«Еуразия»
индустриалдық-экономикалық колледжі Орал, Қазақстан
Қазіргі заманда
әлемде жүйелі түрде болып жатқан сан алуан өзгерістер тұрақты үрдіс.
Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірге ақпараттық-коммуникациялық өнімдер
мен қызметтердің рөлі артып келеді.
Ақпараттық
жүйелер және технологиялар адам қызметінің барлық салаларында инновациялық
даму мақсатында серпінді қалыптасуда. Соңғы уақытта ақпараттық қоғам келесі
деңгейге көшіп эволюцияға ұшырайды деп пайымдауға барлық негіз бар, ол
Смарт-қоғам.
Смарт-қоғамда
оқытудың дәстүрлі үлгісінен, яғни, e-learning-тен көшіп, одан кейін
smart-білім беру деп көзделеді. Бұл білім беру мекемелерінің рөлі «Біліммен
қамтамасыз етумен» шектелмейді, студенттердің өз тәжірибесі мен дағдыларын
қамту үшін жақсы жағдай жасау. Осыған орай, оқытушының негізгі
функциясы «Дайын материалды» беру емес, ақпараттық және компьютерлік
технологиялар мен әлемдік ақпараттық ресурстардың сапалық навигациясы болып
табылады. Smart-білім студенттерің жаңа білімді дамытып, смарт-адам тұлғасын
қалыптастыру, ақпараттық-компьютерлік технологиясымен ақпараттарды іздеу,
өңдеу, талдау және инновация қалыптастырумен ерекшеленеді.
Электрондық
білім беру технологиялар даму қарқыны мен деңгейі жаңа әлемдік феноменге жол
ашты ол smart-education. Бұл инновациялық технологиялық шешімдердің жүйесі
ғана емес, сондай-ақ білім берудің жаңа философиясы. Смарт-технологияларды пайдалану
білім беру жүйесі үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, оның негізінде:
-
Халықаралық білім беру кеңістігінде білім беру мекемелерінің интеграциясы;
-
Қосымша студенттер санаттарын қамтиды, соның ішінде шетелдік те бар;
-
Жаңа құралдар мен инновациялық білім беру технологияларын пайдалану;
-
Оқытушыларға, оқыту және бағалау үшін жаңа нұсқаулар құрастыру;
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын нығайту;
-
Әкімшіліктік және басқарудың тиімді модельдерін енгізу.
Сонымен қатар
Smart білім аясында білім беру ресурстарына келесі талаптар қолданылады:
-
Ашықтығы. Ашық білім беру ресурстар туралы түсінік 1998 жылы ЮНЕСКО-да
бастау алды, ал ЕО (2000 ж.) үздіксіз білім беру меморандумда және Кейптаун
декларациясында «Ашық білім беру - болашақ білім беру» (2001ж.) дамуының
жалғасын тапты;
-
Құрылымдық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ететін модульдер болуы -
қажетті білім мен қызметтік элементтер, белгілі бағыттағы тиісті салалардағы
қажетті құзыреттілікті қалыптастыру;
-
Құзыреттілікті қалыптастыру немесе жетілдіру, өзін-өзі қамту модулі ретінде;
-
Модулдің субъективті бағдары студенттердің белгілі бір жеке сипаттамалар
бойынша өзінің білім алуы үшін маңыздылығы;
-
Модульдің мета-сипаттамасы бойынша репозитарийлерден автоматты түрде іздеу
үшін қажеттілігі;
-
Мета-сипаттамасы бойынша зияткерлік автоматтандырылған іздеу жүйесі модулі;
-
Модулді кез келген ретпен автономды пайдалану мүмкіндігі, оның жаңашалануы,
жекелеген элементтерін пайдалану, студенттің жеке траекториясын қалыптастыру
маңыздылығын көрсетеді.
Ақпараттық
технологиялар және электрондық оқыту білім беру саласының тұжырымдамалық
моделін өзгереді. Осы үрдістерді көрсететін негізгі сипаттамалар; ол
қолжетімділік, ұтқырлық, икемділік, тарату, жеке бағдар, оқу-әдістемелік
материалдар мен оқытушылар құрамын орталықтандыру электронды технологияларды
пайдалануға негізделген, қазіргі заман жағдайында жұмыс істеу үшін
түлектердің тиімді бейімделуі болып табылады.
Ақпараттық
технологиялар академиялық білімді басқаруға өз септігін тигізеді; жоғары оқу
орындарын басқаруын ақпараттандыру; білім беру сапасын қадағалап басқарудың
заманауи жүйесін құру; білім беру кластерлерін құру арқылы білім беру
саласын, ғылым мен инновацияны интеграциялау. Сонымен қатар, технологиялар
шағын кәсіпорындарының инновациялық көлемін арттырады. Бұл колледждер мен
жоғары оқу орындарының замануи бағытта ғалымдардың ғылыми басылымдарын
жариялау белсенділігін арттырады; колледждер мен жоғары оқу орындар
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. Бұл еңбекақы
жүйесіндегі өзгерістер, жұмысқа қабылдау ережелер мен рәсімдер, оқытушылар
мен ғылыми зерттеушілерді бағалау үшін жаңа механизмдерді енгізу арқылы
жүреді.
Smart
технологиясы оқу бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолданылады, ол тек қана
оқыту үрдісін құралдық технология бойынша жүргізу емес, сондай-ақ
инновациялық оқу бағдарламалар мен пәндерді қамтиды. Сонымен қатар, Smart
технологиялар оқу-әдістемелік материалдарды жаңаша құрастырып әзірлеуге,
сондай-ақ студенттерді белгілі бір бағытта оқытуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні,
Қазақстанның білім беру жүйесінде сабақ барысында мультимедиялық
презентацияларды қолдану, Microsoft Power Point сияқты бағдарламалық пакеттер
арқылы жұмыстану жалпы құбылыс болып табылады. Алайда, әдеттегі
презентациялық технологиялардан (Microsoft Power Point) бөлек, білім беру
саласына интерактивті технологиялар еніп, әдеттегі слайд-шоу презентациясынан
жаңашыл үрдістік бағытқа көшуге мүмкіндік береді.
Сабақ беру
барысында қолданатын классикалық дидактикалық принциптердің қызметіне тоқтала
кетейік: ол ғылымилық, саналылық пен белсенділік, көрнекілік,
жүйелілік пен бірізділік, беріктілік, тиімділік, теория мен тәжірибенің
байланыстылығы жатады. Осы барлық қағидалар өзара байланысып жатыр, бір-бірін
толықтырады. Іс жүзінде білім беру барысында олар, әдістер мен ережелер, оқыту
жұмысы мен ұйымдастыру формалар арқылы іске асырылады. Ал білім беру
жүйесіндегі соның ішінде оқыту үрдісіне инновациялық аспект болып саналатын
ІТ-технологиялар (желілік, ұялы және ақпараттық) енгізілуде. Жаңа
жабдықтардың пайда болуына байланысты (аудио және бейне жүйелер, проекциялық
құрылғылар) білім беру үрдісіне оны қалай тиімді қолдану керектігі туралы
сұрақ туындайды. Осыған орай, жаңа материалды интерактивті жабдықтар
(интерактивті тақталар SMART Boards, интерактивті дисплейлер Sympodium) көмегімен
меңгерту, ол студенттің өзіндік жұмысы бойынша жасалған презентация болып
саналады.
Біздің ойымызша,
бұл электрондық тақта ең әмбебап оқыту құралы болып табылады. Сабақ беру
үрдісінде мультимедиялық тақтаны қолдану SMART-технологияларды негізгі компоненттерінің
бірі ретіндегі колледждегі көкейтесті мәселесін зерттей келе, проекциялық
технологиясымен бірге аудиқұралды қолдану; жаңа материалдың кестелерін
түсіндіргенде студенттер қызығушылығын арттырады, бейне - анықтамалық
материал; ақпараттық схеманы және электрондық оқулықтардың материалын
талдауға көмек көрсетеді. Бұл бізге көрнекілік, жүйелілік пен
бірізділік принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Алайда, ең айқын
түрде интерактивті тақтамен «дидактиканың алтын ережесі» (көрнекілік
принципі) жүзеге асырылады. Осылайша, интерактивті тақтамен, керекті
көрнекілік материалды блок-схема түрінде, динамикалық алгоритм немесе
жалпылау таблицаларын қолдануға мүмкіндік береді, осы мәліметтерді
аудиторияда, сабақ үстінде үлкен экран арқылы мультимедиялық материалдармен
жұмыстану іске асырылады. Бұл экранды аудиторияда отырған барлық қатысушылар
көре алады, студент пен оқытушынының өзара іс-қимылын, қарым-қатынасын жаңаша
деңгейге көтереді, студенттер оқу материалдар мен жаңа әрекетті бақылап,
содан кейін талдап, классификациялап, белгілі бір заңдылықтарды құруға
белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етеді. Осы жағдайда, SMART
интерактивті тақтасында жазылған барлық ақпараттар студенттерге беріледі,
магниттік тасығыштарда сақталады, басып шығарылады, электрондық пошта
арқылы жіберіледі.
SMART Notebook
файл жиынтығында лекциялар мен практикалық сабақтардың мазмұны болуы
студенттердің модульді бақылауға мен емтиханға дайындалу үшін, сондай-ақ
белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаған студенттерге өте пайдалы болып
табылады. SMART Board пайдаланған кезде оқытушы үстел мен компьютерге
байланып отырмайды, керісінше коммуникация үрдісі, сандық ресурстармен білім
алу, тартымды және әсерлі болады. SMART Notebook бағдарламасы басқа
бағдарламалармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары мен мүмкіндіктері бар,
саралай кетсек:
-
Оқу материалдарын интерактивті түрде оқытуға қамтамасыз етеді;
-
Оқу материалын ұсынғанда қол жетімділігін арттырады;
-
Топтық жұмыс барысында біліктілікті арттыру, көптеген салаларда табысқа жету
мақсатында;
-
Студенттердің пәнге қызығушылығын арттырады;
-
SMART Board пайдалану оқытушының оқыту үрдісін шығармашылық бағытта жобалап
және жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
SMART Board
интерактивті тақтада жұмыс істеу кезінде студенттердің зейіні артады,
материал тез игеріледі, нәтижесінде әрбіреуі жетістікке жетеді деп атап өткен
жөн. Интерактивті технологияларды кеңінен қолдану, қазіргі заманғы аппараттық
және бағдарламалық құралдармен көрсету мүмкіндігін, инсталляция сценарийін
жасау қабілетін, сәтті презентация әдістерімен жұмыстануды жеңілдетеді.
Сондай-ақ SMART-технологияны пайдалануын біліктілігін арттыратын
тыңдаушылардың оқу үрдісіне немесе халықаралық бизнес білім беруге енгізу
керектігін ескеру керек.
Екінші жағынан
SMART және компьютерлік модельдеуді пайдалану мүмкіндігі педагогикалық
мәселелерді шешуге жеңілдік береді деген иллюзияда болу керек емес. Керісінше
осы технологияларды пайдалану оқытушыдан жүйелі түрде құрылған
міндеттерді білім беру үрдісінің (талдау, синтез, жалпылау және т.б.)
дамуының жоғары деңгейін қалыптастыруға бағытталатын болады. Бұл жағдайда
оқытушының жұмысы оңай болмайды, күрделеніп, шеберлік пен біліктілікті талап
етеді.
Оқу процесіне
компьютерлік модельдер мен SMART технологиясын пайдалану арқылы мынадай
артықшылықтарға қол жеткізуге болады:
-
көрнекі ақпарат көлемінің өсуі, дәріс оқу немесе тәжірибелік сабақтар жүгізу
сапасы мен тиімділігін айтарлықтай арттырады;
-
SMART мүмкіндіктер студенттер мен тыңдаушылардың белсенді жұмыстанып,
шығармашылық қабілеттерін ынталандырады;
-
компьютерлік графика әсерлігі көрнекі-бейнелік ойлау түрін дамыту мүмкіндігін
береді;
-
ақпараттың үлкен көлемін өңдеу қабілеті жүзеге асырылады;
-
компьютерлік модельдермен жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін
жағдайлар жасалады, яғни, олар өз эксперименттерін жүргізе алады, қойылған
гипотезаларын тез тексере алады, заңдылықтарды құра алады.
Осылайша, білім
беру кеңістігіне жаңа технологияларды енгізу үрдісі білім берудің ескі
репродуктивті схемасынан жаңа, оқудың креативті формасына көшуіне әкеп
соғады. Қазіргі заманғы білім берудің негізгі міндеттерінің бірі –
студенттердің білім алуына тұрақты мотивациясын құру – студенттердің өзіндік
шығармашылық шешімдер арқылы білім алу үшін жаңа нысандар мен құралдар іздеу
болып табылады.
Қазіргі заманғы
әлеуметтік тапсырыс және оқыту талаптары жоғары білікті маман даярлауға
оқытушыға жаңа форматта сабақ жүргізуін талап етеді. Мысалы,
Норвегияда, Францияда студент өз мобильді құрылғыларын ноутбук, планшет,
компьютер, смартфонды дәріске алып келіп үй жұмысын орындауын талап етеді.
Біздің ойымызша, қазіргі білім беру мекемелеріне осы бағытта жұмыстанып,
оқытушылардан мобильді тапсырмалар, қосымшалар, тестілеу жүйесін құрастыруды,
ақпараттар мен тәжірибе алмасу жолдарымен бақылауды талап ету керек.
Қорытындысында,
жаңа заман талабына сай білім беру бүгінгі таңда өзекті мәселе, шығармашылық
қабілеті мол, жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде инновациялық
технологиялар ауадай қажет. Жоғары сапада студенттерді даярлау қажеттілігі,
оқытушылардан кәсіби деңгейлі құзыреттілікті талап етеді, атап айтқанда,
дәстүрлі формадағы тапсырмаға ақпараттық технологиялар негізінде
құрастырылған жаңа форматты тапсырмалар енгізу, оқу үрдісін қабілетті
интерактивті қолдау керектігін тұжырымдай келе, «Ізденімпаз ұстаздың
шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне
жол таба білуі» деген тоқтам жасаймыз.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Тихомирова
Н.В. Глобальная стратегия развития smart-общества. МЭСИ на пути к
Smart-университета. - Режим доступа:
http://smartmesi.blogspot.com/2012/03/smart-smart.html.
2.
Первая
международная конференция по применению смарт технологий в образовании
«Смарт-образование» 2014. [Электронный ресурс] - режим доступа: http // stet
- 14.Kesinternational.org.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.