Инфоурок Музыка Другие методич. материалы,,Сүгірдің шығармашылығы және күйімен жұмыс,, атты әдістемелік ашық сабақ

,,Сүгірдің шығармашылығы және күйімен жұмыс,, атты әдістемелік ашық сабақ

Скачать материал

Тақырыбы:      «Сүгірдің шығармашылығы  және  күйімен  жұмыс»

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі: Сүгір күйінің  өзіне тән  орындаудағы  ерекшеліктерімен таныстыру. Орындау  машығына  үйрету.

Дамытушылығы:  Шертпе күй  ойнауға  бейімдеу, Ой – өрісін  кеңейту, ұштау, жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Күй өнерін, ұлттық  құндылықтарымызды  құрметтеу, эстетикалық  талғамын  өсіру.

Сабақтың  түрі:  Жаңа  сабақ

Сабақтың  типі:  Жеке сабақ

Көрнекілігі:  Слайд.

Ұйымдастыру  кезеңі:  Оқушының  сабаққа әзірлігін  тексеру,назарын  сабаққа аудару.

Жаңа сабақ:  «Сүгірдің  шығармашылығы  және  күйімен  жұмыс»Сүгір Әлиұлы (1882-1961)  жылы  Оңтүстік  Қазақстан, Шымкент  облысы ,Созақ  ауданында  дүниеге  келіп, өмір  сүрген  қазақтың  күйші  -  композиторы,  шертпе  күйдің  шебері. 1961  жылы  өмірден өткен. Сүгір  бала кезінен өнерге  бейім  болған. Бала кезінде  құмның ішінде жоғалған малды іздеп жүріп, әппақ  сақалы  бауырына  түскен  шалға кездесіпті.Абыз шал Сүгірді шақырып  алып, «Қарағым  күйші  болады  екенсің», - деп  бата берген  екен деседі. Сүгір  15 жасында –ақ Тәттімбет  күйлеріне  ден  қойып, күйшінің «Сылқылдақ», «Қосбасар», «Былқылдақ» және де  көптеген халық  күйлерін домбырада  тарта  білді.Сондай-ақ  атақты қобызшы Ықылас  Дүкенұлын  өзіне ұстаз  тұтқан Сүгірдің қобыз әуендерін домбыраға  ұштастыруы  жаңашылдық болды. Асқан  домбырашы, дарынды  композитор Сүгір  күйшілік  өнерде тың  арна салып, орындаушылық  мектеп  қалыптастырып,  артына көптеген  інжу- маржан күйлерін  қалдырды. Арқаның, Жетісудың, Батыстың,  Сырдың, Алтай, Тарбағатай  саз  сарындарының  Сүгір  күйлерінде  көрініс  беруі  кездейсоқтық  емес  еді.

          Сүгірдің  орындаушылық  өнерін, күйшілік мұрасын  жалғастырушы: Жаппас  Қаламбаев, Төлеген Момбеков, Ергентай Борсабаев, әкелі- балалы Әлімхан, Жанғали, Сәрсенғали Жүзбаевтар.

 

            

                                                               

 

                Қазақ  күй  өнерінде  Сүгір өзіндік  орындаушылық, стильдік ерекшеліктерімен  дараланып  тұрады. Мынадай  әдіс – амалдарды  қолдану  арқылы,  қайталанбас  өрнек, өзіндік  қолтаңба  қалдырды:

          

 

 

                                               

 

  Сүгірдің бүгінгі  күнге дейін  жеткен  30-ға  жуық  күйлері  бар. Атап айтсақ:   «Ыңғайтөк» І-ІІ тарау, «Аққу», «Майдақоңыр», «Назқоңыр», «Жолаушының  жолды  қоңыры»(жігіттің, қыздың  тартқаны), «Телқоңыр», «Ілме», «Шалқыма» І- ІІ нұсқасы, «Бесжорға» І-V тарау, «Ыңғайтөк», «Бозінген», «Қаратау шертпесі» І-ІІ түрі,«Қосбасар»,»Тоғыз  тарау», «Кертолғау» І-V тарау.

Аталмыш күйшінің күй мұрасын А. Райымбергенов пен С. Аманова Қоңыр дәстүріндегі «Телқоңыр», «Майда қоңыр», «Жолаушының жолды қоңыры» және толғау дәстүріндегі «Кертолғау», «Назқоңыр» сонымен бірге, аттас күйлер «Қосбасар», «Аққу», «Балбырауын», «Ілме», «Шалқыма» тәрізді қазақтың аспаптық музыкасында қалыптасқан дәстүрлі жанрларға жіктеу арқылы таныстырады.

Енді күй жанрына қарай жіктегенде, олар төмендегідей болмақ:

 

– лирика-философиялық күйлері: «Қосбасар», «Кертолғау», «Жолаушының жолды қоңыры» (қыз бен жігіттің тартуы), «Шалқыма», «Майда қоңыр», «Назқоңыр», «Тоғыз тарау».

 

– жан-жануарлар мен құстарға арналған күйлері (арнау күйлер): «Аққу», «Бозінгеннің бүлкілі», «Бес жорға», «Ыңғай төкпе», «Телқоңыр».

 

– тарихи күйлер «Тоғыз тарау», «Қаратау шертпесі» және тағы басқа күйлер.

 

Осы күйлерінің  ішіндегі  бүгінгі  тоқталатынымыз  - Сүгірдің  «Кертолғау»  күйінің  ІІ тарауы.

Күйдің  шығу  тарихы: Сүгір өнер жолына түсіп, 30-ға дейін үйленбей жүрген. Онысы әкеге сын болатыны анық. Әкесі ат баптайтын бапкер, ертоқым, домбыра жасаған шебер, еліне қадірлі адам болған екен. Көршілес ауылдың бір сұлу қызына құда түсіп, айттырады. Сонда Сүгір соңғы бір өтінішін жасап: «Арқада Мафруза деген күйші қыз шығыпты, сол Мафрузамен күй тартысып, бағымды сынап көрейін, содан қайтып келген соң үйленейін» — дейді. Әкесінің батасын алып, қасына төрт жігіт ертіп, сол Арқадағы Мафрузаның ауылына келеді.

 

Сұлу қыз самаурынды қайнатып, шай құйып отырады. Төрде үкілі домбыра ілулі тұр. «Күйші қыз осы ма» — дегендей жігіттің біреуі домбыраны алып бастап кетеді. Бірінен соң бірі жалғастырып, кезек бесіншісіне келгенде, домбыраны кәдуілгі қағып отырғандай бір дыбыс шығарады. Домбыраның астыңғы тиегіндегі ішекті үстіне ауыстырғанда, домбыра солақай келеді. Сүгір домбыраны солақай тартқан адам ғой. Сол кезде шымылдық ашылады да, бір қыз шығады. Күйші қыз сол екен. Отау үйге барып, жасанып киініп келеді. Бес жігіттің ішінде көргені бір-ақ жігіт. Оның солақай тартқанына ренжіген түрмен қарайды. Өйткені, оң бұрауды солақай келтірген соң құлақ күйі бұзылады, көпке дейін келмейді. Оны сезген Сүгір күйін аяқтағаннан кейін, домбыраны білдірмей ауыстырып жібереді де, қызға бере салады. Домбыра оңқай келіп тұрғанына қыз қайран қалады. Ол да шебер күйші болса керек, бес жігіттің тартқанын бір өзі тартып береді. «Бес жорға» күйі осылай туған екен. Бұл күйді Т.Момбеков аңыз ретінде таратады.

 

Сүгір енді қызға жауап ретінде бұрын бастап, кейін аяқталмаған күйі бар екен, соны тартпасам елге тараған күйлерден жаңылмайтын түрі бар деп, жолдасымен ақылдасып, ішектерді ұрып-ұрып қалған кезде, қолы жүрмей қалады. Соны білдірмеу үшін Сүгір бір жерде саусақты ары-бері толғайды. Толғау арқылы түрленген дыбыс шығарады. «Кертолғау» күйі осылай шыққан

 «Кертолғау»  күйінде  ұшы қиырсыз  сахараның   сан  ғасырлық  кейіпі, сансыз ұрпақтың бастан  кешкен  тіршілігі, шері, салтанатты көрініс беріп  тұр.  Кертолғау-  салиқалы  ойды  білдіретін  толғаулы  күй.

 

 

 

 

Дамыту:  Күйді  үйренуге  кіріспес  бұрын, қол жүргізу  мақсатында  арнайы  шертпе  күйге  арналған  жаттығулар( штрихтар)  орындаймыз.

Төкпе  күйлерге қарағанда , шертпе  күйлерде негізінен  жалғыз  дауыстылық  басым  болады. Төкпе  күйде 1-4 саусақты   Ля-До  дыбысынан бастап қойса, ал  шертпеде 4-2 саусақ  Ре- До  дыбысынан  ойналады.

 

Күйді  талдау:

          Тональділігі:      Соль  мажор

Екпіні:  Орташа

Өлшемі:  2/4,3/4 ауыспалы

Характері: Терең  толғаныспен

Жанрына  қарай:   Лирикалық- философиялық

      Қағысы:  П П күреп  қағу,  ПV

Әдіс- амалдары: лига,форшлаг(қысқа)

Дыбыс күші: mf, f, p,pp.

 

 

Бекіту:    «Сәйкестендір»

 

1.    Сүгірдің  туған  жерінің  аты.                                                                              Ықылас

2.    Алғаш күй үйрену тәліміндегі күйші- композитор.                                        Ж.Жүзбаев

3.    Ұстазы .                                                                                                               Ыңғайтөк

4.   Күйінің аты.                                                                                                            Созақ

5.   Күйшілік  мұрасын жалғастырушылардың  бірі.                                             Тәттімбет

 

 

 

 

Қорытындылау:   Сүгірдің ұстазы, күй мұрасын  жалғастырушылары, жалпы Сүгір  Әлиұлының  шығармашылығы  туралы толық мәлімет  алдық. Қазақ   халқының  күй  өнерін,  ұлттық  құндылығымызды  құрметтеу, шертпе күйдің  шебері Сүгірдің  күйлерін білу және  орындау – міндетіміз  болып  табылады.

  

 

Үйге  тапсырма:  Күйдің  орындалу  ерекшелігін  көрсете  отырып, мәнерлі, шебер орындау. Қағыс ерекшеліктеріне,  таза естілуіне  мән беру.

 

 

 Бағалау.

 

 

 

 

 

                     

                       Қазанғап  Тілепбергенұлы  атындағы  саз  мектебі

 

 

 

 

 

  

          

 

                           Ашық  сабақ

   «Сүгірдің  шығармашылығы  және  күйімен  жұмыс»

                                    (Әдістемелік  кеңес)

 

                                                                              

 

                                                                         Өткізген:  Қосмамбет.М.С

 

 

 

 

                                              

                                             

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ",,Сүгірдің шығармашылығы және күйімен жұмыс,, атты әдістемелік ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 820 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2016 4232
    • DOCX 281.4 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қосмамбет Мира Сидағаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қосмамбет Мира Сидағаликызы
    Қосмамбет Мира Сидағаликызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 39334
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания электромузыкальных инструментов и компьютерной музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования

Учитель музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 373 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 097 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания специального фортепиано в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе