Инфоурок Другое Другие методич. материалыШабындықтар мен жайылымдарды жақсартуға арналған машиналар

Шабындықтар мен жайылымдарды жақсартуға арналған машиналар

Скачать материал

Шабындықтар мен жайылымдарды жақсартуға арналған машиналар

Табиғи жемшөптік жерлерді жақсарту үшін бірқатар дақылдық- техникалық және агротехникалық іс-шаралар жүзеге асырылады. Шабындықтар мен жайылымдарды үстірт және түбегейлі жақсарту осы іс-шаралардың негізін құрайды. Ү с т і р т ж а қ с а р т у егістіктерді қоқыстан тазартудан, томар- лар мен бұталарды жоюдан, тыңайтқыштар енгізуден, шөптер егуден, тырмалаудан және саңылаулаудан тұрады. Бұл ретте шығымдылығы мен жемшөптік қасиеттері артатын табиғи өсімдіктер сақталады. 34 Т ү б е г е й л і ж а қ с а р т у дақылдық жайылымдар алу мақса- тында табиғи өсімдіктерді бағалы дақылдармен ауыстыруды көздей- ді. Түбегейлі жақсарту кезінде топырақты соқамен, дискілі тырма- лармен, фрезалармен өңдеуді жүргізеді; тыңайтқыштар енгізеді және шабындық шөптердің тұқымдарын егеді. Шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту үшін тыңайтқыштар шашқыштарды, топырақ өңдеуші және арнайы машиналар – шабын- дық тырмаларын, томар кесуіштерді, шабындық агрегаттарын және т.б. қолданады. БПК-3,6 шабындықтық құрама тырмасы дақылдық жай- ылымдардағы жануарлардың қиларын және көртышқандар індерінің жаңа төмпешіктерін ұсақтауға және тегістеуге арналған. Жақтау алдыңғы, артқы және екі бойлық білеулерден, сондай-ақ екі кергіден тұрады. Жақтаудың алдыңғы білеуі дөңгелек қималы түтіктерден дайындалған. Білеудің ортаңғы бөлігінек таған және трактордың ілмегіне қосуға арналған тармақтар балқытып жапсы- рылған. Артқы және бойлық білеулер тіктөртбұрыш қималы түтікті білдіреді. Бұзып таситын жұмыс органдары – бұл өзара топсалы мүшелен- ген тарақшалардың екі қатары. Тырманың жақтауына қосқыш буындармен еркін айналатын төрт иірмекті секция бекітілген. Бұл секциялар көртышқан індерінің төм- пешіктерін, жануарлардың қиларын, томарларды ұсақтайды және оларды егістіктің бетіне шашады. БПК-3,6 тырмасы Т-30 тракторымен агрегатталады. АПЛ-1,5 топырақ өңдейтін шабындықтық агрегаты топы- рақты бір мезгілде терең қопсыту арқылы өнімділігі төмен шабын- дықтар мен жайылымдарды жақсарту және жаңартуға, минералды тыңайтқыштарды енгізуге, бүркеме дәнді дақылдарды бір мезгілде егумен бірге шөптер егуге және егістік бетін егуден кейін нығызда- уға арналған. Агрегат жақтаудан, фрезадан, тыңайтқыштарды енгізуге және дақылдар мен шөптердің тұқымдарын себуге арналған тұқым сеп- кіштерден, нығыздағыш тегістеуіштан, көлік дөңгелектерінен және гидрожүйеден тұрады. Фреза топырақты қопсытады, минералды тыңайтқыштарды топы- рақпен араластырады, лақтырылған толпырақтың фракцияларымен тұқымдарды отырғызады. Фреза трактордың ҚІБ-нен іске қосылады. Минералды тыңайтқыштарды себуге арналған тұқым сепкі жәшіктен, тәрелке тәрізді себуші аппараттан, беріліс механизмінен және егуді реттегіштен тұрады. Дақылдық сепкіштің шарғылық тұқым себетін аппараттары бар. Шөптер мен дәнді дақылдардың сусымалы емес тұқымдары люктер, 35 тұқым құбырлары және қыртөсті түрендер арқылы топыраққа фреза жүріп өткеннен кейін түседі. Сусымалы тұқымдар топыраққа тұқым құбырлары арқылы шашылып түседі, содан кейін топырақтың шөгіл- ген фракцияларымен жабылады. Тұқым себетін аппараттар тізбекті беріліс арқылы тегістеуіштан іске қосылады. Фреза жүріп өткеннен кейін, тегістеуіш топырақты тығыздайды және тұқымдарды түпкілікті отырғызады. Топырақты терең қопсыту тереңдігін бұранда типті механизммен реттейді. Агрегатты жұмыс және көлік жағдайын ауыстыруды екі гидроци- линдрдің және жоғары қысымды құбыршектердің көмегімен жүзеге асырады. Агрегат ДТ-75Н және Т-153 тракторымен жұмыс істейді. Сортаң топыраққа арналған АЛС-2,5 шабындықтық агре- гаты сортаңды кешендердегі өнімділігі төмен жемшөптік жерлерді топырақты қабаттап өңдеу арқылы түпкілікті жақсартуға арналған. Агрегат чизельді табандардан, фрезадан, тегістеуіштан, дәнді дақылдарды, шөптер мен тыңайтқыштарды егуге арналған бункер- лері бар дақыл сепкіштен тұрады. Агрегаттың конструкциясы фре- заны чизельді табандармен бірге бөлек қолдануға мүмкіндік береді. Бір жүріп өту кезінде агрегат топырақтың сортаңды жиегін қопсы- тады, сортаң үстіндегі құнарлы қабатты терең қопсытады, топырақты тығыздайды, тыңайтқыш енгізеді, шөптердің бүркеме дақылдардың ірі тұқымдарын топыраққа отырғыза отырып егеді, шөптердің ұсақ тұқымдарын шашады және топырақты нығыздайды. Агрегатты К-701тракторына іледі, ал тұқым сепкішті фрезамен қосуды сницаның көмегімен жүзеге асырады. СВУ-2,6А күшейтілген тіркемелі дестелеуіш-қар сыдырғы 20 см дейінгі қар жамылғысы болғанда қарды ұстап тұру және сүді- герлерде, парларда, күздік және көпжылдық шөптердің егістерінде ылғалды жинақтау мақсатында қар жымғысының биіктігінен 2-3 есе артық қар белдерін түзуге арналған. Қар сыдырғы оң және сол жақ қайырмадан, артқы және алдыңғы арқалықтан, оң және сол жақ арқалықтан, тіркемеден, шектеуіш тірек шаңғылардан және тірек сырғытпалардан, буксирлік тартпа- лардан тұрады. Буксирлік тартпалар қайырмалардың артқы бөлігіне бекітілген және оны тасымалдауға және қар жамылғысынан боса- туға арналған. Қар сыдырғының жұмысы егінмен жүре отырып (кең негізі алды- да) қар жамылғысын оюдан, қарды қайырмалармен алып, оны жұмыс беттерімен бұранда траекториясы бойынша көтере отырып қысудан тұрады. Қар қайырмалар арасындағы тар саңылау арқылы өтіп, тра- пеция тәрізді формадағы үймекке жиналады. 36 Үймектерді желдің басым бағытына көлденең, ал еңіс егістіктерде оларды қар ерігенде эрозиядан қорғай отырып, ылдыға көлденең түзеді. Қар сыдырғыларды ДТ-75Н, Т-153 тракторларымен агрегат- тайды; екі-үш қар сыдырғыны СП-11А немесе СП-16А тіреуіштері арқылы К-701, К-701М тракторларымен агрегаттайды. Аспалы СВШ-7 дестелеуіш қар сыдырғысы егістіктерде қар жа- мылғысы қатты, ылғалдылығы жеткіліксіз аймақтарда қарды ұстап тұруға және жинақтауға, сондай-ақ ішкі шаруашылық жолдарын та- залауға арналған. СВШ-7 қар сыдырғысы алдыңғы сынадан және тиісінше жақтаудың алдыңғы бөлігіне және трактордың аспалы жүйесіне ілінетін артқы қар үймектерін қалыптастырғыштан тұрады. Ал- дыңғы сына жақтауды, қайырмаларды және көтергіш механизмін қамтиды. Сынаның ұшындағы қайырмалары бөлгіштермен қо- сылған. Сынаны көлік жағдайына көтеруді гидроцилиндр жүзеге асырады. Қар сыдырғының қар үймектерін қалыптастыратын алдыңғы бөлігі қанаттардан, ресімдегіштерден және жақтаудан тұрады. Артқы бөліктегі бүйір қанаттардың қар үймектерін тығыздайтын шығыс терезелері бар. Жұмыс кезінде ресімдегіштер мен сыртқы қанаттар шаңғының сырғытпаларына сүйенеді. Жұмыс процесі төмендегідей түрде өтеді. Агрегаттың егістікте жүруі кезінде қар сыдырғының сынасы қар жамылғысын шетке ысы- ра отырып, трактор алдындағы жолды тазалайды, екі жартылай үй- мек түзеді. Артқы модульдің бүйірлік секцияларының қайырмалары да екі жартылай үймек жасайды. Одан әрі ресімдегіш камераларда жартылай үймектер екі толық үймек құра отырып, бір-біріне қосы- лады. Қар жамылғысы 20 см асатын жағдайда қар сыдырғының то- лып қалуын болдырмау үшін, бүйірдегі қайырмалар автоматты түрде көтеріліп, барлық қарды алмай, қар үймегін қалыптастыру,а қажетті бөлігін ғана алады. Агрегат қайықты немесе диагнольді тәсілмен агрегатталады. Ол желдің бағытына және егістіктердің көлеміне байланысты. СВШ-7 қар сыдырғысын Т-153 тракторымен агрегаттайды. Бақылау сұрақтары 1.Топырақты негізгі өңдеуге арналған машиналарға қандай агро- техникалық талаптар қойылады? 2.Топырақ өңдеуші машиналар мен құралдарды қандай қағидат бойынша жіктейді? 3.Қандай корпустарды және қандай топырақты жырту үшін қол- данады? 37 4.Соқаларға арналған қандай пышақтар болады және оларды қан- дай топыраққа пайдаланады? 5.Шымаударғының құрылысы қандай және шымаударғыны соқа- ның жақтауына қалай орнатады? 6.ПНИ-8-40 соқасының ПЛН-8-40 соқасынан айырмашылықтары қандай? 7.Дән аршығыштардың жіктемесі қандай? 8.Дән аршығыштар қандай агротехникалық талаптарға сәйкес ке- луге тиіс? 9.Тырмаларды қандай белгілері бойынша жіктейді? 10. Тісті тырмалардың құрылысы қандай? 11. БДТ-3,0 тырмасы қайда пайдаланылады және қандай құра- стырмалы бірліктерден тұрады? 12. Топырақты тұтастай өңдеуге арналған культиваторлардың құрылысы қандай? 13. Топырақ өңдеуші құрама агрегаттарды; тегістеуіштерді; ша- бындықтар мен жайылымдарды жақсартуға арналған машиналарды қандай мақсатта қолданады? 14. Дестелеуіш қар сыдырғыларды не үшін пайдаланады? 15. Культиватордарды қандай қағидат бойынша жіктейді? 16. БСО-4А; ШБ-2,5; ЗОР-0,7 тырмаларын және басқаларын қан- дай мақсаттарда қолданады?



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шабындықтар мен жайылымдарды жақсартуға арналған машиналар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 227 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.05.2018 2703
    • DOCX 18.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айкелова Гулбану Амангосовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айкелова Гулбану Амангосовна
    Айкелова Гулбану Амангосовна
    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10565
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе