Инфоурок Другое Другие методич. материалыШағын жинақталған мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері

Шағын жинақталған мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері

Скачать материал

 

Шағын жинақталған мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері

 

 

Капезова Гульнур Жумабековна

Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы

                                              Озерное орта мектебі

 

 

Қазіргі кездегі ең күрделі мәселелердің бірі-қазақ тілін оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.Баланың жеке тұлғалық қасиетін ұжымдық сапаға тәрбиелеу қажеттігін,сол арқылы мінез-құлық,ақыл-ой,саналы  жолдастық қарым-қатынас жасау .Әуелі жеке бас ,содан кейін ұжымдық категорияларды шешуде социометриялық әдісті қолдану,одан кейін оны өрістете отырып,шағын ұжымды дамыту,балалардың сөйлеу тілін, сөйлеу мәнерін,таза сөйлеуін ,өз ойын дұрыс жеткізе білулерін  қалыптастыру.

Сондықтан оқытудың мынадай белсенді әдістерін ұсынар едім:

1.Проблемалық дәріс

2.Рөлдердің орындалуы

3.Ойын жобалары

4.Іскерлік ойындар т.б.

Осындай әдістерді қолдану оқушылардың жеке өзіндік білімін тереңдетуге және оны нақты жағдайда қолдана білуге,зерттелген материалдарды  жүйелеп,  талдау жасай алуға ықпал етеді.

Сонымен қатар,қоғамдық өмірдегі жаңаша қарым-қатынас стиліне көшу мәселелерін қарастыратын танымдық әрекеттердің арнайы түрлерін қолдану да басты мәселелердің бірі болып табылады.

Шағын жинақталған мектептерде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс -тәсілдердің бірі – бірлесіп әрекет ету.  Бірлесіп әрекет ету- түрлі объектілердің өзара ықпалы көрінетін жағдайларының өзгерістері. Бірлесіп әрекет ету- ішкі және сыртқы қарым-қатынас түрлерін білдіреді, яғни адамның өзіндік дамуы мен өзіндік қалыптасу белсенділігін арттыратын тәсілдердің бірі. Жеке тұлға  белсенділігі  -  мәдени және рухани байлықтарын меңгеру негізінде  мәні бар өзгерістер жасай алу қабілеті.

Қазіргі кезде басқаша ойлаушылар затқа басқаша көзқараспен қараушылар ретінде танылады.Мұндай қасиеттер оқушылардың  өз бетінше әрекет жасау ептілігін, ұтымды әдістерді іздеу жетістіктеріне қол жеткізуге әсер етеді.

 Білімді толық меңгеруді қамтамасыз ете отырып, оқу әрекетін қалыптастыру, ақыл-ой дамуына тікелей әсер ете оқыту. Оқу процесін жоспарлағанда дамыту міндеттерін дұрыс қоя білу де үлкен рөл атқарады.

Негізгі мәселелер қатарына балалардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары да жатады. 

Таным процестерін дамыту міндеттері:

1. қабылдау қабілеттерін дамыту: ерікті түрде қабылдау, еріктен тыс қабылдау;

2. сезіну және елестету қабілетін дамыту: көру қабілеті, тыңдау, сезіну қабілеті;

3. байқағыштық, бақылау қабілеттерін дамыту: заттар мен құбылыстардағы ұқсастықты бақылай білу, өзгешелікті бақылау білу, құбылыстар арасындағы байланыстылықты дәлелдей білу;

4. есте сақтау қабілетін дамыту: мақсат қоя білу, көрнекіліктерді қолдана білу;

5. қиялдау қабілетін дамыту: оқулықта жазылғанды көз алдарына елестету, қоршаған ортада жоқ заттарды ойша құрастыра білу, жаңа ақпарат алу үшін көрнекі материалды қайта құрып, өзгерте білу;

6. сөйлеу дағдыларын дамыту: сөйлеу мәдениеті мен жазу дағдыларын , өзіндік ой-пікірін айта білулерін, мәнерлеп оқуға, екпін қоя білу, дауыс ырғағы, ойын әсерлі жеткізе білулерін дамыту.

Келесі өзекті мәселелердің бірі-тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.

Тіл дамыту жұмыстарын мынадай тәсілдермен ұйымдастырамыз:

1) Тіл дамыту жұмыстарын көркем әдеби үлгілерімен емес, таза «бала тілін» бірлесіп әрекет ету  арқылы жүргізу;

2) ресми іс қағаздар тілін пайдалану;

3) көркем әдебиет тілінен үлгі алу.

Тіл дамытуда сөйлем құра білу, сөздік жұмыстарын, оның ішінде тұрақты сөз тіркестерімен жүргізілетін жаттығуларға ерекше мән беру, сөз бен сөздік байланысу тәсілдерін меңгерту, сөйлем құрап, ойын жазбаша сауатты жазумен  қатар ауызекі жүйелей айта білуге жаттықтыру.

Күнделікті сабақта қолданылатын: әңгіме құрастыру, шығарма, мақала, күнделік жаздыру -тіл дамытудың ең нәтижелі жолдары.

Менің ойымша, тіл дамыту жұмыстарын мынадай екі бағытта жүргізу тиімді:

1.     баланың сөздік қорын байыту;

2.     сол байытылған сөздік қорды іс жүзінде дұрыс пайдалануға үйрету.

Оқушының сөздік қорын байыту жұмыстары тәжірибеде сыналған әдіс-тәсілдерге сүйене жүргізілуі керек. Сонымен қатар,тілдің грамматикасын игерту арқылы  сөйлем құрастыра білу шеберлігін арттыруға арналған тапсырмалар орындату қажет. Баланың тілін дамыту жұмыстары өз ойын, пікірін, сезімін дұрыс жеткізу, дұрыс әдеби тіл нормасында сөйлеу шеберлігін арттыру, байланыстырып сөйлей білу икемділігін жетілдіру ісі бойынша жүргізіледі.

Осы мәселеге байланысты қолданылатын әдістер:

1.     әңгіме, сұрақ бойынша сөйлеуге үйрету;

2.     әр түрлі мәтін бойынша жаттығулар орындату;

3.     оқығанын ауызша баяндау;

4.     берілген тақырып бойынша сөйлету;

5.     мәтін құрастыру (ауызша, жазбаша);

6.     мақала, оқыған кітаптары, саяхаттары бойынша пікір жаздыру.

Бұл жұмысты орындау кезінде сөйлеу туралы икемділік пен дағдыны қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Сөйлеуде материалды белгілі жүйеде бірізділікпен реттей білу икемділігі, яғни, әңгімесін немесе шығармасын белгілі бір жоспарда айта білу өте маңызды. Сондай-ақ мәтінді жөндеу, жетілдіре білу дағдылары қалыптасады.

Қазіргі таңда білім берудің маңызды шарттарының бірі -жаңа мазмұнды сабақ ұйымдастыра отырып,өз халқының мәдени, тарихи байлақытарын меңгерту; ақын-жазушылар еңбектерін оқу арқылы қазақ халқының тұрмыс жағдайын білуге деген зейінін арттыру.

Бұл әдістер арқылы оқушылар төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:

1.     сабаққа деген белсенділігі артады;

2.     жеке-дара жұмыс істеуге ынталанады;

3.     жеке көзқарастары қалыптасады;

4.     оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болады;

5.     оқушылар арасында психологиялық жағдайлар қалыптасады.

 

Сонымен,мектеп жасындағы балаларға тіл маңыздылығы туралы ақпараттар мол берілсе тіл тағдыры шешілері сөзсіз.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шағын жинақталған мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мною представлен опыт работы по применению инновационных форм преподавания на уроках Казахского языка и литературы.Қазіргі кездегі ең күрделі мәселелердің бірі-қазақ тілін оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.Баланың жеке тұлғалық қасиетін ұжымдық сапаға тәрбиелеу қажеттігін,сол арқылы мінез-құлық,ақыл-ой,саналы  жолдастық қарым-қатынас жасау .Әуелі жеке бас ,содан кейін ұжымдық категорияларды шешуде социометриялық әдісті қолдану,одан кейін оны өрістете отырып,шағын ұжымды дамыту,балалардың сөйлеу тілін, сөйлеу мәнерін,таза сөйлеуін ,өз ойын дұрыс жеткізе білулерін  қалыптастыру.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 269 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.12.2014 2048
    • DOCX 18.5 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Давлаева Мадина Кудайбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3311
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 25 регионов

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе