Инфоурок Иностранные языки КонспектыҮш тілді білім беруді жүзеге асыру

Үш тілді білім беруді жүзеге асыру

Скачать материал

 

           Үш  тілді  білім  беруді  жүзеге асыру

     Рысқұлова  А.Қ.-ағылшын  тілі  пәні,ІІІ   деңгей

 

(Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  «Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған  отбасы балаларына арналған  мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі)

 

 

    Бүгінгі білім берудегі қоғам қойып отырған басты талаптардың бірі – көптілділік. Көптілділік - кез келген қоғам үшін, кез келген формация үшін тұйықтықтан шығудың, интеграцияны негізгі ұстаным етіп алған бағытты айқындайтын жол деп танылған.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деді. Бұл, шынында да, қарқынды дамып келе жатқан ел үшін өзекті мәселе.             Қазіргі  таңда «Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуда.Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасаудамыз. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына ӛмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктер ашады» - деп көрсетеді Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында. Әлемдік өркениетпен жан-жақты интеграцияға түскен біздің халқымыз үшін ағылшын тілін үйрену ұлтымыз үшін игі мұраттардың бірі болмақ. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақ ағылшын тілін үйрену мен оқытудың іс жүзіндегі қажеттілігін сезінуде. Осыған орай халықаралық стандарттарға сай білім алуды мақсат етеді. Ағылшын тілін білу қазіргі кезеңдегі байланыс шекарасының кеңеюіне, өркениет ағынына ілесуге, ақпараттар кеңістігінде еркін байланыс жасауға мүмкіндік береді. Ағылшын тілі қазақ тілінің құнарлылығын, халықтың салт-дәстүрін, мәдениеті мен жетістігін әлемдік кеңістікке жеткізуші көз болып табылады. Мұның бәрін обьективті, геосаяси және және әлеуметтік-экономикалық тенденция деп қарастырамыз. Мемлекетіміздің мектеп реформасына енгізген үш тілде оқыту бағдарламасы –жаһандану заманы туғызған қажеттілік. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен енгізіліп жатқан жаңаша іс-шаралар әр азаматтың жан-жақты құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Өркениетті отыз елдің қатарына ену, Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу, «Болашақ» бағдарламасымен білім алу, әлемдік интеграцияға ұмтылу – бәрі де үш тілде білім беру арқылы жүзеге асатын келелі мәселелер. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде басқа тілдерді үйретудің, басқа тілдерде білім берудің негізі боп табылады. Себебі көп ұлтты Қазақстан Республикасында қазақ халқы барлық ұлтты ұйыстырушы ұлт ретінде танылуда. Оның тілі де сол биіктен көріне білу қажет. «Үш тұғырлы тіл» жобасы үш тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түп негізі, көздеген мақсаты-мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп,жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізуді мақсат етеді.

   Мемлекеттік тіл бөлінушілікті мақсат тұтпайды, қайта Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің басын біріктіретін бірлік пен ынтымақтастықтың негізгі факторы болып қала береді. Сонымен қатар үш тілді меңгертуде жетекшілік рөл атқарады. Міне «Үштұғырлы тіл» жобасы бойынша мемлекеттік тілдің атқарар қызметі мойнына артқан жүгі осындай болмақ. Орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде өз тарихи міндетін атқарып келді, атқара береді де. Біздің еліміз ертеден бері Ресей елімен көршілік ынтымақтастықта, тығыз қарым-қатынаста ғұмыр кешіп келеді. Тіпті бүтіндей бір дәуірде тарих беттерінде Кеңестер одағының қол астында, бір жүйеде өмір сүрді. Осы жылдар аралығында көршілес елдің мәдениетімен біте қайнасып, жаңа қазақстандық қоғам құрудың белсенді мүшелеріне айналды. Ұлтаралық қатынастарды реттеуде, қоғамдық татулық пен келісімді тұрақты ұстауда, халықаралық маңызды мәселелерде ортақ шешімге келуде, жаңа инновациялық технологияларды, заманауи көзқарастар мен идеяларды енгізіп, кеңінен таратуда орыс тілінің рөлі айрықша екендігі баршаға мәлім. Тарихи көршілестік барысында орыс тілінің атқарған қызметі орасан зор. Себебі орыс тілі, мәдениеті арқылы қазақ халқы өркениет жолын таңдап алды. Жаңа дәуірде, жаңашыл бастамалар кезеңінде орыс тіліне жүктелер міндет те күрделене түспек. «Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену.Ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Бұл үш құрамдас бөліктердің негізгі идеясы мынаған саяды: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз.

    Болашақ - білімділер заманы.Әр қазақстандық үшін орыс және ағылшын тілін оқып үйрену – бәсекеге қабілетті тұлға бейнесін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіндік терімізді арттыратын бірден-бір тетік. Жаһандану дәуірі кезеңінде замана көшіне қалмай, үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз, жаңғырта аламыз. Бүгінгі таңда әр ұстаздың алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі – білімді де білікті шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқушылардың ақыл-ой қабілеттері мен мінез-құлық сапаларын әлемдік және ұлттық психология негізінде дамыту. Орыс, ағылшын тілдерін мектепте оқытудың негізгі мақсаты - оқушының бұл тілдерді қатынас құралы ретінде пайдалана алу қабілеттерін дамытуда, өздерінің төл мәдениетін, тілін оқып, үйреніп отырған елдің тілімен, мәдениетімен салыстыра алуда, тілдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін ажырата білуде жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің мектептерінде үш тілді оқытудың маңызы арта түсумен қатар, оның бағыттары да кеңеюде. Жалпы үш тілді оқытудағы басты міндет оқушының тілдік қарым-қатынас жасай алу қабілетін, біліктілігін жетілдіру болып табылады.

   «Үш  тілді  білім беру» бағыттарын дәйекті түрде енгізу негізінде бастауыш сыныпқа ағылшын тілі  пән  ретінде , ауызекі қарым-қатынас сөздері қолданылуда.  Факультатив есебінен  ¾ -сыныптан бастап  ағылшын тілінде факультативі енгізілді. Бұл оқушылардың болашақта үш  тілде  ойларын әлемдік білім жүйесінде қолдана алатындай деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

   Облыстық  мектеп – интернатымызда  жаңа  форматты    мұғалімдердің  саны   күн  санап  артуына  байланысты  оқу-тәрбие үрдісіне енгізген жаңашылдықтарды облысымыздың барлық қазақ мектептеріне таратуға  ат  салысудамыз . Осы мақсатта 2014 жылдың   сәуір  айында облыстық семинар ұйымдастырып, оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңашылдықтарымызды   облысымыздың мекемелері мен қазақ мектеп басшыларына ұсындық. Міндеттері:

дарынды балаларды анықтау әдістер жинағын құрастыру;

олимпиадалар, интеллектуалдық сайыстар мен конкурстар өткізу арқылы талантты балаларды айқындау, іріктеу үшін жаңа технологиялар құрастыру;

көптілділік  мәселесі жөнінде республикамыздың жоғары оқу орындары және мектептермен тығыз байланыс жасау.

     Көп тілді меңгеру - бұл өте күрделі психологиялық үрдіс. Бүгінгі таңда бізге ана тілінің уызына қаныққан, ұлттық мұраны және өзге мәдениетті құрметтейтін, үш тілді жетік меңгерген, іскер, шығармашыл, дүниетанымы мол, зиялы да интеллектуалды тұлғаның қажет екені белгілі.                              Қорыта айтатын болсақ,  көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру  тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 ж.

2.Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению,М.: Просвещение, 1991 г.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үш тілді білім беруді жүзеге асыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 3307
    • DOCX 613 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рыскулова Алау Куанышбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рыскулова Алау Куанышбековна
    Рыскулова Алау Куанышбековна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37443
    • Всего материалов: 30

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Английский для специальных целей (ESP)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 460 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

Учитель иностранного языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Курс повышения квалификации

Методы билингвального обучения иностранным языкам

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции