Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Үш таңбалы сандарды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

Үш таңбалы сандарды көбейту және бөлу тақырыбын қайталау

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы санға көбейту және бөлу, үш таңбалы санға көбейту және бөлу,бір-біріне қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептерді қайталап, білімдерін бекіту. Әр түрлі есептер шығару, өрнектердегі амалдардың орындалу ретін қайталау, бекіту, күрделі теңдеулерді шешу арқылы білімдерін бекіту. Ойлау, есеп шығару дағдысын, білім, білік, дағдыларын арттыру. Есеп шығарған кезде жазу, сызу тәртібін естеріне сақтай отыра таза, әдемі, тиянақты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрнекілік, топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, СТО технологиясының тәсілдері, ойын

Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, ғажайып алаң мен оның тапсырмалары, топтық жұмыс және жеке жұмыс тапсырмалары, рефлексия суреті, стикерлер;

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Қонақтармен амандасу

Қонақтармен амандасады шаттық шеңберіне тұрады.

2

Психологиялық ахуал





Топқа бөліну

Шаттық шеңберіне тұрып, өлең шумақтарынан сабақ басталады



Топқа бөлінеді. Бізде жыл бойы Аружан, Жанель, Улыкбек топ басшылары болып келген. Бүгінде олар топ басшылары болады. Ал қалғандары топқа бөлінеді. Үстел үстіндегі гүлдерді алып, 3 топқа оқушылар бөлінеді.

Айналаға алақанмен

Жылылықты шашайық

Сәттілік тілеп, күлімсіреп

Біз сабақты бастайық-деп оқушылар айтып топқа бөлінеді.


3

Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге берілген тапсырманы мына слайдтан көріп тұрғандай дұрыс жауаптарымен сәйкестендіресіндер де өз бағаларыңды мына критерий бойынша қоямыз.

«5» - бағандап жазылуы, астын қарындашпен сызуы, жауаптың дұрыс болуы.

«4» - бағандап жазылуынан қате болса қойылады.

«3» - өрнектің жазылуы да, шешуінде қате болса қойылады.

67-бет, №9

4

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау»

«Таңғажайып алаң» ойынын ойнаймыз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беру арқылы 1 әріптен ашамыз.

  1. Біз қандай тақырыптарға есеп шығарып жатырмыз?

  2. Жылдамдықты табу формуласы?

  3. ││- бұл түзулерді қандай түзулер деп атаймыз.

  4. S- ауданды қалай табамыз?

  5. (х+40) ∙ 6 бұл қандай өрнек түріне жатады?

  6. 1 т ꞊ кг тең?










1.Үш таңбалы сандарға көбейту және бөлу. (ӨТ)

2..Жылдамдық ꞊ қашықтық : уақыт(КЕН)

3.параллель түзулер (ДІ)



4.S꞊ a ∙ b – см 2(ҚАЙ)

5.әріпті өрнек (ТА)



6.1000 кг тең (ЛАУ)

5.

Жаңа сабақ

«Өткенді қайталау» бұл тақырыпқа байланысты есептер шығарамыз


6.

Жеке жұмыс

Көбейтуді орында бөлумен тексер

1 тапсырмада әр бала жеке-жеке есеп шығарып, шшешімі шыққан соң бір-бірінікін алмасып тексереді де бағалау парағына бағасын қояды.

1. 4321 ∙ 2 2. 3456 ∙ 4

3.5700 ∙ 9 4. 805 ∙ 45

5. 7006 ∙ 8 6. 4070 ∙ 6

7. 50 090 ∙ 8 8. 546 ∙ 62

9. 231 ∙ 40 10. 457 ∙ 40

11. 823 ∙ 200 12. 8700 ∙ 40

13. 2680 ∙ 300 14. 685 ∙ 300

15.12 407 ∙ 40

7.

Жұптық жұмыс

Есепті шығар.

Оқушылардың деңгейіне байланысты есептер беру.

1-деңгей есептері:

1.Жұмысшы 8 сағат ішінде 56 бұйым даярлап шығарды. Жұмысшы 1 сағатта неше бұйым даярлады?

2.Бірдей 3 жәшікке 60 кг алма салынды. Сонда әр жәшікке неше килограмм алмадан салынды?

3. Бірдей 5 қуыршаққа 900 тг төленді. Бір қуыршақтың бағасы қанша тенге?

2-деңгей орташа тапсырмалар

1.Халық шығармашылығы үйірмесіне 144 оқушы қатысады. Олардың үштен бір бөлігі қобызда ойнайды, ал домбыра тартатын балалар одан 2 есе көп. Неше оқушы домбыра тартады?

2. Теңізші Синбад теңізде 16 саяхат, ал құрлықта одан 4 есе кем саяхат жасады. Теңізші Синбад барлығы неше саяхат жасады?

3-деңгей қиын тапсырмалар.

1.Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

Қоймаға кір жуатын машиналар әрқайсысында 125-тен 7 қатар етіп қойылды. Олардың бірнешеуін дүкендерге алып кеткенде қоймада 340 кір жуатын машина қалды. Дүкендерге неше кір жуатын машина жөнелтілді?

2. Қоймадан түске дейін әр машинаға 64 «Самсунг» шаңсорғыштан тиеп, 9 машинамен дүкендерге алып кетті. Сонда қоймада 143 «Самсунг» шаңсорғыш қалды. Түске дейін қоймада неше «Самсунг» шаңсорғыш болған?

3. Қоймадағы тігін машиналарының 879-ын дүкендерге алып кетті. Сонда қоймада әр қатарда 42-ден 16 қатар тігін машинасы қалды. Қоймада бастапқыда неше тігін машинасы болған?

4. Вагондағы ұнды әрқайсысына 3 тоннадан тиеп, 20 машинамен жөнелткенде вагонда тағы 10 т ұн қалды. Вагонда барлығы неше тонна ұн болған?

1-деңгей жеңіл тапсырмалар: (көк түсті беттер) Мөлдір, Алинұр, Анель, Жанайым, Жасұлан, Шерзад, Мансұр,



















2-деңгей орташа тапсырмалар (сары түсті беттер) (Оңдасын, Мақсат, Мәди, Темірлан)

















3-деңгей қиынырақ тапсырмалар (қызыл түсті беттер) (Ұлықбек, Аружан, Жанель, Марджина)

8

Сергіту сәті

Видеороликтен сергіту сәтін көріп жасау.

Оқушылар орнынан тұрып би билейді.

9

Топтық жұмыс

Санды өрнектердің мәндерін тап

1-топ

6000 – (6572 + 890) : 533 ∙ 302

2- топ

960 384 : (24 ∙ 16) – 131 ∙ 14

3-топ

(451 + 645) ∙ 23 + 56 070 : 63


10

Қорытынды

Бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. Сабақта не істедік?

Санды өрнектердің мәнін таптық, көбейтуді бөлумен тексеріп есеп шығардық.

11

Бағалау

Бағалау парағынан кімге қандай баға қойғаны жайлы топ басшылары айтып өтсін.


12

Үйге тапсырма

67-бет №6: шығармашылық жұмыс: Отбасы мүшелерінің туған жылы мен туған күнін бір-біріне көбейту арқылы есеп құрастырып келеміз.

Күнделіктерінді ашып жазып алындар.

13

Рефлексия

Алдарында құмыра тұр, бірақ гүлдері жоқ. Сол құмыраны гүлдермен толтырамыз.

Жасыл түс – сабақ ұнады, барлығын түсіндім

Сары түс – сабақ орташа болды. Жартылай түсіндім

Қызыл түс – сабақ ұнаған жоқ, ештене түсінбедім деген. Осы түстерге байланысты гүлдерді жапсырамыз.

Топ басшыларына сұрақ қоямын. Топта жұмыс істеген кезде қай оқушы белсене қатысты деп ойлайсыңдар? Өз пікіріңмен бөліс. Оқушылар гүлдерді іледі. Бір-екі оқушыдан сабақ жайында сұрап кетемін.







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-515162
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>