Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыСеруен "Күзгі табиғат тамашалары"

Серуен "Күзгі табиғат тамашалары"

Скачать материал

 

№1. Күз белгілерін бақылау

Мақсаты: Күз белгілерін (қызыл, сары жапырақ, жапырақ жерге төгіледі, шөптер қурайды, құстар жылы жаққа ұшады) анықтауға үйрету. Күзгі табиғат құбылысы өзгерістерінің (ерте күзден қоңыр күзге дейінгі) бірізділігін көрсету.

Экологиялық міндет: тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын көрсету.

Тәрбиеші балаларға айналаға қарап, күздің белгілерін табуды ұсынады.(Күн, аспан, бұлт, жапырақ, гүлдер, көкөністер, жемістер т.б.) Бұлт, жапырақ, күн неге ұқсайтынын сұрайды.

Жұмбақ:    Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

 Көркем сөз:                 Бұлттар төніп,

Жерге төгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып.

Дала сұры қашады,

Ойнай алмай...

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кез болады?  (Ш.Ахметов)

 Еңбек: Ауладағы ойын алаңын, жолдарын сыпыру.

Себетке жердегі жапырақтарды жинау, түрлі ағаштар жапырағын салыстыру. Формасы мен түсіне көңіл бөлу.

Мақсаты: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап».

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға және бір-біріне соқтығыспай жүгіруге жаттықтыру.

Құммен ойын ойнау. Бөтелке тығындарының көмегімен «бәліш» дайындау.

Болжам: Күзде өрмекшіні кездестірсеңіз, ауа-райы ашық болады

 

№2. Күзгі жапырақтарды бақылау

Мақсаты: Балаларға алтын күздің алуантүрлі бояуларын көрсету., байқағыштығын, ой қорыту іскерлігін дамыту. «Күз» тақырыбындағы сөздік қорын кеңейту және белсендендіру.

Экологиялық міндет: Балаларды табиғат заңымен таныстыру: «Табиғат өз дегенін жасайды», «Әр нәрсе өз орнын табады» (топырақтың түзілуі)

Жұмбақ: Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе - сары. (жапырақ)

Көркем сөз:            Күзгі жапырақтар

Алтын, сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақты күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Кун шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты, жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап. (Қ.Шаңғытбаев)

Еңбек: Жерге түскен жапырақтардан күзгі шоқ байламын жинау

Мақсаты: Эстетикалық талғамын тәрбиелеу

Қимылды ойын: «Қуаласпақ», «Қарағайлы ормандағы аю»

Мақсаты: Жүгіру жылдамдығын, қозғалыс ырғақтылығын дамыту.

Тәжірибе:  Жапырақтардың тез түсуіне не әсер етеді? (жел, суықтық).

Болжам: А) Емен мен көктеректің (қараағаштың) жапырағы соңынан түседі.

Б) Жапырақтың кеш түсуі – қатты және ұзақ қысты білдіреді.

 

№3 Ағаштарды бақылау

Мақсаты:  «Ағаш», «бұта» ұғымдарын нақтылау. Ағаш пен бұтаны қалай ажыратуға болатынын түсіндіру. «Тегіс», «тікенекті», «ауыр», «жеңіл», «ұзын», «қысқа», «жуан», «жіңішке» ұғымдарын бекіту. Табиғатқа деген танымдық қызығушылығын тәрбиелеу.

Экологиялық міндет:  Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайлар туралы білімін бекіту.

Қандай ағаштарда әлі де жапырақтар бар, олардың түсі қандай, ал қай ағаштың жапырағы жерге түсіп үлгергендігін байқау. Топырақ тығыздалғандықтан жас шыбықтар өспейтіндігіне көңіл аудару.

Тәжірибе: Жапырақтар бояуын қарау (күзде жапырақтар түрлі түске енеді, әдемі). Күзгі жапырақтарда қорек бар ма?  Құрғақ не қураған және жасыл жапырақты алып, қағаз парағына бастырады да, қорытынды жасайды.

Жұмбақ:   Жазда жасарады,

Қыста томсарады. (ағаш)

Көркем сөз:                  Ағаштар

Биікте де төменде

Өседі жас емендер.

Ауыл сәні – терек қой,

Терек егу керек қой.

Басқа ағашпен аралас,

Жайқалады қарағаш.

Сырғалы қайың, ақ қайың,

Баптайын, күтіп сақтайын.

Көк қарағай, қарағай,

Мейірімді анадай. (М.Әлімбаев)

 

 

 

Еңбек: Гербарий үшін күзгі жапырақтарды жинау.

Мақсаты: Өз еңбегінің нәтижесіне деген қызығушылығын тәрбиелеу.  

Қимылды ойын: «Ағашқа қарай жүгіріңдер»

Мақсаты: Тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет етуге, ағаштарды ажырата білуге үйрету 

 Болжам: Емен мен көктеректің (қараағаштың) жапырағы соңынан түседі.

Ағаш жапырағы қалыпты жағдайдан, уақытынан бұрын сарғайса, күз ерте түседі.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Серуен "Күзгі табиғат тамашалары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2015 1813
    • DOCX 15 кбайт
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилова Орынгуль Асылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилова Орынгуль Асылбековна
    Абилова Орынгуль Асылбековна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 217554
    • Всего материалов: 30

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии в физическом развитии дошкольников и их применение в условиях ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 1 775 человек

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 182 человека из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 061 человек

Курс повышения квалификации

Туризм в дошкольном образовании

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 93 человека

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе