Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Конспекты / Шал мырза ғылыми жұмысы

Шал мырза ғылыми жұмысы

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:













РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Шал Мырза»





Тексерген:

Орындаған:











Астана 2009





Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

«Сыр өңірінің теңдессіз, ақиық, дәулескер күйшісі –

Мырза Тоқтаболатұлы»

а)Күйшінің өмірі мен шығармашылығы;

ә)Мырза күйлерінің орындалу ерекшеліктері;

б) «Бұғының күйі» және «Ташауыз» күйлерінің шығу тарихы

ІІІ. Қорытынды.















Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында, ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты. Ән – күй, жыр – дастандар сияқты көне күндерден жеткен қасиетті жәдігерлер бізге осыны паш етеді.

Міне, осы мыңдаған жылдар бойы сайын сахара төсінде дүбірлі дәурен сүрген бабаларымыздан қалған қисапсыз рухани мұраның үлкен бір саласы – Сыр бойының күйшілік дәстүрі.

Аралдың Қарақұм аймағында Жыланды деген жер бар. Бұйырғын мен жусаны жайқалған боз дала... Мырза күйші осы жерде дүниеге келіпті. Жыландыда алғаш қолына домбыра ұстап, тырнақалды туындыларын қасиетті аралдың жағасында толғапты. Күйші домбырасының қос ішегі өр мінезді тәкаппар теңіздің көк бұйра толқындарының сылдыры мен Сырдың сары қамысының сыбызғы сазын күй тілімен тербеді. Ол, Арал теңізінің бағы таймаған, айдыны шалқыған, шағаласы қалқыған көрікті кезінде дүниеге келген. Бұл 1850 (кейбір деректерде 1844) болса керек. Көнекөздердің куәләндіруі осылай.

Көбік атқан асау толқыны екі жағасына кезек ұрып, жорғадай тайпала ағып жататын килі көк теңіз... Ертеден кешке дейін теңіз жағалап, қамыс ат мініп ойнаудан жалықпайтын кәдуілгі ойын баласының тірлігін Мырза да басынан кешірді. Күйшінің жастық шағы баба – теңіздің қиыршық құмды жағалауында өтті.

Мырза - күй өлкесіндегі ескерусіз келген есім. Ол жөнінде жазылған деректер де таласты пікірлерге толы. «Ленин туы» газетінің» 1978 жылғы басылымында жарық көрген Ж. Жақыповтың «Күйшіден күйші жайлы сыр төгілген» атты және Қ. Сайжановтың «Күйші Мырза Тоқтаболатов» жарық көрген еңбектерінде күйшіні Қазалы ауданының Басығара, Аралдың Шижаға деген жерінде дүниеге келген деп куәлендіреді. Екі еңбекте де Мырзаның туған жері жаңсақ көрсетілген. Біз аталмыш еңбек авторларының мырзатанудың алғашқы қарлығаштары екенін ескерсек, бастамалы еңбектің балаң болуы, жаңсақтық кетуі заңды. Кіші жүз Төртқара руының Шал аталығынан өрбігендерінің қазіргі қонысы – Қазалының Басығара, Құмжиек, Қарақойсойған, Сарытоғай деген жерлер. Әйткенмен, өткенге көз жіберіп, ой аралаталық. Үстіміздегі ғасырдың басына дейін Әлім елінің Ақтөбе мен Ор бойын, Жайықтың жағалауын жайлап жүргендігін көреміз.

Шежіреге сүйеніп сөйлесек, Қарамашақ ағайындардың ата қонысы – Ырғыз бойы, Жем мен Қарабұтақ. Ол заманда Төртқараның Шал аталығы Қарақұмды жайлап, Тоқтаболат бидің ықпалында болған. 1860 жылдардың шамасында Тоқтаболат би өзіне қарасты Шал руының көптеген шаңырағын Қарақұмнан көшіріп, Қазалының Басығара, Құмжиек деген жеріне қоныстандырған. Бұл көші – қоннан қалып қойғандары сол Қарақұм аймағында, оларды Қырдың Шалы деп атайды. Шежіренің берген куәлігі осылай сыр шертеді. Ел ішінде бүл аталықты ерекше құрмет тұтқан.

...Мен өзім араладым Жалаң ішін,

Жалаңның көріп келем жарамдысын.

Қаратай, Әбдірахман, Молда Жәдік,

Олар да көрсетіп ет адам ісін.

«Бар ел бар мына жақта Шал, - деп айтты, -

Егер де жолың түссе бар, - деп айтты, - Қашаннан бақыт құсы ұя салған, Біз төбе, олар асқар жал», - деп айтты, -

деп, Базар жырау жырына қосқандай, Шал руынан қашан да бақыт құсы ұясын алшақ салған емес.

Мырза күйшінің аты – жөнінде де жаңсақ мәліметтер бар. Кейбіреулер Шал Мырза мен Мырза екі басқа адам деп те түсінеді. Біреулер халықтың еркелеткенінен «Шал Мырза атанған екен дейді. Негізі күйші «Шал» руынан шыққаннан кейін Шал Мырза атанған. Сыр бойынан өткен Мырза есімді күйші біреу ғана. Бұл – басы ашық әңгіме.

Адам атына туған жерін, шыққан руын қосып айту – шығыста қалып қалған дәстүр. Әл – Фараби, Әл – Тарази, Әл – Тарази, Әл – Қашқари, Әл – Дулати болып келетін есімдер – сөзіміздің айғағы. Бұл Шығыс салты болғанымен, қазақ топырағында байыздап, тұрақты өмір салтына айналған. Тегінде сахараның өнер өкілдерін Тек қана руы мен жер аттары ғана емес, кісінің түрлі нышандары да атына қоса айтылатын болған. Рәсім көбіне көне ұғым – түсініктермен тығыз байланысты, мифологиялық астарлы. Мысалы: Қарасақал Ерімбет, Жалды Құрманғазы, Сары Жырау (Жансүгір), Соқыр Есжан, Нышан – Әз, Таз бала (Есбай), Нақып қожа, т.с.с. Шал Мырза да – осындай дәстүрлі атау.

Қазіргі зерттеушілік ағым қазақтың күй өнерін Арқа, Қаратау, Батыс, Шығыс, Жетісу өлкелеріне тән күйшілік мектептер деп жіктеп жүр. Бірақ қазақ музыка зерттеушілерінің арғы – бергі тарихында Сыр бойының күйшілік дәстүрі хақында сөз қозғағандары санаулы. Сырдың күй мұралары мен күйшілік мектептері күнгей бетте қалып, назардан тыс келіпті. Сырдың күйшілік өнері арнайы зерттеу нысанасы болған емес. Солардың бірі – Мырза Тоқтаболатұлының шығармашылық өмірі.

Белгілі ғалым Тарақты Ақселеу: «...Бұл өңірдің ғажайып күйшілік дәстүрі де із түспеген, зерттелмеген күйінде жатыр. Арал төңірегінде өзіндік саз – сарыны дара, қағыс – қайырымы бөлек, көркем үлгісі оқшау күйшілік дәстүр тым ерте қалыптасқан...» дегенде, осы Мырза сияқты дәулескер күйшілер шығармашылығын меңзеп айтса керек.

Сыр бойының музыкалық мұраларына ерекше ынта қойып, ән мен күйдің тынысына құлақ түре білген бірегей ғалым Ә. Қоңыратбаев Сырдың ән – күйлерінің жүйелену, жиналу жағын әңгімелей келе: «Арқаның асқақ әнін, Жайықтың иқырлы домбырасын қандай қадірлесек, Сыр елі жыршыларының ән – күйлерін де дербес байлық деуіміз керек», - деп, Сырдың музыкалық мұраларына ерекше міән берген болатын.

Дегенмен, Ә.Қоңыратбаевтың өзі де көптеген әнші, күйшілерге жолыға алмай қалғандығын өз еңбектерінде ашып айтты. Көптеген өнерпаздар өкіметке деген наразылығынан білгенін бүгіп қалды. Өйткені, кеңестік жүйеде әсіресе халық өнерінің өкілдеріне құрмет болмады. Оларды «ауданға барып бір өлең айтасың, облысқа барып бір өлең айтасың, сосын үйіңе қайтасың» дегеннен әрі асырмады.

Егер қазақ өнерінің бар болуы, өсіп – өркендеуі, сақталынуы тікелей өнерпаздың басының амандығымен байланысты екенін ескерсек, қазақ өнері – шығынның небір сорақы түрлерін көріп келе жатқан өнер. Сахарадағы қанды қисапсыз жорықтар... Зұлматты аштық жылдары... «Ұлы Отан соғысы» деп аталған қанды қасап... Отыз жетінші жылдың сергелдеңі... Айта берсек, көп ақ.

Міне, қазақ тарихының тайғақ кешулі тарихы осындай қшы – қиыры жоқ шытырман тізімге толы. Қасіретті өлкенің бірі – тілге тиек етіп отырған Сырдың бойы. Тоталитарлық жүйенің тұсында бұл өлкеде ұлт мәдениеті ең алдымен тындыруға тиіс жинау жұмысының өзі жөнді іске асырылмапты. Ұлттық өнер салғырттықтың салқынына шалдықты. Әсіресе, дәстүрлі орындаушылар жетпісінші жылдарға дейін ортамызда келді. Тіптен Нартай мен Жаңабергендердің елуінші жылдардың ортасына дейін көзі тірі болатын. Бірақ бұл кез қазақтың төріндегі қара домбыраның орнын гитара алмастырған алмағайып кезең еді...

Сонымен Сыр бойының ән – күйі зерттелмек түгілі әуелі дұрыс жиналмай да қалды. Оның ішінде Мырза Тоқтаболатұлының шығармалары көп шашыраңқылық көрді. Соңында қалған мол мұра «халық күйі» деген атқа зорлықпен таңылды. Көптеген шығармаларын өзінен кейінгі шәкірт – күйшілері иеленді. Бұл мәселе әлі күнге дейін сол жабулы қазан қалпында келе жатыр. Сондықтан Мырза шығармалары – әуелі «халық күйі» деген бүркеншік аттан, содан соң өзге күйшілерге телінуден бас азаттығын тілеп тұрған дүниелер.

«Серпін» атты еңбегінде Е.Көшербаев Қазалы өңірінің өткені мен бүгінгісін «ңгімелей келе кітаптың «Бұлбұлды мекен» деген бөлімінде: «Кешегі өткен Жаппарберді, Кәрібоз, Жәмет жыраулар, сөз дүлейін туғызған Қарасақал Ерімбет, Жалғасбай, Байназар ақындар, күйшілер – Мырза мен Жалдыбай, қобызшы Дайрабай қадау – қадау дара туған өнер пірзадалары емес пе», - деп Мырза күйшіні алғашқылардың бірі болып тілге тиек еткен еді. Бір өлкедегі күй өнерінің темірқазығына айналған Мырза күйші өнер пірзадасы деуге әбден лайық. Дүйім жұрт күйшіні көзі тірісінде ақ күй дариясы атандырды.

Мырзаның әкесі Тоқтаболат Ырғыз бен Сырға дәрпі тегіс жайылған, Әлім мен Шөмен елінің таразысын тең ұстап билеген қабырғалы биі еді. Ол елге аса қадірлі, беделі басым адам болған. Халық арасында ол туралы желілі әңгімелер айтылады. Соның бірінде Тоқтаболат Шал Пана батырға араша түсе Майдан Жанқожа батырдың алдына барған екен деседі...

...Қаракесек Ақтан батыр бастаған қалың қол Хиуаға аттанғанда, Шал Пана батыр мінерлік ат – көлік таба алмапты. Сөйтіп, Майдан елінің бір байының түндігін кесіп, жылқысын айдап әкетіпті - міс деген әңгіме бар. Қолға түскен Пананың жазасына Майдандар қылыш қандамақшы болғаны. Батырдың жағдайын, Қарақұмдағы Тоқтаболат естіп, Жанқожа батырдың алдына жүгініске келіпті. Тоқтаболат Майданға өкіл күйеу екен. Бидің сөзіне әбден құлақ қойған Жанқожа:

- Қой, болмас! Тоқтаболаттың өзі келді ғой... Пайғамбар сыйлаған күйеу еді бұл. Бірақ алдымен көрейін сол Панасын, - депті. Алдына келген Панаға Жанқожа ұзақ қарап отырып, қайрат – қажырына, келімі келген келбетіне риза болып:

- Көзінде от бар екен. Болса, болар, босатындар шіркінді! – деген екен. Әйтсе де, Пана батырдың дауы малға бітіспей, Майдан елі түндігін даулапты. Ақыры Тоқтаболат өз түндігін беріп бітіскен екен. Бұл би өмірінің бір сәті ғана.

Тоқтаболат би дүние салғаннан кейін «Әбдіқожа» дейтін қорымға жерленген. Бұл, Қазалы ауданы, Құмжиек совхозынан күншығыс бетке қарай алты – жеті шақырым жерде. Бидің басына белгі қойылған. Тоқтаболаттың мырзалығы мен қонақжайлығы ерекше болған. Бидің төрі босамапты. Елдің сорпа бетіне шығарыларының бірі аттанып, бірі түсіп жатады екен. Мырза ес білгеннен осындай адамдармен дәмдес болды. Жақсылардың өнегесін алып, қызмет қылды.

Бұл шаңырақтың тұрақты меймандары – елдің қобыз бен домбыра арқалаған өнерлілері еді. Олар айлап жатып, сауық – сайран құратын. Содан да болар, Мырза ән жырға ерте машықтанады.

Ел арасында Мырза туралы аңыз әңгімелер көп. Солардың бір тарауы – күй өнерінің Мырзаға бала кезінде қалай қонғандығы туралы. Бұл әңгімелер әрқалай айтылып, мың құбылғанымен, оқиға желісі – біреу. Ол күйдің Мырзаға «кие» болып жабысуы хақында.

Бұл күйшінің балалық шағы, алты – жеті жасар кезі болса керек. Әкесі Тоқтаболат ұсталардың біріне қолқалап, Мырзаға домбыра соқтырып береді. Бала Мырза естіген ән – күйлерін домбырасына қосып ойнай бастаған. Бір күні Сыр бойынан Қарақұмға бір топ би – болыстар келген. Жақсылар мен жайсаңдар бидің шаңырағына бір түнейді. Келесі күні түс мезгілінде меймандардың қонақасы сыбағаларына қысыр емген тай сойдырып, құрмет жасайды. Мырза елеусіз ойнап жүре берген...

Ойламаған жерден ғажайып іс болды. Қонақтар жайғасқан би ордасының іргесінен біреудің домбыра ойнағаны естілген. Домбыра кей сәтінде көкірегі қарсы айырылып күңіренеді... Кейде ботасы өлген аруанадай боздайды... Содан – соң сыңарынан айырылған жаралы қудай сұңқылдайды... Әйтеуір, безек қағып, байыз табар емес.

Би – болыстар аң – таң. Меймандарға тігілген орданы қоршап алған халық... Бала Мырзаның мына кереметін көріп, айран асыр... Ойыннан шаршаған бала, үйдің іргесінде жатып көзі ілініп кеткен екен. Көкірек аузында жатқан длмбырасының ішегін жел тербеп, күй төгіп жатты. Кенет Мырза шошып оянады. Содан – соң үзілген күйлердің тәтті әуенін үсті – үстіне тарта беріпті...

Сол күні Мырза тәңірінің күбірін естіп оянады. Осы күннен бастап, домбырасының әр пернесіне күй арнап тартыпты. Кейін, домбыра шертпесе отыра алмайтын халге жетеді. «Мырзаның домбырасының көмейіне адамша тіл бітіпті», - деп шуылдасты халық.

Арадағы азғантай уақытта Мырза туралы бұл аңыз Сырдан асып, Үстірт пен Қаратау бөктеріне тарап үлгірген еді. «Шалдың бір баласына күй қоныпты», - деген сөздерді ұшқан құс қанатына іліп әкеткендей. Сөйтіп, Мырза халық санасында аңыз бейнеге айнала берген.

Осы бір оқиғадан кейін Мырза халық аузына тез ілігіп кетіпті. «Оның кереге басында ілулі тұратын домбырасы өзінен – өзі ызыңдап, күй аңсайтын болыпты», - деседі. Әйтеуір тап сол күнгі, сол жағдайдан кейін Мырзаға шамадан тыс, ерекше күштің әсер еткені – ақиқат.

Кие қонды дейтін халық ұғымы да осы болса керек. Жалпы қазақ халқының ой – ұғымындағы ерекше қасиет дарыған адамдарға байланысты айтылатын «арқалы», «өнер қонған», «кие дарыған», «қыдыр көрген» дегн сөздердің төркіні бекер болмаса керек. Халық Мырзаны да осындай ерекше қасиеті бар киелі күйш дейді.

Ол күй шерткенде, айналасында халықтың бар – жоғын ұмытып, айрықша арқаланып кететін болған. «Қас – қағым сәтте мың құбылып, жанары от шашып, тыңдаушысын еріксіз таңырқататын еді», - деп естеріне алады көзін көріп, күйін тыңдағандар.

Бертін келе Төртқараның атақты Шал Мырзасы атанады. Ұстаз санап, дәстүрін тұтынған Құрманай Төремұрат, Дайрабай, Арынғазы, Үсен күйшілерден алған үлағаты күйшіні биік белдерге шығарды. Өзі тәрбиелеп, батасын берген шәкірттері – Қазанғап пен Жалдыбай күйшілер ұстаз өнегесін дамытып, бағын баянды етті. Сырдың басқа саңлақ күйшілері сияқты Мырза да, дәстүрлі күйдің байрағын көкке көтерген қалпында өтті.

Мырза өміртарихының соңғы жылдары белгісіздеу. Оның өзіндік себептері де бар. 1928 жылы жаппай мал – мүлікті тәркілеу мен зұлматты аштық жылдары Мырза әулеті Қарақалпақ еліне асып кетеді.

Күйшінің жалғыз баласы – Әлмырза оқыған, сауатты адам болған. Бірақ ел арасында Әлмырзаның өміртарихын білетіндер аз. Ол молда болған, мешіт ұстаған.

Кейбіреулер Мырзаны 1932 жылы кеткен еді дейді. Қалай болғанда да, елден кетуіне себеп – жалғыз баласының үкіметтен қуғын көруі. Мырза Қарақалпаққа барған соң алты жалдан кейін, яғни 1934 жылы Тақтакөпір ауданы, «Батпақкөл» деген жерде жылдың көктем мезгілінде дүние салады. Қазір қабірі сонда.

Мырза күйлері біздің қолымызға толық қалпында жетті деу қиын. Оның әрбір шығармасы түрлі орындаушылық интерретациядан өтті. Қилы уақыт елегінен, дүрбелең замандардың ауыр сын – сүзгісінен шықты. Қолымызға тиіп отырған күй мұраларының басым көпшілігін күн қаққан ,жел тиген, уақыттың топан суы шайып әкеткен. Аңыздардың дені ұмыт болған. Бұл - Мырзаның ғана емес, бүкіл даналықтар дәстүрінің басындағы қасірет. Сондықтан күйші мұрасының біздің қолымыздағы азғантай бөлігі ат басындай сом алтынның сынығындай ғана деп білген абзал.

Бүгінгі таңда бізге Мырза Тоқтаболатұлының жиырмадан астам күйі белгілі болып отыр. Солардың бір тобы – тартыс күйлері. Қазақ халқының дәстүрлі күй тартысы өнерінде Мырза қайталанбас қолтаңбасымен оқшауланады. Күйшінің «Қос қыз», «Терісқақпай», «Ташауыз», «Алпыс екі Ақжелеңнің бауыр шешпесі» (Шақыру күйі), «Сыр жаңылтпаш» сияқты шығармалары тартыс үстінде шыңдалған дүниелер деуге негіз мол.

Мырза күйлері өзі ғұмыр кешкен заманының озық үлгілері мен ауқымды тарихи мәселелерін өн бойына асыл арқау, биік тұғыр, көркем желі етіп тартқан. Оның қайсыбір шығармасын тыңдап көрсеңіз де айдарынан қазақтың сары даласының самалы есіп тұратындай. «Қоштасу», «Тәнтән қыз», «Мұңлы қыз», «Мамық», «Раздасу», «Кербез күрең», «Жұма», «Қайран елім, қайтейін», «Бес қыздың бел шешпесі», «Қара жорға» сияқты күйлерді халық Мырзаның өз өмірімен байланыстырады.

Мырза шығармаларын тыңдай отырып, ондағы кейіпкерлермен біте қайнасып, бірге жүресің. Күй образдары апайтөс далада болып өткен қиянкескі оқиғалармен кезігіп, тылсым жәйттердің куәсі боласың.

Осы жерде бір ауыз сөз Мырза күйлерінің орындалу ерекшелігі хақында. Күйші шығармаларының шарықтау шегі, яғни, кульминациясы кіші саға дейміз. Батыс Қазақстан күйлеріне тән кіші немесе үлкен сағаларда шығарма өз шарықтау шегіне жеткеннен соң, тәптіштеп, астыңғы ішекте (ре) стреотип ойнау керек. Әйтсе де, күйшінің «Қара жорға», «Жемнің ағыс күйі», «Асанқайғы» сияқты күйлерінде кіші сағада негізгі әуеннің стереотипті жаңғырығы ойналады. Тіпті, Н. Жәлімбетовтың орындауындағы «Мамыр Ақжелең» мен Қобылаштың жеткізуіндегі «Мұңлы қыз» күйлері басқа шығармаларынан мүлдем ерекше. Мұнда күй үлкен сағада шалқып, негізгі әуеннің жаңғырығы төменгі (ре) ішекте бедерленеді. Батыс өңіріне тән қасиеттер күйшінің басқа шығармаларында кездесе бермейді. Демек, Мырза күйшінің өзі – көне архаикалық дәстүрден дамыған жаңа сипаттағы классикалық дәстүрге толығымен өтіп болмаған аралық дәстүрдің өкілі деген сөз. Оның шығармаларында көненің асылы мен жаңаның соны қасиеттері тел тоғысып отырады. Қайсыбір күйде болмасын негізгі әуен бас буын мен орта буында қайталанып отыратыны белгілі. Мырза күйлерінде осы шарттардың ылғи да толассыз дамып, шығарманың ішкі динамикасы күрделіленіп отыратын түрі өте жақсы сақталған. Мырза күйлерінің буындық арақатынасындағы әуеннің бірдемділігі ерекше ден қойғызады, яғни, әрбір буыны бір – бірімен үзіліссіз жалғасып, үдей дамып отырады. Осындай жәйттерден кейін шығарма өзінен – өзі бөлінбес біртұтас бүтінге айналады. Күйші шығармашылығы оның образ ашу тілінің көркемдігімен қымбат. Күйші шығармашылығының ден қоярлық қыры, оқшау тұстарының бірі осы.

Күйші шығармашылығы оның образ ашу тілнің көркемдігімен қымбат. Құйқылжыған құйын әуен, сиқырлы сылқым шертіс, шиыршық атқан ұшқыр ой Мырза күйлерінде бір нысанада тоғысып жатады.

Мырзаның астарлы шығармаларының бірі «Бұғының күйі» туралы айтар болсақ, бұл күйдің аңыз – шежіресін түгел айтқан көнекөздер жоқтың қасы. Тек, аңыздың күйекке байланысты екені анық. Сондықтан, толық аңызы сақталынбағаны себепті шығарманың тарихын мына шамада топшылауға болады:

Әр жылдың көктем мезгілінде, күйек кезінде аталық бұғылар аналықтарын бөлісе алмай, өзара қатты қырқысады. Бұл жекпе – жекте аталық бұғының бірі міндетті түрде мерт болуы шарт. Ал мұндай жағдай болмағанның өзінде жеңіліс тапқан аталық бұғы ол өлкеге екінші аяқ баспауға өзіне – өзі серт байлайды екен. Табиғат аясында осы іспеттес құбылыстарды көзімен көрген Мырза сол жекпе – жектегі аталық бұғының көңіл – күйін, өз жаратылысына сәйкес табиғи ниетін адам өміріндегі осы сияқты ұқсас ахуалдармен шендестіре суреттеген.

Қазақта Бұғы туралы күйлер онша көп емес. Бұғыны культ санағандықтан, Бұғыға байланысты ән – күй қазақтан гөрі көрші қырғыз елінде көп сақталған. Негізінен, Бұғы жөнінде түрлі наным – сенім рәсімдерді бедерлейтін деректер көне ескі петроглифтерде сақталған.

Мырза күйлерінің табиғи тұтстығын құрайтын шыңдаулы шығарма – «Ташауыз». «Ташауыз» - теңдесі жоқ көркем де күрделі шығарма. Көне домбырашылар бұл шығарманы үш бөлімге бөліп тартқан және «Қос қыз» күйі аңызының бір тармағы осы шығармамен байланыстырылады.

Күйдің бірінші бөлімі түркімен жігіттің күйі. Екінші бөлім қыздың күйі. Үшінші бөлім Мырзаның қорытындысы деп түйінделеді. Күйдің көркем нұсқасы – Мырзаның «Ташауызы». Күй тартысы Ташауыз қаласында өткендіктен күй осылай аталған.

«Ташауыз» күйі аңызының бір тармағы бізге Нәби Жәлімбетов арқылы жетті. Бұл аңызда жас жігіт бір ақсақал адамға еріп Ташауызға жылым тартуға барады дейді. Ондағ домбырашы қыздар – апалы – сіңілі Адай руының қыздары. «Қос қыз» күйі осы қыздарға арналған деседі.

Күй «қолдан келмесе таласпа, әркім өз білгенін айтады» деген дүниетанымға саяды. Күйдегі Мырзаның аузымен айтылатын сөздерден «күйді ерекше таңбаланған, тәңірі қалаған адам тартады, күй көрінгеннің оңтайына көнбейтін киелі дүние» деген ой ұшық береді.

Бұл тартыстың мағынасы – өмір бірін – бірі теріске шығаратын қайшы қағидалардан тұрады деген астарлы сөздің ишарасы. Бұл Мырзаның өзінің алдында өткен ерлердің еңбегіне баға берген, дүниенің қадіріне жеткен кемел шағы болса керек. Бұл шығарма өзінің қадірлескен, заманы бір болған, ат құлағын теңестірген үзеңгілестеріне Мырзаның күйден тұрғызған рухани ескерткіші деуге лайық.































Заманында теңдессіз төкпеші болған Аралдың ақиық домбырашысы Мырза Тоқтаболатұлының күйшілік мұрасы кешегі аумалы – төкпелі кезеңді кешіп, бізге там – тұмдап жетіп отыр. «Ескіше күйді» тартуға тыйым салынып, оны феодолизмнің қалдығы деп атқа ерді теріс салған саясаттың кесірінен не шешен сөздер өлмеді, не дүлдүл күйлер жоғалмады. Мырзаның да домбырашылық дәстүрі осындай тар жол, тайғақ кешуден өткен. Әйтсе де, өзінің асылдығымен қап түбінде жатпас құндақты пышақтай бүгінге жаңғырып жетіп жатыр.

Айтылмаса сөз жетім, тартылмаса күй жетім, тек Арал мен Әмудің құлағында қалған Мырзаның әсем иірімді ақжелең әуені насихатталмай, қоңылтаяқ күй кешуінің жанға батарлығы сөзсіз.

Шал Мырза - күй сүйер ұрпақтың Аралы, Көкаралдың желі, оның дарияның саумалындай күйін түсінгеніміз абзал, әйтпесе құмға сіңіп жоғалғандай кейінгі ұрпақтың алдында атан түйе тарта алмайтын күнә арқалауымыз әбден мүмкін.































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Берік Жүсіпов «Жиделі Байсын күйлері» А., 2000.

  2. Қарасай Сайжанов «Жетіқарақшы» Астана 2005.

  3. Б.Мириманов «Өнердің ықшам тарихы» А., 1989.

  4. «Ғасырлар пернесі»

















































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров210
Номер материала ДВ-132725
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх