Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Сейіт баба аңыз және ақиқат.Ғылыми жұмыс

Сейіт баба аңыз және ақиқат.Ғылыми жұмыс


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Мазмұны.

І.Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлімі. ІІІ.Қорытынды.

ІҮ.Пайдаланған әдебиеттер.









































Кіріспе.

«Аруаққа сыйынған –азбайды».

Р.Иманғалиев.

Қазақ даласы-қазақ халқының тұңғиық тарихы.Онда бабаларымыздың сан ғасырлар бойына жасаған ғаламат шежірелері құпияның қоймасына айналған.Құм басып қалған кәусар бұлақтың мөлдір тамшылары тым тереңнен сыздықтайды.Жеті жұрт мекендеген Еділ мен Жайық аралығындағы кең тылсым тарихы меңіреу дүниеге ұқсайтындай көрініс қалыптасқан. Көптеген әулиелер өмір сүрген .Әулие (араб тілінен аударғанда –желеп-жебеуші) – ерекше діндарлығымен ,дін жолына кіршіксіз берілгендігімен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға .Әулие халық арасына ерекше діндар- тақуалығымен , шипа дарытқан емшілігімен әйгілі болған , керемет қасиетке ие,қауымға рухани тәрбие жүргізуші тұлға. Әулие! Бұл –қандай ма болмасын халық зердесінде көне дәуірден бері қалыптасқан ерекше ұғым.Әулие тек қана ислам дінінде емес ,барлық діндерде де құрметке ие болған. «Әлем құпияға толы, өмір де соның бірі»,-деп ағылшын ойшылы Д.Холден айтқандай ,әулиелік те өмір құпиясы.Ол адамға бітетін дара дарындылық,құдіретті күш.Әулие –алдымен тарихи тұлға.Ол-ойдан шығарылмаған , белгілі бір кезеңде өмір сүрген киелі адам.Әулие бала күнінен бойына ғажап дарындылық дарытып , тірілердің өміріне тылсым күшпен ықпал еткен. Әсіресе ауырған адамдардың жан азабын , тән ауруын жеңілдетіп , оларды тіпті толық сауықтырып жіберген. Сонымен қатар әулиелер адам ойын анық та айқын біліп , болатын құбылыстарды дәлдікпен болжап отырған. Әулиелердің мұндай қасиеттерін зерттеп түсіндіруге ғылымның өресі жетпейді. Түйсінуге болмайтын осындай киелі қасиетімен Әулие мансап пен байлықтан биік те жоғары тұрады. Байлық демекші,әулиелер байлықты әсте қумай,барынша жұпыны ғұмыр кешкен,өздерінің қасиеттерін халыққа насихаттап көрсетуге ұмтылмаған.Мұндай адамдарды жалпақ жұрттың өзі мойындап , өздері әулие деп атаған. Тағы бір саралап айтып,даралап көрсететін жағдай ,олар пенделер бойындағы келеңсіз қылықтарды жек көрген. Бір сөзбен айтқанда , әулие бабалар кіршіксіз көңілмен ,жан жайсаңдығымен ,асқан адалдықпен , тағылымды тазалықпен, жомарт жүрекпен өмір сүріп, басқаларды да әдептілікке ,мейірімділікке баулыған. Осындай әулиелер қатарында Сейіт баба әулиеде бар.



Бабай ата.

Бабай жайлы аз бүгін деректер де,

Дәлелдей де алмаспыз керек жерде.

-Халық айтса,қалт айтпас,-деген бар ғой,

Сүйенеміз аңыз бен деректерге.

Анығы сол болыпты дін адамы,

Одан өзге құдайдан сұрамады.

Ала шапан,ақ сәлде алдымызға,

Елестетіп тұрамыз Ғұламаны.

Қажылыққа барды ма,бармады ма,

Көніпті тағдырының салғанына.

Туған жер жұмыр басты пенде болып,

Қиын-ау жетті деу де арманына.

Өлшеулі өмір ол ұзақ жасамаған,

Ажал деген енгенде босағадан.

Туған жердің жастанып топырағын,

Мәңгі орын тауыпты осы арадан.

Төбесіне тұрыпты шырақ жанып,

Со заматта-ақ кетті ел құлақтанып.

Сырқатынан сауығып қайсы біреу,

Күліп қайтты деседі жылап барып.

Бабай ата болсыншы,болды делік.

Санамызға ақ сәуле қонды келіп.

Тиіп жатса тіріге шапағаты,

Оның аты пайғамбар,әулиелік / Р.Иманғалиев./

Негізгі бөлімі.

Зерттеу еңбек. «Аруаққа сыйынған –азбайды»деген сөздерден басталады.

Онда Еділ-Жайық арасында ғұмыр кешіп ,халқына құдіретті аруағымен танылған Сейіт баба жөнінде ой-қозғамақпыз.Осы мақсатқа жету үшін Сейіт баба туралы деректер жинастырып,қаламгер жазушылардың еңбектерін басшылыққа ала отырып жазылды.



Сейіт бабаның ол баста азан шақырып қойған есімі Құлбай-бин Саид-Ғали екен.1755ж.осы Еділ өңірінде дүниеге келіп,1812жылы қайтыс болған.Құлбай –бин Саид –Ғали кезінде көп оқыған ,философ атанған.Қазірде ауызекі тілде Сейіт баба деп аталатын,бірақ шындығында толық ныспысы Құлбай бин Сейітғали ХҮІІІ ғасырдың аяғы , ХІХ ғасырдың басында Астрахан ноғайлары арасында мұсылман дінін ұстанған белгілі тәуіп және зиялы жан.Астрахан губерниясына қарасты Красный Яр уезінің Қожатай ауылында дүниеге келген ол 17 жасынан бастап Бұхарада ,кейін Бағдат,Каир медреселерінде оқып,дін ілімнің мүршид дәрежесіне жеткен,Үнді елінде ,Түркістанда болған. ХІХ ғасырдың басында атамекеніне қайтып оралып ,Бөкей ханмен жақсы қарым-қатынаста болады , ел құрметтеген айтулы абыз дәрежесіне көтеріледі. Ел ішінде мұсылман дінінің дұрыстық жолын уағыздап,тәуіптікпен айналысқан.

Сейіт баба туралы деректер.

Еділ бойын қоныстанған қазақ және ноғай халықтары Сейіт бабаны пір тұтып,оның құдіретінен дертіне шипа тапқандарын жамырай әңгіме қылады. «Баяғыда желігіп ауырған жас жігітті желкенді қайықпен осы бабаның басына әкеліп түнеткенде, көп ұзамай сауығып кеткенін көргенбіз»- дейді Байбек ауылының қариялары.Негізінен бұл әулиенің жүйке ауруларына,тамыр құзырға және сондай қатерлі дертке тигізер дауасы үлкен.Оның кезінде жазылып кеткен көптеген адамдар айғақтайды.Шөбер шөпшектері де бар .Олар да бабалары қақында тереңдеп бере алмады.Бабайдың бейіті басындағы құлпытасында 1755 деген бір ғана цифрлар табын тануға болады.Басқа жазулары уақыт табымен ,желініп өшіп қалған және арабшаның ескі күрделі нұсқасы хатымша жазылған.Ел аузындағы сөз:Сейіт бабай өз заманының ақылгөйі,өз алдын болжағыш сәуегейі және батыры болған . Ата -тегі Ноғай халқының перзенті.Адам жасы ұлғайып, пайғамбар жасына келген шағында ата-тегін, ата-баба тарихын білуге құштарлығы арта түседі екен.
Өзім Ноғайлы болғасын олар туралы жазылған тарихи деректерді, кітаптарды, мақалаларды жібермей оқып жүрдім, солардың ішіндегісі «Қырымның қырық батыры», Әнес Сарайдың зерттеу еңбектері, «Көнеліктер» және «Ноғайлы» көп әсер қалдырды.
Әнес Сарай Ноғайлы тарихын «Қырымның қырық батыры» эпосымен салыстыра отырып, тарихтың бұрынғы айтылмаған тың беттерін тірілтіп, халқымыздың өткен-кеткені туралы көкжиегімізді кеңейтеді.
Ноғайлы – халқымыздың тарихи бел-белестерін жүріп өткен бір кезеңі.
Ноғайлы дәуірін Ш.Уәлиханов Қазақ халқының «Алтын ғасыры» деп атаған, себебі Ноғайлы дәуірі бір халыққа толайым мұра болардай бай рухани қазына қалдырды.
 

 

http://baq.kz/foto/434_94501d61c9713973ccbfc2c0dc825464.jpg

Мен ақтаңдақтың орнын толтырып, Ноғай халқының осы кезге дейін белгісіз болып, бірақ соңғы жылдары ауызға жиі алынып жүрген Ислам дінін жете меңгерген тарихи тұлға Сейіт баба туралы сыр шертіп, ол кісінің қысқаша өмір деректерін жас ұрпаққа жеткізу аға буынның парызы деп есептедім. Олқы-кемін кейінгі ұрпақ толықтыра жатар деген үмітпен жазып отырмын.

Еліміз егемендікке қол жеткізіп, тарихымызды қайта жазуға мүмкіншілігіміз туған шақта еліміздің батыс шекарасын ұлғайтуда ерекше еңбегімен танылған тарихи тұлға Нұралы ханның баласы Бөкей хан туралы деректер көбірек жазыла бастады, Бөкей ханмен бірге оқтын-оқтын Сейіт баба туралы мәліметтер де кездесіп қалып жүрді.

Содан бері ханның рухани ұстазы болған, ислам дінін жете меңгеріп, жоғары атаққа ие болған, халық емшісі бабамыз туралы білгім келді де тұрды.

Осы мақсатпен биылғы жылдың 27-28 қыркүйегінде Астрахан облысы Краснояр ауданының Кіші арал селосына бардым.

Енді әңгімемнің негізгі арқауы болып отырған XVIII ғасырдың екінші жартысында Ноғайлы жұртының әулиесі болып есептелетін Сейіт баба туралы баяндайын.

Сейіт баба (діни ортадағы аты Сайд бин Құлбай Сейіт Ғали) қарағаш-Ноғайлы, руы Сейіт алтыаяқ, 1742 жылы Астрахан губерниясы, Краснояр уезінде Қожатай селосында дүниеге келген.

17 жасында туған ауылын тастап, білім іздеп Египетке кеткен, кейіннен Бағдатта, Үндістанда, Бұхарада, Түркістанда білімін жетілдіріп, «Мүрхисса және Мүршида» (оқымысты ұстаз, жетекші, көшбасшы) жоғарғы сопылық атақ алған, араб елдерінің қасиетті қалаларын аралаған.

XIX ғасырдың басында туған елге оралып, ноғайлы өлкесінде Бөкей хандығы қазақтарының көшпелі ауылдарында Ислам дінін уағыздап мұғалім болған және адамдарды емдеу ісімен айналысқан.

Сейіт бабаның тұтастай хандық аумағында, сондай-ақ Ноғай даласында ешбір кідіріссіз жүріп-тұруына, барлық адамдарды емдеуіне Бөкей хан толық мүмкіндік берген, бұл үшін арнаулы грамота белгілеген. Ол Бөкей ханның жеке дәрігері міндетін де атқарған. Сейіт баба 1812 жылы 70 жасында қайтыс болды, биыл қайтыс болғанына 200 жыл толып отыр.

C:\Users\Админ\Desktop\789907_html_5b789575.png

Сейіт баба Краснояр уезінде Хан сарай селосындағы (қазіргі Кіші арал) төбеге жерленген. Қасиетті адам жерленген осы төбе басында оған зират тұрғызылған.Бөкей хан Сейіт бабаны өзінің рухани ұстазы есептеген, оның сүйегі жатқан топырақты ғажайып жер деп санаған және өзін осы кісімен қатар жерлеуді өсиет еткен.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан-Ресей халықтарының ежелгі достығы құрметіне арналып тұрғызылған Бөкей хан кесенесі Сейіт баба зиратының шығыс жағында орналасқан, осы жерге Бөкей Нұралыұлының жұбайы Атан ханым да жерленген.
Сейіт бабаның ұрпақтары:
1. Вассани Шеих Ақ-Мамбет Саид-бин мулла Саид, жоғарғы Ислам білімдеріне қол жеткізген, әкесінің ағартушылық қызметін жалғастырған, 1861 жылы 80 жасында қайтыс болған, әкесінің қасына жерленген.
2. Саписан Шеих Мұхамед Саид ибн Ақ Мамбет Саид, Мужавир, әкесінің зиратында шырақшы болған, 1902 жылы 75 жасында қайтыс болған, осы жерде жерленген.
3. Сахибассар Мұхамед бин Саид мұғалім, Астраханның Ақ мешіт медресесінде исламдық білім алған, туған ауылында мектеп-медресе ашып, балалар мен қыздарды Ислам негіздеріне, рухани білімдерге үйреткен. Сейіт баба мен оның ұрпақтары есімдерінің күрделі болуы олардың діни ортадағы есімдері болуы мүмкін.
1917 жылғы революциядан кейін Сейіт бабаның ұрпақтары туралы мәліметтер жоқ, Сейіт бабаның зиратын сейіт алтыаяқ руының алыстан қосылатын тумалары сақтап келген.
Кіші арал ауылының халқы негізінен қазақтар екен, жергілікті ноғайлар өздерін біздегідей «ноғай-қазақ» деп атамайды, «ноғайлымыз» дейді, негізінде солай болуы керек деп есептеймін (менің жеке пікірім), себебі тарихта тіркес ұлт, рулар кездеспейді.
Жалпы, Ноғай жұртында «он сан ноғай» («десятиплеменный ногайский народ» - В.Жирмунский) деген ұғым бар, бұл он ата деген сөзді білдіреді, ол жақта ноғайлылардың алтыаяқ (Сейіт ата), Құлтас, Көгіс, Сөгіс (ноғайлы батырларының есімдері), Сіргелі сынды руларға жіктеледі екен. Біздің жақтағы ноғайлының 4 руы ол жақта жоқтың қасы, кездеспейді.
Жергілікті тұрғындар өзара сөйлескенде, бала кезімізде есімізде сақталып қалған ноғай сөздерін қолданады екен, мысалы: өтпек (нан), пышқа (ара), шөкіш (балта).
Сейіт баба сағанасы, Бөкей хан кесенесінің басында қонақүй, садақа беретін ас үй, басқа да тұрмыстық құрылымдар салынған. Газ, су, электр жүйесі тартылған, қатқыл жол жүргізілген, штаттық бірліктермен қамтамасыз етілген (басшысы, үй қызметкері, үш күзетші).
Кесене Сейіт баба және Бөкей хан облыстық қоғамдық-қайырымдылық қорының құрамында жұмыс істейді. Қоршалып, теректер, гүлдер отырғызылған, айнала тап-таза, ерекше күтім сырт көзге көрініп тұр.
Барған күні қонақүйге қонып, ертеңіне жұма күні мұсылмандық жолмен мал сойып, құдай жолына, Сейіт баба рухына арнап Құран бағыштап, ауылдың ақсақалдарын жинап, ас бердік.
Ауылда, өкінішке орай, Сейіт баба туралы деректер білетін көнекөз қариялар жоқтың қасы екен, өзіміздің оқыған, естіген деректерімізбен шектеледі.
Жалпы, Кеңес Үкіметі кезінде де Сейіт бабаны әулие тұтып, ол жерленген жерді қасиетті жер деп есептеп, ата рухына Құран бағыштап келушілер болған,бірақ ашық түрде емес.
Өткен ғасырдың 70-жылдары Қап тауынан ноғайлар келе бастаған, сол мезгілден келушілер көбейген, атаның зиратының құлпытасын сақтап, ағаштан сағана көтерілген, қазіргі кезде келушілер өте көп. Бірақ Батыс Қазақстан облысының ноғайлары көп бармайтын көрінеді, Оралдан келгенімізді естіп,таңғалды.Мақаланың негізгі өзегі ноғайлылар болғасын, осы ноғайлы жұрты туралы бір-екі пікірімді ортаға салғым келіп отыр.
Біріншіден, ноғайлымын десең, татар екенсің ғой дейді. Бұл – мүлде қате түсінік. Ноғайлының татар ұлтына ешқандай қатысы жоқ, әрине, көшпелі, аумалы-төкпелі, бір күн ойда, бір күн қырда, үнемі қозғалыста болған кезде шекаралары бірігіп кеткен замандар болған, оны ешкім жоққа шығара алмайды.Жалпы, ноғайлы жұртының атауын Алтын Орданың ұлы әскербасы Ноғайдың есімімен байланыстырады. Ноғай Дешті Қыпшақта әйгілі болды, оның есімі ұлттың осылай аталуына өз септігін тигізді.
Бұл жерде тарихты қозғағым келіп отырғаным жоқ, тек айтарым, ноғайлы мен татар-бөлек ұлттар.«Салдырған Аштраханды Әз Жәнібек, Нарынға ел қонған жоқ ноғайдан көп...» деп Шынияз ақын жырлағандай, Алтын Орда ыдырап, Ақорда әлсірегенде, Ноғай ордасы пайда болып, Еділ-Жайық арасын жайлаған.Екіншіден, ноғайлы – «кірме», қоңсы қонған» деген ұғымдар жиі кездеседі, баспа беттерінде де орын алып жүр. Бұл – түбімен қате ұғым, ноғайлылар ешқайдан көшіп келмеген, өздерінің тарихи атақонысында отыр.
Орынбордың Сақмар өзенінің бойындағы ноғайлылар орыс-казактардың отарлау, өз шекараларын басқа жұрттың жерлері арқылы ұлғайту саясатына қарсы болып, Дойнаш батыр бабамыз бастап көтерілген. Кейін орыс-казактарда кепілдікте отырған баласын ерлікпен құтқарып, ноғайлының 25 түтіні қазіргі Ақтөбе облысының Темір ауданына келіп орналасқаны тарихтан белгілі. Нұралы ханның Беріш руының батыры Саржалаға «Беріш, сен жеті арыс едің, ат маңдайын тіреп келген туыстарымызды қосып алып, сегіз арыс болыңдар» дегені сол тұстарды меңзесе керек.
Бұл ноғай жұртының бергі тарихының бір үзіндісі ғана.
Үшіншіден, XI-XVI ғасырларда Бағдад қаласынан кейінгі сәнді, үлкен қала болған Сарайшық қаласы – ноғайлы және қазақ жұртына ортақ дүние.
Сарaйшық XV-XVI ғасырларда дәуірлеген ноғай ордасы болса, XVI ғасырдың бас кезінде қазақ хандығы астана еткен. Ол қазақ даласындағы ең киелі орындардың бірі болып саналады, осында жеті ханның сүйегі, бір ханның басы жатыр. Қала жөнінде де тарихи деректер жетерлік. Менің бұл жерде айтайын деп отырғаным, Орал-Атырау тас жолының бойында қасиетті қаланың тұсында «Сарайчик» деп жол сілтемесі жазылып қойылған. Бұл тіпті көңілге қонбайды, көрер көзге, естіген құлаққа ұят.
Орыстың «сарайчик» деген сөзі кішкентай қораны меңзейді ғой.
Осы үлкен жолдың бойына көрнекті қылып, қасиетті қаламыздың қысқаша тарихын жазып, әрлі-берлі жүрген жолаушыны өзіне тартатындай қылып билборд салып қоюға болмас па еді?!Болмаса, қаламызда ескі астанамыздың аты қаланың орталығындағы бір көшеге берілді. Оған да тәубе дейміз, енді осы көшенің басталар тұсына немесе көрнекті жеріне жаңағыдай билборд орнатуға болады ғой, жастар жағы «Сарайшық» деген атауды біле бермейді.
Шағын мақаламда ноғайлы жұртының оқымысты ғалымы Сейіт баба туралы ақиқатты жарыққа шығарып, жас, келер ұрпаққа жеткізуді борышым деп есептедім.Бөкей хан мен Сейіт баба көздерінің тірісінде біреуі еліміздің шекарасын кеңейтуге, халқын қолайлы жерге орналастыруға тырысса, екіншісі халықты имандылыққа бағыштап, сырқаттанғандарын емдеуге бар өмірін сарп етіп, жұртына аянбай еңбек етті. Бүгінде екеуі халқының сүйіспеншілігіне қатар бөленіп, Кіші аралда мәңгілік ұйқыда жатыр...
Егер аңызға құлақ түрсек ,бір жылдары жайлаулыққа бет алған Бөкей өзінің мал-мүлкін жиып,айдаған күйі кете барған.Керек десе шәй қатықтық лақты ешкісі жоқ Сейіттің отбасы жападан жалғыз үй боп,жұртта қалады.Дәл сол күні көріпкел жан үйде жоқ ,көрші ауылға кеткен екен, кештетіп оралады. Әлгіндей қорлыққа шыдамаған бәйбіше кешкі ас үстінде шалына наз ретінде « Отағасы , сенің ,көріпкел ,тәуіптігіңнен не пайда ?! Байқасаң бұл өмірде билік пен дәулетің болса ғана сыйлысың.Жоқ екен , жолдас ,дос ,керек десе құдайы көршің де қарайласпайды.Судай араласып ,сүттей ұйыған Бөкейің сол жоқтығыңды бетіңе басты» дейді.Қаралай , қара суын сораптай тартқан Сейіт қария еш абыржымастан «Қамықпа кемпір ,ханның да мұршасы келмей жатқан шығар .Әйтпесе бір түйеден артатын жүгің жоқ екенін біледі ,көшіріп алады ғой. Дегенмен шыдай тұр , бір амалын табармыз»депті де шәйін іше беріпті.Содан соң аз-мұз демалып алып ,әбден іңір қараңғысы қоюланған сәтте оны-мұны дүние –мүлкін арбаға тиеген күйі үстіне кемпірі екеуі жайғасыпты да бәйбішесіне «Көзіңді жұм , тек мен аш дегенде ғана ашарсың» депті. Кейуанада не билік бар,айтқанына көніп отыра беріпті.Осы кезде қоталақ арба зырлап ала жөнеледі.Дегенмен әйел адамның қызығушылығы қашан да бірінші жүретін әдеті емес пе ,орта жолда көзін ашып қалса ,өңкей ақ қоян арбаны қаңбақ құрлы көрмей заулап келеді. Міне ғажап! Дәл осы шақта Сейіт баба кемпіріне « Өй ,найсап,мен саған не деп едім, жап көзіңді!» деп ақырады.Ештеңеге түсінбеген бәйбіше шошып кетіп ,қайтадан көзін жұма қояды. Аздан соң діттеген жерлеріне де жетеді. Қараша үй де көтеріледі. Күндегі әдетінше ерте тұрып ,тысқа серуенге шыққан Бөкей хан ауыл шетінен орын алған киіз үйді көріп ,таң-тамаша қалады. Жетіп келсе ,ішінде Сейіт молда сахар намазын оқып жатыр. Хан өз қылығына қатты өкінеді.Амал қанша ,көршісінен қателігі үшін қайта-қайта кешірім сұрап «Қалған өміріміз бірге өтеді.Керек болса қолдан келген көмегімді аямаспын» деген екен.Сол уәде орындалады.Бірақ ел сыйлап ,жұрт қадірлеген абыз баба ханнан үш жыл бұрын,1812жылы өзі тұрған Кішкене аралында дүние салады. Облыста Бөкей хан Нұралыханұлымен бірге Сейіт баба атында да арнайы қор бар.Көне көз қариялардың айтуынша ,Бөкей мен Сейіт тірісінде сыйлас көңіл дос адамдар болған. Тіпті оның адамшылығы , діни оқуын мойындаған Бөкей өз ағайын-туыстарына « Мен өлгенде сүйегімді Сейіт бабаның аяқ жағына қоярсыңдар»деп өтініш жасаған екен. Кезінде одан тәлім алып,ізгілік жолын уағыздаушылар діндарлар Шейх Ақмәмбет,Бин Молла Сейіт,Салисан Шейх Мужавир ,Сахиб Асар,Сейіт Мұхамедтер кейін фәни дүниелік болғанда осы Сейіт баба қасына жерленеді Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында кеңестік саясатшылар Бөкей хан сынды Сейіт баба атынан қорқып ,оның кесенесін қайта-қайта құлатып,тәуап етушілер жолын кеспек болады.Бірақ мүридтер олардан қол үзген жоқ.Қос халықтың айтулы ұлдарының бастарына құран оқып ,дұға жасады.Жабырқағандар жандарына дауа іздеп,түнеді,нияздарын байлады.Ондайлар тек өз төңірегіне емес ,күллі ТМД елдерінен келіп жатты.

Қасиетті орын қамқорлыққа алынды.1994жығы мамыр айының соңғы күндері Астрахань облысының Байбек селосы жанында ерекше бір жиын болып өтті.Ол ХІХ ғасырдың І жартысында ғұмыр кешкен Бабай ата мен Бөкей хан мазарын қалпына келтіріп ,қамқорлыққа алу туралы салтанатты жиын еді. Өйткені халық танымында Бөкей сыйлы хан да,Бабай ата қасиетті шипагер,әулие кісі.Жоғарыда аталған екі есімге деген ел махаббаты суыған емес.Онда Ақсарай газ өндіру мекемесінің бас директоры В.Д.Шугорев,село әкімі Н.И.Байтеміров,жергілікті «Родина» кеңшар басқармасы Ғ.Н.Нұғыманов Астрахань облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде көпшіліктің облыс пен көрші қазақ елінің ғана емес,сонымен қатар алыстағы Дағыстан,Татарстан,Сахалин аралынан келіп жататынын айтты.Сейіт баба сағанасы, Бөкей хан кесенесінің басында қонақүй, садақа беретін ас үй, басқа да тұрмыстық құрылымдар салынған. Газ, су, электр жүйесі тартылған, қатқыл жол жүргізілген, штаттық бірліктермен қамтамасыз етілген (басшысы, үй қызметкері, үш күзетші).Кесене Сейіт баба және Бөкей хан облыстық қоғамдық-қайырымдылық қорының құрамында жұмыс істейді. Қоршалып, теректер, гүлдер отырғызылған, айнала тап-таза, ерекше күтім сырт көзге көрініп тұр.Барған күні қонақүйге қонып, ертеңіне жұма күні мұсылмандық жолмен мал сойып, құдай жолына, Сейіт баба рухына арнап Құран бағыштап, ауылдың ақсақалдарын жинап, ас берілді.








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Негізгі бөлімі.

Зерттеу еңбек. «Аруаққа сыйынған –азбайды»деген сөздерден басталады.

Онда Еділ-Жайық арасында ғұмыр кешіп ,халқына құдіретті аруағымен танылған Сейіт баба жөнінде ой-қозғамақпыз.Осы мақсатқа жету үшін Сейіт баба туралы деректер жинастырып,қаламгер жазушылардың еңбектерін басшылыққа ала отырып жазылды.

Сейіт бабаның ол баста азан шақырып қойған есімі Құлбай-бин Саид-Ғали екен.1755ж.осы Еділ өңірінде дүниеге келіп,1812жылы қайтыс болған.Құлбай –бин Саид –Ғали кезінде көп оқыған ,философ атанған.Қазірде ауызекі тілде Сейіт баба деп аталатын,бірақ шындығында толық ныспысы Құлбай бин Сейітғали ХҮІІІ ғасырдың аяғы , ХІХ ғасырдың басында Астрахан ноғайлары арасында мұсылман дінін ұстанған белгілі тәуіп және зиялы жан.Астрахан губерниясына қарасты Красный Яр уезінің Қожатай ауылында дүниеге келген ол 17 жасынан бастап Бұхарада ,кейін Бағдат,Каир медреселерінде оқып,дін ілімнің мүршид дәрежесіне жеткен,Үнді елінде ,Түркістанда болған. ХІХ ғасырдың басында атамекеніне қайтып оралып ,Бөкей ханмен жақсы қарым-қатынаста болады , ел құрметтеген айтулы абыз дәрежесіне көтеріледі. Ел ішінде мұсылман дінінің дұрыстық жолын уағыздап,тәуіптікпен айналысқан.

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров210
Номер материала 279799
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх