Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыСеруен.Ауа райын бақылау балабақшада

Серуен.Ауа райын бақылау балабақшада

Скачать материал

Серуен №1

Ауа райын бақылау.

Мақсаты:

Жыл мезгілінің қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

Бақылау барысы:

Балаларға аспанда күннің көзі барма екенін қарауды ұсыну.

·       Бұлттар күннің көзін не істеді? (Жапты)

·       Аспан қандай? (Бұлтты)

·       Ауа-райы ше? (Бұлыңғыр)

                         Кең аспанды бұлт қаптап,

                   Күз келгенін сездірер

                        Жаздай жүрген тұрақтап

               Көкекті де бездірер

Балалардың назарын ағаш басына аудару. Ағаштардың шайқалып қозғалады. Себебі:оларды жел тербейді.

Еңбек әрекеті:

Ауладағы құмды суару.

Мақсаты:

·       Ауладағы тазалық пен тәртіпті сақтауға дағдыландыру.

·       Құрғақ құмнан,ылғалды құмның пайдасы бар екендігін ұғындырып,одан бауырсақ жасауға болатындығын үйретіп бекіту.

Қимыл-қозғалыс ойындары:

«Автомабиль мен торғайлар»

Мақсаты:

Белгі бойынша бірін бірі итермей,шапшаң жүгіре алуға үйрету. Өз орнын таба алу.

«Затты абайла»

Мақсаты:

Кеңістікте белгі бойынша әрекет етуге үйрету,ептіліктерін дамыту.

Жеке жұмыс:

Қимыл қозғалысын дамыту.

Шығарылатын материал:

Әр балаға ойнауға арналған суқұйғыш,текшелер мен пішіндер.

 

 

Серуен№ 2

Автобусты бақылау.

Мақсаты:

·       Сыртына қарап көліктерді ажырата алуға үйрету.

·        Көліктің басты бөліктерін атай білу

·        Автобуста отыру ережесіне үйрету.

Бақылау барысы:

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Жүргіздім бір үйімді

Жүйткісі жұрт сүйінді

Бар жолмен жұртты тасып жүр

Жылдамдыққа басып жүр

                    (Автобус)

Автобус жолаушылар таситын көлік. Ол адамдарды тасиды. Автобустың алдында жүргізущі, ал артында жолаушылар отырады. Жолаушылар автобусты аялдамада тосып тұрады. Автобус тоқтаған кезде, олар автобусқа мініп,орындарға отырады. Автобус жүріп бара жатқан кезде,тұруға  салонның ішінде жүгіруге,есікті қолмен қозғауға болмайды. Жүргізуші есік ашқаның тосу қажет.

Еңбек әрекеті:

Аулаға баратын жолды сыпыру

Мақсаты:

Сыпырғышты дұрыс ұстап,қолдана алуға үйрету.

Қимыл қозғалыс ойындары:

«Автомабиль мен торғайлар», «Автомобильдер»

Мақсаты:

·       Жолда жүру ережелерін сақтауға үйрету

·       Автобус жайлы білімдерін бекіту

Шығарылатын материалдар:

Рөлдер,пішіндер,күрекшелер,ойыншықтар мен борлар.

 

 

 

Серуен№3

Күзгі орманды бақылау.

Мақсаты:

·       Орман туралы түсініктерін кеңейту

·       Туған жерінің табиғатын тамашалай білуге үйрету.

Бақылау барысы:

Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Орманға бара жатқан жолда,балаларды орман жақсы көрінетін жерде тоқтату. Әр түрлі түске боялған орманды тамашалау. Күзгі ағаштарға түстің қайсысы тәң екендігін анықтау.

Еңбек әрекеті:

Орманның ойнайтын бөлігін тазарту.

Мақсаты:

Орманда тазалық пен тәртіпті сақтауға үйрету, дағдыландыру.

Қимыл қозғалыс ойындары:

«Құстар ұяларында»

Мақсаты:

·       Шашырап,бірін бірі итермей жүгіруге үйрету,жаттықтыру.

·       Тәрбиешінің берілген белгісі бойынша тез әрекет етуге дағдыландыру

 

Серуен№4

Аспанды бақылау.

Мақсаты:

·       Табиғаттың басқа құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру.

·       Аспанға қарап,ауа райын болжай алуға үйрету.

Бақылау барысы:

Балалар,қараңдаршы аспан қандай? (таза,ашық). Ендеше ауа райы жылы,ашық. Ал егер аспанды қара бұлт басса,онда қандай ауа райы болады? (бұлтты) Ал егер жел соқса,бұлттар не істейді? (Жел оларды айдап әкетеді)

Екпіні қатты самалдан

Тұрғандай есіп жел алдан

Ағаштар қозғап бұтағын

Иеді басын бұтақтың

Еңбек әрекеті:

Ауладағы,жолдағы қарды тазалау

Мақсаты:

Келісе отырып,еңбектенуге үйрету.

Қимыл қозғалыс ойыны:

«Ұшақты қуып жет»

Мақсаты:

Тәрбиешінің белгісі бойынша,артқа қарамай шапшаң жүгіру.

Шығарылатын материал:

Күрекшелер,шелектер,арбалар мен қағаз ұшақ.

 

 

Серуен № 5

Жаңбырды бақылау.

Мақсаты:

Табиғат құбылысы жаңбырмен танысу.

Бақылау барысы:

Жаңбыр жауып тұрған күні жаңбырдың тамшылары жерге түсіп жатқандығын терезеден бақылау. Тәрбиеші алдын ала терезенің сыртына ыдыс қойып қояды. Ал сосын балалармен сартылдап ағып жатқандығын тыңдайды.

Жау жау жаңбыр,жау жаңбыр

Арық суы мол болсын

Өсімдіктер көп болсын

Жүрген жерде шөп болсын.

Еңбек әрекеті:

Жаңбырдың суымен бөлме өсімдіктерін суару.

Мақсаты:

Бөлме өсімдіктерін күте алуға қолғабыс ету.

Қимыл қозғалыс ойыны:

«Күннің көзі мен жаңбыр»

 

 

 

Серуен № 6

Құстарды бақылау

Мақсаты:

·       Құстарды бақылауды әрі қарай жалғастыру

·       Торғай мен көгершінді салыстыру

Бақылау барысы:

Серуенге шығардың алдында тәрбиеші, балаларға көгершіндердің қоректендіретін нан алып шығу керектігін айтады. Далаға шыққан соң, құстардың қанша екенін бақылап қарау керек. Көгершіндердің қоректенуңн бақылау. Балалардың назарын көгершіндердің қоректі көретін көздері,оны шұқып жейтін тұмсықтарын, жүретін аяқтары,ұшуға көмектесетін құйрығымен қанаттары бар екендігіне аударту. Көгершіндердің түстері және үлкендіктері әр түрлі болып келеді.

Еңбек әрекеті:

Тәрбиешімен бірге құстарға беретін қоректі даярлау.

Мақсаты:

·       Құстарды күтуде қолғабыс тигізу

·        Үлкендердің көмегімен құстарды қоректендіруге дағдыландыру

Қимыл қозғалыс ойындары:

«Бір,екі,үш жүгір!»

Мақсаты:

·       Белгі бойынша әрекет етуге үйрету

·       Жүгірудің шапшаңдығын арттыру

«мені қуып жет»

Мақсаты:

·       Кеңістікте шапшаң жүгіре білуге үйрету

·       Ептілігін арттыру

Шығарылатын материал:

Ойынға арналған бет перделер,құстарға арналған қорек,қарындаштар мен пішіндер.

 

 

Серуен №7

Мұзды өрнекті бақылау.

Мақсаты:

Терезеге салынған ою өрнекті қарастыру.

Бақылау барысы:

Балаларды терезеге жақындатып апарып, ондағы ою өрнекті бақылап қарауын ұсыну. Балалар әр терезеге салынған өрнектерді салыстырсын. Аяз суретті бірдей сала ма екен? Қай өрнек ең әдемі? Егер біз саусағымызбен өрнекке тигізсек не болады?

Еңбек әрекеті:

Мақсаты:

Балабақша ауласында тазалық пен тәртіпке дағдыландыру.

Қимыл қозғалыс ойындары:

«Өз жұбынды қуып жет»

Мақсаты:

·       Тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет ету

·       Өз жұбын жаңылмай тез тауып ал

«Ұсталып қалма»

Мақсаты:

·       Әр бағытта жүгіре алуға жаттықтыру

·       Ақырын және шапшаң жүгіру қабілеттерін арттыру

Шығарылатын материал:

Ағаш,күрекшелер.

 

Сеуен№ 8

Жаңа түскен қарды бақылау.

Мақсаты:

·       Қыс туралы түсініктерін қалыптастыру

·       Қысқы әсем табиғатқа серуен барысында эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

Бақылау барысы:

Ауыл алды ақша қар

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр аққала

Біреуі әйнек ойыпты

Біреуі есік қойыпты

Өздеріне шақ қана.

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

·       Қазір қандай жыл мезгілі? (қыс)

·       Неге? (Өйткені айнала аппақ қар әрі күн суық)

·       Қардың түсі қандай? (Аппақ)

·       Қар жауған кезде ауа ирайы жылы болды ма? (егер қар жауған кезде ауа райы өзгерсе,онда қардың пішіні де өзгереді)

Еңбек әрекеті:

Ауладағы қарды тазалау.

Мақсаты:

Күрекпен қолдана алуды әрі қарай жалғастыру.

Қимыл қозғалыс ойыны:

«Қар атысу»

Мақсаты:

Көздеп ату қабілеттерін арттыру.

Шығарылатын материалдар:

Күрекшелер,сыпырғыштар.

 

 

Серуен №9

Аула сыпырушының қысқы еңбегін бақылау.

Мақсаты:

·       Үлкендердің еңбегі туралы білімдерінт кеңейту

·       Олардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу

Бақылау барысы:

Тәрбиешілер балаларға сұрақтар қояды.

·       Аула сыпырушыға қыста қандай еңбек құралдары керек? (күрек,сыпырғыш, шелек)

·       Ол қыста қандай жұмыс істейді? (жолдағы қарды тазалайды)

·       Аула сыпырушының еңбегі қажет пе? (Балабақша ауласы таза болуы үшін керек)

Еңбек әрекеті:

Ауланы қардан тазалау.

Мақсаты:

Аула сыпырушыға тратуарды қардан тазалауға көмектесу.

Қимыл қозғалыс ойындары:

«Аю апанында»

Мақсаты:

Бірін бірі итермей жүгіре алуға жаттықтыру.

Шығарылатын материалдар:

Күрекшелер,сыпырғыштар,шаналар.

 

Серуен №10

Бағдаршамды бақылау.

Мақсаты:

Бағдаршамның маңыздылығы туралы түсініктерін бекіту.

Бақылау барысы:

Балаларды бұрылыс жерге апарып,бағдаршамның іс әрекетін бақылап қарау.

Жолдардың торабын

Абайлап қараған

Әйгілеп үш сөзді

Бір дәу тұр үш көзді

Одан жас кәріміз

Бағындық бәріміз

Балаларға қызыл,сары,жасыл түсті дөңгелектер таратып беріп,әр түстің қалай жұмыс істейтінің аңғарту. Бағдаршам жанған кезде балалар қолдарындағы сәйкес түсті дөңгелекті көтереді,ал тәрбиеші нені білдіретінің айтады.

Менің үш көзім бар

Қызыл көзім тұр дейді

Жасыл көзім жүр дейді

Сары көзім абайла

Қарап ал маңайға

Еңбек әрекеті:

Жолдағы қарды тазалау

Мақсаты:

Күрекпен қпрды белгілікті бір жерге жинау.

Қимыл қозғалыс ойындары:

«Ұядағы құстар», «Өз үйінді тап»

Мақсаты:

Бірін бірі итермей,бос жүгіре алуға,өз орнын тауып келе алуға үйрету.

Шығарылатын материалдар:

Күрекшелер,сыпырғыштар,үш түрлі дөңгелектер.

 

 

Сеуен №11

Шырша ағашын бақылау.

Мақсаты:

·       Шырша ағашымен танысу

·       Балалардың сөздік қорын толықтыру

Бақылау барысы:

Балаларды шыршаға жақын апарып, ол туралы тақпақ, жұмбақтарын еске түсіріп айту. Басқа ағаштар қыста жалаңаш тұрғанда,ал  шырша қысты күні ерекше сұлу екендігін аңғарту. Шыршаны қашан болмасын тамашалап қарауға болады. Себебі ол әрқашан жап жасыл.

Шырша өте пайдалы ағаш,ол ауаны тазартып,денеміздің сау болуына көмектеседі.

Жасыл желек жамылған

Міне,сұлу шыршамыз

Инелері тағылған

Қандай сұлу шыршамыз!

Еңбек әрекеті:

Ауланы қардан тазарту.

Мақсаты:

·       Күректі дұрыс қолданып,көрсетілген жерге дейін қарда апара алу

·       Бастаған істі аяғына дейін жеткізу

Қимыл қозғалыс ойындары:

«Түзу жолмен»

Мақсаты:

Биік емес бөрене үстімен жүріп,екі аяқты бүге отыра секіруге үйрету.

«Қу түлкі»

Мақсаты:
Ептілігін,шапшаңдығын дамыту.

Шығарылатын материалдар:

Күрекшелер,сыпырғыштар,қарандаштар,қарға арналаған пішіндер.

 

 

 

Серуен № 12

Сары шымшықты бақылау

Мақсаты:

·       Аталған құс туралы түсініктерін бекіту

·       Ұүстарға қамқорлық жасауға үйретіп тәрбиелеу

Бақылау барысы:

Балалардың назарын басына қара бас киім киген,кеудесі сары түсті, сары шымшық деген құсқа аударту. Ол майды қалай шұқып жейтінін бақылау. Олардың естеріне қыс мезгілінде құстарды қоректендіріп,отыру керектігін айту. Сары шымшықтар маймен шекілдеуікті ұнатады. Жемсалғышқа ұшып келетін өзге де құстарды еске түсіріп,олардың немен қоректенуін айту.

Кеудесі сап сары

Кішкене ғана құс

Аулада жүреді

Нан қоқымын жинайды

Еңбек әрекеті:

Қуыршаққа қардан үй салу

Мақсаты:

·       Шелекті қармен белгіленген мөлшерге дейін толтыра білу

·       Бастаған істі аяғына дейін жеткізу

Қимыл қозғалыс ойыны:

«Қарға мен ит»

Мақсаты:

·       белгі бойынша шапшаң әрекет етуге үйрету

·       бірін бірі итермей жүру

Шығарылатын материалдар:

Күрекшелер,шелектер,ауа райына сай киінген қуыршақтар.

 

 

 

Серуен №13

Жаяу адам жүретін жолды бақылау.

Мақсаты:

Көшеде жүру ережелері туралы түсінік алу.

Бақылау барысы:

Балаларды серуенге шығару. Оларға жолда жүру ережелері туралы әңгімелеп айту, жаяу адамдар жүретін жолға назар аударту. Тротуармен қалай жүру керектігі жайлы түсіндіру.

Балабақшаға келісімен,балалардан көшеде өздерін қалай ұстағандары жайлы сұрастыру. Тағы да бір рет көшеде жүру ережелерін қайталап айту. Қыс мезгілінде тротуарды қар жабады, сондықтан өте мұқият болуы керек.

Еңбек әрекеті:

Жолдағы қарды күрекпен тазалау

Мақсаты:

Көпшіліктің көмегімен тапсырманы орындай алуға үйрету.

Қимыл қозғалыс ойыны:

«кім алысқа?»

Мақсаты:

Бірінің қолынан бірі ұстап жүгіре алуға,тәрбиешінің белгісін тыңдай алуға үйрету.

Шығарылатын материалдар:

Ауа райына сай киінген қуыршақтар,күректер мен арбалар.

 

 

 

Серуен № 14

Өсімдіктер мен бұталарды бақылау.

Мақсаты:

·       ағаштар мен бұталардың тірі табиғат екені туралы білімдерін бекіту

·       табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Бақылау барысы:

Ағаштар қыста қалай қыстап шыққандығын тексеру.

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

·       Ағаштардың қазіргі жағдайы қандай?

·       Тағы қандай өзгерістер болады?

·       Ауаның ластануынан ағаштар қандай зардап шегеді?

Еңбек әрекеті;

Балабақша ауласындағы сынып тұрған бұтақтарды байлау

Мақсаты:

Қыстап қалған құстарға қамқорлық жасап, оларды сүйе білуге тәрбиелеу.

Қимыл қозғалыс ойыны:

«Өз ағашынды тап»

Мақсаты:

Табиғатты аялауға тәрбиелеу

«Менің сүйікті ағашым»

Мақсаты:

Өздерінің сүйікті ағаштарын есте сақтап, суретін салып әңгімелеуге үйрету.

Шығарылатын материалдар:

Күректер,сыпырғыштар.

 

 

 

Серуен № 15

Қардағы іздерді бақылау.

Мақсаты:

Қардағы іздерді ажырата алуға үйретуді жалғастыру,ересек адаммен баланың,жануарлар мен құстардың іздері,

Бақылау барысы:

Жаңа жауған қар аппақ ақ мамық ұлпа сияқты,сондықтан кез келген із жақсы көрінеді. Оған қарап кімнің жүргенің,ұшып келгенін ажыратып айтуға болады. Балаларға ауладағы қардың үстінде кімнің ізін көріп тұрғандарын айтқызып,өз іздерін де қалдыру. Ересек адамның ізімен кішкентай баланың ізін салыстыру.

Еңбек әрекеті:

Қардан қуыршаққа қалай үй жасауға болатынын көрсету.

Мақсаты:

·       Үйдің үлкендігін қуыршақтың үлкендігімен салыстыру

·       Ақырын асықпай есік,терезесін ойып алу

Қимыл қозғалыс ойындары:

«кешігіп қалма»

Мақсаты:

Орындық астынан түзу және қырындап еңбектеп өте алуға үйрету.

Шығарылатын материалдар:

Күректер,қарға арналған пішіндер,ойынға арналған эмблемалар.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Серуен.Ауа райын бақылау балабақшада"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 093 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 68319
    • DOCX 88 кбайт
    • 210 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимбаева Жумагуль Икрамовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алимбаева Жумагуль Икрамовна
    Алимбаева Жумагуль Икрамовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 102728
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретические и практические основы проведения творческих занятий с детьми дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 136 человек

Курс повышения квалификации

Влияние отдельных нутриентов пищи на умственную деятельность детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс повышения квалификации

Ведение деятельности первичного отделения Российского движения детей и молодежи (РДДМ) в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 97 человек

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе