Инфоурок Другое КонспектыШай, шай түрлері және дайындау әдістері

Шай, шай түрлері және дайындау әдістері

Скачать материал

                Шай,  шай  түрлері  және  дайындау  әдістері

Каткенова  Мереке  Султановна

Аспаз  мамандығының

 өндірістік  оқыту  шебері

Шелек  политехникалық  колледжі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға  шайдың   түрімен   таныстыру, техникалық 

шарттарды  ескере  отырып  шайды  дайындауды  және  ұсынуды  үйрету.

Тәрбиелік: Кәсіптік  мамандықтарына  қызықтыру, оларды  дағдылыққа,

ұқыптылыққа, жауапкершілікке  тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шай   туралы  ой – өрістерін  дамыту; үй  тапсырмалары 

арқылы  қамыр  өнімдері  туралы  білімдерін  бекіту, болашақ  мамандығына  байланысты  дағдыларды    пысықтау.

Сабақ  көрнекілігі: Сабаққа  қатысты  ыдыстар. Шайдың  түрлері. Видео 

                                    ролик. Технологиялық  карталар.

Сабақтың  әдісі: Тәжірибелік

Сабақтың  әдістемелік  мақсаты: Өндірістік  оқыту  сабағында  ақпараттық

                                                           –  коммуникациялық  технологияны  енгізу

Уақыт  мөлшері:  6 сағат

 

Сабақ  барысы

І. Ұйымдастыру   бөлімі:  5 минут

    Оқушылардың  зейінін   тақырыптқа   аударту:

                    Тар шалбар, бешпент шықты қынамалы

                    Жігітке шапан киген ұнамады.

                    Сары жез самауыры тағы шықты

                    Машина шүмегі бар  бұрамалы

                    Төсектен ерте тұрып бас ауырса

                    Бөтен ем шайдан басқа сұрамады.

Әбубәкір Кердеріұлы шай алғаш келе бастаған тұста осылай жырлапты.

3498

ІІ. Кіріспе  нұсқау – 35  мин.

    Өткен  тақырыптарды  қайталау. Үй  тапсырмалары  бойынша  қамыр  өнімдерінен  тағамдар  даярлап  әкелу. Реферат  жазу.

     Слайд  бойынша  оқушылар  көрсетілген  өнімдер  туралы  оқушылар  өзара  сұрақ  –  жауап   құрастыру.

1.     Алматы  қаласында  қамыр  өнімдерінен   тағамдар  дайындайтын  қандай  ірі  кәсіпорындар  бар.  (Ақсайнан,  Алматынан)

2.     Қамырдың  қандай  түрлері  бар? (Ашытқымен, ашытқысыз)

3.     Үй  кеспесінің  қамыр  құрамын  ата? (Ұн, жұмыртқа, су)

4.     Вареник  қамырының  айырмашылығы  неде? (Сүтпен  қантта)

5.     Ашыған  қамырды  қайтадан  неше  рет  басады? (Көмір  қышқылы  шығу  үшін  бірнеше  рет  басады)

 

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQm6e7RM_1AO3d6xzgARqXFtB_j5mt_4_ffdIWIE4sWNplFv4KW

 

Жаңа  сабақты  түсіндіру

Шайдың  шығу  тарихы, шай  туралы  рефераттардан  үзінді, слайдты  қолдана  отырып. 

    Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана  сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі­­ өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның  кәсіпкері  бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл- қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор  пайдадан  айырды.

   Шайдың Отаны – Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.

      Қытайлықтардың  аңызы  бойынша, Дарма есімді үнді  ханзадаларының бірі  Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты.  Бұл  үшін ол  күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады.

     Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр.  Шай қорабының сыртындағы байха «Бай-хао»  сөзбе-сөз «ақ кірпік» деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.

      Жапырақтарының  бүршіктеріне  байланысты  2  түрі  бар. Олар: ассамдық  және  қытайлық.

       Шайдың  түрлері: жапырақшалардың  өлшеміне  және  қай  мемлекеттің  өніміне  байланысты. Жапырақшалы, түйіршіктелген, ұнтақталған концентратталған. Мемлекеттік   өніміне  байланысты  Үнділік, Қытайлық, Цейлондық,  Бразилиялық,  Грузиндік  болып  бөлінеді.

        Шайдың  құрамы: шай  мидың  қан  тамырларын  кеңейтеді  және  барлық  сорттарында  жүрек  қызметін  реттейтін   кофеин, эфир  майлары  және  экстративті  заттар мен дәрумендерге  бай.

        Шикізат  түріне  және  өңдеу  технологиясына  байланысты  шайдың  түрлері  мен  типтері  болады: байхалы  - қара, көк, сары, престелген, кірпіш (сары), плиткалы (қара  және  сары). Қазіргі  кезде  ассортиментті  көбейту  үшін  ароматталған  және  емдік  шайлар  шығарыла  бастады.

        Мөлшері: 25, 50 ,75, 100, 200, 250 т.б.  арнайы  қораптарда.

        Шайды  дайындау  әдістері: 1 порцияға  2 гр. 150  – 200мл. су  қолданылады. Шәйнекті  қайнаған  сумен  шаяды,  құрғақ  шайды  салады  да  шәйнектің  1/3 көлеміндей  қайнаған  су  құяды  5 – 10  мин. жауып  қояды, содан   кейін  шәйнекті  қайнаған  сумен  еселейді.

         Талаптар: Қайнатуға,  металл  ыдыстарда  дайындауға  болмайды  қарайып  кетеді, қайталап  қайнатуға  болмайды. Күніне  10 -12 шыныдан  артық  ішуге  болмайды, ол  жүрек  соғысын  жиілетеді. Шайды  арнайы  қораптарда, құрғақ  жерде   сақтау  керек, себебі  ылғалды  бойына  тез  сіңіреді. Ылғалдылық  мөлшері 65 %. Шайды  фарфор  немесе  фаянс  ыдыста  демдеу  керек. Қайнап  шыққан  шайды  бір  сағат  уақыттың  ішінде  ішу  керек, оны  ертеңге  қалдыруға  болмайды.

         Ұсыну  әдістері:  Жалғыз  шәйнекпен,  жұп  әдісімен (самаурын мен  шәйнек), Қазақстанның  батыс  өңірінде  кесе  мен  тастабақшамен  беріледі,  шайқасық  пен  шәйнек  оң  жаққа  қойылады. Шаймен  бірге  лимон  және  тәтті  тағамдар  ұсынылады,  сонымен  қатар  ұлттық  ерекшелікке  байланысты.

        Емдік  қасиеттері: Сүтпен  қатқан  өте  қою  ыссы  тәтті  шай  наркотикпен, емдік  препараттармен  және  маскүнемдікпен  уланғанға  қарсы  күшті  құрал.  Дененің  сыртындағы  жараны, сондай – ақ асқазандағы, он  екі  елі  ішектегі  жараларды  жазу  үшін  қою  қайнатылған  көк  шайды  ұдайы  ішу  керек. Шайдың  жас  жапырағының  шырыны, шай  экстраты  немесе ұнтақталған  құрғақ  шай  күйікке  қарсы  құрал  болып  табылады.

       Қауіпсіздік  ережелері: Шәугімді  суға  толтыру  мөлшері, қақпағын  ашу, тоқ  көздеріне  қосу және  ажырату, құю  кездерінде  ескерілетін  нұсқаулар. 

 

 

Жаңа  сабақты  бекіту:

Мақал  - мәтелдің  жалғасын  және  сұрақтың  жауабын  табу.

1.     Шай  ішсең  ......................................... .

2.     Етім  болмаса да  ...................................................

3.     Шайға  хош  иіс беретін .........................................................

4.     Шәйнекке  шәйді  демдегенде  құйылатын  су  мөлшері .......................

5.     Ашаны  тоқ  көзінен  ажыратқанда ..........................................................

ІІІ. Ағымды   нұсқау - 5 сағат

 

     Оқушылар  топқа  бөлініп  алған  білімдерін  Шелек  өңіріндегі  кәсіпорындарда  тәжірибе  жүзінде  бекітеді.

     Оқушылар өз бетімен жұмыс істеу және мақсатты тексерулер:

1.     Шәйді  демдеу жұмыстарының орындалу технологиясын және тазалығын сақтау;

2.     Жинақ рецептурасымен дайындау реттілігін қадағалау;

3.     Қауіпсіздік ережелерімен құрал - жабдықтарымен жұмыс істеуін қадағалау;

4.     Дайын  тағамды  ұсыну, жұмыс орнын  тазалау,  ыдыстарды реттестіруін  қадағалау.

ІV. Қорытынды   нұсқау: 15 мин.

     Жіберілген   қателіктерді   талдау, бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шай, шай түрлері және дайындау әдістері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Шай, шай түрлері және дайындау әдістері

Каткенова Мереке Султановна

Аспаз мамандығының

өндірістік оқыту шебері

Шелек политехникалық колледжі

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға шайдың түрімен таныстыру, техникалық

шарттарды ескере отырып шайды дайындауды және ұсынуды үйрету.

Тәрбиелік:Кәсіптік мамандықтарына қызықтыру, оларды дағдылыққа,

ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шай туралы ой – өрістерін дамыту; үй тапсырмалары

арқылы қамыр өнімдері туралы білімдерін бекіту, болашақ мамандығына байланысты дағдыларды пысықтау.

Сабақ көрнекілігі: Сабаққа қатысты ыдыстар. Шайдың түрлері. Видео

ролик. Технологиялық карталар.

Сабақтың әдісі: Тәжірибелік

Сабақтың әдістемелік мақсаты: Өндірістік оқыту сабағында ақпараттық

– коммуникациялық технологияны енгізу

Уақыт мөлшері: 6 сағат

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі: 5 минут

Оқушылардың зейінін тақырыптқа аударту:

Тар шалбар, бешпент шықты қынамалы

Жігітке шапан киген ұнамады.

Сары жез самауыры тағы шықты

Машина шүмегі бар бұрамалы

Төсектен ерте тұрып бас ауырса

Бөтен ем шайдан басқа сұрамады.

Әбубәкір Кердеріұлы шай алғаш келе бастаған тұста осылай жырлапты.

ІІ. Кіріспе нұсқау – 35 мин.

Өткен тақырыптарды қайталау. Үй тапсырмалары бойынша қамыр өнімдерінен тағамдар даярлап әкелу. Реферат жазу.

Слайд бойынша оқушылар көрсетілген өнімдер туралы оқушылар өзара сұрақ – жауап құрастыру.

1. Алматы қаласында қамыр өнімдерінен тағамдар дайындайтын қандай ірі кәсіпорындар бар. (Ақсайнан, Алматынан)

2. Қамырдың қандай түрлері бар? (Ашытқымен, ашытқысыз)

3. Үй кеспесінің қамыр құрамын ата? (Ұн, жұмыртқа, су)

4. Вареник қамырының айырмашылығы неде? (Сүтпен қантта)

5. Ашыған қамырды қайтадан неше рет басады? (Көмір қышқылы шығу үшін бірнеше рет басады)

Жаңа сабақты түсіндіру

Шайдың шығу тарихы, шай туралы рефераттардан үзінді, слайдты қолдана отырып.

Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі­­ өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның кәсіпкері бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл- қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды.

Шайдың Отаны – Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.

Қытайлықтардың аңызы бойынша, Дарма есімді үнді ханзадаларының бірі Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты. Бұл үшін ол күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады.

Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр. Шай қорабының сыртындағы байха «Бай-хао» сөзбе-сөз «ақ кірпік» деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.

Жапырақтарының бүршіктеріне байланысты 2 түрі бар. Олар: ассамдық және қытайлық.

Шайдың түрлері: жапырақшалардың өлшеміне және қай мемлекеттің өніміне байланысты. Жапырақшалы, түйіршіктелген, ұнтақталған концентратталған. Мемлекеттік өніміне байланысты Үнділік, Қытайлық, Цейлондық, Бразилиялық, Грузиндік болып бөлінеді.

Шайдың құрамы: шай мидың қан тамырларын кеңейтеді және барлық сорттарында жүрек қызметін реттейтін кофеин, эфир майлары және экстративті заттар мен дәрумендерге бай.

Шикізат түріне және өңдеу технологиясына байланысты шайдың түрлері мен типтері болады: байхалы - қара, көк, сары, престелген, кірпіш (сары), плиткалы (қара және сары). Қазіргі кезде ассортиментті көбейту үшін ароматталған және емдік шайлар шығарыла бастады.

Мөлшері: 25, 50 ,75, 100, 200, 250 т.б. арнайы қораптарда.

Шайды дайындау әдістері: 1 порцияға 2 гр. 150 – 200мл. су қолданылады. Шәйнекті қайнаған сумен шаяды, құрғақ шайды салады да шәйнектің 1/3 көлеміндей қайнаған су құяды 5 – 10 мин. жауып қояды, содан кейін шәйнекті қайнаған сумен еселейді.

Талаптар: Қайнатуға, металл ыдыстарда дайындауға болмайды қарайып кетеді, қайталап қайнатуға болмайды. Күніне 10 -12 шыныдан артық ішуге болмайды, ол жүрек соғысын жиілетеді. Шайды арнайы қораптарда, құрғақ жерде сақтау керек, себебі ылғалды бойына тез сіңіреді. Ылғалдылық мөлшері 65 %. Шайды фарфор немесе фаянс ыдыста демдеу керек. Қайнап шыққан шайды бір сағат уақыттың ішінде ішу керек, оны ертеңге қалдыруға болмайды.

Ұсыну әдістері: Жалғыз шәйнекпен, жұп әдісімен (самаурын мен шәйнек), Қазақстанның батыс өңірінде кесе мен тастабақшамен беріледі, шайқасық пен шәйнек оң жаққа қойылады. Шаймен бірге лимон және тәтті тағамдар ұсынылады, сонымен қатар ұлттық ерекшелікке байланысты.

Емдік қасиеттері: Сүтпен қатқан өте қою ыссы тәтті шай наркотикпен, емдік препараттармен және маскүнемдікпен уланғанға қарсы күшті құрал. Дененің сыртындағы жараны, сондай – ақ асқазандағы, он екі елі ішектегі жараларды жазу үшін қою қайнатылған көк шайды ұдайы ішу керек. Шайдың жас жапырағының шырыны, шай экстраты немесе ұнтақталған құрғақ шай күйікке қарсы құрал болып табылады.

Қауіпсіздік ережелері: Шәугімді суға толтыру мөлшері, қақпағын ашу, тоқ көздеріне қосу және ажырату, құю кездерінде ескерілетін нұсқаулар.

Оқушылар топқа бөлініп алған білімдерін Шелек өңіріндегі кәсіпорындарда тәжірибе жүзінде бекітеді.

Оқушылар өз бетімен жұмыс істеу және мақсатты тексерулер:

1. Шәйді демдеу жұмыстарының орындалу технологиясын және тазалығын сақтау;

2. Жинақ рецептурасымен дайындау реттілігін қадағалау;

3. Қауіпсіздік ережелерімен құрал - жабдықтарымен жұмыс істеуін қадағалау;

4. Дайын тағамды ұсыну, жұмыс орнын тазалау, ыдыстарды реттестіруін қадағалау.

ІV. Қорытынды нұсқау:15 мин.

Жіберілген қателіктерді талдау, бағалау.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 251 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2015 7782
    • DOCX 285.5 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каткенова Мереке Султановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каткенова Мереке Султановна
    Каткенова Мереке Султановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15244
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 109 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 44 человека

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции