Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Шағын жинақты мектептің тәртібі

Шағын жинақты мектептің тәртібі


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Шағын жинақты мектепте еңбек тәртібін қадағалаудың

басты қағидалары


Шағын жинақты мектептер – бұл алыс мекендерде орналасқан қазақ ауылдарының ұйтқысы, олардың әлеуметтік-мәдени дамуының өзегі. Елбасының «Ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді» дегені үлкен міндеттер жүктейді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері, ауыл тұрғындарының қалаға көшуі, жастардың ауылда тұрақтамауы шағын мектептер санының көп болуына тіреп отыр. 

Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақты мектептерді дамыту проблемасы басым бағыттардың бірі болып белгіленген.

Еңбек тәртібі -бұл еңбек кодексінде , өзгеде заңдарда, сондай ақ ұжымдық шартта, жұмыс берушінің өзгеде нормативтік актілерінде және қызметкердің еңбек шартында айқындалған барлық қызметкерлердің бағынуы үшін міндетті мінез –құлық ережелері.

Ұйымның еңбек тәртібі ішкі тәртіп ережелерінде айқындалады. Ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесі – бұл жұмыс берушінің нормативтік актісі болып табылады . Ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерінде , сондай ақ қызметкерлердің және жұмыс берушінің құқықтары ,міндеттері мен жауапкершілігі , сондай ақ ұйымның ерекшелігіне және жұмыс жағдайларына қолдануға қажетті басқа да ережелер белгіленеді. Ішкі еңбек тәртіптемесі кез келген уақыттта қызметкерлердің танысуы үшін қол жетімді болуы тиіс.

Прииртышский жалпы орта білім беретін мектебі қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің ережесі:

Осы ереже ҚР Еңбек кодексіне және мектеп-Жарғысына сай құрастылған, қызметкерлер мен әкімшілік ішкі еңбек тәртібін анықтайды және мектеп қызметімен байланысты т.б. сұрақтарды ретке келтіреді.

Ереже еңбек шарты жасалған барлық қызметкерлеріне таратылады.

Қызметкерлердің міндеттері лауазымдық нұсқаулары мен еңбек шартымен анықталады.

Еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жазалар мен қоғамдық шаралар қолданады.

Мақсаты мен міндеттері:

-          Оқушының даму және психологиялық денсаулығын сақтай отырып, мектепте дұрыс жұмыс тәртібін құру;

-          Мектептегі бірін –бірі сыйлау тәртібін қолдау;

-          Қазіргі қоғамда және жеке жауапкершілікке тәрбиелеуде оқушыға көмек көрсету;

-          Жеке тұлға құқықтарын сыйлауға, сонымен бірге қоғамдағы жеке міндеттерін түсіне білуге тәрбиелеу;

-          Жалпы адамгершілік құндылығының  негізінде мәдени тәртіпке және қатынастың дамуына тәрбиелеу;  

        

1. Мектептің қызметкерлерінің жалпы міндеттері: 

1.1.Мектеп қызметкерлерінің міндеттері:

* мектептің Жарғысында, ішкі тәртібінің ережесінде және лауазымдық нұсқауларында көрсетілген міндеттерді қатаң түрде орындау;

* еңбек тәртібін сақтау – жұмысқа уақытында келу, белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтау, әкімшіліктің бұйрықтарын уақыттылы орындау;

* еңбекті қорғау ережесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарын, өндірістік санитарлық, өртке қарсы ережені және алдын-ала ескертілген ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау;

* жұмыс орнының таза және ұқыпты ұстау, белгіленген материалдық құндылықтар мен құжаттарды ретпен сақтау;

* мектептің оқушыларына мектептің мүлкіне ұқыпты қарауды үйрету, жылу, электрэнергияны, материалдарды үнемді қолдану;

* медициналық тексерістер туралы нұсқауларында белгіленген тиісті мерзімге дейін медициналық тексерістен, қажетті егілуден өту.

1.2. Мектептің педагог қызметкерлері сабақ және қоңырау уақытында оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауап береді. Оқушылардың жарақаттанған кезінде әкімшілікке дер кезінде хабарлау тиіс.

1.3. Оқушыларды кабинетте жалғыз қалдыруға тыйым салынады.

 1.4. Педагогтар оқушыларды сабақтар аяқталған кейін келесі жағдайдарда қалдыруға болады:

 - сынып сағаттары мен жиналыстар өткізілгенде;

 - қоғамдық және сыныптан тыс өткізілетін іс шаралар және дайындалғанда;

 - сынақтар, қосымша сабақтар, кеңестер;

 - мектепішілік кезекшілікте.

1.5.Педагогикалық кадрлардың аттестаттау туралы ережесіне сай педагогтар бес жылда 1 рет аттестаттаудан өтеді.

1.6. Мектептің әкімшілігі мұғалімнің шығармашылық жұмыстарына жағдай жасайды.

2. Педагогтар мен қызметкерлердің

жұмыс уақыты және оны қолданылуы: 

2.1. Мектепте жұмыс апталығы 6 күндік белгіленген, жалпы жұмыс уақыты ұзақтылығы 40 сағаттан аспайды.

2.2. Педагогтардың сабақтарының жүктемесін мектеп директоры бөліп, белгілейді, кәсіподақ комитетінің келісімімен. Жүктеменің көлемі, ережеге сай, оқу жылының барысында жарты жылдықтар бойынша тұрақты.

2.3. Штаттық кестеде енгізілген қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы – 9.00 ден бастап 18.00 дейін орнатылған.

2.4. Директордың, оқу-тәрбие, тәрбие, шаруа жөніндегі директордың орынбасарларының жұмыс уақыттары 8 сағаттан асуы мүмкін.

2.5. Мұғалімдер сабақтың басталуына дейін 15 минут бұрын келулеріне міндетті.

2.6. Мұғалімдер қоңыраумен жұмысқа кіріседі.

2.7. Сынып жетекші өзіне сеніп тапсырылған сыныптың оқушыларын ыстық тамақпен ұйымдастыруына жауапты.

2.8. Апта сайын мектепішілік кезекшілік өткізіледі. Кезекші сыныптың міндетіне:

 - келмеген оқушылар туралы мәлімет жинайды;

 - тамақтануды ұйымдастыруға көмектеседі;

 - гардеробтың реттілігін қамтамасыз етеді.

Бастауыш 1-4 сыныптарына өздері кезекшілік ұйымдастырады.

2.9. Демалыс (каникул)күндері жұмыс уақыты болып есептеледі. Демалыс уақытында келмеген жұмыскерлер жұмысқа шықпаған болып саналады.

 2.10. Педагогтарға және басқа да қызметкерлерге тыйым салынады:

 - өзінің көзқарасына қарай сабақ кестесін өзгертуге;

 - мұғалімсіз оқушыларды кабинетте жалғыз қалдыруға.

2.11. Оқу меңгерушісі мұғалімдер мен оқушыларды уақытында сабақ ауысуы туралы ескертеді.

2.12. Мұғалім сырқаттанған және тағы да басқа жағдайларда әкімшілікті алдын-ала ескертуге міндетті.

 2.13. Мектепте бірқалыпты педагогикалық ереже белгіленеді.

2.14. Мектепте бірқалыпты педагогикалық тәртіп белгіленеді.

 Осы Ереже бекітілгеннен кейін барлық қызметкерлер тәртіпті орындауларына міндетті.

Барлық қызметкерлер, осы Ереже бекітілгенге дейін жұмыс атқарған және жаңадан қабылданған қызметкерлер міндетті түрде қолы қойылып таныстырылады.

Осы Ережемектептің ішкі құжаты болып есептелінеді және іс-жүргізу бөлімінде сақталады.

Бүгінде біздің елімізде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру мақсатында шағын жинақты мектепке үлкен көңіл бөлініп, қамқорлық жасалуда.

Оған дәлел:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.02.2002 ж №300 қаулысын
қабылдауы, онда шағын жинақты мектеп қызметінің құқықтық-нормативтік жақтарыныңанықталуы;

2.Шағын жинақты мектептің негізгі нормативтік-құқықтық базасының
болуы;
3.«Білім туралы» Заңда шағын жинақты мектеп мәселелерінің белгіленуі;
4.«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» шағын жинақты мектептерде білім беру сапасын арттыру мәселелерінің нақтылануы, атап айтқанда:
-Шағын жинақты мектептерді дамытудың республикалық орталығының Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру базасында құрылатындығы;
-Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың жанынан 14 өңірлік орталықтың ашылатындығы;
-ШЖМ қызметінің үлгі ережесі әзірленетіндігі;

- «Мектепке және мектептен тегін әрі қауіпсіз жеткізетін мектептер жоқ елді мекендерде тұратын білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ету» стандартының әзірленетіндігі және қабылданатындығы.
5.Шағын жинақты мектепте бала санының аздығына қарай:
- әр түрлі жастағы балалардың бір-бірімен толық қанды қарым
қатынасының орнауы;

-тілдің дамуына үлкен мүмкіндіктің болуы;

-әр оқушыны табысты оқыту;

- мұғалім мен оқушылардың тығыз ынтымақтастығы;

- оқытудың жеке әдіс-тәсілдерін ұғымдық түрімен ұштастыруғамүмкіндіктің тууы.
6.Педагогикалық оқу орындарында шағын жинақты мектеп үшін
педагог кадрларды дайындауға деген бетбұрыстың жасалуы;
7.Педагог кадрларының біліктілігін арттыруды бюджеттік
қаржыландыру (шағын жинақты мектеп педагогтарын түгел біліктілікті арттыруменқамту).

Шағын жинақты мектеп мәселелері еліміздің барлық өңіріне тән жағдай. Мемлекет тарапынан шағын жинақты мектептерді дамыту мен оның жұмыс жүйесінің назарға алынуы, қолдау көрсетілуі – еліміздің рухани-мәдени ошағына айналған ауыл мектебін сақтап қалуға қосқан үлес деуге болады.











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ғылыми-әдістемелік «Ұстаз» журналының қосымшасы №1, 2012 ж
2.«Қазақстан мектебі» журналы, №10, 201ж

3.«Қазақстан мектебі» журналы, №11, 2013 ж

4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.




































Автор
Дата добавления 23.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров610
Номер материала ДВ-089104
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх