Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Үш тілді меңгерген мәдениетті тұлғаны қалыптастыру және дамытуда шет тілінің ықпалы

Үш тілді меңгерген мәдениетті тұлғаны қалыптастыру және дамытуда шет тілінің ықпалы

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Үш тілді меңгерген мәдениетті тұлғаны қалыптастыру және дамытуда шет тілінің ықпалы

Адам баласы үшін баға жетпес басты құндылық, Жаратушыдан берілген нығметтің бірі – тіл. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Сол сияқты тілінің байлығы, көркемдігі – әрбір ел мен ұлттың, ұлыстың мақтанышы. Ал осынау асыл ұғымның «өнер алды қызыл тіл» деп тіл құдіретін түсініп, құрметтеген қазақ халқы үшін тіптен орны айрықша. Тоқсан ауыз сөзді тобықтай етіп айта білген ұлы бабаларымыз «Тіл – ұлттың жаны» деп тегін айтпағаны анық. Сөзсіз, ұлттың болашағы – оның ана тілінде. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп, дамиды десек, әр ұлттың тілі – оның бакыты мен тірегі екені өз өзінен ақ белгілі болмақ. Бұл турасында, құрметті әріптестер, осы өздеріңіз секілді ағарту, ұстаздық ісіне ізін қалдырған Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», – деген еді. Иә, туған елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген мақтаныш сезімі болуы тиіс. Өркениеттер көшіндегі елдердің қатарына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Мұнсыз, біздің мықты елдермен терезесі тең сөйлесіп, қарым қатынас жасай алмасымых хақ. Ал бұл мақсаттың басты шарты – тіл мәселесіне тәуелді. Себебі, сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміздің өзі ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал, ана тілін жақсы білмейтін, сауатты сөйлеп, жаза алмайтын, тіл байлығының қадіріне жетпеген адамды шын мәніндегі мәдениетті тұлға деп айта алмайсыз. Иә, біз бұл баяндамамызды арнайы ана тілінің қадір қасиеті мен оның маңызы турасынан бастадық. Себебі, өзіңді толық танып болмай, өз құндылықтарыңды дәріптемейінше өзгелердің алдында құның болмайтыны даусыз. Ана тілінің, жалпы тілдің қасиетін түсіне білген дана халқымыз «Жеті  түрлі білім біл, Жеті жұрттың тілін біл» деп өзгенің тілін құрметтеп, оны тануға үндегендігі белгілі. Міне, осындай аталы сөздер дәл қазіргідей дамыған дәуірімізге орай айтылғандай. Ана тілін аспанға шығарған асыл бабаларымыз, өзгенің құндылықтарын, тілі мен мәдениетін барынша құрметтеп, оны көкірегіне түйіп, санасына құйып алуға ұмтылған. Оның жарқын мысалы, Аристотельден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама, Әбу Насыр  Әл-Фараби бабамыз 70 ке жуық ұлттың тілін жеттік білген екен. Қазақтың ғана емес, күллі түркі жұртының саялы бәйтерегі болған ойшыл артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалтырып кетті. Әлемге өзін ғана емес, бүкіл елі мен кең сахарасын таныта алған ұлы ғалым, ағартушы көп тіл білуге шақырып, тіл білудің маңызын айқындап кеткен еді. Қазір барлығымыз, бүкіл жер жаһан нарықтық экономикада күн кешудеміз. Мұндай кезең, еңбек нарығы бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Міне, күнде өзгеріп отырған осындай аумалы төкпелі уақыт оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, тың мақсат міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан, білім беру жүйесінде оқытушыларға, яғни осы отырған сіздер мен біздерге қойылатын басты талаптың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын әрі өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті, көзі ашық, көкірегі ояу тұлға қалыптастыру, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратынындығын сөз басында айтып өттік. Тіл танудың, түсінудің, дамудың негізгі құралы. Ал көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға, нығайтуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы екені де ақиқат. Еңсесін тіктеген Егемен еліміздің шетелдермен халықаралық байланысы күннен-күнге арта түсуде. Туған Отанымыздың қуатын арттыратын осындай жан жақты байланыстарды дамыту үшін, әрине, ең алдымен шет тілін білетін мамандар керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің  – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткен болатын. Жоғарыда айтып өткеніміздей, біздерге өмірдің өзі қазір жаңа стандарттар мен талаптарын алға тартып отыр. Елбасы ұлы көштің алдыңғы қатарынан табылатын оқытушылар қауымына қашан да үлкен сенім артады. Сондықтан, елімізді әлемдік дәрежеге көтеруде білім беру жүйесі мен оның ішінде, әсіресе, көптілді меңгерген мықты маман даярлау ісінде бізге ерекше міндет қойып, сенім білдіріп отыр. Бұдан шығатын қорытынды, енді тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сондай ақ, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысын жандандыру қажет. Ал біздер жас ұрпақтың тәрбиешісі, білім берер ұстазы ретінде ортақ мақсатқа өз үлесімізді қосуымыз тиіс. Сөзсіз, мемлекетіміздің тәуелсіздіктің аз ғана уақытында аяғына нық тұруына ұстаздар қауымының берген көмегі, қосқан үлесі қомақты. Ендеше, абыройлы мамандық иелерінің туған еліміздің дамуы жолында алға қойылып отырған жаңа талап пен міндеттің үдесінен шығарына сенім мол. Иә, ана тілін жетік білетін әрі бірнеше шет тілін еркін меңгерген тұлға қалыптастыру ісі аса жауапты міндет. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осыған орай, Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап деп ойлаймыз. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал ұстаздың ұлы әрі жауапты міндеті осы білімнің нәрін санаға құйып, жанға ұялатуға күш салуда жатыр. Бұл ретте, шет тілін үйретуге жұмыс істеп жатқан ұстаз қауымында жетістіктер де жоқ емес. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері бүгінде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында әлемдік ең озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолданып келеді. Білім алу, үйретуде қанағат деген болмайды. Қол жеткізілген жетістіктерге тоқтап қалмай, білім беру ісінде бұдан да жоғары нәтижеге ұмтыларымыз анық. Сөзсіз, алға бет алған Қазақстанның дамуында ағылшын тілінің алар орны ерекше. Бұл тіл ғылым мен білімнің алтын қорын сақтауда. Ал оларсыз бір қадам да алға жылжу мүмкін емес. Дегенімен, үштұғырлы тіл саясатына сүйенген, болашағын осынау бастамамен байланыстырған біздер үшін орыс тілінің де рөлі айрықша. Жүзден астам ұлыстың тіршілігін тату тәтті етуде ана тілімізбен қатар орыс тілінің де сіңіріп келе жатқан еңбегі ерен. Десе де, бүгінгінің басты мақсатының бірі егемен еліміздің, тәуелсіз мемлекетіміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару. Мінеки, оның жүзеге асырылуына Елбасының «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізетіні ақиқат. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған. Президент өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне де ерекше назар аударады. Бұдан шығарар қорытынды, түйетін ой - қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыты. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру көптен бері жүзеге асырылып келеді, бұл жаңалық емес. Кейінгі ұрпақтың білімді болуы ғана емес, ұлт пен мемлекет болашағын айқындайтын үштұғырлы тіл саясаты шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс. Иә, бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады. Бүгінгі таңда оқушыларға компьютермен, интернетпен, интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Көптеген мұғалім осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ өтіп, оның игілігін көріп үлгерді. Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы  мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды. Компьютермен бала жазады,оқиды,түрлі тестер орындайды. Бұл ретте, білім беру жүйесінде орын алып жатқан жаңалықтардың, тың технологиялардың үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруға септігін тигізіп отырғандығын айтып өткен жөн. Жаңа мүмкіндіктердің игілігін балалардың білімін ұштап, олардың мәдениетті, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болып қалыптасуына жұмылдыруға талпыну қажет. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да қиналмасы хақ. Жеті жұрттың тілін біліп, мемлекеттің мүддесін, ұлтымыздың тілегін әлемге биік мінберден асқақтата айтып тұратын күнге жетуіміз керек. «Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет етейік. Сөзімді қорытындылай келе, жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, сондай ақ өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылығын арттыру арқылы Отанға деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізуге аянбайық дегім келеді. Ортақ істе аянып қалмайық, құрметті әріптестер! Назар бөліп тыңдағандарыңызға, үлкен алғыс білдіремін!  



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Адам баласы үшін баға жетпес басты құндылық, Жаратушыдан берілген нығметтің бірі – тіл. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Сол сияқты тілінің байлығы, көркемдігі – әрбір ел мен ұлттың, ұлыстың мақтанышы. Ал осынау асыл ұғымның «өнер алды қызыл тіл» деп тіл құдіретін түсініп, құрметтеген қазақ халқы үшін тіптен орны айрықша. Тоқсан ауыз сөзді тобықтай етіп айта білген ұлы бабаларымыз «Тіл – ұлттың жаны» деп тегін айтпағаны анық. Сөзсіз, ұлттың болашағы – оның ана тілінде. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп, дамиды десек, әр ұлттың тілі – оның бакыты мен тірегі екені өз өзінен ақ белгілі болмақ. Бұл турасында, құрметті әріптестер, осы өздеріңіз секілді ағарту, ұстаздық ісіне ізін қалдырған Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», – деген еді. Иә, туған елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген мақтаныш сезімі болуы тиіс.

Автор
Дата добавления 12.06.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров323
Номер материала 304705
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх