1625009
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
До повышения цен на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации осталось:
0 дней 0 часов 0 минут 0 секунд
Успейте подать заявку на курсы по минимальной цене!
Лабиринт
ИнфоурокНачальные классыКонспектыҮш би.Заттың атын білдіретін сөздер

Үш би.Заттың атын білдіретін сөздер

Лабиринт
библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Үш би.Заттың атын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Заттың атын білдіретін сөздер мен оларға қойылатын сұрақтары туралы алған білімдерін пысықтай отырып,жетілдіру. Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді табуға және оларға сұрақ қоя білуге үйрету. Қазақтың үш биі туралы мағлұмат беру. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамыту.Сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу қабілетін арттыру. Көркем жазуға баулу. Тәрбиелік:Ұқыптылыққа ,сауаттылыққа үйрету.Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі:әңгімелеу,түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

-Ал, қанекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет - құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.

Қонақ күту салтымыз,

Оқып-біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге

Сәлем бердік жалпымыз.

Бір,екі,үш

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз


ІІ.Өтілген тақырыпты пысықтау.

- Балалар біз өткен сабақта не үйрендік?

-Заттың атын білдіретін сөздер мен оларға қойылатын сұрақтар туралы айтқан болатынбыз. Қане еске түсірейікші заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойлады?(Кім?не?кімдер?нелер?)

Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойлады?

Заттар мен жануарларға қатысты сөздерге қандай сұрақтар қойлады?

Олай болса мынадай тапсырма орындайық.(Әр сөзді өзіне қатысты сұрақтың астына апару)

Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Дәрігер орындық ағалар иттер

Ата терезе оқушылар қарындаштар

Ұста қоян аналар ағаштар


-Жақсы балалар, дұрыс орындап шықтыңдар.

Сонымен Адамға қатысты сөздерге кім?кімдер?, заттар мен жануарларға қатысты сөздерге не? Нелер? Деген сұрақтар қойылады екен. Барлығы заттың атын білдіретін сөздерге қойылады.Өтілген тақырыпты жақсы түсініпсіңдер. Осы өтілген тақырып бойынша ары қарай тапсырмалар орындайтын боламыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Қане балалар, сөзжұмбақ шешейік.


hello_html_m8233b94.png


(Интербелсенді тақтада суреттер шығады.Суреттердің атауы арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алу)ҮКІ, ШАҢЫРАҚ, АБАЙ , ШИЕ

(Тігінен оқығанда «Үш би » сөзі шығады)

Қандай сөз шықты? (Үш би) Үш би дегенді естігендерің бар ма?

«Үш» сөзін білеміз.Ол – сан.Ия?

Ал «би» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? «Би» дегенде көз алдымызға не елестейді? Би – музыка әуеніне түрлі іс-қимылдар жасау.

«Би» сөзінің тағы да басқа мағынасы бар екен.


Қазақ халқына тән ең бір атақты, аяулы өнердің бірі – шешендік өнер. Шешен деп – алғыр ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді адамды айтады. Би, шешендер халықтың ынтымағын, бірлігін сақтауда, елін, жерін қорғап, халықтық намысымызды, ұлттық салт - дәстүрімізді сақтап, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде зор еңбек сіңірген


Үш би туралы видео көрсету.

hello_html_m698bac5b.png

  • Сонымен «Үш би » деп кімдерді айтады екенбіз?» (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би).Олар қандай істер атқарған.

  • Бүгінгі бақытты өміріміз осы бабалардың арқасы екенін түсініп, үш биіміздей ұлыларды ешқашан ұмытпауымыз керек.Үш биге қойылған мүсін, жазылған өлең-жырлар ұрпағының оларға деген бір белгісі деп түсінемін. Қаламызда үш бидің ескерткіші бар.(суретін көрсетіп, қайда орналасқанын атып кету).Олай болса үш биге арнап жазған Нұрлан Оразалин аталарыңның «Үш би» өлеңімен танысайық. Оқулықтың 127-бетін ашайық. Мына кісі оқулықтарыңдағы «Үш би » өлеңін жазған Нұрлан Оразалин аталарың болады.


hello_html_m25e14933.jpg

Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947ж. Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Диқан ауылында дүниеге келген ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

  • Ендеше осы кісінің «Үш би » өлеңін оқиық.(Өзім оқып беремін, оқушыларға оқытамын)

Өлеңде кімдер туралы айтылған? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би туралы айтылған)

«Айбын болған еліме » дегенді қалай түсінесіңдер?

Өлеңде кім? сұрағына жауап беретін сөздерді табайықшы.


Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

(Дәптерден №1 №2 тапсырманы орындату.)


Суретпен жұмыс.


hello_html_3ecd17a9.png


Заттың атын білдіретін сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату.

Сабақты бекіту. Венн диаграммасы

Дәрігер, көгершін сөздерінің ортақ белгілері мен өздеріне тән белгілерін жаздыру.

Бағалау. Смайликтермен бағалау.

Үйге тапсырма. «Үш би» өлеңін мәнерлеп оқу.



















«М.Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

hello_html_m47e6bb29.jpg

Үш би. Заттың атын білдіретін сөздер

(Ана тілі)



Дюсенбинова Г.Қ.









Талдықорған қаласы



Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Цена от 5.520 руб. 300 часов
Квалификация: Учитель-дефектолог (олигофренопедагог)
Подробнее о курсе
Курс повышения квалификации
Методы интерактивного обучения
Цена 1.600 руб. 72 часа
Подробнее о курсе
Цена 2.000 руб. 108 часов
Подробнее о курсе
Цена от 5.520 руб. 300 часов
Квалификация: Учитель музыки
Подробнее о курсе
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.