Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ш. Мұртаза "Ай мен Айша" шығармасы бойынша көрініс

Ш. Мұртаза "Ай мен Айша" шығармасы бойынша көрініс



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Жолашар



-Сен қайдан келдің?-дегенде бір данышпан:

-Мен балалықтың елінен келдім,-деген екен.

Ересектерде сол «балалық елінен келмеген ешкім жоқ.анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды.

Мен де солардың бірімін.

Анамның аты-Айша еді.

Парижде болдым-Париж түсіме кірмеді.

Мысырда болдым-Мысыр түсіме кірмеді.

Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста,Чикагода,нью-Иоркте болдым-олар түсіме кірмеді.

Түсімде ылғи балалық шақты көремін.

Түсіме ылғи айша кіреді.

Түсіме ылғи туған жерім,ауылым кіреді.

Сол соғыс уақытындағы айшадай аналарымды,балалығымды жаздым.

Ш.Мұртаза

















Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы бойынша

1-көрініс



Сахна.Пойыздың даусы естіледі.Диктор 1941 жылдың жазынан бастап,дүние астан-кестен болғандай,адамдар Батысқа ағылып жатыр.Олар әскерлер еді.Батыстан Шығысқа қарай да жүйткіген пойыздар көп.Олар...(мәлімет оқылады).Пойыз Боранды бекетіне тоқтайды.

Пойыздан бірнеше кісі түсті.

Ауыл адамдары:

-Кімдер?Кімдер екен?

-Немістер емес пе?

-Немісі несі?Соғыс бізге де жетіп қалды ма?

Дауыс:-Ауылдастар,ауылдастар!Барлығың тез арада мектепке жиналыңыздар!2

(бәрі мектепке жиналады)

Төрдегі ұзын үстелде ауданнан келген қайыс пальтолы уәкіл,колхоз бастық,сельсовет,бір орыс отырды.

Уәкіл:Жолдас колхозшылар!Бүгін ауылдарыңызға 20 үй немісті көшіріп келдік.

Ауыл адамы Сапарбай:-Немісі несі?

Әліқұл қарт:-Неміспен соғысып жатқан жоқпыз ба?

Уәкіл:Шуламаңдар!Жолдас колхозшылар! Бұлар басқа немістер.Жо-Жоқ,фашистер емес.Өзіміздің Волга бойынан көшкендер.

Қарт:-Немене,Еділді шапты ма?

Әліқұл қарт:-Онда фәшістер Қазақстанға жетіп қалғаны ма?

(Сұрақтарды шулап қоюлары керек.)

Уәкіл: Жоқ! Фашистар Волга бойына жете алмайды,жетпей желкесі қиылады.

Ауыл адамы:-Онда Еділдегі немістерді неге жер аударады?

Уәкіл: -Жолдас колхозшылар!Сендер не деп кеттіңдер,басылыңдар! Неге шүбә келтіріп отырсыңдар.Сөз көшіп келген неміс ағайынның атынан Отто Бауэрге беріледі.

Қайрақбай шал қасындағы біреуге:

-Отта,бауыр,дей ме? (сыбырлайды)

Жанындағы кісі:-Тиыш,үндеме.

Отта Бауэр орысша сөйлейді,отырғандар дым түсінбейді.(Оттаның орысша сөзі керек)

Уәкіл:Отта Бауэр жолдас айтады:осындай қиын шақта орталарыңыздан орын беріп,немістерді қабыл алғандарыңызға рахмет айтады.Немістер іскер,жұмыс десе,жұлқынып тұрған халық дейді.Колхозға көп көмегі болады,қандай жұмыс болса да қашпайды. Дейді.

(Отта енгезердей үлкен кісі екен,қазақшаны түсінбесе де,күлімсіреп қояды.)

Отта:-Арбайт,арбайт.Работа.Работа.

Жиналыс біткен соң,кімнің үйіне қайсысы баратындығы оқылды.

Жуанқұл бастық:-Бердімбетова Айшаға-Вольф Анна,екі қызы бар-Эмма,Эльза.

Үйдің ішкі көрінісі.Қоржын үйдің бір басында өздері,келесі басында шөп,тезек,жалғыз сиыр,бір-екі ешкі.Неміс әйелі Анна сарғыш қолаң шашты,ажарлы,қасындағы өзіне тартқан,қол-аяғы балғадай қыз Эмма,оның қолында түйіншек,сосын көтергені өте шінжәу,ілмиіп қана қалған,шалажансар қызы Эльза ыңырсиды.

Қолында қара ала орамалға буған түйіншегі бар.

Дастархан жайып,тамақ береді.

Айша:-Бір бөлмеде бірге тұрам десең,міне,ана бөлменің бір қуысын жөндеп алам десең,өзің білесің.

(Сөйлеп жатып,ыммен түсіндіреді)

Анна:-Гут.Гут.(Анна бөлмені тез тазалап,тап-тұянақтай етеді).

Барысхан: -Менің бірінші үйренген сөзім «гут».

Анна:-Біздердің тәп-тәуір дәулетіміз:сиырларымыз,шошқаларымыз,үйрек-қаз,тауықтарымыз бар еді.Бәрі қалған бір түннің ішінде әскер келіп апай-топай пойызға ,қызыл вагонға салды.

Анна:-Бұль ауылдың зираты қайда?

-Айша:-Зираты несі?

Анна (бетін басып)-Эльза...

Арада көп уақыт өтті.Немістер күн жылығасын жертөле жасап, қазақтардың қоржын тамдарынан бөлек шықты.

Көп жыл өткеннен кейін,ауылда «неміс көше» пайда болыпты.































2-көрініс



Пойыз даусы естіледі.Дала.Жайылып жүрген қойлар.

Шолақ Сияқұл:-Осы пойыз болмаса,мен мен елге жете алмас едім.(Күлімсіреп,сақал-мұртын сипап)

Барсхан:-Соғыс сонда сонша алыста ма?

Сияқұл:-О-о,жердің түбі.Мысалы,мен Лейлінградтың түбінен қайттым.Лейлінградтан осы біздің Буранды-Бурныйға дейін тура бір ай жүрдік қой.

Барсхан:-Онда әлі соғыс болып жатыр ма?

С:-Қайда?

Б:-Ленинградта.

С:-Лейлінградтан пәшістерді қудық қой тырқыратып.Сол қуып бара жатқанда Волху(Волхов дегені) деген жерде маған снаряд тиді ғой.

( Сияқұл сол қолымен оң қолының орнын сипалады.Қол орнына гимнастерканың қуыс жеңін уыстады).

С: -Оң қолым сонда қалды.

Б:-Снаряд деген қандай болады?

С:-Снаряд! Не десем екен? Кәдімгі келісап бар ма? Дәл соның басындай.

Б:-Апыр-ай тағы да болса,талқандап кетпеген екен.

С:-Әуелі құдай,сосын аруақ сақтады ғой.Снаряд тиердің алдында окопта жатып түс көрдім.Түсімде бір ақ шолақ қасқыр арс етіп шапшып,оң қолымды жұлқылап жатқанда,әкем келіп қорқауды таяқпен ұрып мені ажыратып алды.Содан окопта сыз өтсе де қатты ұйықтап қалған екенмін,шошып ояндым.Әлгі түсімді түсіне алмай мең-зең мең-зең болып біраз отырып,Сол-сол екен: «Атака!» -деген айқай шықты.Атып-атып тұрдық.Окоптан шыға салып, «уралап» ұшып барамыз.Адам айтып болмас аласапыран.Жан-жағымда солдаттар мұрттай ұшып қалып жатыр.Бұрылып қарауға да мұрша жоқ. «Е,Алла! «Иә,Аруақ!» деп салып келе жатқанда,көзімнің оты жарқ ете қалғанын білемін.Ары қарай түк те есімде жоқ.Сөйтсем госпитальдан бір-ақ шығыппын.

(Саяқұл қап-қара сақал мұртын сипап қойды)

С:Әні,інішек,менің бүйтіп жәрбиіп сенің қасында отырғаным:әуелі Құдай,одан кейін аруақтың арқасы.

(Барсханның шашып жалғыз қолымен ұйпалақтайды)

Б:-Егер снаряд кеудеңізге тисе,қандай жағдай болар еді,а?!

С:-Жаңа өзің сұрағандай,әлгі снаряд сол кеудеме таман тисе,талқандап-ақ кетер еді ғой.Жоқ,содан бұрын марқұм әкем аян берді:оң қол кетті,жан қалды.

Б:-Сияқұл көке,саған көмекші сахманшы қылғаны қандай жақсы болды.Тасбет бригадір мені қой қоздар кезде сақманшы боласың деп мектептен сұрап алған.

С:-Апаң жібере салды ма?

Б:-Айша маған сенен басқа бала құрып қалды ма деп арқаланып келе жатты да,Шолақ Мияқұл сені ренжітпес,(қайын інісінің атын атамай,бұрмалап сені Сияқұл демей,Мияқұл деді)Шолақ Мияқұл сені ренжітпес.Қойдың сүтін берер,қойдың сүтін ішіп,ішегің ағарар,-деді.

(Екеуі католекке сүт құйып,пісіреді,кезек-кезек ішеді).

С:-Соғыстан оң қолдың орнына осы католекті байлап қайттым.

Б:-Аға,сізге орден бермеді-ау?

(Абайсызда қойылған сұраққа Сияқұлдың көзі жасаурап,Қаратауға қарап,үндемей қалады).

С:-Інішек,соғыста байтал түгіл,бас қайғы.Орденге ұсынған көрінеді.Кәмәндір айтқан:Сен геройсың деп.Бірақ мен соның соңына түспеппін,тегі.

Б:-Сұрау салсақ қайтеді? Ұсынса,сізге орден жазылған да шығар.Адасып қалған шығар.Ондайлар аз ба?

(Шолақ Саяқұл лезде күлкісін тия,Барсханның бетіне үңіле қарайды).

С:-Әй,осы сен бірдеңе білесің-ей!Оқуың қалай өзі?Хат жаза аласың ба?

Б:-Е,хат жаза алмай не бопты.Биыл бесін бітірейін деп қалдым ғо.

С:-Е,бәсе,Мұртаза көкем молда кісі еді ғой.Әсіресе,Әмірқұл ағамыз,ой,қысқа оқығанда,

шірк-і-н ,майын тамызушы еді-ау.Сен соларға тартқансың ғой.Ай,айтпақшы,хат жазсақ қайтеді.

Б:-Қайда?

С:-Өкіметке.

Б:-Сталиннің өзіне ме?

С:-Стәлін жолдастың қолы тие бермес.Осы орденнің бастығы Кәлінін деуші еді ғой.Соған.Қалай?Жаза аласың ба?

Б:-Жаза аламын.Тек сіз айтып отырыңыз.

С:-Онда жарайды. Болса болар,болмаса біздің неміз кетіпті.А? Жазып көрейік.

Үйдің бөлмесі.Дөңгелек үстел.Шыны сауытта көк сия.Ручканың перосы «86».Қастарында белі бүкшиген Өскенбай,толықтау Сәмбет,тізесінің қақпағын оқ тескен оң аяғы бүгілмейтін Жорабек келді.

С:-Жаз.Аса қадірлі,алтыннан ардақты,күмістен салмақты Кәлінін жолдас!

Б:-Ол кісі қазақша түсіне ме?(күдіктене сұрайды).

С:-О,ол кісілер барлық тілді біледі ғой,әйтпесе патша бола ма?!Мен майданнан қайтқан солдатпын.Аты-жөнім:Асанов Сияқұл.Дәкументте солай.Бірақ қазір мені ауылдағылар»Шолақ Сияқұл» дейді.Неге дейсіз ғой?Неге десеңіз ,мен 1941 жылы армияға алынып,майданға аттандым.Тілерсектен қан кешіп жүріп соғыстым.Айтпақшы,сіздің атыңыздағы қала түбінде,демек,Кәлінін қаласының түбінде айқасқа түстім.Санын дәлелдеп айта алмаймын,талай пәшісті жер жаатандырып,жаһаннамға аттандырдым.Содан Ләйлінград түбінде,Волху майданында қатты шайқас болып,сол жерде оңбай жараландым.Оң қолымды снәрәт жұлып кетті.Сөйтіп автомат ататын,грәнәт лақтыратын қолдан айырылып,шүкімәйт болып қалдым.

(Осы жерге келгенде,қаламұшы жазбай қалады).

С:-Не болды? Жазбай қалды ма?

Б:-Шүкімәйт деген не?

(Сияқұл көзі жасаурап,жалғыз қолымен қап-қара шоқша сақалып саумалап,күледі).

С:-Өй,мен сені білгіш пе десем... шүкімәйтті білмейсің бе? Қасқырдың асығы ғой.

Б:-Иә,біз қойдың,ешкінің асығымен,кейде сиырдың топайымен ойнаймыз ғой.Қасқырдың асығын көрген емеспін.

С:-Көрмесең,қасқырдың асығы жартыкеш болады,алшы жағы бар,бір қолым жоқ.Содан мен де жартыкеш болып көрінемін.Байқамайсың ба?

Б:-Бос жеңізді жан қалтаңызға тығып жүрмесеңіз,байқалмайды.

С:-Жеңі құрғыр желбірей берген соң тығамын дағы,Әйтпесе сән үшін дейсің бе.Кәне,ары қарай тарт.Қай жерге тоқтап едік?

Б:-«Шүкімәйт болып қалдым».

С:-Иә,содан мені соғысқа жарамайсың деп еліме қайтарды.Елім-Қазақстан.,бұрынғы Әулиеата,қазіргі Жамбыл облысы,бұрынғы Түлкібас,қазіргі Жуалы ауданы,бұрынғы Мыңбұлақ,қазіргі Талапты колхозы.Мен кетерде үлкен кәмәндір айтқан: сен,Асанов,ерлік көрсеттің,батыр екенсің,орденге ұсынамын деп.

Аса құрметті,қадірменді ақсақалымыз Кәлінін жолдас!Менің сол орденім қайда екен?Ауылдағы балалар менің орденім бар десем сенбейді.Көзіме айтпаса да,сыртымнан:Асанов Саяқұл бір қолын берсе де,бір орден ала алмапты ғой деп күледі.Сондықтан егер мүмкін болса,менің орденімді Жуалы военкоматына жіберсеңіз екен. Шынында да,менің бір қолым бір орденге татымағаны ма?Осы намыс өлтіріп барады.Мен түсімде екі қолым бүтін,ұдайы соғыста жүремін. Ал оянып кетсем-оң қолым жоқ!Сипалаймын-жоқ.

Қазір елге келген соң да қарап жатқан жоқпын.Колхоздың қойын бағамын.Жалғыз қолмен қой баққан қиын,әрине.Осы өткен қыста қасқыр шапты.Жалғыз қолмен жуан таяқпен бастан ұрып әлгі қасқырды соғып алдым.Соны көріп ауылдағылар: «Сен шынымен батыр екенсің,пәшістерді қырғаның,орден алғаның рас екен»,-деді.Рас,дейін десем,омырауымда орден жоқ.

Аса құрметті Кәлінін жолдас!Менің осы өтінішімді аяқсыз қалдырмасаңыз екен.Деніңіз сау болып,Стәлін жолдастың басшылығымен жүз жасауыңызға тілектес-майдангер Асанов Сияқұл.4 апрель,1944 жыл.





















3-көрініс. Автор. Сол жылы күзде Барсхан оқуға кетті. Арада көп уақыт өтті.Студент болып жүргенде ауылға келді.Шолақ Сияқұлдың қап-қара сақалына бурыл түсіпті.Өзі пенсияға шығыпты.Барсханның ауылға келгенін естіп ,іздеп келді.(Жалғыз қолымен Барсханды қапсыра құшақтап,ұзақ тұрды,сол жақ қалтасынан кіршеңдеу орамалын алып,жасаураған көзін сүртті).

С.-Айналайын ,інішек!Айналайын,інішек,баяғы екеуміз Кәлінінге жазған хат есіңде ме?

Б.-Иә,есімде.

С.-Есіңде болса,сол хатқа жауап болмады.Борандыдағы почтаға өз қолыммен зәкәзной қылып-ақ салып едім,жауап болмады.Көп ұзамай Кәлінін өліп қалды деп естідім.Сірә,сонда сенің айтқаның рас болды-ау деймін:қазақша хатты түсінбеген шығар.Қош.Мейлі,өтті-кетті.Енді жағдай мынандай болып тұр,інішек.Пенсияға шықтым ғой.О басында бірінгі группа деп берген.Енді осы біраз күн бұрын қайтадан кәмесия қарап екінші группаға түсіріп тастады.Осы жайды айтып,қазіргі бастық Вәрәшіловке арыз айтсам ба деп едім.Сенің оқуың жүйрік қой,өзің Мәскеуде оқисың.Бұл жолы қазақша емес,орысша жазсаң,құдай бұйыртса,бірдеңе шығады-ау деймін.Енді орысшаға әбден жетік болдың ғой.Хат жазып бер.

Б.-Жарайды. Ал айта беріңіз.

С.-Оу,інішек,мен орысша айта алмаймын ғой.

Б.-Қазақша айта беріңіз,мен орысшаға өзім аударам.

С.-Онда «бісміллә» деп баста. «Аса құрметті,алтыннан ардақты,күмістен салмақты Вәрәшілов жолдас!Жаздың ба?» мен Асанов Сияқұл,Волху майданында ерлік көрсетіп,соғысып жүріп оң қолымнан айырылдым. Оң қолымның топшысынан тұқылы ғана қалған.Кәмәсия бірінші группа берген.Енді жақында ғана кәмәсия шығып,қолымды қайта қарап,сәнтемірлеп өлшеп,екінші группаға түсіріп тастады.Сонда қалай?Менің снәрәд жұлған қолым енді мен қартайғанда қайтадан өсіп жатыр дей ме екен,а?!Солай,Вәрәшілов жолдас.Топшысына таяп жұлынған қолымның тұқылы әсіресе күн бұлттанса,әлі күнге дейін сырқырап,қақсап ауырады.Ал біздің Жуалының ауа райын өзіңіз білесіз ғой,жиі-жиі қабағы қарс жабылып қалады...

Б: -Оу,Сәке,Ворошилов жолдас Жуалының ауа райын қайдан біледі?»Білесіз ғой» дейсіз. Қайдан біледі.

С: А-а,солай ма? Патша болғаннан кейін бәрін көріп-біліп отырған шығар дегенім ғой.Онда ол жерін жазбай-ақ қой.Жаз әрі қарай «Аса құрметті Ворошилов жолдас!Біздің военкоматты Мәскеуге шақырып алып ұрсыңыз.Батыр майдангер Асанов Сияқұлды неге ренжітесің деп мәшкесін беріңіз.Миың бар ма өзіңнің деңіз,Волху майданында қалған,алдақашан шіріп кеткен қол Асанов Сияқұлға тіріліп келіп қайта біткен жоқ қой деңіз.Тіпті анау Шанышқылы Әзімханның қолы сияқты шынтағынан қырқылса,,протез салып алар еді.Ал Асанов Сияқұлдың қолы протез жалғауға келмейді ғой деңіз.Ай ,бір ұялсын,,,

Б:-Оу,Сәке,тағы...

С.-А-а... «Сонымен,менің арыз жазып айтарым: маған бірінші группамды қайтарып берсін.Айтпақшы,баяғыда,сол Волху майданында кәмәндір маған орден беріледі деген.Сол орденненәлі хабар жоқ.Осы арызымыз Кәлінінге жазған бұрынғы хатымдай жауапсыз қалмасын.Жауап бермеп еді,Кәлінін өлді де қалды.Сіз де..

Б.-Оу,Сәке,өйтіп айтуға болмайды.

С.-А-а...солай ма.Қайдан білейін,а-а...Қойдым,қойдым.

Автор.-Ақыры,сол орденді де ала алмай, «бірінші группасын да» ала алмай,нағыз жауынгер,майдангер Асанов Сияқұл дүниеден өтті.Анда-санда Мыңбұлаққа барғанда,көңілім Шолақ Сияқұлды іздейді.Енді ешкім маған хат та жаздырмайды.Бәрі сауатты.Әңгімелесіп,сыр айтатын да адам сиреді.

4-көрініс.

Тасбет ісі.

А.-Ақыры мылтық атқыш мерген екенсің, осы өкімет сені әскерге неге алмайды? Жауды жайратып салар едің.

Тасбет:-Халық жауының қатыны.(қамшы сілтейді)Ауыл шалдары:-Қойсаңшы-ей, бар болғыр.(құмырадай басы иығына сол иығына жабысқандықтан, ол соғысқа алынбай қалды.)

А.-Тасбе-е-е-ет!Көріңде өкір,Тасбе-е-ет!Көріңде өкір!Аш ішегің аяғыңа оралсын,кәпір,тоқ ішегің тобығыңа оралсын,кәпір!Сендей имансыз кәпірдіқара жер қалай көтереді?Қақ айырылып астына неге тартып кетпейді сендей қара қабанды?А! Бесіктен әлі белі шықпаған жас балаларымның жанына жара салдың.Сенің де балаларың осылардай шулап қалсын!Атаңа лағнет!Тасбе-е-ет!Әруақ,құдай бар болса,осы көрсеткен қорлығың алдыңнан шықсын.Бұл сасық дүниеде болмаса,о дүниеде!

(Айша аспанға қарап қолын созып,алақандарын жайды.Айдың көлеңкесін алақанына түсіру арқылы байланыстыру.)

А.-Уа,Көк тәңір!Жастайымнан жесір қалып,біреудің ала жібін аттамаған ,ешкімге қиянатым жоқ,бейнеттен басқа рахатым жоқ мына менің жазығым не?Не жаздым?Не жазып едім,саған Құдай? Мені жазғырсаң жазғыр,мына үш жетімнің не жазығы бар еді?

-Барсхан,Батырхан,Құрманкүл!Тұр,түрегел!Қолдарыңды жайыңдар!

(үш баласы қолдарын жаяды.)

А.-Уа,Көк Тәңірі!Ая біздей бейбақтарды!Қайталап айтыңдар)

Үшеуі:-Уа,Көк Тәңірі!Ая біздей бейбақтарды!

А:-Ал,бүйтіп далада қалған жарамас.Барсхан,сен түс!Мына мойынтұрықтың бір жағына мен,бір жағына сен жегілесің.Батырхан,Құрмаш!Сендер арбаны арттарынан итеріңдер!

(Анасы екеуі өгіздің орнына өгіз болып,мойынтұрыққа бастарын сұғады.Батырхан мен Құрмаш арбадан түсті.)

А.-Түстіңдер ме,ей?

Қ,Б.-Иә,иә!

А:-Ал,итеріңдер!

(Анасы екеуі алға тартады,екі бала арттан итереді.Алдары өр.Үстіндегі жүгі жеңіл болғанмен,арбаның сүйегі ауыр.Мойынтұрғының өзі мойындарын үзіп жіберердей қиып барады.

А.-Таста!

(Мойынтұрықтан бастарын шығарып, ауыр ағашты жерге тастай салады.Оқтығымен қоса сақыр-сұқыр құлайды.)

А.-Ал,жатыңдар!

(Сол түні далаға қонады.Ай көрінісі.)

Барсханның монологі:-Иә,біз сол күні ,қыркүйектің сап-салқын түнінде далада қонып қалдық.Көпке дейін ұйқы қашты.Арбаның үстінде аспанға қарап жатып не көресің.Айды көресің,баданадай-баданадай жұлдызды көресің.Бектөбедегі Қалатай апамның қуырған жүгерісіндей шашылып жатқан жұлдыздарды санамақ болып,бақырайып жатырмын.Бірінен соң бірі екі жұлдыз аспанды отпен сызып ағып түсті. «Мұртаза мен Әміреқұл,-дедім мен ішімнен.-Біздің мына түрімізді көріп,шыдамастан жандары шырқырап жерге құлады.Бізге көмектеседі.»Бірақ көмекке ешкім келген жоқ.Күдер үзіп көзім ілінен бергенде,Айша:

-А,Барсхан.

Б.-Не?

А.-Бұл елден кетпесек болмайды екен.

(Ұйқым шайдай ашылды.)

А.-Бұл елден кетпесек болмайды екен.

Б.-Кетпей-ақ қойсақ қайтеді,заман түзелер.

А.-Сорақы заман түзелмейді.Алдағы қыстан аман қалмаймыз.Не отын жоқ,не шөп жоқ,не азық жоқ.Жуанқұл мен Тасбеттен болса да қайыр жоқ.Олар бізге өлім тілеген құзғын қарғалар.

Б.-Мен өсіп қалдым ғой,енді бой бермеспіз.

А.-Бұларды біз жеңе алмаймыз.Қыстың күні жаман ашығамыз.Амал жоқ,ұрлық істейсің.Сені ұры қылып өсіргенімше,өлгенім жақсы.Соттатып жібереді.Бұл жерде жартымды оқу да жоқ.Көшеміз!

Тасбет:-Шешең қайда? Қызылшаға неге бармайды?

Б.-Шешем сенің қорлығыңнан ауырып,емделуге кетті.

Т.-Қайда?

Б.-Әулиеатаға.Саид-Ақбар қожаға.

(Саид-Ақбар қожадан қорқып қалған Тасбет атын бұрып кетіп қалды.)

Автор.Ауылдан уәкіл келіп,балаларды қызылшадан босатыңдар,сабақ уақытында басталмасын,мектеп жабылып қалсын деген заң жоқ.Заңды қолдан жасап,қалталарыңнан суырып алып жүрген колхоз бастықтары.Бұл үшін олар заң алдында жауап береді.Бірақ олар бар кінәні соғысқа аудара салады. «Бәрі майдан үшін!» деген ұран бар.Ол ұран тұрғанда,басқа заңдар қысқартылсын. Мектеке «шақырып жатыр» деген шақырту алып, 5-сыныпқа келіп,соңғы партаға жайғастым.

Мектеп.Сабақтан көрініс.Үзіліс кезі.

Тәмпіш қыз.-Қайда жүрсің,көрінбейсің ғой.

Б.-Енді мүлдем көрінбейтін шығармын.

Т.қ.-Неге?

Б.-Әулиеатаға көшетін сияқтымыз.Бірақ ешкімге айтып қойма.

Т.қ.-Папам әскерден келсе,Әулиеатаға біз де көшер едік.(мұңаяды).Хат жазып тұрсаң жақсы болар еді.(үні жуасып.)

Б.-Жазамын ғой.Тезірек көшсеңдерші.

Т.қ.-Папам келмей,көше алмаймыз ғой.(сыбырлап сөйлейді.)

Б.-Папаң келсе,арттарыңнан іздеп барады ғой.

Т.қ.-А-а-а.

Қоңырау соғылды.

Мұғалім:-Ал,балалар,іштеріңде Махамбет ақынды білетіндерің бар ма?

Жолдасбек:-Ол қай ақын тағы да?

Б.-Махамбет ақынды білмеген-мақау.

(Алдыңғы партада отырған Жолдасбектің желкесінен түртіп)

Ж.-Ал,білгіш болсаң, айта қойшы.

Ғ.-Иә,Барсхан,айта қойшы.

Б.-Айша «Октябрь балалары» деген газет алдырып,маған ылғи оқытатын.Кейін сол газет келмей кетті.Сонда «Исатай-Махамбет» деген ұзақ өлең басылған.Әрі десе Машаның кітабынан Махамбеттің өлеңдерін жаттап алғаным бар.

Ғалия апай.-Онда бір өлеңін жатқа айта қойшы.

Б.-Ау,қызғыш құс,қызғыш құс,

Көл қорыған сен едің.

Сен де айырылдың көліңнен,

Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен

Сені көлден айырған

Лашын құстың тепкіні,

Мені елден айырған...

Ғалия апай.-Ал,ал.Біліп тұрсың ғой,неге айтпайсың?

Автор.- «Тасбет иттің екпіні»деуге қалып барып,жалғастырдым.

Б.-.Хан Жәңгірдің екпіні.

Балалар.-Тағы айтшы.

Б.-Хан емессі қасқырсың,

Қара албасты басқұрсың...

Ж.-Мынау бір пәле шығар.Мұның бәрін саған айтып беретін жының бар ма?

Ғалия апай:-Міне,бұл әдебиетке деген махаббат.

Ж.-Махаббат деген немене, апай?

Ғалия апай:-Махаббат деген-құлай сүю.-Махаббат-Отанды сүю,ата-ананы сүю,туысқанды сүю,жақсы көрген адамды сүю.

Ж.-Қыз Жібек пен Төлеген десеңізші.

Ғалия апай.-Жә,жарайды, сабақты жалғастырамыз.









5-көрініс.

Автор:- Барсхан үйіне келіп,анасына жүкті жинасады.Ағаш үйдің ортасындағы тіреу ағашты құшақтап жылайды.

А.-Қайран да менің Отаным,

Қайтып келер күн бар ма?

Көршісі Баян.-Қой ,өйтіп жылама.Құдай қайта қауышуға,қуанышқа жазсын.

Айша.-Мына иесіз қалып бара жатқан үйге бас-көз болып,жүрерсің.-Біздер жоқта аруақтар келсе,адасып қалып,күйзелетін болды-ау.Рәсім жасап,бір боз қасқа сойып,ел-жұрттың батасын алып,көшсе болар еді,оған шама жоқ.Ұрлық қылған адамдай жасырынып барамыз.Иә,ата-бабаларымыздың аруағы,Мұртазаның аруағы,назалана көрме,Кешіре көр!(жалбарынады).

Автор.Сол 1944 жылдың тары піскен қыркүйегінде ер-азамат зорға шыдайтыназапты жолда қос доңғалақты арбаны есекпен бірге сүйретіп кете бардық.Біздің өмір осындай бір беймәлімдеу арнаға түсті де,бөтен ел,көрмеген жерге кете бардық.

Біздің алдымызда,өткен жылдың қыстың ішінде бұл жаққа қарашай,малқар,шешен,ұңғыш дейтін халықтарды зорлап әкелген екен.Тоқтаған сайымыз-Молотов колхозы.

Сөйтіп,мен Молотов деген колхоздағы Мырзагелді жездемнің арқасында он жылдық мектепке 7-сыныпқа келдім.

Мектеп директорының кабинеті.

Мырзакелді жезде.-Алғыр болғанда түрі жаман.Оныншы класқа қазір көшірсең де үлгереді.

(Директор егде тартқан,бармақ мұртты кісі)

Досмырза директор.-Апыр-ай-ә.(Барсханға қарайды.Ол ыңғайсызданып)

Б.-И-ә-ә

Досмырза директор.-Абылайды білесің бе?

Мырзагелді жезде:-Оу,Досеке,программада қазақ тарихы жоқ қой.Абылайды оқытпаса,қайдан білсін?!(жездем шар-шар етеді.)

Б.-Білемін.

(Директор мырс етті. Жездемнің көзі шарасынан шығып кете жаздады.)

Досмырза директор.-Білсең-айта ғойшы.

Б.-Абылай-Бөгембай батырдың жолдасы.

(Директор мен жездем бір-біріне қарап мелшиді де қалды.)

Досмырза директор.-Оны қайдан білесің,шырағым?Мектепте оқытқан жоқ қой.

Б.-Менің әкем Мұртаза бар кезде қысқы кеште біздің үйге кісілер жиналатын.Жұмабай дейтін мұғалімБөгембай батыр туралы жыр оқитын.Дап-дардай үлкен кісілер сонда сақалдарына көз жастары тамшылар отыратын.Неге жылайтынын қайдан білейін.Ол кезде мен бес жасар баламын.Мектепке бармаймын.Кейін Жұмабай мұғалім әскерге кетті.Ешкім қисса оқымайтын болды.Абылайдың хан екенін білмеймін.Бөгембай,Бөгембай дегенде ара-арасында Абылай естіліп қалады.Содан Бөгембайдың жақыны екен деп жүрмін ғой.

Досмырза директор.-Тағы не білесің,а?

Б.-Ағай,Көшім ханды білесіз ғой?

Досмырза директор.-Иә,Көшім хан.Сібірдің ханы.Ермакпен соғысқан.Тоқта.15 жоқ,

16 ғасырда.Иә,оны неге айттың?

Б.-Ағай сол Көшім ханның әкесінің аты Мұртаза ғой.

Досмырза директор-Әкеңмен аттас па?Тағы не білесің?

Б.-Махамбетті білемін.

Досмырза директор.-Айтшы ,кәне

Б.- Ау,қызғыш құс,қызғыш құс,

Көл қорыған сен едің.

Ел қорыған мен едім,

Сен де айырылдың көліңнен,

Мен де айырылдым елімнен

Сені көлден айырған

Лашын құстың тепкіні,

Мені елден айырған

Тасбет иттің ...,е-е,жо-жоқ,

Хан Жәңгірдің екпіні.

Автор.-Бүлдіріп алдым.Атаңа нәлет.Тасбетқайдан киліге кетті?!Бұған директор таң қалғандай аңтарылып қалды.Бірақ жездем Махамбетті біле бермейтін болуы керек,менің «бүлдіріп» алғанымды сезген жоқ-ау деймін.Әйтеуір сампылдап:

-Әне,Досеке,ағып тұр ғой,ағып тұр.

(Жездесі аппақ тістері ақсия күледі.Директор ойланып қалады.)

Досмырза директор.-Бәрі дұрыс.

Мырзагелді жезде:-Е,бәсе.

Досмырза директор.-Бірақ,Тасбетің кім?

(Барсхан бәтеңкесінің ұшымен жер сызғылап,мұрынын бір тартып қойып,тұқшиып төмен қарап,сыбырлай сөйлейді.)

Б.-Бригадыр.

Досмырза директор.-А-а.(баланың басынан сипайды.)Қорлығы өткен екен ғой.

Автор.Осы мектепте оқып жүргенде қатты ауырып,оқуым үзіліп қалды. Мен сауығып келгенде,Молотов мекткбіне жаңа директор келіпті.

(Директордың үстінде гимнастерка.Жасы отыздарда.)

Директор.-Ал,бала ,шаруаңды айт.Оқиын деп келдің бе?

Б.-Жоқ,куәлік алайын деп келдім.

Д.-Қандай куәлік?

Б.-Жетінші класс бітіргенім туралы.

Д.-Қайда барып оқымақшысың?

Б.-Қалаға.Интернет деген бар.

Д.-Е,интернат деген бізде де бар ғой.

Б.-Қаладағы киім-кешек береді екен.

Д.-Е-е,пансионат қой.

Б.-Иә,ағай.

Д.-Фамилияң кім?

Б.-Мұртаза

Д.-Неге Мұртаза?

Б.-Әкемнің аты солай

Д.-Жоқ,балақай,Мұртаза емес,Нұртаза болуы керек.Түзетіп жазайық.

Б.-Жоқ,ағай,түзетпеңіз.

Д.-неге? Мынау қате ғой.Нұр-нұр.Түсінесің бе?Күннің нұры.Нұрдай таза. Түсіндің бе? Ал,Мұртаза деген түсініксіз.Искаженное имя,білдің бе? Сельсовет қате жазып жіберген ғой о басында.

(Сарғайған күрек түстерін көрсетіп,көзілдірігін түзеп,маған күлімсірей қарады.)

Б.-Болмайды,ағай.

Д.-Неге болмайды,балақай.Сен өзің,байқаймын,қиқарсың ғой деймін.

Б.-Обал ғой,ағай.

Д.-Қалайша.

Б.-Бүкіл ел мені Мұртазаның баласы дейді.Енді келіп «Нұртазаев» болып шыға келсем күлмей ме?Әкесінің азан шақырып қойған атын өзгертіп жібергенің неғылғаның демей ме? Жоқ,болмайды,ағай.

Д.-Бүйтіп ерегісе берсең,интернатқа қабылданбайсың,балақай.

Б.-Ерегіспеймін ғой,ағай.Бірақ...

Д.-Не бірақ? (Директордың даусы қатты шығып кетті.)

Автор.-Қабылдамайды екен деп қорқа бастадым.Дауысын бұдан да қаттырақ шығарып,қаһарланса,көне салуым да мүмкін бе еді,кім біледі.Бірақ әлде бір күш мені тірестіре түсті.Мүмкін,әкемнің аруағы шығар. «Балам,зарығып көрген шырағым менің,жала-дан,зорлықтан өлген мені қорлама»деп сыбырлаған шығар. «Менің атымды Бердімбет бабаң дамолланың өзін Түркібастан шақыртып,кітапқа қаратып,Мұртаза деп қойдырған.Көнбе,Барсхан.»

Әрине,маған мұны ешкім сыбырлаған жоқ.Әсте көкірегі құрығыр солай деп күмбірлейді-ау деймін.Ал,көнбедім,тірестім,егестім.Сонда не табамын?Интернатқа қабылдамай қойса,қайда барамын.Қаңғырып қаламын ғой. «Неғылар дейсің,мейлі дей салайын,әйтеуір оқу бітірсем болды емс пе.Дүниеде аты-жөні өзгріп кеткендер аз емес қой.Ульянов-Ленин,Джугашвили-Сталин.Мен де...Нұртазаев,Нұртазин.Әдемі сияқты.Сүйкімді естіледі.Бірақ-Мұртаза.Ол неден сорлы.А-а-а ...»



Б.-Ағай,Көшім ханның әкесінің аты да Мұртаза ғой.

Д .-Оны қайдан білесің? Программада жоқ қой.По крайней мере, жетінші класта.

Б.-Жоқ,ағай,бір жерден оқығаным бар.

(Директор сыздана бастады.)

Д.-Онда сен көп білетін болдың ғой.Сен интернатқа алынбайсыңМектепке алынасың,пожалыста.Бірақ үйден қатынап оқисың.

Б.-Қалада үйім жоқ.

Д.-Онда фамилияңды түзет.

Б.-Түзу ғой ,ағай.

Д.-Түзу емес,Нұр-та-за! Білдің бе?

Б.-Ағай.

Д.-Не,балақай.

Б.-Өзіңіздің фамилияныз...

Д.-Иә,иә,менің фамилиям.Онда не бар?

Б.-О,да...

Д.-Айт,айт

Б.-О да түзу емес.

Д.-Қалайша?

(Столдың үстін ысқылай-ысқылай,сұқ саусағым қажалды.)

Д.-Айт енді.Қорықпа.Қызық екен,білгім келеді.Менің фамилиям қалайша түзу емес.

Б.Коргулин емес. Көроғлы ғой,ағай.

(Директор көзілдірігін сыпырып қлына алды.Аппақ бәтес орамалмен ысқылап,шыныларын сүрте берді,сүрте берді.Сосын кирелеңдеп барып,орнынан тұрды.)

Автор.-Мені үрей билей бастады.Ұратын шығар.Жақындап келеді.Мен шегіншектей бастадым.Сірә,құлақтан тартатын шығар.Құлақтан тартқан бойы кабинеттің есігінен итеріп жіберетін болар.Кет десе өзім де кетемін ғой.Кетпегенде не істеймін.Кімге барып айтамын.Кімім бар менің.

Айшадан басқа кімім бар?Құлағамды қызартып үйге қайтып барам?-Не болды?-дейді Айша.Алмай қойды,-деймін.-Неге?-дейді Айша.Әкеңнің аты Мұртаза емес,Нұртаза дейді,-деймін.-Не дейд,қараңқалғыр!-дейд» Айша ашу шақырып.-Кім оны айтып жүрген?Айтқан адамның азу тісін қағып алып,алақанына саудыратып салып берейін!-дейді Айша.Сірә, «сынақтан өтпей қалдым» деуім керек шығар.Ал,әлгі «Мұртаза-Нұртазаны» айтсам,Айшаның қай –қайдағы,қойқаптағы қаһар,ашу-ызасын қоздырып алармын.Мұртазаның атына қылаудай кір келтірген адамның қолында өле кетуге дайын Айша.Сонда енді не болмақ?

Д.-Шырағым,тоқта.

(Директор Барсханның басынан сипады.)

Б.-Сен интернатқа қабылдандың ,қарағым.Талабыңнан тайма.

(Еріксіз көзмнен жас шықты.)



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Жолашар

 

-Сен қайдан келдің?-дегенде бір данышпан:

-Мен балалықтың елінен келдім,-деген екен.

  Ересектерде сол  «балалық елінен келмеген ешкім жоқ.анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды.

  Мен де солардың бірімін.

Анамның аты-Айша еді.

Парижде болдым-Париж түсіме кірмеді.

Мысырда болдым-Мысыр түсіме кірмеді.

Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста,Чикагода,нью-Иоркте болдым-олар түсіме кірмеді.

Түсімде ылғи балалық шақты көремін.

Түсіме ылғи айша кіреді.

Түсіме ылғи туған жерім,ауылым кіреді.

Сол соғыс уақытындағы айшадай аналарымды,балалығымды жаздым.      

                                                                                                                             

                                                                      Ш.Мұртаза

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы бойынша

1-көрініс

 

    Сахна.Пойыздың даусы естіледі.Диктор 1941 жылдың жазынан бастап,дүние астан-кестен болғандай,адамдар Батысқа ағылып жатыр.Олар әскерлер еді.Батыстан Шығысқа қарай да жүйткіген пойыздар көп.Олар...(мәлімет оқылады).Пойыз Боранды бекетіне тоқтайды.

Пойыздан бірнеше кісі түсті.

Ауыл адамдары:

-Кімдер?Кімдер екен?

-Немістер емес пе?

-Немісі несі?Соғыс бізге де жетіп қалды ма?

Дауыс:-Ауылдастар,ауылдастар!Барлығың тез арада мектепке жиналыңыздар!2

                               (бәрі мектепке жиналады)

Төрдегі ұзын үстелде ауданнан келген қайыс пальтолы уәкіл,колхоз бастық,сельсовет,бір орыс отырды.

Уәкіл:Жолдас колхозшылар!Бүгін ауылдарыңызға 20 үй немісті көшіріп келдік.

Ауыл адамы Сапарбай:-Немісі несі?

Әліқұл қарт:-Неміспен соғысып жатқан жоқпыз ба?

Уәкіл:Шуламаңдар!Жолдас колхозшылар! Бұлар басқа немістер.Жо-Жоқ,фашистер емес.Өзіміздің Волга бойынан көшкендер.

Қарт:-Немене,Еділді шапты ма?

Әліқұл қарт:-Онда фәшістер Қазақстанға жетіп қалғаны ма?

(Сұрақтарды шулап қоюлары керек.)

Уәкіл: Жоқ! Фашистар Волга бойына жете алмайды,жетпей желкесі қиылады.

Ауыл адамы:-Онда Еділдегі немістерді неге жер аударады?

Уәкіл: -Жолдас колхозшылар!Сендер не деп кеттіңдер,басылыңдар! Неге шүбә келтіріп отырсыңдар.Сөз көшіп келген неміс ағайынның атынан Отто Бауэрге беріледі.

Қайрақбай шал қасындағы біреуге:

-Отта,бауыр,дей ме? (сыбырлайды)

Жанындағы кісі:-Тиыш,үндеме.

Отта Бауэр орысша сөйлейді,отырғандар дым түсінбейді.(Оттаның орысша сөзі керек)

Уәкіл:Отта Бауэр жолдас айтады:осындай қиын шақта орталарыңыздан орын беріп,немістерді қабыл алғандарыңызға рахмет айтады.Немістер іскер,жұмыс десе,жұлқынып тұрған халық дейді.Колхозға көп көмегі болады,қандай жұмыс болса да қашпайды. Дейді.

(Отта енгезердей үлкен кісі екен,қазақшаны түсінбесе де,күлімсіреп қояды.)

Отта:-Арбайт,арбайт.Работа.Работа.

Жиналыс біткен соң,кімнің үйіне қайсысы баратындығы  оқылды.

Жуанқұл бастық:-Бердімбетова Айшаға-Вольф Анна,екі қызы бар-Эмма,Эльза.

Үйдің ішкі көрінісі.Қоржын үйдің бір басында өздері,келесі басында шөп,тезек,жалғыз сиыр,бір-екі ешкі.Неміс әйелі Анна сарғыш қолаң шашты,ажарлы,қасындағы өзіне тартқан,қол-аяғы балғадай қыз Эмма,оның қолында түйіншек,сосын көтергені өте шінжәу,ілмиіп қана қалған,шалажансар қызы Эльза ыңырсиды.

Қолында  қара ала орамалға буған түйіншегі бар.

Дастархан жайып,тамақ береді.

Айша:-Бір бөлмеде бірге тұрам десең,міне,ана бөлменің бір қуысын жөндеп алам десең,өзің білесің.

(Сөйлеп жатып,ыммен түсіндіреді)

Анна:-Гут.Гут.(Анна бөлмені тез тазалап,тап-тұянақтай етеді).

Барысхан: -Менің бірінші үйренген сөзім «гут».

Анна:-Біздердің тәп-тәуір дәулетіміз:сиырларымыз,шошқаларымыз,үйрек-қаз,тауықтарымыз бар еді.Бәрі қалған  бір түннің ішінде әскер келіп апай-топай пойызға ,қызыл вагонға салды.

Анна:-Бұль ауылдың зираты қайда?

-Айша:-Зираты несі?

Анна (бетін басып)-Эльза...

Арада көп уақыт өтті.Немістер күн жылығасын жертөле жасап, қазақтардың қоржын тамдарынан бөлек шықты.

Көп жыл өткеннен кейін,ауылда «неміс көше» пайда болыпты.

 

 

Автор
Дата добавления 21.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров475
Номер материала 452101
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх