Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыШАҒЫН ЖОБА «Мұғалімнің өзіндік даму бағдарламасы»

ШАҒЫН ЖОБА «Мұғалімнің өзіндік даму бағдарламасы»

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШАҒЫН ЖОБА

 

«Мұғалімнің өзіндік даму бағдарламасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Исатаева Гаухар Ораловна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Мазмұны:

 

                       Кіріспе……………………………………………...……................…………...3-4

 

І тарау   Бәсекелестікке қабілетті тұлғаның қалыптасуы – ұстаз

               шеберлігінің қолында....................................................................4-10

ІІ тарау Мұғалімнің кәсіби жетілу жолдары.............................................. 11-12

ІІІ тарау Өзгерістер мен кәсіби өсуінің көрсеткіштерін анықтау ....................13

Өлшеуіштер....................................................................................................14

Кездесетін қиыншылықтар.............................................................................15

Қорытынды.................................................................................................15-16

Глоссарий.........................................................................................................17

Әдебиеттер......................................................................................................18

Қосымша......................................................................................................19-27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

«Еліміздің    ертеңі  бүгінгі   жас  ұрпақтың     қолында, ал   жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаздарының   қолында»

                                                         Н. Ә.  НАЗАРБАЕВ

 

«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және  аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына  да әділ ..,жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін  батыл, ержүрек болуы керек».

ӘЛ-ФАРАБИ

 

 

        Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының                 5-тармағында «Мұғалім  өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті»,-делінген. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

         Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Сондықтан қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беретін, жаңалыққа жаны сергек, педагогикалық құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын, әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын, кәсіби шеберлігі дамыған шығармашыл мұғалім қажет.

Проблемасы: көпшілік мұғалімдерде өзін-өзі дамыту бағдарламасын жасаудағы қиындықтардың болуы.

Мақсаты: мұғалімнің өзіндік даму бағдарламасын әзірлеп,  кәсіби даму жолдарын ұсыну.

Міндеттері:

-                                 білім жүйесіндегі өзгерістерге талдау жасау;

-                                 жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптармен танысу;

-                                 мұғалімнің кәсіби білім жетілдіру жолдарын қарастыру;

-                                 өзгерістері мен кәсіби өсуін қадағалайтын көрсеткіштерін анықтау; және өлшемдерін әзірлей отырып, өзіндік талдау жасау;

-                                 әлсіз жақтарын анықтап, кәсіби даму бағдарламасын жасау.

Зерттеу объектісі: мұғалімнің кәсіби даму бағдарламасы.

Зерттеу пәні: кәсіби даму жолдары, яғни технологиялар, диагностика, ақпараттық, шығармашылық, зерттеу.

Болжам: егер әрбір педагог,

-                                 білім беру жүйесіндегі өзгерістерді қабылдауға дайын болса;

-                                 жаңа формация мұғаліміне қойылған талаптарды меңгерсе;

-                                 кәсіби білімін үзбей  жетілдірсе;

-                     өзгерістер мен кәсіби өсуіне талдау жасап, өлшемдерін әзірлей  алса, онда кәсіби даму бағдарламасын іске асыра алады. 

Күтілетін нәтиже: кәсіби шебер мұғалім.

Зерттеу әдістері:

1.Теориялық әдістер: үлгілеу және жалпылау, салыстыру, абстракциялау, топтау, жүйелеу, талдау, жинақтау және т.б.

2. Эмпирикалық (тәжірибеге негізделген): зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті оқу, педагогикалық өлшемдер әдістері (тіркеу, жіктеу, тестілеу), бақылау, іс-әрекет өнімдерін қарастыру, нормативті,               нұсқау - әдістемелік құжаттарды игеру, сұрақ–жауап әдістер (сауалнама, әңгімелесу, сұхбат, социометрия, тәуелсіз сипаттамалар әдісі), педконсилиум, математикалық санақ әдісі.

І тарау. Бәсекелестікке қабілетті тұлғаның қалыптасуы– ұстаз шеберлігінің қолында.

    Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

    Д.Пойа айтқандай «Егер мұғалім өз пәніне шын ықыласымен берілсе, онда бүкіл сыныпта бұл пәнге ынтасымен берілетін болады. Егер де, пән сізді қызықтырмаса және оны терең білмесеңіз онда сабақ беруден бас тарту керек. Себебі, сіз ешқашан да сабақты жақсы бере алмайтын боласыз». Расында да, пәнді сүю және оны терең білу – мұғалімге қажетті шарт, алайда, бұл жеткілікті емес. Мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойына сіңіре білу қажет.

 

К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.

Әрбір пән мұғалімі оқушыны ғылым негізімен сусындатып қана қоймай, оның өмірлік қажеттілігіне айналуына күш салады.

      Көрнекті педагог В.А.Сухомилнский «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қолжеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тірегі ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысынаайналады» деп айтқан. Өйткені жайғана сабақ құнарсыз тағамсекілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс- тәсілдеріарқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегіене орын алады. «Өмір бір орында тұрмайды, уақыт өткен сайын жаңа талаптар пайда болады» деген Елбасының сөзі мұғалімдердің жаңа міндеттерді шешуге әзір болуын талап етеді.

  Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек. Сондықтан мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс.

Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы біліммен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету.

     Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. /Академик В.М. Монахов/

     Технологиялық оқыту – өзара белсенді оқыту. Өзара белсенді режимдегі жұмыста ақпараттар ағыны оқушыға не топқа жетіп, оқушылардың жан – жүйесінде жасырын жатқан ақыл-ой қызметін белсендіреді. Ақпарат бұл жағдайда екі бағытта: мұғалімнен – оқушыға, оқушыдан мұғалімге қарай жүріп, оқушыны өзі үшін білім алушы, өзін білімдендіруші яғни субъект жағдайына қояды.

       Мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдірудің бір жолы – мектептегі оқу процесінде инновациялық оқыту технологияларын пайдалану болып табылады.

      Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері мақсат, мазмұн, форма, әдіс оқыту көрнекілігі болса, бүгін де жаңа технология бойынша оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту болып өзгерген. «Нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, «қалай оқыту керек?» деген сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Яғни, білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажетілігі туады. 

     Жалпы айтқанда, жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпаратық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінде көруге болады:

1.     Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;

2.     Оқытудың көркемдігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жетеді;

3.     Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалдарын түсіндіру мүмкіндігі артады;

4.      Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, өзмамандықтарына деген табиғи сұранысын қанағаттандырады;

5.     Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда  көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:
• Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
• Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
• Окушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологияларға:
- ынтымақтастық педагогикасы;
- білім беруді ізгілендіру технологиясы;
- тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы;
- түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы;
- деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту технологиясы;
- жобалап оқыту технологиялары кіреді.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - окушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Ынтымақтастық педагогикасының ерекшелігі мына төмендегідей:
-мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;
Ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.Амонашвили.
Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық үшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты қояды:
-білім, білік, дағдысьң қалыптастыру;
-барлық баланы оқыту;
-оқытуды жеделдету.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізін қалаған профессор Ж.Қараев.
Бұл технологияның ерекшеліктері темендегідей:
-білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
-оқушыға берілетін тапсырманың саралануы;
-оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау;
-оқушының оқу деңгейін таңдауға ерік беру;
-оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейде білім алуға ерікті.
Модульдік технология дамыта оқыту технологиясына негізделген.
Мұндағы мақсат - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалдарын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.

Жобалап оқыту технологиясы алдын ала құрылған жобаға, нұсқауға негізделіп оқыту керек.

   Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процессі. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттықтехнологияны пайдалану. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру. Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері:

-         Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;

-         Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

-         Ғылыми – ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.

 

                   Жаңа ақпараттық технология құралдары:

 

компьютер

 

Электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

 

Электрондық оқулықтар

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


   Яғни, ақпаратық технологияны тиімді падалану – білім сапасының арттыруына әкеледі.

    Айта келе тоқ етері, оқытудың нәтижелі болуы оны ұйымдастыру әдістеріне және бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық әдістемелікке байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді.

     Соңғы жылдары білім беру саласында болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру  туралы әр түрлі пікірлер жиі айтылуда. “Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. “Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”,  “кәсіби мүмкіндіктер” және т.б. түсініктерді біріктіреді.                     Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары “құзыреттілік” және “құзырет” сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. “Құзыреттілік” – хабардар болушылық, абыройлық; “құзырет” – жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы.

    Тұлғаның кәсіби процесін көп жағдайда оның біліктілігімен, кәсіптік құзыреттілігімен байланыста қарастырады.

      Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

      Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады.

      Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.

     Мұғалім қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен, адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады.

     Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.

    Арнайы кәсіби құзыреттілік бітірушінің белгілі бір мамандық бойынша кәсіби қызметті атқарудағы дайындығы мен оған ұмтылуы арқылы айқындалады.

     Ал кәсіби құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады.

Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.

     Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, “бағдар ету”, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

     Ақпараттық құзыреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.

     Регулятивтік құзыреттілік оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін көрсете білуі, рефлексия, іс-әрекетінің бағасы енеді. Іс-әрекеттің негізгі факторы – ізгілік, құндылық болып табылады.

Интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілікті талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады.

     Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттілігінің жан – жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан – жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарында қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.

     Мұғалім - зерттеуші болу үшін, білімді, ептілікті және зерттеу қызметі қабілетін қалыптастыру кезеңдерінен өту керек:
     – мұғалім әдістемелік жұмыстың дәстүрлі формаларын түсінеді, олар педагогикалық білім беру концепциясына негізделеді;
     – мұғалімнің жұмысы алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені меңгеруге, өз қызметін түсінуге, өз тәжірибесі мен ұжымдарының тәжірибесін талдауға және жалпылауға бағытталған; ол әдістемелік қиындықтарды анықтайды, оларды шешу жолдарын іздейді, оқыту технологияларымен танысады;
     – (оқу-әдістемелік әдебиетті дайындау) мұғалімнің жеке зерттеу қызметінің қажеттілігін түсінуі, оқу бағдарламаларын дайындауға қатысуы, жаңа оқыту технологиясын меңгеруі және жұмыс істеуі керек;
     – (жеке идеяларын жүзеге асыру) мұғалім авторлық бағдарламалар, оқыту психологиясының жеке элементтерін дайындайды;
     – (жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру) мұғалімнің ғылыми мақалаларды дайындауын, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, оқытудың жаңа технологияларын қалыптастыруды болжайды.
Зерттеу мәдениетін қалыптастырудың әрбір кезеңінде мұғалім педагогикалық білім, біліктілікті арттыру, кәсіптік-педагогикалық мәдениетті қалыптастыру саласындағы нақты концепцияға жүгінеді. Мұғалімді кәсіптік дамытудың негізгі шарты өзгерістер қажеттілігін түсіну және құзыреттілікті арттырудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу болып табылады.

     Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты-еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді араласуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау.
Бәсекеге қабілетті деп өмірдің қай саласында болмасын әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.

      Ал, зерттеушілік қызмет дегеніміз – жаңа білім алуға бағытталған шығармашылық қызмет. Оқушыны зерттеушілік қызметке үйретуде мұғалімнің өзі дайын болуы, демек ұстазда зерттеушілік қызмет қалыптасуы шарт. Ол үшін мұғалім зерттеушілік дегеніміз не, зерттеушілік тапсырмалар, оларды пайдалану әдістемесі, оқушылардың зерттеушілік қызметі туралы толық түсінігі болуы керек.
       Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

      Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа формация мұғалімін қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр.       

      Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

      Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Жоғары мектеп педагогикасы теориясында зерттеуді қажет ететін мәселелердің юірі педагогикалық модельдеу мәселесі. Сонымен бірге кезкелген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі – жаңа формация мұғаліміне тәнбастыбелгі деп айтуымызға болады.

       Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі дегеніміз - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани - адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

ІІ тарау. Мұғалімнің кәсіби жетілу жолдары.

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі: мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл - мұғалімнің,             зерттеуші - мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек. Қазіргі кәсіптік - педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық - ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

Мұғалімнің кәсіби  білімін көтеруі қажеттілігін туғызып отырған мотивтер:

·                                 Күнделікті ақпаратпен жұмыс;( күнделікті толассыз ақпарат көзін меңгеру)

·                                 Шығармашылық талпыныс;

·                                 Қазіргі заманғы ғылымның дамуы  ( педагогика, психология);

·                                 Қоғам өміріндегі өзгерістер;

·                                 Бәсекелестік

·                                 Материалдық стимул;

·                                 Қызығушылық

·                                 Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы;

Өздігінен білім алу көздері:

                      семинарлар мен конференциялар

                      шебер сыныбы

                      іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар;

                      біліктілікті жетілдіру курсы

                      экскурсиялар театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар

                      әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)

                      Интернет

ІІІ тарау Өзгерістер мен кәсіби өсуінің көрсеткіштерін анықтау.

     Кәсіби даму проблемаларын анықтау үшін және жоғарыда қарастырылған диагностика әдістерін ескере отырып, келесі зерттеулер түрлері жүргізілді:

1.     «Д.Б.Эльконин және Г.В.Драгунова бойынша клиникалық зерттеу әдісі», (кіруде), /1-қосымша/.

2.     «Әдіснамалық мәдениетін өздік бақылау», (тест-сауалнама В.И.Андреев бойынша), /2-қосымша/.

3.     «Оқытушылардың шешуші құзіреттіліктерінің қалыптасу сапасы мен деңгейін анықтау», (П.И.Третьяков бойынша) /3-қосымша/.

4.     Тест-сауалнама, (құрастырушы Жунусова М.Р.) /4-қосымша/.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында жаңа формация мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің даму деңгейін бағалау (Д.Б.Эльконин, Г.В.Драгунова), әдіснамалық құзіреттілігін өз бетінше бағалау (В.И.Андреев), шешуші құзіреттіліктерінің қалыптасу сапасы мен деңгейін анықтау, (П.И.Третьяков), мұғалімнің жетістіктерін Блум таксономиясы ықпалымен бағалау (Анкета- тест  М.Р.Жунусова) диагностикалары педагогтың өзіндік дамуындағы өзгерістер мен кәсіби өсу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, яғни «әлсіз» жақтарын анықтап әрі қарай қандай бағытта жұмыс жүргізу қажеттігін айқындайды.

 

 

3 жылға даму бағдарламасының кезеңдері:

 

Блум таксономиясы

 

 

 

І кезең  – білу, түсіну, қолдану

1. Теориялық дайындық.

2. Ақпараттық – аналитикалық қызмет.

 II кезең – білу, түсіну, қолдану, талдау және топтау

1. Диагностикалық қызмет

2. Әдістемелік практикум

3. Зерттеушілік қызмет

III кезең– білу, түсіну, қолдану,талдау, топтау және бағалау

1.     Өнімді өңдеп, түзету

2.     Бағалау

3.     Бағдарламаны іске асыру

Блум таксономиясының бағалау аспектілерін 3 жылға даму бағдарламасының кезеңдері ретінде қарастыра отырып, педагогтің кәсіби өсу, өздік дамуын бағалау кестесі ұсынылып отыр. Кәсіби шебер мұғалім болудың қажетті және жеткілікті шарттары осы кестеде көрінеді. (Қосымша 5,6,7)

 

Өлшеуіштер:

1.     Ғылымилығы;

2.     Практикаға бағытталуы;

3.     Өзектілігі;

4.     Басқа субъектілерге қолдануға тиімділігі;

5.     Жаңашылдығы;

6.     Әмбебаптылығы;

7.     Жүйелілігі.

 

Кәсіби даму бағдарламасын жүзеге асырудағы кездесетін қиыншылықтары:

1.     Педагогтың даму бағдарламасын жүзеге асыруға дайындығының жеткіліксіздігі жән ең басты мәселе екендігін сезінбеуі;

2.     Кәсіби іс-әрекетінің өлшеуіштеріне басқа субъектілердің келіспеуі;

3.     Мұғалімнің білім беру үрдісіндегі субъект – субъект қарым-қатынасына мойынсынбауы;

4.     Жұмыс істейтін мектептің материалдық – техникалық базасының жеткіліксіздігі.

 

 

Қорытынды

 

     Қазіргі ақпаратқа толы алмағайып заманда өз елінің адал ұлы болып қалу, ұлтының ұлылығын өзгелерге таныта білу – күрделі де қиын шаруа.
     ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық». Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын. Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры–бүгінгі ұстаздардың қолында.
      Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог, әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі тиіс. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілеті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
      Білім беруді ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өзіндік қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуі үшін және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызды. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуға және өздігінен білім алуға мүмкіндік алады.

     Қоғам  әрқашан да мұғалімге жоғары талап қояды. Біреуді үйрету үшін, өзің де одан да көп білуің керек. Жаңа формация мұғалімі тек өз пәнін білумен ғана шектелмейді, әдістемені, жақын ғылымдарды, қоғам өмірін, саясатты, экономиканы білуі керек, себебі оның алдындағы оқушылар өзгереді, уақыт өзгереді, оқушының қоғам, қоршаған орта туралы көзқарастары тереңдейді.

Мұғалім — біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап  жатқан маман. Елбасы атап көрсеткеніндей, “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынты­ғын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бас­тысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”.

 

Бүгінгі заман талабына сәйкес жаңа форма­ция мұғалімі ол – педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, өзін өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан жетілген шығар­машылық тұлға, білікті маман. 12 – жылдық білім беру моделінің енгізудің мақсаты да бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

    Әрбір мемлекеттің  өсіп - өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен  көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.

    Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында да білімі мен білігі жағынан  шет елдегі замандастарымен бәсекеде  жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың  жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Ендеше, осындай бәсекеге  қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу  жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері хақ.

    Олай болса, осы кәсіби даму бағдарламасы көпшілік көңілінен шығып, іс-тәжірибесінде кең қолданыс табады деген сенімдеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Глоссарий

 

Баға-бағалау процесі нәтижесінің шартты – формальды (белгілік) көрінісі; оқушылардың оқу жетістіктері бағасының сандар мен ұпайлар түріндегі сандық көрінісі.

Бағалау-бұл оқушының шынайы қол жеткізген іс-әрекет нәтижелерін жоспарланған мақсаттармен салыстыру процессі.

Диагностика – оқу процесінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі.

Құзіреттілік- оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.

Өлшеуіштер – оқушылардың деңгейлік оқу дайындығын алдын-ала берілген сандық және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштері бойынша айқындау құралдары мен тәсілдер.

Педагогика – жас жеткіншектерді оқыту, тәрбиелеу және олардың дамуын қалыптастыратын ғылым. Грек тілінен «педа» – бала, «аго» – жетектеу дегенді білдіреді.

Білім – мектеп бағдарламасындағы пәндер бойынша көп жылдар бойы жинақталған, қорытылған жинағы. Білімнің көріністері – түсініктер, фактілер, теориялар, заңдар мен заңдылықтар болып табылады.

Білік –білім алу барысындағы қалыптасқан әдіс-тәсілдер. Білік (қабілет) – игерілген білімдердің өмірлік тәжірибелерінің және дағдылардың негізінде практикалық және теориялық іс-қимылдарды саналы әрі дербес түрде орындауға даярлық.

Дағды – қажетті іс-әрекеттерді орындау кезінде көрініс табатын сан рет толассыз жаттығулар жасаумен мейлінше жетілдірілген іс-әрекеттер.

Таным –мұғалім баяндайды, түсіндіреді, көрнекі құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады және т.б таным әрекеттер жасайды. Таным психологиялық үрдістерінің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сөйлеу, т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет,бейімділік, мінез) қалыптаса бастайды.

Оқыту әдісі –мұғалім мен оқушының білім алу барысындағы бірлескен іс-әрекеттерінің реттелген жүйесі.

Жаңа формация мұғалімі – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзіретті тұлға.

Рефлексия – түйсіну - өзінің іс-әрекетін ой елегінен өткізу.

 

 

 

 

 

ӘДЕБИТТЕР:

1.                              «Білім туралы» ҚР Заңы (жаңа редакция)

2.                             ҚР ЖБМЖМС 2. 003-2007.

3.                             Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

4.                 12 жылдық мемлекеттік білім беру стандарты

5.                             12 жылдық білім беру концепциясы

6.                 Методология 12-летнего образования. Алматы ИИЦ «Ауылым» 2003.

7.                             ҚР Президентінің Қазақстан халықына жолдауы

8.                             Білімдегі жаналықтар. Ақпаратты-әдістемелік журнал. №1,2007

9.                             А.Скендірова және авторлық бірлестікте. Жаңа формациядағы педагогтың жеке элитарлы тұлғалық үлгісімен іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері. «Педагогика және психология» атты ғылыми-әдістемелік журнал. №1 – Алматы,2009.-(127-130 б.)

10.                         «Сәкен тағылымы - 8» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция. Том І. Астана 2012

11.                         Жайтапова «Модели профессионального самообразования»

12.                         Жаратылыстану-математика бағытындағы кәсіби құзіреттілік. Қарағанды 2008

13.                         М.Р. Жунисова, Д.С.Ильясова  «Ғылыми зертеуге кіріспе» Қарағанды 2009

14.                          Математика. Республиканский научно-методический журнал. №6 (30)-2010

15.                          Математика. Республиканский научно-методический журнал. №2 (38)-2012

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 - қосымша

 

Д.Б. Эльконин және Г.В. Драгунова бойынша клиникалық зерттеу әдісі

 

Педагогтың кәсіби іс-әрекетінің көрсеткіш-тері

І деңгей қажетті, бірақ жеткіліксіз.

ІІ қажетті және жеткілікті

ІІІ деңгей жеткіліктіден жоғары

1. Пән аумағындағы білімі

Бағдарлама көлемінде оқу материалдарын меңгерген, пәнді оқытуда және білімді тексеруде қателер кетіріп, бұрмалауға жол береді (0-1 ұпай)

Оқу бағдарламасы шеңберінде білімді нақты қанық меңгерген, арнайы және әдістемелік әдебиеттерді негізге алады (2-3 ұпай)

Оқу бағдарламасын аса жоғары деңгейде жан-жақты терең біледі, арнайы әдістемелік әдебиеттер бойынша білімнің түрлі аймағын еркін меңгерген (4-5 ұпай)

2. Оқыту негізінің психолого-педагогикалық білімі

Қазіргі кездегі психолого-педагогикалық тұжырымдаманы жалпылама түрде ғана біледі (0-1 ұпай)

Білім берудің қазіргі заман талабына сай психолого-педагогикалық тұжырымдамасына бағытталады (2-3 ұпай)

Білім берудің қазіргі заман талабына сан психолого-педагогикалық тұжырымдамасынан еркін түрде бағыт алады, өзінің педагогикалық іс-әрекетінің санын негіз ретінде қолданады (4-5 ұпай)

3. Оқушылармен бірге диагностикалық жұмыстарды ұйымдастырудың түрлерін меңгеру

Диагностикалаудың нәтижелерін есепке ала отырып, сабаққа тікелей өзгерістер енгізеді (0-1 ұпай)

Оқу материалдарын диагностикамен табиғи байланыстарды (2-3 ұпай)

Диагностиканың әр түрлерін меңгерген, технологиялардың жүргізу жолдарын біледі, диагностикалардың әдіс-тәсілдерін өңдеп, өз бетінше түрлендіреді, оларды құрастыру барысында ғылыми ықпалдарды қолданады (4-5 ұпай)

4. Оқу үрдісінде оқушыларға жекеше ықпал етуді жүзеге асыру

Оқушыларға жеке ықпал ету мүлде болмайды, кей кезде ғана қолданады. Үлгерімі нашар баламен қосымша жұмыс істеу барысында ғана «0-1 ұпай)

Негізінде оқушыларға жекелеме ықпал бойынша әрекет ету қамтамасыздығы (2-3 ұпай)

Оқыту мәселелерін жекеше ықпал етуі мен қамтамасыз етіп, жүйелі түрде үйреніп отырады; тапсырманың көлемі мен мазмұны сараланады, үлгерімі жақсы және жаман оқушыларды үнемі қадағалап отыра біледі (4-5 ұпай)

5. Іс-әрекет мақсаттарын толық тұжырымдай алуы.

Нақты мақсаттылықты төменгі деңгейде тұжырымдау білім (0-1 ұпай)

Тек қана жалпы мақсаттарды анықтау біліктілігі (2-3 ұпай)

Нақты, анықталған мақсаттарды нақты дұрыс тұжырымдау біліктілігі (4-5 ұпай)

6. Іс - әрекеттін жоспарлау біліктілігі

Оқу бағдарламасын орындалуын жүзеге асыруға қатаң түрде өзіндік құрылымымен анықтау оқушылардың оқу жетістіктерінің нәтижесін оптималды деңгейде жоспардау сипатында көрсетеді (0-1 ұпай)

Жұмысты жоспарлау барысын да алдыңғы іс-әрекет нәтижелерін есепке ала отырып, жетістіктерді одан ары дамытуға және бекіту жолдарын көрсетеді (2-3 ұпай)

Педагогтік іс-әрекетті жоспарлау. Оқушылардың оқу бағдарламаларының орындалуын жүзеге асыру үшін қатаң түрде өзіндік құрылымда оқу жетістіктерінің нәтижесін оптималды деңгейде анықтайды (4-5 ұпай)

7. Дәріс өткізуде шығармашыл ықпал етеді

Оқу бағдарламаларының талаптарына ғана сабақ өткізу жүзеге асады (0-1 ұпай)

Оқу бағдарламаларының кейбір жеке бөлімдеріне ғана жаңашыл элементтерді кіргізеді (2-3 ұпай)

Сабақ беретін пән бойынша авторлық бағдарлама құра алатын, оған педагогикалық қорытынды беретін жеке экспериментальді тексеру жүргізе алады (4-5 ұпай)

8. Кәсіби деңгейді арттыру жұмысы

Өз пәнінің жаңалығына,педагогикалық-психологиялық теориясына қызығушылығы болады (0-1 ұпай)

Шеберлігін жоғарлату үшін түрлі курстық дайындықтарды қолданады (2-3 ұпай)

Зерттеу және экспериментальді жұмыстармен айналысады (4-5 ұпай)

9. Максимальді мүмкін болатын ұпайлар саны

M

m

m

 

Қорытынды: өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін жүзеге асыру (даму коэффициенті k = )

Өзін-өзі дамытудың белсенді түрде жүзеге асырылуы: 0,7 <К<1

Өзін-өзі дамыту жүйесінің қалыптасуының болмауы 0,5 < К < 0,7

Өзін-өзі дамыту сатысының тұрып қалуы: К < 0,5

 

2 - қосымша

 

                                             Тест- сауалнама

                Әдіснамалық  мәдениетін өздік бақылау ( В. И. Андреев бойынша)

Бағалауды орындағанда өзіңізше сәйкесті сапа даму деңгейің ең жоғарғы ( 10-шы) жеке ең төменгі ( 1- ші) деңгейлерін ой елегінен өткізіңіз, содан соң он балдық шкалада өзіңіздің орныңызды тауып алыңыз, тандаған өздік бағалау ұпайыңызды дөңгелеңіз.

 

1

Сіз оқыту немесе тәрбиелеу саласында бір нәрсені зерттеуге, реформалауға қандай дәрежеде сұранысқа мұқтажсыз?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

2

Егер сізде қандайда бір ой туындаса, онда сіз оны алдын- ала теориялық негіздеп, тәжірибеде тексеруге қаншалықты қабілеттісіз?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

3

Эксперимент жоспарлауға, мәселені зерттеуге, жұмыс болжамын анықтауға, зерттелетін мәселенін пәнін, нысанын, мақсатының мәнін нақтылы қоюға сіз қаншалықты дәрежеде қабілеттісіз?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

4

Сіз тестілеу, сауалнама алу, педогогикалық үрдістерді модельдеу сияқты педогогикалық зерттеу әдістерін қаншалықты дәрежеде( меңгересіз) жұмыс жасай аласыз?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

5

Сіз өзіңіздің тест, өздік сауалнама әзірлей білуіңізді қалай жоғары бағалайсыз?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

6

Сіз педогогикалық эксперимент нәтежиелерін өндегенде және жүргізгінде қаншалықты дәрежеде компьютерлік техниканы, математикалық статистика әдістерін пайдалануға қабілеттісіз?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

7

Сіз ертеректе қандайда бір педагогикалық эксперимент ұйымдастыруға қатыстыңыз ба, сіздің қатысу дәрежеңіз, жауапкершілігіңіз, белсенділігіңіз қаншалықты болды?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

8

Сіз педагогикалық  зерттеу үрдісінің әдіснамалық негізін атай аласыз ба, ең бастысы сіз оларды қандай дәрежеде қолдануға қабілеттісіз?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 

9

Сіз ғылыми конференцияларда, семинарларда сөйлеуге, мақала жазуға педагогикалық эксперименттің нәтежиелерін жалпылауға қаншалықты дәрежеде қабілеттісіз?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

10

Педагогикалық практикада, қандай бір әдіснамалық даулы мәселелерде өз көзқарасыңызды дәлелдеуге, ғылыми пікірталас жүргізуге қабілетіңізді және біліміңізді қаншалықты жоғары бағалайсыз?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

 

                Сіздің әдіснамалық мәдениет деңгейіңізді анықтау шкаласы

 

  Жинақталған ұпайлар саны

Әдіснамалық мәдениеті деңгейі

10-18

1- өте төмен

19-27

2- төмен

28-36

3- ортадан төмен

37-45

4- ортадан сәл төмен

46-54

5 – орта

55-63

6 – ортадан сәл жоғары

64-72

7 – ортдан жоғары

73-81

8 – жоғары

82-90

9 - өте жоғары

91-100

10 – жоғарының жоғарысы

 

 

3 - қосымша

Оқушылардың шешуші құзіреттіліктерінің қалыптасу сапасы

мен деңгейін анықтау      (П.И.Третьяков)

 

Пәні _______________________          Сыныбы   ____________________   

мұғалімі   __________________________________________

___________________________________________________

 

шешуші құзіреттіліктердің түрі

құрастырушы компоненттері

бағасы

(0-1-2-3 балы)

1. Зерттеу

- тәжірибеден өзіне пайдасын алу біліктілігі

- өз білімінің байланысын және ретін ұйымдастыра білу біліктілгі;

-оқытуда өзінің жеке тәсілдерін ұйымдастыра ала білуі

- мәселені шешу біліктілігі;

-өзінің білім берудегі өз бетінше жұмыс жасай алу біліктілгі

 

Барлық ұпай сандары

2. Іздеу

- ақпарат білу біліктілгі;

- кеңес беру  біліктілгі;

айналасындағыларға сұрақ қою біліктілігі;

- құжаттармен жұмыс жасау біліктлігі;

- интернетпен жұмыс жасай алу білікітлігі

 

Барлық ұпай сандары

3. Ойлау

- кез келген аспектілерге сыни көзқараспен қарау біліктілігі;

- өткен және қазіргі оқиғалардың өзара байланысын ұштастыру біліктілігі;

- қиындықтар мен сенімсіздіктерге қарсы тұра алу біліктілігі;

- әлеуметтік құбылыстарды бағалау біліктілігі

 

Барлық ұпай сандары

4. Бірлесе жұмыс атқару

- жұпта, топта жұмыс атқару біліктілігі;

- шешім қабылдау біліктілігі;

 - әр түрлі көзқарасты, жанжалды жоя білу біліктілігі;

- келісімшартты орындау біліктілігі

 

Барлық ұпай сандары

5. Іске кірісе білуі

- жобаға (іске) кірісу біліктілігі;

- жауапкершілікті сезіну біліктілігі;

- топқа ену және өзінің үлесін қосу біліктілігі;

- өзінің жұмысын ұйымдастыру біліктілігі;

- қосалқы аппаратуралар, техникаларды пайдалану біліктілігі

 

Барлық ұпай сандары

6. Бейімделуі

-жаңа шешімдерді табу біліктілігі;

 -қиындықтардың алдында тұрақтылық көрсету біліктілігі;

 -шұғыл өзгерістер алдында иілгіштік көрсету біліктілігі;

- өміршең технологияларды пайдалану біліктілігі

 

Барлық ұпай сандары

 

 

1.Жүйедегі барлық құраушы көрсеткіштер бойынша түйінді құзыреттіліктерге бағалау жүргізу;

0-ұпай – сын көтермейтін деңгей

1-ұпай – төменгі деңгей

2-ұпай – жеткілікті деңгей

3-ұпай – оптималды деңгей

2.  6 негізгі блоктардың әрқайсысы бойынша орташа ұпайды есепте ________________________________________________________________________________________________________________________________

3.  Ауытқуды анықта:

________________________________________________________________________________________________________________________________

         4.Мұғалімнің іс-әрекетінде оларды түзету үшін ресурстарды тап ________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

4 - қосымша

 

 

                                                      Анкета-тест

                                                                                                      құрастырушы   Жунусова М.Р.

Аспект

Мұғалімнің жетістіктері

Балл(0,1,2,3)

1

Білім

·         БОЖ-дың құрылысын айтып бере алады;

·         БОЖ-дың құраушыларының сипаттамасын айтып бере алады;

·         Бағдарламаның құрылымындағы элементтерін сипаттайды;

·         Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың әр түрлі әдістерін сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

2

Түсіну

·         Жаңа формациялы мұғалімнің іс-әрекетін негіздейді;

·         Бағдарламалардың айырмашылықтарын түсіндіре алады;

·         Инварианттық және вариативтік компоненттердің мазмұндарын сәйкестендіреді;

·         Коммуникациялардың, ақпараттардың әр түрлі әдістерін салыстыра алады;

·         Өзінің құрастыратын білімдік өнімінің негізгі идеясын айта алады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Қолдану

·         Жеке жоспар, элективті курстың бағдарламасын, диагностикалық материалды құрастыра алады;

·         Өзінің құрастырған курсына қажетті материалды таңдап ала алады;

·         Ақпарат пен коммуникацияның әртүрлі тәсілдерін қолданып жаңа білім мен біліктіліктерді ала алады;

·         Өз іс-әрекетін, жаңа формациядағы мұғалімге қойылатын талаптарды ескере отырып, өз әріптестерінің шағын топтағы іс-әрекетін ұйымдастырады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

Талдау

·         Өзінің және өз әріптестерінің іс-әрекетін талдай алады;

·         Ұсынылған білім беру өнімді талдайды;

·         Өзінің іс-әрекетінде және шағын топтағы іс-әрекетіндегі проблемаларды, қарама-қайшылықтарды анықтай алады;

·         Мақсат қою үшін бағыттауыш ретінде құзыреттілікті анықтай алады;

·         Міндеттердің, күтілетін нәтижелердің, оқытудың әдістері мен формаларын және қойылған мақсаттардың сәйкестігін салыстырады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Жалпылау

·         Білім өнімге коррекция жасай алады;

·         Анықтаған проблемаларды, қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын жобалайды;

·         Өзін-өзі дамыту бағдарламасын жобалайды;

·         Рефлексия жүргізе алады;

 

 

 

 

6

Бағалау

·         Өзі құрастырған білім  өнімді ұсына алады;

·         Ұсынылған білім өнімге рецензия жаза алады;

·         Ұсынылған материалға экспертиза жасай алады;

·         Өз көзқарасын қорғай алады;

·         Құзырлы-бағытталған тапсырмаларды құрастыра алады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 - қосымша

 

 

Диагностика кезеңдері.

 

І кезең

/2012 – 2013 жылдар/

 

 

Білу

Түсіну

Қолдану

1

 

Ақпаратпен күнделікті жұмыс жасай біледі; Қоғамда болып жатқан өзгерістерді біледі;

Танысқан ақпараттардың қажеттілігін түсінеді;

Жаңа материалдарды   қолдана алады;

2

 

Ақпараттық технологияларды қолдана біледі.

Қазіргі ғылымның жылдам дамуын түйсінеді;

Ғылыми жаңалықтарды  іс-тәжірибесінде жетістікке қол жеткізу үшін қолдана алады;

3

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мазмұнын, нормативтік-құқықтық құжаттарды біледі, есте сақтайды;

Әрқайсысының тиімділігін пайымдайды; нормативтік-құқықтық құжаттардың маңыздылығын, теориялық мазмұнын түсінеді;

Ақпараттық технологияларды практикада үнемі үздіксіз қолданады;

 Оқу-тәрбие үрдісінде нормативтік-құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізеді;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 - қосымша

 

 

ІІ кезең

/2013 – 2014 жылдар/

 

 

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Топтау

1

 

 

 

 

 

Жаңа ұғымдарды ұғады, есте сақтайды; бұрынғы білімді еске түсіреді;

 

12-жылдық білім беру талаптарына сай өзін-өзі дамытуға даяр болады;

 

 

Кәсіби біліктілігін жетілдіру жұмысын іс-тәжірибеде қолдану;

 

Алдағы өзгерістерге, болашақ талаптарға қаншалықты даярлығын өзін-өзі талдауы;

Кәсіби өзіндік даму бағдарламасын құрастыру жоспарын жасау;

 

2

Жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптарды біледі;

 

Өзін-өзі дамыту арқылы қанағаттандыруға болатын қажеттіліктерді табу;

Оқу үрдісінде инновацияны үнемі қолдану арқылы біліктілігін арттырады;

Жаңашыл мұғалімнің артықшылығын көрсете біледі; пайда болған мәселелерді шеше алады;

Кәсіби даму бағдарламасын әзірлейді;

 

 

7 - қосымша

 

 

ІІІ кезең

/2013 – 2014 жылдар/

 

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Топтау

Бағалау

1

 

 

 

 

 

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін сипаттайды;

Жаңа формация мұғалімінің   іс-әрекетін негіздейді;

 

Өз іс-әрекетін, жаңа формациядағы мұғалімге қойылатын талаптарды ескере отырып, өз әріптестерінің шағын топтағы   іс-әрекетін ұйымдастырады;

Кәсіби құзыреттілігінің даму нәтижесін анықтай алады;

 

Даму барысында пайда болған кедергілердің жою жолдарын көрсете алады;

Түйсіну негізінде өзінің педагогикалық іс-әрекетін, оның нәтижесін түзей алады;

2

12-жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында қоғам сұранысын біледі;

Бәсекелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу-кәсіби шебер мұғалімнің еңбегінің жемісі екендігін түсінеді.

өзінің құрастырған білімдік өнімін ұсынады.

өзінің әріптестерінің ұсынылған өнімдерінің қарам-қайшы жақтарын талдай алады.

Даму бағдарламасының жобасын ұсынады;

Өзіндік даму бағдарламасын қорғай алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ШАҒЫН ЖОБА «Мұғалімнің өзіндік даму бағдарламасы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Кіріспе

 

 

«Еліміздің    ертеңі  бүгінгі   жас  ұрпақтың     қолында, ал   жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаздарының   қолында»

                                                         Н. Ә.  НАЗАРБАЕВ

 

«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және  аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына  да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін  батыл, ержүрек болуы керек».

 

ӘЛ-ФАРАБИ

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.03.2015 22918
    • DOCX 487.5 кбайт
    • 420 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исатаева Гаухар Ораловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исатаева Гаухар Ораловна
    Исатаева Гаухар Ораловна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75155
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 682 человека

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 203 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе