Инфоурок Другое Рабочие программыШалкиіз жырау «Би Темірге» бірінші толғауы. 9-сынып

Шалкиіз жырау «Би Темірге» бірінші толғауы. 9-сынып

Скачать материал

 

Пәні: Қ/қ ә/ті.   Сынып: 9.   Күні:---------------.   Бекітемін ------------------.  С. Мажитова.

Сабақтың тақырыбы: Шалкиіз жырау  «Би Темірге» бірінші толғауы.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: оқушыларға ХҮ ғасырдың жырауы Шалкиіз жырау туралы, оның толғаулары кейінгі ұрпаққа жеткен мұралары туралы толық мағлұмат беру. ә)Тәрбиелік: жырау өлеңдерін, толғауларын оқыта  отырып, оқушыларды ата мекенін, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Адалдыққа, ойлылыққа, табиғатты аялай сүюге үйрету. б)Дамытушылық: өтілген материалдарды тиянақты меңгеруге, ойлау белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: Шалкиіздің портреті, Бес ғасыр жырлайды. І том. 

Сабақтың барысы:      І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.   Қазтуған жырау туралы не білесіңдер? 2.  Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыптары.

3.  Ақынның алдына қойған арманын танытатын шығармасы «Алаң да, алаң, алаң жұрт» өлеңінен жаттағандарын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жыраудың өмірі. Шалкиіз туындыларының хатқа түсу жайы. Жыраудың Орманбет биге, Ер Шобанға, Би Темірге байланысты жыр-толғауларынан көрінетін дәуір бейнесі. Жырау толғауларында елдік мұраттың бейнелену ерекшеліктері. Жырау шығармаларында реалистік, философиялық, дидактикалық көзқарастардың тоғыса көрінуі.

Қазақтың төл әдебиетінің бастапқы дәуірінде өмір сүріп, жыраулар поэзиясының мазмұндық жағынан тереңдей өрістеуіне, дүние сырына дендей үңілу тұрғысынан кемелдене түсуіне зор ықпал еткен жырау – Шалкиіз Тіленшіұлы. Жыраудыңөмір жолын зерделеген белгілі әдебиеттанушы М.Мағауин оны 1465 жылдар шамасында Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келіп, 1560 жылдар мұғдарында дүниеден озуы ықтималдығын айтады. Өзге әдебиет зерттеушілері де осы пікірден бұра тартпайды.

Ал жыраудың өз туындыларына үңілсек, оның өз дәуірінде қазақ пен ноғайлы жұрттарын жайлаған елмен етене араласқаны, екі елдің де билік басындағы хандары мен билерін, батыр-бағландарын жақсы білгені, ел тағдыры сынға түскен сәттерде ақылы мен айбарын алға сала, ой-пікірін олардың қай-қайсына да еркін айта білгені аңдалады. Сондай-ақ, жыраудың жыр-толғауларында мұсылманшылық қағидаларын қажетті тұстарда ой жеткізуге ұтымды пайдаланылуы, сонымен бірге көшпелі елдің жөн-жоралғысына, дәстүр-салтына қатысты көріністердің де орайымен алға тартылып отыруы Шалкиіз жыраудың мұсылманшылық жолын да, халықтың өмір салтын да жетік білгенін көрсетеді.

Шалкиіз жырау өз заманындағы қазақ пен ноғайлы хандарының бәрімен дерлік таныстықта болғанымен, солардың ішінде ноғайлы билеушісі Би Темірмен етене жақын араласқаны, оған ой-пікірін еркін айта алатын ақылман кеңесшіге айналғаны, жорық-жортуылдарда үзеңгілес серігі болғаны анық. Жырау толғауларының бірінде өмірінің бұл кезеңі:

«...Менім ием би Темірдің әрі өзім Жау көрген күн жүрегінің басы едім, Көз үстінде қасы едім!..» –деп суреттелуінің сыры сондықтан болса керек.

Үзінді мазмұнына қарасақ, толғау айтылған тұста жыраудың Би Темірмен арасы алшақтағаны байқалады. Ал осы мазмұнды жеткізу тәсіліне зер салсақ, жыраудың ойды бейнелі жеткізуге шеберлігі танылады. Өзінің Би Темір алдында абырой-беделінің қаншалықты жоғары болғанын біле тұра, жырау онымен арасы алшақтап, қарым-қатынастарына салқындық енген кездің өзінде кешегі билеушісінің, пікірлесінің қадір-қасиетін төмендетуді жөн көрмейді, қайта, оның әрекеттерін асқақтата суреттейді:

«Бұз үстіне от жаққан, Бұзмай бұлан пісірген,

Мен иемдің бөрлі ала тасы едім...» –

деп өзін кішірейте көрсетеді. Бұл жәйттің өзі Шалкиіздің ішкі мәдениеті жоғары жырау болғанын айғақтайды. Би Темірді «мұз үстіне от жаққан, бұлан етін бұзбай пісірген» айбарлы да, қайратты билік иесі ретінде даңқын асыра бейнелей келіп, өзін: «Мен иемнің мөрлі ала тасы едім...» – деп көрсетуі Шалкиіз жыраудың астарлы бейне жасауға шеберлігін аңғартады

2.  Шалкиіз жыраудың  өмірі мен шығармашылығын түсіндіру

3. Шалкиіздің ақындық қуатын танытатын шығармасы «Би Темірге» толғауы. Темірді суреттегенде, өзі білетін ең күшті деген көркем сөздерді, бейнелеулерді молынан қолданады. Ол оны халық аңызында айтылатын «алты ай жортса да арымайтын қазанатқа теңейді.»

Қарпайым сөз тіркестері. Алайда осы қарапайым сөз тіркестерінің өзінде адамды елітер қаншама сезім жатыр десеңізші!

4. Мәтінді мәнерлеп оқу. Оқушыларға оқыту Әдеби талдау жүргізу.

 

     

Мазмұны

     

Тілі

 

Ой-тұжырым,    мақал-мәтелмен

 

І бөлім

 

Жыраудың Темірді қатты құрметтеуі.

Ассонанс, аллитирация, қайталау, теңеу, теңеулі эпитет

Алты ай жортса да арымайтын қазанат

ІІ

бөлім

Би Темірді қожа сапарынан  тоқтатуға айтқаны

Әсірелеу, теңеу, қайталау.

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

Түсініксіз сөздермен жұмыс   Қағба- мұсылмандар қадірлейтін қасиетті орын. Қазанат-жүйрік, алдына жан салмайтын ат.

ІҮ.Бекіту. 1.Шалкиіз жырау осындай артына мол мұра қалдырған жыраулардың бірі.Ол  жырау, рубасы, батыр,  екенін де айта кету керек.

Ү. Бағалау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шалкиіз жырау «Би Темірге» бірінші толғауы. 9-сынып"

Настоящий материал опубликован пользователем Касайнова Шамшия Абаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 12.12.2015 24158
    • DOCX 21 кбайт
    • 46 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Касайнова Шамшия Абаевна
    Касайнова Шамшия Абаевна

    Учитель

    • На сайте: 9 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 203354
    • Всего материалов: 47

    Об авторе

    Мен 1970 жылы 25 желтоқсан күні Қаратөбе ауданының Соналы елді мекенінде дүниеге келдім. Соналы 8 жылдық мектебінің 1 класына қабылданып, 1986 жылы сегіз жылдық мектепті бітірдім. 1986-88 жылдары М.Өтемісов атындағы санаториялық мектеп интернатындаа оқыдым. 1989 жыыылы А.С.Пушкин атындағы педагогика институтының филология факультетіне студент болып, 1993 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын бітіріп, диплом алып шықтым. Осы жылы Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектебінен еңбек жолымды бастадым. Ұстаздық жолымды ауданға белгілі ұстаз Қызғожина Айғанымның тәлімінен бастау алып, 1994 жылы Соналы орталау мектебіне ауыстым. Мұғалімдік жұмыстың қыр-сырына үңіліп, өзімнің педагогикалық шеберлігімді шыңдай келе, қазіргі таңда Соналы орта жалпы білім беретін мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» қызметін атқарып келемін.

Қазақ әдебиеті. 8-сынып. Ақтамберді Сарыұлы “Күлдір-күлдір кісінетіп” толғауы

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
7100
4
20.11.2024

Материал разработан автором:

Разработок в маркетплейсе: 9
Покупателей: 132

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Біржан Ермекұлы. Инфоурок является информационным посредником

Қазақ әдебиеті. 8-сынып. Ақтамберді Сарыұлы “Күлдір-күлдір кісінетіп” толғауы. Сабақ жоспары тың идеяларға, жаңа тәсілдерге толы. Әдебиетті оқытудың креативті әдістері қамтылған. 8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. Барлық оқушылар: Шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады. Оқушылардың көпшілігі: Шығарманың идеясы мен автор позициясын қарастырады; Кейбір оқушылар: Өлеңдегі ұлттық құндылық, ұлттық мінез, ұлттық болмыстың маңыздылығын талдайды

Краткое описание методической разработки

Қазақ әдебиеті. 8-сынып. Ақтамберді Сарыұлы “Күлдір-күлдір кісінетіп” толғауы. Сабақ жоспары тың идеяларға, жаңа тәсілдерге толы. Әдебиетті оқытудың креативті әдістері қамтылған. 8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. Барлық оқушылар:

Шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Оқушылардың көпшілігі:

Шығарманың идеясы мен автор позициясын қарастырады;

Кейбір оқушылар:

Өлеңдегі ұлттық құндылық, ұлттық мінез, ұлттық болмыстың маңыздылығын талдайды

Развернуть описание
Смотреть ещё 5 938 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 348 284 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 326 605 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Управление рисками в девелоперских проектах: методология, оценка и практическая реализация

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии очистки сточных вод и контроль качества водных ресурсов

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные коммуникации и переговоры

6 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 938 курсов