Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыШағын орталық тобына арналған ашық сабақ

Шағын орталық тобына арналған ашық сабақ

Скачать материал

                                                                                                        Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 5 технологиялық картасы

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Күзгі табиғат

Мақсаты

·         Күзгі табиғаттағы,ауа райындағы өзгерістерді байқай отырып,артикуляциялық және дауыс аппаратын  дамыту;

·         Қойылған сұрақты тыңдап,дұрыс жауап беруге тәрбиелеу;

·         Табиғаттағы,ауа райындағы өзгерістерді байқауға талпындыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

орман макеттері,шырша,аққайың,терек,емен,бұталар;қоян,түлкінің суреттері,жапырақтар.

Сөздік жұмысы

қалқып,мүлгиді,ішік.

Билингвалды компонент

жапырақ-лист,орман-лес,күз-осень

 

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Қайырлы таң!

Қайырлы таң,мөлдір көздерім!

Қайырлы таң,жұмсақ қолдарым!

Қайырлы таң,мықты аяқтарым!

Қайырлы таң,арайлы күн,аспан!

Өлең тыңдаймыз

Мақсұт Неталиевтің «Күз суреті» өлеңін оқу:

Сары ала жапырақтар,

Қонады қалқып ұшып.

Мүлгиді атырап бар,

Жамылып алтын ішік.

Бу шығып бүйірінен,

Ағады жылға-бұлақ.

Сұрақтар қою:

-Балалар,бұл өлеңде не туралы айтылған,қандай жыл мезгілі туралы жазылған?

Жауаптарын тыңдап,толықтыру.

Жаңылтпаш айтамыз

Санай бер,қарай бер,

Бояуы жүз,келді күз.

«Жапырақтар» тыныс алу жаттығуы

Жіпке байланған жапырақтың үлгісіне үрлету.

Жапырақтардың қайда ұшып баратыны туралы сұрақ қойып,балаларды орманға серуенге баруға шақыру.

-Көзімізді жұмып,сары жапырақтар сияқты айналып,орманға ұшып барамыз.

 

өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

 

 

 

 

өлеңді тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

ойланып жауап береді:күз туралы

 

 

 

жаңылтпашты қайталап айтады.

 

 

 

ойланады,жауаптарын айтады.

 

 

 

балалар жолға шығуға дайындалады

Ұйымдастыру-

іздестіру

«Ормандағы оқиға» ойыны

Топтың бір бұрышына алдын ала орман көрінісін дайындау:ағаштар мен бұталар,тығылып отырған сұр қоян,түлкінің суреттері.

«Бұл қандай жануар?» ойыны

-Балалар,орманда қандай жануарларды кездестіруге болады?

-Қараңдаршы,анау ағаштың арасында біреу отырған сияқты (қоянның құлақтарын көрсету)

Балалармен ағашқа жақындап қоянның суретіне назар аудару,сұрақтар қою:

-Қоян қандай?

Түсі қандай?

Осы ретпен суреттен түлкіне де тапқызып,ол туралы сұрақтар қою,екеуін салыстыру.

Сөздік жұмысы: «қалқып,мүлгиді,ішік» деген  сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Жаңғақтарды себетке  жина» дидактикалық ойыны

-Балалар,жерде көп жаңғақтар жатыр,қане,теріп жинайық,мына себетке салайық,аю қарны ашып оянғанда,себеттегі жаңғақтарды алып жейді.

Аю дегенде қандай әріп естіліп тұр?

А-А-А-А-А-А-А

Балалардың қолдарына себеттер беріледі,орман ішінде жатқан түстері,көлемдері әртүрлі жаңғақтарды жинауға тапсырма беріледі (жаңғақтардың ішінде жасыл жаңғақтар да бар,оларды жинамау керектігін ескерту).Ойын соңында неге жасыл жаңғақтарды жинамау керектігін сұрау.

-Себеттерді ағаштың түбіне қою.

 

 

Балалар жауап береді.

 

 

 

 

 

Балалар ойланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Балалар:А-А-А-А-А (2-3 рет қайталайды).

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту:

-Біз бүгін қайда бардық?

-Орманда не көрдік?

Көздерін жұмып,балабақшаға қайтуды ұсыну.Балабақшаны мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Сұрақтарға ойланып жауап береді.

 

 

Топтарына қайтады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

сурет бойынша күз мезгілі туралы әңгіме құрастыруды.

Нені игереді

жаңа сөздердің мағынасын.

Нені біледі

барлық дыбыстарды естіп,анық айтуды.

 

 

 

 

                                                                                                    

                                                                                                          Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 6 технологиялық картасы

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Саябаққа саяхат (байланыстырып сөйлеу)

Мақсаты

·         Көкөністер мен  жемістерді таныстыра отырып,3-4 сөзден тұратын сөйлем құрастыруға дағдыландыру;

·         Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді дұрыс айтып беруге тәрбиелеу;

·         Көкөністер мен жеміс-жидектер туралы ұғымдарын кеңейту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Жемістер мен көкөністер,тиін,себет,көкөністер мен жеміс-жидектердің суреттері,

Сөздік жұмысы

Саябақ,саңырауқұлақ,құлпынай

Билингвалды компонент

Қияр-огурцы,сәбіз-морковь,қызылша,қызанақ-помидор.

 

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Бір саңырауқұлақ пен екі құлпынай салынған себет ұстаған тиінді көрсету.Балалармен амандасады.

Анасы орманға көкөністер мен жеміс теруге жібергенін,бірақ ол саңырауқұлақ пен жидек тергенін айтып,себетті көрсету.

Себеттегі саңырауқұлақ пен жидекті санату.

Балаларды тиінге көмектесуге шақыру (көкөністер мен жемістер).

Тиінмен амандасады.

 

 

 

 

 

Себеттегі саңырауқұлақ пен жидекті санайды.

 

Тиінге көмектесуге қуана келіседі.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Тыныс алу жаттығуы

Жел соқты: У-у-у-у-у-у-у

Балалар уыстап жеміс тереді: «уыс-уыс-уыс» (уыстап теруге еліктейді).

«Саяжайда» ойыны

Үстел үстінде себетке салынып,беті сүлгімен жабылған көкөністер мен жемістер тұрады.Себетті жапқан  әр орамалды ашу үшін бір тапсырмадан орындау керектігін айту.

1-тапсырма

«Сұрақтарға жауап бер»

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалардың жауабынан кейін себеттің бетіндегі бір орамалды алып тастау.

2-тапсырма

«Жел» тыныс алу жаттығуы

Жіпке байланған жеңіл жапырақтар мен көбелектердің қиындысын беріп,балалар үрлейді.Себеттің үстінен тағы бір орамалды алып тастау.

3-тапсырма

Балаларды тақтаға жақындатып, «Саябақтағы күзгі өнімдер» туралы назарларын суретке аударту.

Суретке байланысты сұрақтар қойып,пысықтап,талдау.

-Суретте не көріп тұрсыңдар? Алма қайда өседі?

-Балалар себетке қандай көкөністі салды?

Сөздік жұмысы: «саябақ,саңырауқұлақ,құлпынай» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.Себеттің үстінен тағы бір орамалды алып тастау.

4-тапсырма

«Көкөністер мен жеміс-жидектер» дидактикалық ойыны

Ойынды6 баладан ойнауға болады.Балалардың алдында үлкен карточкалар жатады.Ұсақ карточкалар тәрбиешінің қолында болады.Карточканы алып атауын атаған кезде,дәл сондай карточкасы бар бала суретін жоғары көтереді.

Себеттің үстінен ең соңғы орамалды алып тастау.Балалар себетке жақындап,ашады.Жемістер мен көкністерді көріп,аттарын атайды.

Себетті тиінге сыйлауды ұсыну.

Тиін балаларға рахтет айтып,қоштасып кетеді.

«У-у-у-у-у-у-у» деп,тыныс алу жаттығуын жасайды.

Еңкейіп,жерден саңырауқұлақты жинайды, «уыс-уыс-уыс» депайтады.

 

 

 

Тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Жіпке байланған жеңіл жапырақтар мен көбелектерді үрлейді.

 

 

 

 

Ойланып жауап береді.

 

 

 

 

 

Көкөністерді атайды.

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

 

 

 

 

Алдында тұрған карточкаға қарап анықтап отырады.

 

 

 

 

Кезек-кезек шығып себеттегі жемістер мен көкөністерді атайды.

 

Тиінге себеттегі жемістер мен көкөністерді сыйлайды.

Тиінмен қоштасады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Балалардың білімдерін сұрақтар қоя отырып қорыту.Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Көкөністер мен жеміс-жидектерді бір-бірінен ажырата білуді,3-4 сөзден тұратын сөйлем құрастыруды;

Нені игереді

Қоршаған орта туралы түсініктерді;жаңа сөздерді;

Нені біледі

Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді қолдануды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                         Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 7 технологиялық картасы

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Н.Әлімқұловтың «Апорт алмасы» өлеңі

Мақсаты

·         Балаларға тақпақты асықпай,сөздердің жалғауларын анық,жатқа айтуға үйрету;

·         Үлгіге сүйене отырып сұрақтарға жауап беруге тәрбиелеу;

·         Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп,сөздік қорын молайту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Аю,қоян ойыншықтары;жемістер;алма ағашы;апорт ағашы.

Сөздік жұмысы

Уылжыған,албырт,дәмі ғажап.

Билингвалды компонент

Алма-яблоко,алмұрт-груша,өрік-урюк.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балалардың назарын ойын бұрышында отырған аю мен қоянға аудару.\

-Балалар,бізге достарымыз келіп отыр екен.Олар бізге жұмбақтар ала келіпті,-деп,сандықты ашып,ішінен кітапша алып шығып,жұмбақтарды оқу.

Жұмбақтар шешеміз

Әрі қызыл,әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.    (Алма)

 

Уылжыған,албырт,

Дәмі ғажап...          (алмұрт)

 

Бақта өскен сәні бар,

Гүлі майда көрікті.

Жемісі бар,дәмі бал,

Жақсы көрем...      (өрікті)

Суретпен жұмыс

Жемістердің суреттерін көрсетіп,олар туралы айтқызу.Бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрау.

Көп жеміс ағаштарын көру үшін күзгі баққа серуенге шақыру.

-Өзімізбен бірге аю мен қоянды да алайық,олар да күзгі бақты көрсін.

 

 

 

 

Ойыншықтармен амандасады.

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтардың шешуін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретке қарап,жемістер туралы айтады.

 

 

 

 

Күзгі баққа баруға қуана келіседі.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Тыныс алу жаттығуы

-Балалар,қараңдаршы,бақтың ауасы қандай тамаша!

Мұрындарымен дем алып,ауыздарымен шығаруды ұсыну.

«Қандай жемісті алдың?» дидактикалық ойыны

Үстел үстінде (муляждар,ұсақ заттық суреттер) тұрады,балалар 1-2 ұнаған жемістерді алып,тірек суретке қарап,қандай жеміс алғанын айтып беру керек.

Үлгі суреттің макеті: 1-пішіні;2-түсі;3-көлемі;4-қайда өседі?;5-не жасап дайындауға болады?

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мысалы: Алма-дөңгелек,сары үлкен.Алма бақта өседі.Алмадан тосап дайындайды.

Тіл ұстарту жаттығуы

АШ-АШ-АШ-АШ

Өсіп тұр алма ағаш.

МА-МА-МА-МА-

Пісіп тұр тәтті алма.

ДАН-ДАН-ДАН

Тәтті алмадан.

РЫН-РЫН-РЫН

Шықты тәтті шырын.

Өлең тыңдаймыз

Н.Әлімқұловтың «Апорт алмасы»

 өлеңін оқып,түсіндіру.

Апорт

Апорт деген алманың

Таттың ба сен бал дәмін?!

Апорт деген тәтті алма,

Ол өседі бақтарда.

Алатауда өседі ол,

Оған тең жоқ деседі ел.

Өлеңді оқи отыра,ойын іс-әрекеттерімен қимыл жасап отырады және алдын ала дайындалған суреттерді пайдалану.

Сөздік жұмысы: «уылжыған,албырт,дәмі ғажап» сөздерінің мағынасын түсіндіріп,қайталатып,бекіту.

 

Тыныс алу жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

 

Үлгіге сүйеніп,жеміс пен көкөністер туралы айтып береді.

 

 

 

Үлгі суретті түсініп алады.

 

 

 

 

Тәрбиешімен бірге айтып отырады.

 

 

 

 

 

Тәрбиешімен  бірге айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдайды,естеріне сақтайды.

 

 

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Өлеңді асықпай,сөздердің жалғауларын анық айтуды.

Нені игереді

Тақырыпқа байланысты жаңа сөздердің мағынасын

Нені біледі

Үлгіге сүйеніп,сұрақтарға жауап беруді.

 

                                                                                                        Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 8 технологиялық картасы

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Ә.Қалдыбаевтың «Ас атасы - нан» өлеңі

Мақсаты

·         Өз ойларын дұрыс,қысқаша байланыстырып жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

·         Шығарманы тыңдау және түсінуге тәрбиелеу;

·         Зат есіммен,еңбек әрекетін білдіретін етістікпен,үстеумен,шылаулармен сөздік қорын байыту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Әлия қуыршағы,кітап, топта алдын ала (атаның ағаштың нанның суреттері А-3 форматында салынған болу керек) нан,бидайдың суреттері.

Сөздік жұмысы

Қоқымын;қастарлеп;иісі мен дәмі,ары,арқауы.

Билингвалды компонент

Сақал-борода,бидай-зерно,нан-хлеб.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларға кітапты көрсетіп,ішіндегі суреттерді бірге қарап,әңгімелеу:

-          Балалар,бүгін қуыршақ Әлия балабақшаға мына бір қызықты кітапты әкелді.Кітаптың аты- «Қызықты энциклопедия».

 

 

Әлия қуыршақпен амандасады,тәрбиешіні тыңдайды,кітапқа назар аударады.

 

Ұйымдастыру-

іздестіру

Кітапты ашып,ішінен күнбағыстың суретін көрсету,сұрақтар қойып,күнбағыс туралы мәлімет беру.Өлең оқу.

Күнбағыс

Күнде көкке қараса да,

Жалықпайды күнбағыс.

Ұмтылғаны тамаша ғой,

Аспандағы күнге алыс!

 

Кітаптағы бидайдың суретін көрсетіп,сұрақтар қою,жұмбақ оқу.

 

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар.       (бидай)

 

Бидай туралы суреттер мен бидайдың масағын көрсету.Бидайдың не екенін түсіндіру.

Тіл ұстарту жаттығуы

Ін-ін-ін

Жерге шықты егін.

Ән-ән-ән.

Ұсақ,сары дән.

Ай-ай-ай

Өсті алтын бидай.

Ан-ан-ан

Міне ыстық нан.

Өлең тыңдаймыз

«Ас атасы-нан» өлеңін оқып,талдау.

Ас атасы –нан

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан-өмірдің ана сүті,арқауы.

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

 

Шығарманы оқи отырып,ойын іс-әрекеттерімен қимыл жасап отырады және алдын ала дайындалған тақпаққа байланысты суреттерді пайдалану.

Сөздік  жұмысы:

«қоқымын;қастерлеп;иісі мен дәмі,ары,арқауы» деген сөздердің мағынасын түсіндіріп,қайталап бекіту.

Тыйым сөздер

«Нанды екі қолмен үзу керек»

«Нанды жерге тастамайды-обал болады»  Тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Кім неге барсын?» дидактикалық ойыны

Балаларға сөздерді айтып отыру,балалар белгіленген суреттерге барып,неге осы суретке барғанын түсіну керек:

Тіл алғыш бала нанға барсын,

Тілазар бала талға барсын.

Тілі тәтті бала атаға барсын.

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің түсіндірмесі мен өлең жолдарын тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақты шешеді.

 

.

 

 

 

 

Тәрбиешімен бірге айтып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдайды,есте сақтайды.

 

 

 

 

Жаңа сөздерді тыңдап,мағынасын түсініп алады.

 

 

Тыңдап,түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

Ойын шартын түсініп алады,ойнайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту:

-          Балалар,Әлияның кітабы сендерге ұнады ма?

-          Әлияның кітабы қалай аталады?

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

 

Әлияға кітабын қайта беріп,рақмет айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Өз ойларын жүйелі жеткізе білуді.

Нені игереді

Жаңа сөздердің мағынасын.

Нені біледі

Ауылшаруашылығында еңбектеніп жүрген адамдарды құрметтеуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                          Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 9 технологиялық картасы

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Құстар толы аулада

Мақсаты

·         Үй құстары туралы түсініктерін молайта отырып,{К,Қ,Г}-естіп,дұрыс айтуын бекіту;

·         Үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу;

·         Дауыс және артикуляциялық аппаратын  дамыту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Негешбектің суреті,құстардың дауыстары,құстардың суреттері,Құстардың басқа киетін маскалары,үйрек,қаз суреттері немесе ойыншықтары.

Сөздік жұмысы

Қайқаңдап,байпаңдап,шоқиды.

Билингвалды компонент

Әтеш-петух,құс-птица,үйрек-утка.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Қолында бірнеше үй құстарының суреттері бар Негешбектің суретін көрсету.Балалармен амандасады.

Балаларға үй құстарының суреттерін көрсетеді.

-Мына суреттердегі құстар туралы жоба дайындауым керек,соған ақпарат жинап жүрмін.

Балаларға Негешбекке көмектесуді ұсыну.

Негешбекпен амандасады.

 

 

 

Негешбекті тыңдайды.

 

 

 

Негешбекке көмектесуге келіседі.

Ұйымдастыру-

іздестіру

«Қай құстың дауысы?» ойыны

Балаларды «Тіл орталығына» шақырып,үй құстарының дауыстарын тыңдату.Қай құстың дауысы екенін анықтау.

Сөздік жұмысы: «қайқаңдап,байпаңдап,шоқиды» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Құстар ауласында» дидактикалық жаттығуы

Құстардың үйшіктері мен қонақтайтын астаулары жасалған.Құстардың үйшіктеріне назарларын аударту.

-Мына үйшіктерде қандай құстардың тұратынын анықтап көрейік.

1-үйшік

Бірінші үйшікке жақындап,құстарды шошытып алмау үшін есікті жайлап жабатынын ескертіп айту: түк-түк-түк.

Тауықтың даусы шығады.Тауықтың даусын бірге айтқызу.

«Дұрыс орналастыр» дидактикалық жаттығуы

Үстелде дайындалған тауықтардың суреттерін ұсынып,үйшікке орналастыруын сұрау.

2-үйшік

Балаларды екінші үйшікке жақындатып,жұмбақ шешкізу:

Шашы жоқ,Тарағы бар.

Егіні жоқ,орағы бар.      (Әтеш)

Әтештің суретін көрсетіп,қалай дауыстайтынын айту (таспаны қосып тыңдату).

Сергіту сәті

Тауықпен әтештің жемді қалай шоқитынын көрсетуді ұсыну.

Динамикалық үзіліс

Үнтаспа қосылып, «Шөжелерім» атты әнге қимыл жасау.

3-үйшік

Ұйқасын тап

Кеудесі қайқаңдап,өзі мәз,

Жүреді байпаңдап .....        (қаз)

 

Маңайын толған көрек,

Суда жүзеді ........    (үйрек)

-Негешбек,міне,барлық құстарды үйшіктеріне орналастырдық.

Негешбек:

-Рахмет,балалар,мен енді жобамды тез құрастырып,жаза аламын.

Негешбек қоштасып кетеді.

 

 

 

Тыңдайды,жауаптарын айтады.

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

 

Құстардың ауласын тамашалайды.

 

 

 

Бәрі бірге ақырын «түк-түк-түк» деп дыбыстап,қолдарымен парта бетін тықылдатады.

Қайталайды: «Қыт-қыт-қыт».

 

Тауықты үйшікке орналастырады.

 

 

 

Жұмбақты шешеді

 

 

 

Әтештің даусын салады,суретін алып,үйшікке орналастырады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

 

Ойланып жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негешбекпен қоштасады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қоя отырып,тақырыпты қорыту.Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Сұрақтарға жауап береді,құстардың дауыстарын қайталап,салады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

«К,Қ,Г» дыбыстары кездесетін сөздерді дұрыс айтуды.

Нені игереді

Дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуді.

 

Нені біледі

Үй құстарын дауыстарынан танып,ажыратуды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                         Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 10 технологиялық картасы

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Дала құстары

Мақсаты

·         Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып сөйлеуге үйрету;

·         Құстарды қорғай білуге тәрбиелеу;

·         Балалардың есту қабілеттері мен зейіндерін дамыту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Кірпі,қарға,торғай,сауысқанның суреттері,доп.

Сөздік жұмысы

Жалпылдап,қарқылдақ,шықылықтап.

Билингвалды компонент

Кірпі-ежик,қарға-ворона,хат-письмо.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Кірпі мен жаутаңнан хат келгенін айтып,оқып беру: «Сәлеметсіңдер ме,балалар! Біздің орман тым-тырыс болып қалды.Құстар көрінбейді,дауыстары естілмейді.Біздің құстар сендер жаққа ұшып кеткен сиакты.Егер келсе бізге хабар беріңдер.

Кірпі мен жаутаң».

Келе жатқанда таңертең қандай құсты көргендерін сұрау.

Суретпен жұмыс

Тақтаға құстардың суреттерін іліп,жұсбақтар жасыру.Әр жұмбақты шешкен сайын сол құстың суретін алып,мольбертке орналастыру.

 

 

 

Хатты тыңдайды.

 

 

 

 

Көрген құстарын естеріне түсіреді.

 

 

Құстардың суреттерін тамашалайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Жұмбақ шешеміз

Бір-ақ уыс көлемім,

Шыбын-шіркей қорегім.

Бау-бақшаны қорғаймын,

Ал атым ше?                    (Торғаймын)

Балаларға торғайды сипаттату,толықтыру: Үнтаспа қосылып даусын тыңдату.

Жұмбақ шешеміз

Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ.          (қарға)

Үнтаспа қосылып,қарғаның даусын тыңдату.

Жаңылтпаш айтамыз

Торғай,торғайды ұнатады,

Торғай,торғайды қуантады.

Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға жарға қонды.

Сөздік жұмысы: «жалпылдап,қарқылдақ,шықылықтап» сөздерінің мағынасын түсіндіру

Сергіту сәті

Торғай,торғай,торғайсың,

Таяу келіп қрнғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Қарғаға біз ұқсайық,

Қане,қанат жасайық.

Қарға сиақты жүрейік,

Жан-жағымызға қарайық.

Жұмбақ шешеміз

Ала шапан кигені,

Сескенгіш болған соң.

Шықылықтап жүргені.        (сауысқан)

Суретпен жұмыс

Сауысқанның суретін көрсетіп талдау.Басқа құстарға ұқсайтын,ұқсамайтын жағын айтып,салыстырту,толықтыру.

«Қайсысы қалай дауыстайды?» дидактикалық ойыны

Қарғаның балапанының суретін қою:

-Қарғаның кішкентай балапаны болды.Анасы оны ән айтуға үйретті.Қарға әнді дауысын қаттышығарып айтты: «ҚАР-ҚАР».

-Балапан дауысын ақырын шығарып: «қар-қар» деп ән айтты.

Балапанның суретін басқа жаққа қою:

-Балапан өсіп,ұшып кетті,анасы балапанын дауыстап шақырады: «ҚАР-ҚАР».

-Қарғаның балапаны анасының дауысын естіп,дауысын ақырын шығарып, «қар-қар» деп ұшып келеді.Анасы қатты қуанып,қалай дауыстайды?

 

 

Жұмбақты шешеді.

 

 

Торғайды сипаттап,даусын тыңдайды.

 

 

Жұмбақты шешіп,қарғаны сипаттайды.

 

 

Жаңылтпашты қайталап,есте сақтайды.

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

 

Тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

Жұмбақты шешеді.

 

 

Сауысқанды басқа құстармен салыстырады.

 

 

 

 

 

Анасының даусын қатты,балапанының дауысын ақырын қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

«ҚАР-ҚАР» деп жауап береді.

Рефлексивті-

түзетушілік

«Құстарды қайтарамыз» ойыны

-Құстар біздің топқа сендермен танысу үшін ұшып келіпті.Енді кірпі мен жаутаңға осы құстарды жіберейік.

Құстардың суреттерін атай отырып,ормандағы ағаштарға қондыруды ұсыну.

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Құстарды атап,ағаш макетіне қондырады.

 

 

 

 

Ойланып сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Жаңылтпаштыжаңылмай айтуды.

Нені игереді

Сөйлеу барысында бір сөзді екенші сөзбен байланыстыруды.

Нені біледі

Дала құстарын танып,дауыстарын ажыратуды,салыстыруды.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                           Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 11 технологиялық картасы

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

«Төлдер айтысы» ертегісі

Мақсаты

·         Сөзді тыңдап және оны түсіну,әңгімеге араласып,өзіне қойылған сұрақтарға жауап беруді үйрету;

·         Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға тәрбиелеу;

·         Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Үй жануарлары төлдерінің суреттері,жіп орамасы.

Сөздік жұмысы

Зейін,домалап,жіп орамасы.

Билингвалды компонент

Көз-глаза,бота-верблюжонок,бұзау-теленок.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Психологиялық дайындық жаттығуы

Көздеріміз жан-жаққа қарайды,құлақтарымыз тыңдайды.Зейінді боламыз,апайға қарап,тапсырманы орындаймыз.

 

 

Тәрбиешімен бірге тапсырманы орындайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Үнтаспадан көңілді ән естіліп,үлкен домалақ жіп орамасы домалап кіреді.

-Балалар,мынау не домалап келген?

-Жіп орамасы қандай?

Жіптің шетін алып,балаларға білдіртпей,тақтаға бағыттап домалатып жіберу.

-Балалар,жіп орамасы қайда домалап барады?

Тақтадағы үй жануарларының (бұзау,құлын,лақ,қошақан,бота) суреттеріне назарларын аудару.

Суреттен не көріп тұрғандарын сұрау.

«Не қалай дауыстайды?» дидактикалық ойыны

Балаларға заттық суреттер(үй жануарларының суреттері) тарату.Әр баладан қолында қай жануардың төлі бар екенін,оның енесі қалай аталатынын,қалай дауыстайтынын сұрау.

Суреттегі бұзау,құлын,лақ,қошақан,ботаны бір сөзбен қалай атауға болатынын,оларды неге үй жануары деп атайтынын сұрау,толықтыру:

-Бұл жануарлар адамдардың жанында тіршілік ететіндіктенүй жануарлары деп аталады.

Саусақ ойыны

Сүт бердім ботаға

Шөп бердім бұзауға.

Дән бердім шөжеге,

Су бердім құлынға.

-Балалар,жіп орамасы тағы бір жерге домалап барады.

«Кітап орталығындағы» әдемі,үлкен суретке (бұзау,құлын,лақ,қошақан,бота өзара әңгімелесіп отыр)  назарларын аудару.

-Балалар,төлдер не туралы әңгімелесіп отырғанын білгілерің келе ме?

Ертегі тыңдаймыз

«Төлдер айтысы» ертегісін оқу.Мазмұны бойынша сұрақтар қою.

Сөздік жұмысы:ертегіде кездескен жаңа,қиын сөздерді түсіндіру.

Ертегі қоямыз

Балаларды «Қуыршақ театры» орталығына шақырып,төлдердің әндерін айтқызып,қуыршақтармен қимыл-әрекеттер жасату.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Суретті тамашалайды.

 

Ойланып жауап береді.

 

 

 

 

Жаттығу шартын тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап  береді.

 

 

 

 

 

Саусақтарын бүгіп отырып,сөздерін айтып отырады.

 

 

 

Ойланып, жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Ертегіні тыңдайды.

 

Сөздердің мағынасын түсініп алады.

 

Бірі төлдердің бас киімін,бірі бетпердесін киіп,қимыл-әрекеттер жасайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Төлдерді ажырата білуді,олар туралы әңгіме құрастыруды.

Нені игереді

Ертегінің мазмұнын,жаңа сөздердің мағынасын.

Нені біледі

Ертегі бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                         Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 12 технологиялық картасы

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Т.Бердияровтың «Сұр қоян» өлеңі

Мақсаты

·         Шағын өлеңді жатқа айтуға үйрету;

·         Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап,кейіпкерлердің бейнесін,мінез-құлқын дұрыс жеткізуге тәрбиелеу;

·         Қол мен саусақты жаттықтыруға ойындар мен ойыншықтарды пайдалануға іскерліктерін қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

«Күн шуағы» (макеті),қапшықтағы әртүрлі заттық суреттер.

Сөздік жұмысы

Сыбдырды;ойлы-қырлы;ытқып-ытқып;қиығын сап;томпаңдап.

Билингвалды компонент

Қоян-заяц,түлкі-лиса,мысық-кошка

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Қол ұстасып алайық,

Күлкімізді сыйлайық.

Қошемет те бізге керек,

Күн өтеді керемет!

Күн шуағы макеті келіп,амандасады.Өзін таныстырады.

Күн шуағы  туралы сұрақтар қою:

-Балалар,күн шуағы қандай?

-Күн шуағы не істейді?

Балалардың жауаптарын тыңдап,толықтыру:

-Күн шуағы бізді,жануарларды,өсімдіктерді жылытады,нұрын жан-жаққа шашады,кешке үйіне кіреді,таңертең қайта шығады.

Күн шуағын тақтаның жоғарғы жағына орналастыру.

 

Тәрбиешімен бірге сөздерді айтып отырады.

 

 

 

Күн шуағымен амандасады.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үнтаспа қосылып жылаған дауыс шығады.Балалар ағаш түбінде жылап отырған сұр қоянды (ойыншық) алып көрсетеді.

Қоян туралы сұрақтар қойып,суреттету.

-Қоян көжегін іздеп жүр екен,адасып қалыпты,қоянға көмектесейікші.

Өлең тыңдаймыз

Т.Бердияров «Сұр қоян» өлеңін оқып беру.

Сұр қоян

Ұзын құлақ,сұр қоян,

Естіп қалды сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып  секірді.

Қрап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Сөздік жұмысы: «Сыбдырды;ойлы-қырлы;ытқып-ытқып;қиығын сап;томпаңдап.» сөздерінің мағынасын түсіндіріп,қимылмен көрсету.

«Көңілді тілдің серуені»

Арткуляциялық жаттығуы

«Көңілді тіл таңертең оянып,созылады,терезені кең ашады,ауа райы  қандай екенін көреді.Ол аспанға қарайды,күн жарқырайды (тіл ұшы үстіңгі ерінге  тартылды.)

Ассалаумағалейкум,Күн!

Жерден жап-жасыл шөпті,ағып жатқан өзенді көреді.

Оңға қарады,солға қарады (тіл ұшы кезекпен оңға,солға қарайды),жаттығулар жасауға асықты:төсенішке жатады (жалпақ тіл астыңғы ерінде жатады),құйрығын жоғары қарай көтереді,төмен түсіреді,жоғары-төмен,жоғары-төмен».

Өлең жаттаймыз

Өлеңді қайта айту,балаларға қайталату,өлеңді асықпай,сөздерін анық,жалғауларын толық айтуларын қадағалау.

-Көрдіңдер ме,балалар,Кү ншуағы сендерге қарап күлімдейді.

 

 

Қоянға аяушылық білдіреді.

 

Сұрақтарға жауап береді.

Қоянға көмектесуге келіседі.

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

Сөздердің маынасын түсініп алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды анаға қарап жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді қайталап айтып,жаттап алады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Кішкентай сұр көжекті қоянның қасына қою.

-Міне,қоянның көжегі табылды.Қоянның анасы қуанады,күн шуағыда қуанады,біз де қуанышымызды білдіріп,бір-бірімізге қарап күлімдейік.

-Сұр қоян мен көжегі шаршады,олар орманға қайтады,-деп,ойыншықтарды басқа бөлмеге апарып қою.

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту:

-Бүгін біздің топқа қандай жануарлар келді?

-Қандай жануар туралы өлең жаттадық?

-Қоян қандай?

Балалардымадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

 

 

 

 

Сұқ қоян үшін қуанып,онымен қоштасады.

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Шығарманың мазмұнын тыңдап,түсініп,есте сақтап,айтуды.

Нені игереді

Шығарманы жаттау барысында дауыс ырғағын қадағалап,кейіпкерлердің бейнесін,мінез-құлқын дұрыс беруді.

Нені біледі

Шығармадағы сөздерді анық айтуды және сөйлеу қарқынын өзгертуді.

 

 

 

                                                                                                        Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 13 технологиялық картасы

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Серуенге дайындық

Мақсаты

·         Сөз дыбыстарын дұрыс айтуға,сөйлеу мүшелерін дұрыс қолдана білуге үйрету;

·         Балаларды жыл мезгіліне сай киінуге тәрбиелеу;

·         3-4 сөйлемдік әңгіме құрап айтуға үйрету.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Алмас пен Азиза қуыршақтары,қыс туралы суреттер

Сөздік жұмысы

Өрнек сызып,үлпілдек,сықырлап.

Билингвалды компонент

Қар-снег,өзен-река,қыс-зима.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Алмас пен Азиза қуыршақ суреттер немесе қуыршақ топқа келеді қолдарында үлкен сурет бар.Балалармен амандасады.

Қуыршақтардың қолдарындағы суретті алып,тақтаға ілу.

-Алмас пен Азиза далаға шықпағандықтан бұл суреттегі қай жыл мезгілі екенін,бұл мезгілде қалай киініп жүру керектігін білмейді екен.Келіңдер,біз айтып берейік.

Жұмбақ шешеміз

Аяз қысып өрнек сызып,

Ағаштары қар жамылып,

Өзендер мұз боп қатады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай мезгілде болады?    (Қыста)

 

Қуыршақтармен амандасады.

 

 

 

 

 

Суретті тамашалап,тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

 

Жұмбақты шешеді.

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық сәт

«Тон мен пальто құрастыру» дидактикалық ойыны

Балаларға киім бөліктерін беріп,түстері бірдей киімдерді құрастыруды ұсыну.

Суретпен жұмыс

Қыс мезгілі бейнеленген суретті көрсетіп,үнтаспадан боран мен аяз даусын сықырлатып басқан дыбысты тыңдату.Қыс мезгіліндегі ауа райы туралы сұрақтар қою.

Сөздік жұмысы: «өрнек сызып,үлпілдек,сықырлап» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Қуыршақтарды киіндіреміз» дидактикалық ойыны

Қуыршақтардың жылы киімдерін алып шығып,балаларға киіндіруді ұсыну.

Ішік,пима,қолғап бар,

Арада жоқ тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз алақай.

Дыбыстық жаттығуы

Ді-ді-ді- сөзің болсын мәнді,

Ді-ді-ді- киімің болсын сәнді.

 

 

Киімдерді құрастырады,атайды,түстерін айтады.

 

 

 

Суреттер бойынша жауап береді.

 

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

 

Қуыршақтарды кезегімен киіндіреді.Өлеңді қайталайды,есте сақтайды.

 

 

 

Дыбыстық жаттығуды айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қалың киінген Алмас пен Азиза қуыршақтары қуанып,балалармен бірге серуенге шығады.Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы сурет бойынша әңгіме құрастыруды.

Нені игереді

Ұқыпты киінуді;сөйлеу барысында анықтауыш және синоним сөздерін қолдануды.

Нені біледі

2-3 сөйлемнен тұратынәңгіме құрастырады.

 

 

 

 

Өткізген тәрбиеші:                                                Есенаманова Ақ тоты Жоламановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                       

                                                                                                         Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

                           Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 14 технологиялық картасы                         

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Е.Елубаевтің «Мемлекеттік ту» өлеңі

Мақсаты

·         Балаларға ту туралы үзінді жатқа айтуға үйрету;

·         Туға құрметпен қарауға тәрбиелеу;

·         Тілдегі барлық дауысты,дауыссыз дыбыстарды таза,анық айтуды,ту туралы әңгіме құрастыруға дағдыландыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

«Менің Отаным - Қазақстан» көгілдір түсті,сары күн бейнеленген макет.

Сөздік жұмысы

Желбіреп,көз тартады құбыла,елжіреп.

Билингвалды компонент

Ту-флаг,мереке-праздник,күн-солнце.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жұмбақ шешеміз.

Түсі көк,

Биікте желбірейді.     (Ту)

 

Жұмбақты шешеді.

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

Дыбыс жаттығуы

Кө-кө-кө-көк

Кө-кө-кө-көгілдір,

Үн-үн-үн-күн

Нек-нек-нек-өрнек

Суретпен жұмыс

Тудың суретін көрсетіп,сұрақтар қою:

-Біздің Республикамыз қалай аталады? Қазақстанның Елбасы кім?

Туымыздың түсі қандай? Ортасында не орналасқан? Күн астында не бейнеленген? Шетінде не бар?

Балалардың жауаптарын тыңдап,толықтыру:

Өлең тыңдаймыз

Е.Елубаевтың «Мемлекеттік ту» өлеңін оқып беру.

Өлеңді қайталап оқып,мазмұны бойынша сұрақтар қою.

Сөздік жұмысы: «желбіреп,көз тартады құбыла,елжіреп» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

Сергіту сәті

Қане,балалар,тұрамыз,

Үлкен шеңбер құрамыз.

Қолды алға созамыз,

Отырып,бір тұрамыз.

Оңға,оңға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды қарайық.

«Шынжыр» дидактикалық ойыны

Өлеңді дауыс ырғағын өзгертіп (ақырын,ақырында,тым ақырын,тез) оқу.Бір шумағын балалармен бірге айту.

 

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық,таза айтады.

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Өлең жолдарын тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

 

Жаңа сөздердің маынасын түсінеді.

 

 

 

 

Қимылдарды қайталайды,сөздерді айтады.

 

 

 

 

 

 

Өлеңді жаттайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

«Текшелер» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Өлең мазмұнын естеріне түсіріп,қайталайды.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Ту туралы өлеңді жатқа айтуды.

Нені игереді

Дауысты,дауыссыз дыбыстарды таза,анық айтуды.

Нені біледі

Байланыстырып сөйлеуді,әңгіме құрастыруды.

 

 

 

 

Өткізген тәрбиеші:                                                Есенаманова Ақ тоты Жоламановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                          Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

                           Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 15 технологиялық картасы                         

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Айсұлу адасып кетті

Мақсаты

·         «А», «У» дыбыстарын нақты созылыңқы айтуға үйрету;

·         Дұрыс дыбыстауға тәрбиелеу;

·         Дыбыстардың дұрыс айтылу артикуляцияларын игеруді қамтамасыз ету.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Айсұлу қуыршағы,тауық,қаз,балапан,бұзау,

Сөздік жұмысы

Дауылпаз,сыбызғы,жапалақтап.

Билингвалды компонент

Сиыр-корова,көкек-кукушка,жел-ветер.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларға хатты көрсету.

-Бізге атай мен әжейден хат келді.Олардың немере қызы орманға барып,адасып кетіпті.

-Балалар,бүгін біз сендермен Айсұлуды іздеуге орманға барамыз.

 

Тәрбиешіні тыңдайды.

Айсұлуды іздеуге келіседі.

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

Тіл ұстарту жаттығулары

  • Айсұлу адасып кетті,орманда жел соқты: у-у-у.

-Балалар біз әндеткенді өте жақсы көреміз ғой.Ерінді кішкене ашып,алға созу қажет.Қане,желдің қалай соққанын бірге көрсетейік.

  • Ағаштар шайқалады: у-у-у.

Балалар қолдарын бастарынан асырып сермейді және дыбысты созып айтады.

  • Қасқыр ұлып жатыр,қандай қорқынышты; у-у-у;ал бөлтірік ұлуды білмейді,ол ақырын,қысқа,жіңішке дауыспен ұлиды,міне,былай «у». Енесі оны ұлуға үйретті: у-у-у.
  • Айсұлу қасқырлардың ұлығанын естіп,одан бетер қорықты.Айсұлуды құтқару керек! Оны шақырайық: «Ау-у-у-!»
  • Айсұлу естімей жатыр,қаттырақ шақырайық: «Ау-у-у!»

-Айсұлу бізді естіп жүгіріп келді,енді орманға жалғыз бармайтын болды,-деп,қуыршақ Айсұлуды  көрсету.

Сөздік жұмысы: «дауылпаз,сыбызғы,жапалақтап» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Бірге қайтала» ойыны

Балаларға «а», «у» дыбыстарын сөздерде,буындарда таза,анық айтқызу: гу,му,ну,ух.Буындарды қайталату.

Суретпен жұмыс

«Таңғажайып орман» суретін көрсетіп,сұрақтар қою:

-Суретте қандай жыл мезгілі берілген?

-Суретке қараңдаршы,орман қандай қалың.Адасып кетуге болады.Ал сендер үйлеріңнің мекен-жайын білесіңдер ме?

-Егер адасып кетсеңдер,аты-жөндеріңді айта аласыңдар ма?

«Бұл не зат?» дидактикалық ойыны

Балаларға ішіне сыйлық салынған қоржынды көрсету.

-Балалар,Айсұлуды құтқарғандарың ата-әжесі сендерге қоржынмен сыйлық жіберіпті,қане оның ішінде не бар екенін көрейік.

Қоржындағы заттарды біртіндеп шығарып,атын атауды ұсыну.

 

 

 

 

Дыбыстарды анық,таза айтады.

 

 

 

 

Қасқыр мен бөлтіріктің дыбыстарын әртүрлі етіп салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дыбыстарды анық,таза айтады.

 

 

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

Буындарды қайталап айтады.

 

 

 

Суретке қарап,сұрақтарға жауап береді.

 

 

Аты-жөндерін,мекен –жайларын айтады.

 

 

 

 

 

 

Қоржыннан ойыншық заттарды алып шығып,пішінін,түсін айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

«Текшелер» әдісін пайдаланып,қорытындылау.Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Текшеде бейнеленген белгілерді атайды.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Сөйлеу барысында дауысты,дауыссыз дыбыстарды дұрыс,анық айтуды.

Нені игереді

Анық сөйлеуді.

Нені біледі

«а», «у» дыбыстарын созылыңқы айтуды.

 

 

 

 

Өткізген тәрбиеші:                                                Есенаманова Ақ тоты Жоламановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                          Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2015  жыл

                           Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 16 технологиялық картасы                         

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Е.Өтетілеуұлының «Шырша» өлеңі

Мақсаты

·         Жаңа сөздердің мағынасын түсініп,оны дұрыс қолдана білуге үйрету;

·         Тақпақ жаттауға тәрбиелеу;

·         Жаңа тақпақ жолдарының мағынасын түсіндіру;есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Шырша суреттері мен карточкалар,жаңа жыл мерекесі,аязата,ақшақардың суреттері

Сөздік жұмысы

Мереке,шырша,Аязата

Билингвалды компонент

Сыйлық-подарка,елка-шырша,,жылан-змея

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жұмбақ жасыру.

Өзі жасыл,тікенектері бар,әдемі,ол не?                       

                                                     (Шырша)

-Бізде әдемі шырша бар.Біз оны жаңа жыл мерекесіне арнап әшекейледік,ол біздің топты безендіріп тұрады.Біз оның қасында өлеңдер айтып,би билейміз.Сен жаңа жыл мерекесіне кімнің келетінін білесің бе?

Жұмбақ шешеміз

Ақсақалды шал жылына,

Бір рет келіп кетеді.

Қызы мен ұлына,

Сыйлық алып келеді.

Ол кім балалар?             (Аяз ата)

 

Жұмбақты шешеді.

 

 

 

Тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

Жұмбақты шешеді.

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

Өлең тыңдаймыз

Е.Өтетілеуұлының «Шырша» өлеңін оқып беру.

Суретпен жұмыс

«Қара да, айт» суреті бойынша әңгіме құрастыртады.Сұрақтар қояды:

-Шырша қайда өседі?

-Шырша қайда тұр?

-Біз шыршаға қандай сөздер айтамыз?

-Шыршаны кесуге бола ма?

Сөздік жұмысы: «тауда,қуант,таңырқат,жарқырат» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Қатырмақ» ойыны

Көңілді әуен ойналады.Аяз ата таяғын балалардың қолына тигізуге тырысады,қай баланың қолы тисе,сол жұмбақ,өлең айтады.

Дыбыстық жаттығуы

Ша-ша-ша ортада тұр шырша,

Қар-қар-қар ақ Ақшақар,

Ді-ді-ді сыйлық әкелді.

Өлең жаттаймыз

-Кім жақсы айтса,соған Аяз атаның дорбасынан сыйлық беріледі.

Тасбақаға ұқсап,ақырын айт,жыланша созып айт,қоян сияқты шапшаң айт.

Саусақ жаттығуы

Жарма ұнтағына саусақпен шырша  ойыншықтарының суретін салғызу.

 

Өлеңді мұқият тыңдайды.

 

 

 

Суретке қарап,сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

Қолдарын алға созып,шеңберге тұрады,ойнайды.

 

 

Дыбыс жаттығуын қайталайды.

 

Өлеңді есте сақтайды,әртүрлі қарқында айтады.

Жақсы айтқан балалар сыйлық алады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту.Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Сурет бойынша сұрақтарға жауап бере білуді.

Нені игереді

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп,оны дұрыс қолдана білуді.

Нені біледі

Өлеңді жатқа айтуды.

 

 

 

 

Өткізген тәрбиеші:                                                Есенаманова Ақ тоты Жоламановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                          Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2016  жыл

                           Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 18 технологиялық картасы                         

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Қуыршаққа шай берейік

Мақсаты

·         Бөлмедегі заттарды сипаттау кезінде үйренген сөздерді қолдану,сөздік қорларын молайту;

·         Ыдыс-аяқ түрлерін,дұрыс атауларын;олардың не үшін қажеттігін білуге тәрбиелеу;

·         Үйренген сөздерді дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Дильназ қуыршағы,ыдыстар,суреттер,заттық суреттер

Сөздік жұмысы

Жуан,шыныаяқ,тосап.

Билингвалды компонент

Қуыршақ-кукла,ыдыс-аяқ-посуда,кесе-пиала.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балалардың назарын үш қуыршаққа аударып,оларды қонаққа шақырғанын айтады,шай беруді ұсынады.

 

Қуыршақтарды тамашалайды.

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

«Қуыршақтарға шай берейік» дид ойыны

Ойыншық үстел мен үш орындық қою.Жетелеуші сұрақтар қойып,ыдыстарды үш-үштен қойғызу.

-Бізге үш қуыршақ келді,ендеше неше қасық,кесе,тосапқа құмыра қоямыз?

-Қанша шәйнек керек?

-Қанша кесе керек? Т.б.

«Қандай тосап ұнайды» дид ойыны

Сыпайы сөздерді қолдану керектігін ескерту.Қуыршақтарды дастарханға шақыру.Қай қуыршақтың қай тосапты ұнататынын айтып тұру.Балалардың қуыршақтарға тосаптарды мәдениеттілікпен ұсынуларын қадағалау.

Сөздік жұмысы: «жуан,шыныаяқ,тосап» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Кесеге қасығын апар» дид ойыны

Шайға арналған ыдыстарды үлкен табақшаға салуды,қасықтар мен кеселерді бөлек қоюды тапсыру.

Тыныс алу жаттығуы

Сәлем,мен шәйнекпін,

Өзім үлкен,жуанмын.

Міне,менің қолым,

Міне,менің мұрным.

Шай қайнады,Пф-пф-пф,

Енді оны құямын.

Тіл ұстарту жаттығуы

Іс-іс-іс-піс,қазаным піс,

Ыс-ыс-ыс-ыдыстарды жуыс.

Қайталатып айтқызу.

 

Үстел мен орындықтарды қоюға көмектеседі,ыдыстарды атайды.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Қуыршақтарды дастархан басына шақырады,сыпайы сөздерді қолдана отырып,тосаппен сыйлайды.

 

 

 

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

 

Қимыл арқылы көрсетеді.

 

 

 

Тыныс алу жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

 

Қайталап айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту:

-Бүгін біз не туралы әңгімелестік?

-Бізге кім келді?

Дильназ қуыршақ ризашылығын білдіреді.Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Ыдыс-аяқ түрлерінің дұрыс атауларын,олардың не үшін қажеттігін.

Нені игереді

Бөлмедегі заттарды сипаттап,үйренген сөздерді дұрыс қолдануды.

Нені біледі

Сөздерді көпше түрінде айтуды.

 

 

 

 

Өткізген тәрбиеші:                                                Есенаманова Ақ тоты Жоламановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                          Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2016  жыл

                           Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 19 технологиялық картасы                         

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Әмина киім дүкенінде

Мақсаты

·         Сөздік қорларын молайту (жейде,шалбар,тон,бөкебай,көйлек пен жейденің жеңі,жағасы,түймелері);

·         Ертегіні оқу және мазмұндау;сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуға тәрбиелеу;

·         Жаңылтпаш жолдарын түсініп жаттау,жатқа айтуға дағдыландыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Киім үлгілері,суреттері

Сөздік жұмысы

Ине,жайқалып тұр айналаң.

Билингвалды компонент

Киім-одежда,айна-зеркало,шаш-волос

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларды қуыршақ Әминамен таныстыру.Әминаның қонаққа киіп баратын әдемі көйлегі болмағандықтан ренжулі екенін айту.

Әминаны киім дүкеніне апарып,киіндіруді ұсыну.

 

Әмина қуыршақты тамашалайды.

 

 

Әминаны киіндіруге келіседі.

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

«Дүкенде» дид ойыны

Киімдердің суреттерін іліп,сұрақтар қоя отырып,атын,түсін айтқызу,сипаттату.

Сөздік жұмысы: «ине,жайқалып тұр айналаң» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

«Ұзын-қысқа» дид ойыны

Ұзын қысқа көйлектерді көрсетіп айтқызу.

Жаңылтпаш жаттату

Ақ көйлек,көк көйлек,көп көйлек.

Баяу,жылдам,өте жылдам,тез,созып,әндетіп айтқызу.

«Түрлі түсті бояулар» дид ойыны

Түрлі түсті бәтеңкелердің суреттеріне назарларын аударту.Қандай түстерді көріп тұрғандарын сұрау.

Сергіту сәті

Балаларды орнынан тұрғызып,өлеңді бірге айтқызу,қимылдар жасату.

Қояным,тұршы,

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Әдемі көйлек киші.

Тіл ұстарту жаттығуы

Аң-аң-аң,

Үстің болды шаң,

Атып қапты таң,

Жайқалып тұр айналаң.

«Қуыршақтарды киіндір» дид ойыны

Балаларды екі қуыршақ пен олардың киімдерін беріп,киіндіруге тапсырма беру.Бұл заттарды бір сөзбен қалай айтуға болатынын сұрау.

Киімдерді атайды.

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

Антоним сөздерді айтуға үйренеді.

 

 

Жаңылтпашты жаттайды,қайталап айтады,тілдерін дамытады.

 

 

 

Баулардың түстерін атайды.

 

 

 

Сөздерін қайталап,қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

Қайталап айтады.

 

 

 

 

Қуыршақтарды киіндіреді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Киім бөліктерінің атауларын дұрыс айтып,ажырата білуді.

Нені игереді

Антоним,синоним сөздерді қолдануды.

Нені біледі

Жаңылтпашты шатаспай айтуды.

 

 

 

 

Өткізген тәрбиеші:                                                Есенаманова Ақ тоты Жоламановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                          Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2016  жыл

                           Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 25 технологиялық картасы                         

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

«Анамызға не сыйлаймыз?» өлеңі

Мақсаты

·         Анаға деген құрмет сезімдері  мен ықыластарын білдіруге үйрету;

·         Балалардың тілдерін жаттықтыруға тәрбиелеу;

·         Өлең шумағын тыңдап және оны түсіну;қойылған сұрақтарға жауап беругедағдыландыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Қуыршақ Айша,көктем мезгілінің суреттері,түрлі түсті гүлдер.

Сөздік жұмысы

Гүл шоғы,ханқызы,көлегейлеп.

Билингвалды компонент

Гүл-цветок,ана-мама,мереке-праздник.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Қуыршақ Айша келеді.Балалармен амандасып,қандай мерекенің келе жатқанын сұрайды.

 

Қуыршақпен амандасады.

 

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

Суретпен жұмыс

Анасына гүл шоғын ұсынып тұрған балалардың суретін көрсету.

-Мереке кезінде балалар аналарына әдемі гүлдер сыйлайды.Гүлдерді баптап,күтіп өсіреді.Әдемі болып өскен гүлдерді адамдардың бәрі жақсы көреді.

Сөздік жұмысы: «гүл шоғы,қанқығы,

көлегейлеп» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

Тыныс алу жаттығуы

Гүлдерді көрсетіп,терең тыныс алғызып,иіскету.Гүлге ұшып келген ара мен қанқыз туралы айту:

-Олар гүлге келгенде онымен амандасады.Тыңдаңдаршы,ара гүл туралы не айтады екен.

З-з-з-з- әдемі гүлді көріңіз.

Ал,қанқыз болса:

Ж-ж-ж-ж-ж-

Гүлді бекер жұлмаймыз!

Сергіту сәті

Қызыл-жасыл гүлдерді,

Көре бергім келеді.

Бір отырып,бір тұрып,

Тере бергім келеді.

«Басқаша айт» сөздік ойыны

Ата-әжелер,ата-аналарының өздерін қалай еркелететінін сұрау.Аналарын ерекше жылылықпен қалай атауға болатынын сұрау (анашым,т.б.)

 

 

 

 

Гүлдерді құшырлана иіскейді.

 

 

 

 

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

 

 

 

«з»  және «ж» дыбысын айтып үйренеді.

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің іс-қимылын қайталайды.

 

 

Өздерін аналары қалай атайтынын (ботақан,құлыншағым,қозым,

еркетайым,т.б.).

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту:

-Қандай мереке келе жатыр?

-Анамызға не сыйлаймыз?

-Анамызды қалай еркелетеміз?

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Аналар мерекесі туралы.

Нені игереді

Сурет пен сөз арасына байланыс орнатуды.

Нені біледі

Сөйлеу барысында сөздерді өзгертіп айтуды.

 

 

 

 

Өткізген тәрбиеші:                                                Есенаманова Ақ тоты Жоламановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                          Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2016  жыл

                           Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 26 технологиялық картасы                         

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Б.Серікбаевтің «Көктем келді» өлеңі

Мақсаты

·         Көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы мағлұмат бере отырып,сөздік қорларын молайту;

·         Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу;

·         Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға үйрету;сурет пен сөз арасында байланыс орнату машығын игеруге дағдыландыру;2-3 сөзден тұратын сөйлемдер құру іскерліктерін қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Көктем суреттері,бәйшешектер мен қызғалдақтар,жаңбырлы күннің суреті.

Сөздік жұмысы

Жарқырады,еріп кетті мұздың өзі.

Билингвалды компонент

Мұз-лед,аспан-небо,көктем-весна

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жұмбақ шешеміз

Жарқырады күннің көзі,

Еріп кетті мұздың өзі.

Бақтар гүлге толады,

Бұл қай кезде болады?    (Көктем)

 

Жұмбақтың шешуін табады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

Дыбыс жаттығуы

-Балалар,көктемде далада не пайда болады?

-Аралар қандай дыбыс шығарып ұшады?

-Қоңыздар қандай дыбыс шығарып ұшады?

Балалардың жауаптарын толықтыру:

-Көктем келгенде  адамдар да,жануарлар да,тіпті жәндіктер мен өсімдіктер қуанады.

Сөздік жұмысы: «жарқырады,еріп кетті мұздың өзі» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

Сергіту сәті

-Балалар,көктемгі жаңбырды жаудырайық. «Жаңбыр басында ақырын-ақырын жауды (саусақтарымен үстелдің бетін ақырын соққылайды).

Барған сайын күшейді (тез-тез және қаттырақ соққылайды).

Найзағай ойнап,күн күркүреді (алақандарын соғады,аяқтарын тарсылдатады)».

Өлең тыңдаймыз

Сурет бойынша «Көктем келді» өлеңін оқып беру.

Балаларға қайталатып айтқызу.

«Не өзгерді?» дид ойыны

Балалар көздерін жұмғанда,тақтадағы көктем мезгіліне тән суреттердің орнын ауыстырып қояды да, «Не өзгерді?» деп сұрайды.

 

Қоңыздар мен аралардың дыбыстарын салады.

 

 

 

 

Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

 

Жаңбырдың жауғанын қимылмен келтіреді.

 

 

 

 

 

 

Өлең сөздерін тыңдайды,суреттерді қарайды.

 

 

 

 

Қандай суреттердің  орны ауысқанын табады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту:

-Көктем келгенде не жауады?

-Жаңбыр жауарда аспанда қандай өзгеріс болады?

-Бұлақтыңсуы көктемде қалай ағады?

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Ойларын дұрыс жеткізуді.

Нені игереді

Сурет пен сөз арасына байланыс орнатуды.

Нені біледі

2-3 сөзден тұратын сөйлемдер құрауды.

 

 

 

 

Өткізген тәрбиеші:                                                Есенаманова Ақ тоты Жоламановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                          Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2016  жыл

                           Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 27 технологиялық картасы                         

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Қонақтарға шай берейік (байланыстырып сөйлеу)

Мақсаты

·         Наурыз мейрамында болатын әрекеттерді атай білуге үйрету;тағамға қатысты антоним сөздерді дұрыс атап беруге үйрету; «з» және «ж» дыбыстарын сөз ішінде анық айтуға дағдыландыру.

·         Үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу;

·         Ұлттық салт-дәстүрмен таныстыра отырып,балалардың сөздік қорын молайту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Жыл басы,ұлыстың ұлы күні суреттері.

Сөздік жұмысы

Көзі,сәнді киім,наурыз мейрамы.

Билингвалды компонент

Қонақ-гость,кесе-пиала,жаңбыр-дождь

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларды наурыз мерекесімен құттықтауға атай мен әжей қонаққа келеді. (Қуыршақтар)

Қонақтармен амандасады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

Жаңылтпаш айтамыз.

-Атай мен әжейдің ауылында барлық адамдар мерекеге дайындалып жатыр.Кішкентай балалар қызықты жаңылтпаштар айтып,сөз жарыстырып ойнайды екен.Біз де айтып көрейікші:

Толтырып кесені,

Құйыпты көжені.

Көрем деп кесені,

Төгіпті көжені.

Сөздік жұмысы: «көзе,сәнді киім,наурыз мейрамы» деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Сергіту сәті

Көше бойын бойлаймыз,

Қол ұстасып ойнаймыз.

Жаңбыр жауса білеміз

Үйге жылдам кіреміз.

Сурет бойынша әңгіме

Атай мен әжей ауылдағы Наурыз мерекесінің суретін алып келгенін айтып,тәрбиешіге береді.Суретті іліп,сұрақтар қою:

-Суретте кімдер бар?

-Олар не істеп жатыр?

-Атаның басында қандай киімі бар?

-Қыздар қандай киім киген?

Балалардың жауаптарын тыңдап,толықтыру:

-Наурыз мейрамы күні барлық адамдар таза,әдемі және сәнді киімдерін киеді.

«Не,қандай?» дид ойыны

Тағамдардың,жеміс-жидектердің атауын атап,оның дәмінің,түсінің қандай екенін сұрау.Балалардың «қышқыл,дәмді» сөздерін қолданулары үшін,дәмі әртүрлі тағамдарды атау.

 

 

Жаңылтпашты қайталап айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын қайталап айтады.

 

 

Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.

 

 

 

Суретті тамашалайды,сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

 

 

 

Тәрбиеші атаған тағамдардың,жеміс-жидектердің дәмі,түсі туралы айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Наурыз мейрамында болатын әрекеттерді атауды.

Нені игереді

Тағамға қатысты антоним сөздерді.

Нені біледі

«з» және «ж» дыбыстарын сөз ішінде анық айтуға.

 

 

 

 

Өткізген тәрбиеші:                                                Есенаманова Ақ тоты Жоламановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                         Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2016  жыл

                           Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 28 технологиялық картасы                         

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Күнмен бірге саяхат (тілдің грамматикалық құрылысы)

Мақсаты

·         Ағаштар туралы білімін бекіте отырып,сөздік қорын молайту;

·         Достыққа тәрбиелеу;

·         Сұрақтарға жауап беруге үйрету;зат есімнің көптік жалғауларын меңгерту;көктем мезгіліндегі күннің ерекшелігі туралы білімдерін бекіту.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Күннің күліп тұрған бетпердесі,көктем суреті,құстар мен жануарлар,жәндіктердің суреттері немесе ойыншықтар

Сөздік жұмысы

Аспан,алқызыл,көпір

Билингвалды компонент

Күн-солнце,көпір-мост,алтын-золото

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Күннің суретін ұстап ішке кіру.

-Балалар,мен көктем күнімін.Өзіммен бірге күлкі,қуаныш ала келдім.Сендермен бөліскім келеді.Қане,бір-бірімізге қарап күлейікші.

Көктемгі күнмен бірге саяхаттайтындарын айтады.Күн аспанда,биікте тұратындықтан әлемдегі барлық қызықты көріп тұратынын,өздерін қызықты жерлерге апаратынын айтады.

 

 

Бір-біріне қарап күлімдейді.

 

 

 

 

 

 

Күннің айтқандарын тыңдап,бірге саяхаттауға келіседі.

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

«Паровоз» ойыны

Балаларға көктем күні туралы сөздер айтып,паровозға отыруды ұсыну.

-Ал,дайын болсақ паровозды жүргіземіз У-У-У-У.

Балаларды тізбектеп жүргізе отырып,орман бейнеленген жерге алып келу.

Балаларға ағаштардың суреттерін тарату.

-Бұл – орман.Мұнда неше түрлі ағаштар өседі.Қараңдаршы,олар қазір қандай болып тұр? Қандай ағаштарды көріп тұрсыңдар?

Сөздік жұмысы: «аспан,алқызыл,

көпір» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.бар?

 «Сенде не бар?» дид ойыны

Қолдарындағы сурет бойынша сұрақтар қою:

-Менде қайың бар,ал сенде не бар? Ойынды осылайша жалғастыру.

Сергіту сәті

-Балалар,мен аспанға көтеріліп кетпей,сендердің жандарыңда жүру үшін сендер мені өздеріңе шақырып отырыңдар. «Күнді шақыру» ойыны

Ойын шапалақтау арқылы ойналады.

Жарық күнім,киінші,

Алтын күнім,көрінші.

Алқызыл көйлек жарасар,

Бізге шаттық күн сыйлар!

-Міне,енді мен сендермен бірге ұзағырақ боламын.

Күн қыдырып жүргенде көптеген оқиғаларды көретінін,жануарлар мен өсімдіктерге көмектесетінін айтады.Балаларды өсімдіктер мен жануарларға көмектесуге шақыру.

Шығармашылық сәт

«Көпір» дид ойыны

Аңдар мен құстар,өзен бейнеленген үлкен суретті тақтаға ілу.

-Мына құстар мен жануарлар,жәндіктер өзеннен қалай өтерін білмей тұр.Қане,оларға көмектесіп жіберейік.

Суреттегі өзенге геометриялық фигураларды қойғызып,көпір жасату.

 

 

 

Көктем күні туралы сөздер айтады: жылы,ыстық, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

 

Ойынға белсене қатысады.

 

 

 

 

 

 

Алақандарымен шапалақтап соғады,сөздерді қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

Күннің айтқандарын тыңдайды.

 

 

 

 

 

Үлкен суреттегі өзенге геометриялық пішіндерден көпір жасайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорыту:

-Балалар,менімен бірге жүрген сендерге ұнады ма?

-Біз қандай ағаштарды көрдік? Қандай жануарлар мен құстарға көмектестік?

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Сұрақтарға жауап береді.   

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Ағаштар мен құстардың атауын,көктем мезгіліне тән табиғаттағы құбылыстарды.

Нені игереді

Зат есімге көптік жалғау жалғауды.

Нені біледі

Байланыстырып сөйлеуді.

 

 

 

 

Өткізген тәрбиеші:                                                Есенаманова Ақ тоты Жоламановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                         Бекітемін__________________

                                                                                                      Есбол орта мектебінің оқу ісі

                                                                                                             жөніндегі орынбасары А.Хасанова                                                                                                          «__»  _______________ 2016  жыл

                           Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 28 технологиялық картасы                         

Білім саласы

«Қатынас»

Бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Құстар ұшып келеді  (байланыстырып сөйлеу)

Мақсаты

·         Құстар туралы білімін кеңейтіп,байланыстыра сөйлеуге үйрету;

·         Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

·         Ана тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

Құрал-жабдықтар,

көрнекіліктер

Қарға,ағаштар мен көк шөптің макеттері.

Сөздік жұмысы

Қалқып,құшады,талмай.

Билингвалды компонент

Құс-птица,қарға-ворона,қанат-крыло.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Қарға ойын бөлмесіне ұшып кіреді.Балалардан оның қандай құс екенін сұрау.

Шығармашылық сәт

Қарғаның қарны ашып қалған болар деп,оған арнап ермексаздан дән жасап,жемсауытқа  салуды ұсыну.

Қандай құс екенін айтады.

 

 

Ермексаздан үзіп алып,дөңгелетіп,ұсақ дөңгелектерді жемсауытқа салады.

 

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

 

 

 

 

Тіл ұстарту жаттығуы

-Қарғаның ән салғысы келіп тұр.Қане,барлығымыз оған ән салып берейік:

Ға-ға-ға қарға,

Ге-ге-ге неге,

Ға-ға-ға талға,

Қондың ерте.

«Не,қайда?» ойыны

Қарғаның ұялары,құстар салынған суретті көрсету.

-Балалар,мен құстарды көріп тұрған сияқтымын.Ал сендер ше?Қандай құстарды көріп тұрсыңдар? Торғай қандай құс? Ал,қарға ше? Олар қайда отыр?

-Балалар торғай үлкен бе,кішкентай ма?

-Қарға қандай,үлкен бе,кішкентай ма?

Сөздік жұмысы: «қалқып,құшады,

талмай» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

Сергіту жаттығуы

Аспанда қалқып ұшады,

Қанаты көкті құшады.

Өзен үстін айналады,

Қанатын талмай қағады,

Шаршап талға қонады.

«Қарға қалай тамақтанды?»

Қарғаның тамақтанып отырған суретін қолданады.Сұрақтар қояды:

-Қарға не істеп отыр?

Тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

Суреттен көрген құстарды атайды,қайда отырғандарын айтады, «үстінде,астында» сөздерін қолданады.

 

 

 

 

Құстарды салыстырады.

 

 

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

 

 

Қимыл-қозғалыстарды бірге жасайды.

 

 

 

Суретке қарап,қарға туралы сөйлемдер құрап айтады.

Рефлексивті-

түзетушілік

-Жарайсыңдар,қарғаны тамақтандырдық,ол туралы сөйлемдер құрадық,енді ол біздің  саяжайға үнемі келіп тұратын болады.

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтау.

 

Қарғаға арнап не істегендерін естеріне түсіреді.           

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Жыл құстары және қыстайтын құстар туралы ұғымдарды.

Нені игереді

Байланыстырып сөйлеуді.

Нені біледі

3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрауды.

 

 

 

 

Өткізген тәрбиеші:                                                Есенаманова Ақ тоты Жоламановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шағын орталық тобына арналған ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2016 3480
    • DOCX 102.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенаманова Актоты Жоламановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10647
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности культурно-досуговой деятельности с детьми и подростками

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

VUCA-мир и современные тенденции дошкольного образования: чему и как учить детей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе