Инфоурок Другое Рабочие программыҮш бәйтерек, үш діңгек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет

Үш бәйтерек, үш діңгек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет

Скачать материал

Үш бәйтерек, үш діңгек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет

Шараның мақсаты:
     Ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту. ауызша сөйлеу, көпшілік алдында сөйлей білу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық жұмыс істеуге, мәнерлеп оқуға, өздігінен қорытынды шығаруға, іздемпаздыққа үйрету. оқушыларды биік адамгершілікке, елжандыққа баулу. Оларды елінің тарихын біліп, болашағына еңбек етулеріне шақыру.
Көрнекілігі: І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің портреті,  интерактивті тақта, презентациялар, музыка,
Әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, көрініс

Шараның  барысы:

 Ұйымдастыру бөлімі.  Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.    Әр топқа Сәкен, Ілияс, Бейімбет атаулары беріледі.                                                                                                     («Тау ішінде» әні қойылады)
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Бүгінгі іс- шарамыздың  тақырыбы
«Үш бәйтерек, үш діңгек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет»  Конферецияда біз І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің өмірі мен шығарамашылығы туралы мәліметтермен танысамыз. Олардың бір заманның өкілі екені анық. Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс-әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт-сенімдері кеңінен көрінеді.
«Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты. Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегінде жол тапты.
І бөлім.

Бұл  бөлімде үш топ өздеріне берілген   ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша мәлімет береді.
«Сәкен»  тобы   «Туған жерім – Сарыарқа». (Презентация)
- Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған . Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі – кеш Сәкенге аңыз-әңгіме, ертегілер айтып берген.
Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. Әке – шешесінің ықпалымен жас Сәкен нәрсені біліп, болашаққа үмітін арттыра түсті.
Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хиқаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп, тоғыз жасында Нілді заводына жіберді.
Сарыарқаның сайын даласы, Есіл, Нұра өзендері мен Оба, Ор тауларының әсем көріністері Сәкен шығармашылығының дамуына әсер етті. Өсе келе қоғам қайраткері, ақын – қаламгер ретінде жұртшылық жүрегіне жол тапты. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тартты. Халық өмірін, еңбегін, адамның өміріндегі орнын кеңінен суреттей білді.
С. Сефуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады. 1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір - тұрмыс сырлары «Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттелген.
Оның «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы және т.б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды.
Сазгер ретінде Сәкен Сефуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты.

«Ілияс» тобы«Поэзияның құлагері» (Презентация)
Қазақ проэзиясының екінші бәйтерегі – Ілияс Жансүгіров Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Ілияс анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі - өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған. Аңыз - әңгіме, шежіре сырларын естіп өскен.
Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық дәстүрлері Ілиястың өмірге, ізгелікке, сұлулыққа құштар болып өсуіне көп ықпал етті.
Ілияс Жансүгіров Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге» деген шағын өлеңдерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэмаларымен жалғасын тапты. Ақын «Дала» поэмасында – Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен Самарқанд, Шу мен Сыр секілді кең – байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір – тұрмысын, дәстүр - өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» және «Күйші» поэмаларында тарих пен тағдыр ісі, қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады.
1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспасөзінін қалыптасуына көп үлес қосты. 1934 – 1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.
Жазушының Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.
Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтын Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.
«Бейімбет» тобы

«Теңдік жыршысы» (Презентация)
Бимағамбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі, Дамбар болысы, Әйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде туған. Жасынан әкесінен айрылып, анасының тәрбиесінде болған.Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп көрген.Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі «Уәзифа», Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Татар, башқұрт ақын – жазушыларымен достық байланыста болып, алғашқы өлең, әңгіме, очерктерін жазды.
Бейімбеттің шығармалары – қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек әрекеттерін бейнелейді.
Ақынның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқан келіншек», «Маржан» атты өлеңдері әйел теңдігін, жер бөлісін, адам әлемін суреттейді. Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын бай мазмұнымен, көркем де шеберлік сипаттарымен ерекше орын алады.  Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті.

ІІ Бөлім «Жұртымның жүйрігінің дүлділімін» деп аталады.  Бұл бөлімде  әр ақынның   шығармаларынан үзінді оқиды.

«Сәкен»  тобы  «Ананың хаты»

«Балам, сағындым,
Ұмыттың ғой, бізді, тіпті,
Бір келмедің не қылдым?
Оқу іздеп кеткеніңнен
Ауылға бір қайтпадың.
Біз не көрдік жеткеніңнен,
Елге уәж айтпадың.
Жас күнінде көп ойлаушы ем,
Сені әлдилеп, тербетіп.
Арманым жоқ, деп ойлаушы ем,
Қалқам өссе ер жетіп.
Болмай шықты ойлағаным,
Сен жігіт боп  жеткенсоң,
Қалжырадым, ойла, жаным,
Сен алысқакеткенсоң.
Қалжырадым, сағындым мен,
Біркепкөрінкөзіме.
Ұмытқандай не қылдым мен,
Жауапқайтарсөзіме!»
2-оқушы «Сыр сандық»

Әр адамның ішкі сыры
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түпкірін
Достың досы-ақ ақтарған.
Кейде ашуға сол түпкірді
Іздейді жан жақынын.
Шертеді жан сырлы жырды
Сырлас жанын шақырып.

3-оқушы «Домбыра»

Домбыраға қосылып
Көкірегім сарнады.
Кернеді, толды, тасыды,
Көзімен жас парлады.
Тыңдаушы үйде әлеумет
Көңілденді, ойланды.
Тұнжырасып біресе
Тереіге сүңгіп ойлады.
Домбыраның күйлері:
Жас жүректің сыры еді,
Көңілдің зары, мұңы еді,
Көкірек сарын – үн еді


«Ілияс»  тобы 3-оқушы«Құлагер» (поэмадан үзінді)

Қайырып қыстай баптап Құлагерді
Осы астың дақпыртына Ақан келді.
Мінгізіп бәйге бала жайтаңдатып,
Аулына ас бергеннің тақау келді.
Араға алты қонып алыс жерді,
Алып ед жайлап жүріп, Ақан сері.
Хабары Құлагердің осы жаққа
Келуші ед еміс-еміс көптен бері.
4-оқушы «Гималай»

Сол күннен нұр ала алмай,
Басы мұнар, бауыры тар,
Гималаймасқар неге олай?-
Анасындай алтын күн –
Сел жіберіп, бір жуып,
Жел жіберіп, бір желпіп,
Ауық-ауық құшақтап,
Әлсін-әлісін нұр сеуіп.
«Бейімбет» тобы 3- оқушыБ. Майлин «Арман».
Арман! Арман!
Дүние жалған-
Мың құлпырдың күніне,
Күйдін,жандын,
Малдыалдың,
Жеттің ақыр түбіне.
Өткенарман!
Алуан,алуан-
Өмір сүрген дәуренім.
Бәрібітіп,
Сәнімкетіп,
Осы күні әуремін.
Бояудан тон-
Көрінген соң,
Қайнағаны сорымның.
Зарлап – зарлан!
Арман, арман!
Бөгелгені жолымның

ІІІ «Өнерді ұмтыл, өнерді біл,  замандас!» Бұл бөлімде әр топ үш бәйтерек  шығармаларынан көрініс немесе ән айтады

1.     «Сәкен»  тобы  ән «Біздің жақта»

2.     «Ілияс» тобы  көрініс

3.      Көрініс. Б.Майлиннің «Күлпаш» әңгімесінен үзінді.

Мұғалім.  Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген – Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті.
Қазақ зиялылары,ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-жазушылары кеңес үкіметі тұсында «Алашордашыл - ұлтшылдар» атанды.20 ғасырдың отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келді.Қуғын- сүргінге ұшырап, атылды.    Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек- Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да мәнді болып табылады.

Құлпытас
Жарасқан Әбдіраш
Талай ұрпақ бізден кейін келсе де,
Тағзым етер дұға оқып зейіндеп.
Мына дала болса егер мына бел,
Сол арада жатыр Майлин Бейімбет.

Ежелден - ақ екі көздің бірі қас,
Озық туған, ойы жүйрік, жыры жас.
Ақаңның да Құлагері бар десек,
Сол Құлагер – Жансүгіров Ілияс.

Теңеуін халық төксе де,
Байламын айтқан бекемдеп.
Сұлуы жердің Көкшетау,
Сұлуы ердің Сәкен деп.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үш бәйтерек, үш діңгек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 833 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2016 44570
    • DOCX 23.9 кбайт
    • 49 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Икласова Нуржанат Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Икласова Нуржанат Кайратовна
    Икласова Нуржанат Кайратовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56063
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 24 регионов