Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Ш. Сариев өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән-өлеңдер. Ғылыми жоба.

Ш. Сариев өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән-өлеңдер. Ғылыми жоба.


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Жоба жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Медеубаева Ақгүл Зер...
Мазмұны Кіріспе Шөмішбай Сариев өмірінен бір үзік сыр.... І тарау. Шөмішбай...
 Шөмішбай Сариев (1946 жылы туылған.)
Жетті Күнім, жетті қанат талдырып, Ғасырларға даусым жетер жаңғырып. Тәуелсі...
Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш ста...
Ақынның ән-өлеңдерін тақырыбы мен мазмұнына қарай бірнеше топқа бөліп сөз ет...
Кең далам! Толғанайын, Толғайын. Домбырам Қолға алайын, Жырлайын. Қазағымның...
Тақырыптың өзектілігі: Шөмішбай шығармаларындағы ғибраттық мәні бар асыл сөзд...
Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш ста...
Жинаққа  ақынның  халыққа танымал 50 ән-өлеңдері еніпті. Ән-өлеңдер туралы:...
«Жұмақ ананың табанының  астында» деген қағидаға сүйенетін болсақ, кез-келге...
"20 ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы" атты монография авторы. "Ғашық...
Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Шөмішбай Сариев қазақ по...
«Қазағымның жаныменен жыр жаздым, қазағымның арыменен сөз алдым» дейтін ақын...
Кешегі бүкіл әлемді алаңдатқан Арал тағдыры да ақын назарынан тыс қалған жоқ....
Академик Мұхамеджан Қаратаев: «Шөмішбай Сариевтің өлеңдері табиғат, өмір суре...
Ғафу Қайырбековтың Шөмішбай Сариевті «Қос қанатты ақын» деп атауы да тегін е...
Қорытынды Сөз түйінін ақын туралы абзал ағаларының ой-байламдарымен қорытынды...
Ұсынысым 1.Таңдау пәндерде аймақтық әдебиет көбірек оқытылса; 2. Республика,...
    Төлебаев Д. "Айналдым сенен, атамекен-ай": Ақын Ш.Сариевтiң 65 жасқа тол...
1 из 22

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Жоба жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Медеубаева Ақгүл Зер
Описание слайда:

Жоба жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Медеубаева Ақгүл Зерттеуші: 7- сынып оқушысы Жақсылық Раушан Ғылыми жобаның тақырыбы: Шөмішбай Сариевтің өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән-өлеңдер .

№ слайда 2 Мазмұны Кіріспе Шөмішбай Сариев өмірінен бір үзік сыр.... І тарау. Шөмішбай
Описание слайда:

Мазмұны Кіріспе Шөмішбай Сариев өмірінен бір үзік сыр.... І тарау. Шөмішбай Сариевтің өлеңдеріне жазылған халыққа танымал ән-өлеңдер 1.1. Президент бастамасы бойынша “Мәдени мұра” бағдарлама аясында “Қорқыт ата” кітабына ән жинақтың енуі. 1.2. Жинаққа енген ән-өлеңдер. ІІ Тарау Ән және Шөмішбай өлеңдері. 2.1. Шөмішбай өлеңдеріне жазылған үздік әуендер. 2.2.Ақын өлеңдерінің ерекшеліктері. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

№ слайда 3  Шөмішбай Сариев (1946 жылы туылған.)
Описание слайда:

Шөмішбай Сариев (1946 жылы туылған.)

№ слайда 4 Жетті Күнім, жетті қанат талдырып, Ғасырларға даусым жетер жаңғырып. Тәуелсі
Описание слайда:

Жетті Күнім, жетті қанат талдырып, Ғасырларға даусым жетер жаңғырып. Тәуелсіздік ескерткішке ант етем, Мен - қазақпын! Мен Азатпын мәңгілік! Шөмішбай Сариев.

№ слайда 5 Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш ста
Описание слайда:

Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1970–1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. «XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монография жазған. Қазір М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер. Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1970–1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. «XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монография жазған. Қазір М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер.

№ слайда 6 Ақынның ән-өлеңдерін тақырыбы мен мазмұнына қарай бірнеше топқа бөліп сөз ет
Описание слайда:

Ақынның ән-өлеңдерін тақырыбы мен мазмұнына қарай бірнеше топқа бөліп сөз етуге болады. Олардың қатарында бірінші көзге түсетіні – Отан, ел, жер, ұлт, халық жөніндегі патриоттық әндер. Мұндай әндер тәуелсіз елдің өскелең ұрпағын Отанды, ұлтты сүюге баулитыны анық. Осы мақсатта жоғары пафоспен жазылған әндердің қатарында жинақтың беташары ретінде берілген Қазақстанның халық артісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Рымбаеваның орындауындағы «Айналдым сенен, атамекен-ай!» ән-өлеңінен мысал келтіруге болады.

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8 Кең далам! Толғанайын, Толғайын. Домбырам Қолға алайын, Жырлайын. Қазағымның
Описание слайда:

Кең далам! Толғанайын, Толғайын. Домбырам Қолға алайын, Жырлайын. Қазағымның даласындай, Көзімнің қарасындай, Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!   Қымбатты даламыздай, Сымбатты анамыздай, Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ! Арымдай, Тірегімдей, Жанымдай, Жүрегімдей, Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!

№ слайда 9 Тақырыптың өзектілігі: Шөмішбай шығармаларындағы ғибраттық мәні бар асыл сөзд
Описание слайда:

Тақырыптың өзектілігі: Шөмішбай шығармаларындағы ғибраттық мәні бар асыл сөздерді ұрпақ санасында мәңгі сақтауға үлес қосу. Ақын өмір сүрген қоғам мен бүгінгі күнді байланыстыра қарастыру арқылы дәуір сабақтастығын ашып көрсету. Күтілетін нәтиже: Ақынның әдеби мұраларын кеңінен насихаттау;

№ слайда 10 Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш ста
Описание слайда:

Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1970–1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған. 1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. «XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монография жазған. Қазір М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер. Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль, «Платина Тарлан», «Жыл Адамы – Алтын адам» сыйлықтарының лауреаты, Арал ауданының құрметті азаматы, «Елім менің» атты ән-өлең бәйгесінің екі дүркін Бас жүлдегері Шөмішбай Сариев – қазақ поэзиясын «Балдәурен», «Арайлы көктем», «Теңізден соққан жел, «Тағдыр», «Өң мен түс», «Үш өлшем», «Тағдыр жыры», «Біздің ғасыр», «Қос қанат», «Шөл даланың ұлымын», т.б. жыр-жинақтарымен байытқан ақын. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2008 жылы Қызылорда облысының әкімдігі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті шығарыпжатқан«Сырдария»кітапханасы  сериясымен  «Қорқыт  ата» кітабынан басталған 100 томдыққа Шөмішбай Сариевтің екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы енді. Осы қатарды ақынның «Айналдым сенен, атамекен-ай» атты ән-өлеңдер жинағы толықтырды.

№ слайда 11 Жинаққа  ақынның  халыққа танымал 50 ән-өлеңдері еніпті. Ән-өлеңдер туралы:
Описание слайда:

Жинаққа  ақынның  халыққа танымал 50 ән-өлеңдері еніпті. Ән-өлеңдер туралы: «Ән-өлең – үштік одақтың, яғни ақынның, композитордың және әншінің талант-дарынынан дүниеге келетін туынды. Ән-өлеңнің кәсіпқой поэзиядан тіпті өзгеше екендігін композиторлармен бірге жұмыс істеу барысында сезіндім», - дейді автор. Ақынның осы пікіріне сүйенетін болсақ, үштік одақтың қатаң сыны мен сарабынан өткен туындылардың барлығы да ғұмырлы болатынын уақыт көрсетіп келеді. Көріп отырғанымыздай, жинаққа енген туындылардың барлығы да халықтың, тыңдарманның жүрегінен орын алған, көпшіліктің ықылас қоя сүйіп тыңдайтын әндері. Кітаптың   бірінші  жетістігі – әр әннің нотасымен, музыкасын жазған композиторымен, орындаушы әншілерімен толық көрсетілуі. Сондықтан қай әннің музыкасын кім жазғаны, кім орындайтыны жөнінде толық мәлімет алуға болады. Мұндай сапалы дүниенің тәуелсіз қазақ елінің ұлттық құндылығына айналары даусыз.

№ слайда 12 «Жұмақ ананың табанының  астында» деген қағидаға сүйенетін болсақ, кез-келге
Описание слайда:

«Жұмақ ананың табанының  астында» деген қағидаға сүйенетін болсақ, кез-келген бала анасын Меккеге үш рет арқалап апарса да оның қарызынан құтылмайды екен. Сондықтан да бар бала анаға қарыздар. Мұны жадында ұстаған ақынның бірсыпыра өлеңдері анасына арналды. Осы тұрғыда Елбасын дүниеге алып келген Әлжан анаға арналған «Әлжан ана» өлеңі «Алып – анадан туатынын» еске салады. Алғаш рет Айжан Тәженова орындаған «Асыл ана» өлеңіндегі: Саған деген сағынышым жетер ме. Жеткізе алмай мен өмірден өтем бе? Жан анашым, жаутаңдадың баладай, Қош айтысып мен ауылдан кетерде, – деген жолдар ақынның анаға деген үлкен махаббатынан туып, барша адамзаттың жүрегінен орын алғаны белгілі. Осылайша ақын өлеңдеріндегі бала махаббаты жалқыдан жалпыға ауысты.

№ слайда 13 "20 ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы" атты монография авторы. "Ғашық
Описание слайда:

"20 ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы" атты монография авторы. "Ғашықтар жыры", "Боз-жорға" атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы "Балдәурен" деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. Сариев "Сәлем саған, туған ел", "Домбыра", "Қарағым-ай", "Сарыарқа", "Аралдан ұшқан аққулар", "Атамекен-ай", "Аққу-сенім", "Жер Ана", "Ән жүрегім туған ел", "Үкілі домбыра", "Дос керек", "Бозжорға" атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы. 1992 жылы "Сүйінші" деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған. Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003), "Тарлан" сыйлығының иегері (2004).[1]

№ слайда 14 Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Шөмішбай Сариев қазақ по
Описание слайда:

Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Шөмішбай Сариев қазақ поэзиясын «Балдәурен», «Арайлы көктем», «Теңізден соққан жел, «Тағдыр», «Өң мен түс», «Үш өлшем», «Тағдыр жыры», «Біздің ғасыр», «Қос қанат», екі томдық шығармалар жинағының таңдамалысы сынды жыр жинақтарымен байытқан ақын. 2008 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының кітап сериялары Қорқыт ата кітабынан бастап шығарып жатқан 100 томдыққа Шөмішбай Сариевтің екі томдық шығармалар жинағы енді.

№ слайда 15 «Қазағымның жаныменен жыр жаздым, қазағымның арыменен сөз алдым» дейтін ақын
Описание слайда:

«Қазағымның жаныменен жыр жаздым, қазағымның арыменен сөз алдым» дейтін ақынның «Домбыра», «Үкілі домбыра»,  «Қазағымның  күйлері-ай» ән-өлеңдері – қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра мен қос ішектен төгілген күй құдіретіне берген жоғары баға. Ұлттық аспаптарды ғана емес, ұлттығымызды жоюды көздеген кеңестік идеологияға қарсы бой көтерген бұл ән-өлеңдер ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясы мен музыкасының табысы еді. Қазақтың қаны мен жанына күй ойнатқан домбыра туралы: Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра, Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! – («Домбыра») десе, күй туралы: Бабамыздың күңіренген зарындай, Жайығымның жайлап аққан жанындай, Даламыздың қайнап аққан қанындай, Қазағымның, қазағымның күйлері-ай!, – («Қазағымның күйлері-ай») деп домбыра мен күй сазына жан бітірді.

№ слайда 16 Кешегі бүкіл әлемді алаңдатқан Арал тағдыры да ақын назарынан тыс қалған жоқ.
Описание слайда:

Кешегі бүкіл әлемді алаңдатқан Арал тағдыры да ақын назарынан тыс қалған жоқ. Ол жөнінде кезінде белгілі ақын Сағи Жиенбаев: «Шөмішбай ақынның қазақ жырының жасыл жайлауына тіккен өз отауы бар. Ол отауда көрген адамның көкірек көзін ашатын, көңіліне сәуле түсіретін көркем кесте, нақыш-өрнектер  бар... Мен Шөмішбайдың туған топырағы – Арал өңірі жайлы сыр толғауларын әрдайым сүйсініп оқимын. Бұлар адамға аяныш туғызады, пенде екендігіңді еске салады», – деген болатын. ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі ел өмірінен үлкен орын алған бұл өзекті мәселені сол жердің суын ішіп, ауасын жұтқан ақын жүрек қабырғасы қайыса отырып жырлады: Құстардың қайда базары, Тарқаған, түсіп ажары. Жаралы жүрек жандардай Төмендеп теңіз назары. Айдынды теңізбен қоштасқан қайғылы да мұңды жаға, аққұмда шарқ ұрып айнала ұшқан шағала, ақшағыл құмның ортасында шөгерілген түйедей болып қайырылған кеме, ұясыз қалған аққу, айдынына қона алмай жанары мөлтілдеген құс бейнелері – тыңдарманның көзіне жас ұялатар жанды суреттер.

№ слайда 17 Академик Мұхамеджан Қаратаев: «Шөмішбай Сариевтің өлеңдері табиғат, өмір суре
Описание слайда:

Академик Мұхамеджан Қаратаев: «Шөмішбай Сариевтің өлеңдері табиғат, өмір суреттерін эстетикалық талғамда қабылдауымен, лирикалық кейіпкерлерінің әрі шынайылығымен, әрі қарапайымдылығымен баурайды», – деген болатын. Осы пікірге сүйенетін болсақ, «Ғашықтық қуаныш боп сезілгенмен, Махаббат ешқашан да мұңсыз болмас» дейтін ақын  махаббаттың  жолы даңғыл емесін, оның да ойы мен қыры, сан соқпағы бар екенін «Аяулым», «Сен мені сағындың ба?..», «Өкінбе  сен» т.б. өлеңдерінде жеткізе жырлады. «Сүйгенінің қасын қарақатқа, күлкісін шарапат сезімге, сөзін балға, пәк сезімін ақ ұлпа қарға, көңілін жаңа жауған қарға» теңейтін ақын көпшілік сүйіп тыңдайтын ғашықтар жырымен «Елім менің» атты ән-өлең байқауының екі дүркін жеңімпазы  атанды.

№ слайда 18 Ғафу Қайырбековтың Шөмішбай Сариевті «Қос қанатты ақын» деп атауы да тегін е
Описание слайда:

Ғафу Қайырбековтың Шөмішбай Сариевті «Қос қанатты ақын» деп атауы да тегін емес. Оның екінші қанаты – ән-өлеңдері. Оның жиырмаға тарта өлеңдер кітабына енген үш жүзден астам ән-өлеңдерін Е.Хасанғалиев, С.Тыныштығұлова, Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, т.б. сынды қазақтың майталман әншілері орындап, ән сүйер қауымға кеңінен танытып келеді. «Атамекен», «Қазағымның күйлері-ай», «Домбыра», «Туған жер», «Айналдым сенен, атамекен-ай!», «Сәлем саған, туған ел!», «Аралдан ұшқан аққулар», «Сарыарқа», «Қазақстан», «Бозжорға», т.б. ән-өлеңдері ақынның атын асқақтатып жіберді. Отанға, туған жерге, сүйген жарға деген ыстық сезім ақынның ән-өлеңдерінде бірінен-бірі туындап, біріне-бірі жалғасып жатады.

№ слайда 19 Қорытынды Сөз түйінін ақын туралы абзал ағаларының ой-байламдарымен қорытынды
Описание слайда:

Қорытынды Сөз түйінін ақын туралы абзал ағаларының ой-байламдарымен қорытындыласақ деймін. “Асықпа, Шөмішбай, болдым-толдым екен деп еш уақытта да масықпа. Ақын өмір бойы оқуға, өсуге міндетті, біз жетпегенге сен жет дейміз”,-десе, абыз ақын Әбділдә Тәжібаев, “Ш. Сариев өз талант-дарынына сеніммен қарайды. Оның жақсы жырлары сұлулықты сезіну арқылы туындайды деп білем, бұл талант иесіне ғана тән қасиеттер дер едім”,-деп ағынан жарылыпты қара сөздің қас шебері Әнуар Әлімжанов.

№ слайда 20 Ұсынысым 1.Таңдау пәндерде аймақтық әдебиет көбірек оқытылса; 2. Республика,
Описание слайда:

Ұсынысым 1.Таңдау пәндерде аймақтық әдебиет көбірек оқытылса; 2. Республика, облыс көлемінде Шөмішбай ақын шығармашылығына қатысты сайыстар ұйымдастырылса;

№ слайда 21     Төлебаев Д. "Айналдым сенен, атамекен-ай": Ақын Ш.Сариевтiң 65 жасқа тол
Описание слайда:

    Төлебаев Д. "Айналдым сенен, атамекен-ай": Ақын Ш.Сариевтiң 65 жасқа толуына арналған əн-кешi туралы //Ана тiлi.- 2011. - 27 қазан - 2 қараша (№43). - 12 б.  Тұрғынбекұлы С. Шағалалы шалқар: Ақын Ш.Сариев туралы //Егемен Қазақстан. – 1996. – 27 сəуір Аралдан шыққан Шөмішбай: Ақын Ш.Сəриевке"Арал ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді //Қазақ əдебиеті. - 2007. - 2 қараша. – 2 б. Сариев Ш. Өң мен түс: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1980. – 62 б. Сариев Ш. Тағдыр жыры: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1984. – 96 б.  Сариев Ш. Теңізден соққан жел: Өлеңдер мен поэма. – Алматы: Жазушы,1975. – 59 б. Сариев Ш. Шөл даланың ұлымын... / Ш.Сариев.-Алматы: Қайнар, 2008.- 208 б.   Сариев Шөмішбай//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 341 б.  Сариев Шөмішбай // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық / Құраст. С.Ахметов,Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 528 б.  Сариев Шөмішбай // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 434 б.

№ слайда 22
Описание слайда:


Автор
Дата добавления 19.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров573
Номер материала ДБ-041594
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх