Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Шалғын өсімдіктері мен жануарлары. Дүниетану 4 сынып

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары. Дүниетану 4 сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

4 сынып Дүниетану


Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарларын, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы мағлұматтар беру.


Оқыту нәтижесі: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары жайлы білімдерін толықтырады, жеке және топтық жұмыс тапсырмалар орындау арқылы, шығармашылық деңгейлері артады.

Сабақтың түрі: Жаңа сабаақ.

Сабақтың әдісі: «Коллаж», «Ыстық орындық», «Рас па?» стратегиясы, сұрақ-жауап, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі парақшалар, суреттер, презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн достарым!

Қайырлы күн құрбым!

Сенбі күнің бүгін

Сәттілікке толсын!

Бүгін алған бағаң

Кілең бестік болсын!

ІІ. Қызығушылықты ояту:

Жұмбақ

Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ,

Балалары тұр қаптап.

(Бақбақ)

Саздауыт жерде өседі,

Хош иісі аңқыған,

Шипа өсімдік деседі.

(Жалбыз)

ІІІ. Мағынаны тану:

Сыныпты түстерге байланысты төрт топқа бөлу.

  1. топ. Өсімдіктер.

  2. топ. Құстар.

  3. топ. Жануарлар.

  4. топ . Жәндіктер.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Шөптесін өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді, әдетте көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін шалғын деп атайды. Шалғындар көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, көл жағаларын, тау етектерін алып жатады. Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да, және таудан да кездестіруге болады.

Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күнінде шөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ сияқты алуан-алуан түрлі- түсті гүл келтелері көздің жауын алады.

Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезден басталады. Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді. Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланады. Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады.

Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң, қайнаған тіршілікке кездесесің. Жылдың бұл мезгілінде шалғында бунақденелілер өте көп болады. Гүлден-гүлге қонып, тыным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де, гүлге ұқсас көбелектерді де көруге болады. Алуан түрлі қоңыздар да көкшегірткелер, түкті аралар да қаптап жүреді.

Шалғында бөдене де көп кездеседі. Оның шөп арасында «бытпылықтаған» дыбысы естіледі. Олар жорғалап жүріп, көбінесе шөп дәнімен, оның жас сабағымен, бунақденелілермен қоректенеді. Бөдене ұйысқан қалын шөп арасына ұя жасап, оған 10-20 жұмыртқа салып басады.

Шалғында ірі аңдар болмайды. Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын. Ал, саршұнақ, көртышқан сияқтылар аз емес. Олар қалың шөптен бөктергінің көзіне онша түсе қоймайды және өз тіршілігіне қажетті басқа да жағдайлардың бәрін табады.

Топтық жұмыс. «Коллаж» әдісі ресурстар беру арқылы коллаж жасату.

Әр топ берілген ресурстарды пайдалана отырып коллаж жасайды, соңында әр топтан бір спикер шығып жасаған жұмыстарын қорғайды.

Сергіту сәті.

Жеке жұмыс. Әр оқушы шалғында мекендейтін өсімдіктерді, құстарды, жануарларды, жәндіктерді кестеге жазады.


Өсімдіктер


Құстар

Жануарлар

Жәндіктер


















«Ыстық орындық» стратегиясы, ортаға бір оқушы шығып орындыққа отырады, қалған оқушылар оған сұрақ қояды.

  • Шалғын деген не?

  • Шалғында қандай өсімдіктер өседі?

  • Қандай жануарлар мекендейді?

Топтық жұмыс (шығармашылық жұмыс). Әр топтың атауына байланысты ермексаздан композиция жасайды.





Бекіту: «Рас па?» стратегиясы бойынша бекіту.



«Рас па»? стратегиясы

Шалғынның шөптесін өсімдік өсетін жер екені рас па?



Сарғалдақтың бес сары күлтесі бар екені рас па?



Сарғалдақтың дымқыл жерді ұнататыны рас па?



Гүлкекіренің көгалдағы барлық гүлдерден биік болып өсетіні рас па?



Адамдардың көгорай шалғынға мал жаятыны рас па?



Көк шалғынның шағын джунглиге ұқсас екені рас па?



Түкті ара, балара, жабайы ара және құмырсқалар гүлдердің тәтті нәрін жинайтыны рас па?



Дала тышқандары, көртышқандары, қояндар мен құстар да шалғынды паналайтыны рас па?



Шалғында бөденелердің көп кездесетіні рас па?



Шалғын үстінде бүркіттің шарықтап ұшып жүретіні рас па?




Кері байланыс: Стикер



Стикер


Мен нені үйрендім?



Маған не қиын болып көрінді?



Не күрделі болды?



Мен енді нені үйренгім келеді?



Қорытынды:

Жүрегімде тербеген бір арман бар

Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.

Ақыл ойды жоюға емес адамдар

Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар.

Үйге тапсырма беру: 65-67 беттерді оқып келу.

Бағалау: Бағалау парақшалары арқылы өздерін бағалайды.




Автор
Дата добавления 20.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров3574
Номер материала ДВ-081337
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх