Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Үш таңбалы саанға жазбаша бөлу тәсілдерін пысықтау 4- сынып. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу (таңдау тәсілі бойынша ) және көбейту арқылы тексеру. Пысықтау. 3-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Үш таңбалы саанға жазбаша бөлу тәсілдерін пысықтау 4- сынып. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу (таңдау тәсілі бойынша ) және көбейту арқылы тексеру. Пысықтау. 3-сынып

библиотека
материалов


Математика 3-4 сынып


Сабақтың тақырыбы

Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу (таңдау тәсілі бойынша ) және көбейту арқылы тексеру. Пысықтау.


Үш таңбалы саанға жазбаша бөлу тәсілдерін пысықтау

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: АҚТ пайдалану арқылы өткен материалды қайталау. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу тәсілін; құрылымы күрдерілек теңдеудің түрлерін шеше білу дағдыларын бекіту. Ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Қорытынды шығарып, талдау жасауын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Шығармашылық ойлау қабілетерін, математикалық смекалканы дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:

өмірлік жағдайларды шешу үшін математиканың маңыздылығын саналарына қалыптастыру


Білімділік: үш таңбалы санға көбейту мен бөлу дағдыларын бекіту; әр түрлі есептерді шығару дағдыларын жетілдіру. Құрама есептерді жән қозғалысқа байланысты есептеді шығара білуін бекіту.

Құрылымы күрделірек теңдеудің түрлерін шеше білу дағғдыларын бекіту. Ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру

Дамытушылық: Қорытынды шығарып, талдау жасауын жетілдіру, сөздік қорын молайту . Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: өмірлік жағдайларды шешу үшін математиканың маңыздылығын саналарына қалыптастыру




Көрнекілігі:

оқулық математика 3,4 сынып 2-бөлім. жеке жұмыс істуеуге карточкалар, компьютерная презентация. Бағалай кестесі «Мен білемін...»,

Сабақтың түрі: 

Викторина

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік дағдыларын жетілдіру



  • Балалар бүгінгі сабағымыз өзгеше өтпекші. өйткені, «Математика біздің айналамызда» деп атап отырмын.

жас зерттеушілер қоғамдастығының отырысы түрінде өтпекші. –Қалай ойлайсыңдар математика біздің өміріміздің бір бөлшегі деп айтсақ қателеспейміз бе? Бүгінгі сабаққа «Бәрін білгім келеді!» деген тақырып қойсақ болады ма?

Сабағымыз викторина түрінде өтеді.

Ал оның құпияларын ашуға бізге барлық ғылымның патшайымы- математика көмектеседі. Бүгінгі сабақта көбейту мен бөлу тәсілдеріннің ережелері мен заңдары бізге көмектеседі.

Сабағымыздың тақырыбы жарияланады.

Осы тақырып пен жоспарды негіз ете отырып, сабаққа мақсат қойыңдар. (балалар сабақтың мақсатын қояды).

Мақсатқа жету үшін- мықты және терең білім болу керек. ол үшін күн сайын өткен материалдарды қайталап отыру керек.

Сабақ жоспары:

  1. Есептеу дағдыларын дамыту.

  2. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу.

  3. Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілі.

  4. Кесте бойынша өрнек құрастыру.

  5. Фигуралардың периметрі мен ауданын табу.

  6. Қозғалысқа байланысты есеп шығару.

.

Сонымен, жас зерттеушілер қоғамдыстығының отырысын бастайық.

Екі топқа бөлінесіңдер.

1-топ 3 сынып

2- топ 4 сынып

Жұмыс көлемін бөліп алыңдар. Тапсырманы орындап болған соң өзара тексеріс жүргізіңдер.


Ауызша есептеу

5*3=15 42:7=6 48-дің 4/1 бөлігі=12

36:6=6 7:1=7 300-дің жартысы=150

6*0 =0 24:6=4 Егер жартысы 8-ге тең болса сан нешеге тең?

45:9=5 21*1=21 20*10=200

50*2=100

800:100=8

4*100=400 640:10=64

34*10=340 90:9=10

55*10=550 50:25=2

Ойын «Сөйлемді аяқта»

Мен бастайын,ал сендер қостаңдар

Бәрін хормен жауап беріңдер.

Көбейткіштердің орны ауысқамен көбейтіндінің ........./ мәні өзгермейді.

Егер де көбейткіштердің бірі 0-ге тең болса, онда көбейтіндінің мәні... /0-ге тең.

0-ге бөлуге ........... / болмайды.

Қалдық әрқашанда бөлгіштен......... /кіші болу керек.

Толық сандарды көбейткенде нөлдер..../ бөліндінің мәніне көшіріледі.

Бөлген кезде нөлдер ........../ өзара қысқартылады.



Ойын

«Лабиринт бойынша нық қадам бас және есепте»


2. 8*50

3. 400:200

11. 800:8

12. 100:4

1. 320:40

4. 2*300

9. 240:3

8. 4*60

5. 600:3

6. 200*8

7.1600:400

10. 80*10




Балалар, лабиринт бойынша саяхат қандай сан шықты? /25/ 45 шығу


Слайд

Школа

Біздің Асаново селосында бұрындары мүлде мектеп болмаған. Тұрғындар мұғалімдерді жалдап оқушыларды үйді-үйде кезек –кезек оқытқан. Сабақ тек неміс тілінде оқытылған. өйткені тек тұрғандар неміс ұлтынан тұрғандықтан. Содан кейін 1938 жылы орыс тілінде оқытылатын мектеп ашылған. Ол мектеп Алексеенко көшесіндегі тұрғын үйден ашылған. Барлық балалар саны 18 болған. Мектепте 2 ауысым сабақ өткізілген. Бірінші ауысымда 2 сынып, түстен кейін 2 сынып. Ал 4 сыныптан кейін балалар Михайловка селосындағы 7 жылдық мектепке барып оқыған. Сосын тек қана 1969 жылы Асаново орта мектебі ашылған. Мектептің алғашқы директоры Кузменько Борис Иванович болған. Ал біздің мектеп 1977 жылы ашылды. Егер қазір 2014 жыл болса біздің мектепке неше жыл толады? /45 жыл/ Ендеше, лабиринттан шыққан санмен тең бе?

Қазір біздің мектепте 207 оқушы бар.

Теңдеу шешу.

Біздің мектепте 207 оқушы бар. Оның 45-і жоғарғы буын оқушылары, 102-сі орта буын оқушылары құрайды. Бастауыш сынып оқушылары қанша?

Оны мына теңдікті шешсеңдер білесіңдер.

207-х=102+45

207-х=147

х=207-147

х=60

207-60=102+45

147=147 жауабы : 60 оқушы


Балалар біздің сынып қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Тік төртбұрыш.

Ұзындығы-6 м

Ені-5 м

Р-?

S-?

Жауабы: Р-22 м. S-30 кв м.

Қорытынды: Периметрді қалай есептеуге болады?


Слайд

Асаново селосы 1894 жылы құрылған. Осы жылдан бастап Асаново селосынан Трансибирь темір жол магистралі салынып,осы кезден бастап бірінші поездар жүре бастады. Селода алғашында 10-ақ үй бар болатын. Оның тұрғындары тек немістерден тұрды. Селоның аты сол кезде казактардың ессаулы көпес Асанова деген адамның аты берілді. Ол өзі Одеессада тұрып, шаруаларға өз жерлерін өзінің меңгерушісі сатып отырған. Сосын тың игеру уақыты кезінде Одесса облысынан орыс, украин халықтары көшіп келе бастады.


Ал қазір біз сендермен баған түрінде мысалдарды шығарып, жасырылған сөзді табамыз. Ол жасырылған сөзде қандай да бір құпия бар. Соны шешіп көрелік.

АЛЕКСЕЕНКО

Е- 24*12 = 288 А - 32*21= 672 С- 1340:5=268 Л- 342*210= 71820

К- 25*13= 325 Н- 15*11= 165 О- 220*123= 27060

672

71820

288

325

268

288

288

165

325

27060

А

Л

Е

К

С

Е

Е

Н

К

О


-Ол ненің атауы? / көше/

Алесеенко Михайл Иванович деген кісі біздің мектепті бітірген соң Алматы, Семей қалаларында милиция қызметін атқарған. Ол шынайы өмір сүріп, еңбек етумен айналыспайтын қылмыскерлермен күрескен. Міне сол кісінің атымен Асаново селосының көшелерінің бірі- 1950 жылыдан бастап аталған.Осы уақытқа дейін Алексеенко деп атаылып келеді.


карточкамен жұмыс

3-сынып

4-сынып

Машина Петропавл қаласынан Асаново селосына шықты.

Слайд

Асаново селосына жету үшін оған 3 селоны басып өту керек - Белое с., Пеньково с. және Михайловка с.

Слайд

Петропавл қаласынан Асаново селосына дейін 55 км, Петропавл қаласынан Белое с. дейін 5 км, Белое с. Пеньково с. дейін 15 км.

Пеньково с. Михайловка с. дейін 25км

Слайд

Сұрақтар:

Михайловка с. Асаново с. дейін неше км?

Егер машина Асаново с. 2 сағ кейін жетсе, машинаның жылдамдығы нешеге тең?

-Кәне есептің схемасын көрелік.

Слайд

4-сынып оқушылары есепті дәптерге және тақтада шығарады.

1) 55-5= 50 (км) - Белое с. Асаново с. дейін ара қашықтық

2) 50-15=35 (км) -

50:2=25 км/ сағ


2-есеп.

Асаново селосынан бір уақытта бір-біріне қарама –қарсы бағытта автобус пен жеңіл көлік жолға шықты. Автобустың жылдамдығы 70 км/ сағ, ал жеңіл көліктің жылдамдығы 80 км/сағ. 6 сағаттан кейін екеуінің арақашықтығы қанша болады?

Есепті екі тәсілмен шығарыңдар.

1-тәсіл:

V 1+V2= V қаш.

1) 70+80=150 (км/сағ) – қашықтау жылдамдығы

S= V*t

2) 150*6=900 (км)

2-тәсіл:

1) 70*6=420 (км)- автобус жыламдығы

2) 80*6=480 (км)-жеңіл көлік жылдамдығы

3) 420+480=900 (км) – арақашықтық

Жауабы: олардың арақышықтығы 900 км тең болады.


Біздің сабақ аяқталуға таяп қалды. Сондықтан сендермен кішігірім өздік жұмысты орындайық.

Слайд. Сөйлемді толықтырыңдар.

1-нұсқа

«+», «-» таңбасын қой

Есепте: 35*13=455


Мен екі таңбалы санды екі таңбалы санға көбейте білемін.


Есепте: 72:12=6


Мен екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу білемін


2217*205=454485


Мен көп таңбалы санды үш таңбалы санға көбейтуді білемін.


45156:213=212


Мен көп таңбалы санды ұш таңбалы санға бөлуді білемін




-Балалар, енді қағаздарыңдыбір-біріңмен ауыстырып өзара тексеріс жүргізіңдер.

Ал енді қорытынды шығарайық. өз жұмыстарыңды өздерін бағалаңдар.

Қызыл- «Жарайсың!»

Сары- «Зерек бол!»

Көк- «SOS» дабылы


Ал енді қараңдар, және осыған байланысты қорытынды шығарыңдар. «Көбейту мен бөлуді жақсы біле ме екенбіз?



Үйге тапсырма: ребус құрастыру







.



Краткое описание документа:

Білімділік:  АҚТ пайдалану арқылы өткен  материалды қайталау. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу тәсілін; құрылымы күрдерілек теңдеудің түрлерін шеше білу дағдыларын бекіту. Ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Қорытынды шығарып, талдау жасауын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Шығармашылық ойлау қабілетерін, математикалық  смекалканы дамыту.  Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:

өмірлік жағдайларды шешу үшін математиканың маңыздылығын саналарына қалыптастыру                 

Автор
Дата добавления 28.11.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров2210
Номер материала 159680
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх