үрпиіп тұрса, қар жауудың белгісі.

Егер қарға биік ағаш басы, үй үстіне отырып қарқылдаса, онда қыста қарлы борасын болады, қар жауады.



3 Қар жауғаннан кейінгі табиғатты бақылау

Мақсаты: Қардың қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Қысқы табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Экологиялық міндет: ауа-райы қардың қасиетіне әсер ететінін түсіндіру: аязды күні қар жеке-жеке ақшақар болып жауады, жылы болғанда ақ ұлпа, ақшақарлар жауады.

Жұмбақ: Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Көркем сөз:

Көше бойы омбы қар,

Жиналамыз топтала.

Демей бетім домбығар,

Соғамыз зор ақ қала.

Көктің жүзін бұлт торлап,

Жерді жапса күміс қар.

Үйде ұстамақ кім зорлап,

Қыста қызық жұмыс бар! (Қ.Жұмағалиев)

Еңбек: Қардан аққала тұрғызу

Мақсаты: Қардың қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Бірлесіп еңбек етуге, бастаған істі аяғына жеткізуге тәрбиелеу.

Қимылды ойын: «Қарды нысанаға тигіз», «Кімнің аққаласы үлкен»

Мақсаты: Қимыл белсенділігіне, ептілікке, жылдамдыққа жаттықтыру.

Мақал-мәтел: Ақ қар көп болса, ақ нан көп.

Болжам: Қыста торғайлардың қауырсыны үрпиіп тұрса, қар жауудың белгісі.

Егер қарға биік ағаш басы, үй үстіне отырып қарқылдаса, онда қыста қарлы борасын болады, қар жауады.



4 Қардың қасиетін бақылау

Мақсаты: Қардың қасиетімен таныстыру. Қармен ойын ойнау ережелері туралы әңгімелеу.

Экологиялық міндет: Рассказать о значении снежного покрова для жизни растений.

Жұмбақ: Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді. (Қар)

Айнымайды шыныдан,

Қорқады тек жылыдан (Мұз)

Қыс түсіп, қар жауса, кілең

Дала кезіп тыншымайды.

Көрінбейтін саусағымен

Бетті аямай шымшылайды. (Аяз)

Көркем сөз: Ақша қар

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады – қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Гүлденеді бақшалар

Жауса, жаусын ақша қар. (А.Тоқмағамбетов)

Еңбек: Ойын алаңына апарар жолды қардан тазарту.

Мақсаты: Қолына күректі дұрыс ұстап, қарды шашпай күреуге үйрету.

Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап», «Өз орныңды тап»

Мақсаты: Ойынға белсенді араласуға, көпшілдікке үйрету. Бірлесіп ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Мақал-мәтел: Ақ қар көп болса, ақ нан көп.

Болжам: Қар қалың жауса, сол жылы молшылық болады.





Автор
Дата добавления 28.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров448
Номер материала ДВ-204540
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх