Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Үш би Ана тілі (1 класс)

Үш би Ана тілі (1 класс)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

1 «Д» сыныбына арналған Ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Мұғалімнің аты-жөні

Жұмағалиева Райымгүл

Ж.Мырзағалиев орта мектебі

Күні: 8.04

Сыныбы 1 «Г»

1- сабақ

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы

Үш би

Сілтеме

Орта мерзімді жоспарлау Г.И.Уәйісова,Ә.Е.Жұмабаева Ана тілі оқулығы Алматы кітап баспасы 2012ж Жалпы білім беретін 11 жылдық орта мектептің 1- сыныбына арналған оқулық

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру,мағынасы бір-біріне жуық сөздер туралы түсінік беру.

Оқыту нәтижесі

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілі дамиды.

Негізгі идеялар

Оқушылардың белсенділігін арттыру.

Оқыту тәсілдері

Топтық,жеке жұмыстар. Сын тұрғысынан ойлау

Кел,ойнайық

Кейінгі тапсырмалар

Мәнерлеп оқу


Уа қыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті



2 мин



10 мин







10 мин









3мин





3мин

5 мин



2 мин






























































Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру  үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін..

1. Ұранымыз: «Жақсы оқу, үлгілі болу».

2. Мақсатымыз: «Еңбектену, 4-5-ке қол жеткізу»

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.

а)Өлеңмен жұмыс.

«Домалақ ана» өлеңін пысықтап оқыту немесе жатқа сұрау.

ә)Ережелерді қайталау.

Кім?Кімдер?Не?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер кімнің және ненің атын білдіреді?Мысал келтірейік.

Қандай сөздер бас әріппен басталып жазылады?Мысал келтірейік.

-Не істеді?Не қылды? Қайтті?сұрақтарына жауап беретін сөздер  нені   білдіреді?Мысал келтірейік.

-Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың  несін білдіреді?Мысал келтірейік.

-Қанша?Неше?Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді?Мысал келтірейік.

ІІІ. Мақсат қою.

(Сан есімді пысықтау)

Балалар жылдың неше мезгілі бар? (4)

Қазір қай мезгіл? (көктем)

Көктем айлары нешеу? (3)

Сен нешінші сыныпта оқисың? (бірінші)

Жасың нешеде? (сегізде)

Сен нешінші партада отырасың? (үшінші)

Мен сендерге қандай сұрақтар қойдым? (Қанша? Неше? Нешінші?)

Ендеше балалар бүгін біз сендермен заттың санын білдіретін сөздерге арналған 203-жаттығу жұмысын орындаймыз.Көп нүктенің орнына не? сүрағына жауап беретін сөздерді тауып жаз

IV. Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Келген құсты  санаймын,

Үшбұрыш  болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

в) 204- жаттығу. Суретте бейнеленген мамандық иелеріне тиесілі сөздерді тауып айт(ауызша)

V. Жаңа сабақ.

Бүгін біз сендермен Үш би.

Мұғалімнің қысқаша мағлұмат беруі:

Төле би ақылды,әділ адам болған.

Қаздауысты Қазыбек би тапқыр,батыл,шешен атанған.

Әйтек би шешендігіне қоса,ел басқарған.

Қазақтың бұл үш биі-халық қамын ойлаған адамдар.

VI.Оқулықпен жұмыс.

Н. Оразалиннің «Үш би» өлеңін оқиық.

1. Өлеңді мұғалімнің оқып беруі.

2. Оқушыларға оқыту: дауыстап тізбектей оқыту, іштей оқу.

-Өлеңнің ішінде заттың санын білдіретін сөзді табыңдар?

3. Сұрақ- жауап арқылы тауып оқып, қорыту.

-Төле би мен Қазыбек,Әйтеке биді-кім дейді?

-Еліне қандай болған?

-Көліне қандай болған?

-Жеріне не болған?

-Кімнің туын ұстаған?

-Кімнің намысын ұштаған?

-Қасиетті үш бабамызды қалың қазақ кім деп тұтар?

-Қазақтың үш биі туралы не айтамыз?

VIІ.Сергіту сәті.

5.Мақал оқыту,түсіндіру.

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

-Батырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Шешен деп кімді айтамыз?

Батыр деп кімді айтамыз?

Сан есім ережесін, сұрақтарын қайталау.

VІІІ.Сергіту сәті.

Аспанға  қарап  ай  көрдім,

Төменге  қарап  жер  көрдім.

Оңға,  солға  бұрылып,

Егеменді  ел  көрдім!

ІХ. Қорыту

-Біз нені білдік?

-Қанша?Неше?Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді? Мысал келтір.

Келешекте нені білгіміз келеді?

Сан есімнің түрлерін.

Х. Бағалау.Мадақтау.

ХІ. Үйге:

«Үш би» өлеңін жаттау.

204- жаттығу.



Психоло гиялық ахуал









Өз беттері мен жұмыс































Оқулықты ашады, суреттер бойынша жұмыс жүргізеді



































Қорыту



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 24.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров311
Номер материала ДВ-007640
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх