Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ш.Айтматов Найман Ана. сабақ жоспары

Ш.Айтматов Найман Ана. сабақ жоспары

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Наймана – Ана”


Сабақтың мақсаты: 1. Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасата отырып, «Найман – Ана» әңгімесінің сюжетін меңгеру.

2. Оқыта үйрете отырып, оқушының танымдылыған арттыру. Жазушының идеясын түсіне білуге баулу. Білім дағдыларын дамыту.

3. Оқушының ой - өрісін кеңейте отырып, тіл байлығын дамыту. Мәңгүрттіктен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: модульдік оқыту технологиясы.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Оқыта үйрету тәсілі, сұрақ – жауап.

Көрнекілік құралдар: Ш. Айтматовтың шығармалары, сызба – схема, карта, карточкалар және буклет.

Пәнаралық байланыстар: тарих, география.

Сабақтың барысы.

  1. Кіріспе бөлімі

Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – бауырлас қырғыз халқының ұлы жазушысы. Ол 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғыстанның Талас облысының Шекер ауылында дүниеге келген.

Ш. Айтматовты біз қырғыз – қазаққа ортақ жазушы дейміз. Олай дейтін себебіміз, ол Мәскеудегі әдебиет институтында оқып жүрген кезде қазақтың білікті, білімді сыншысы Қалжан Нұрмұхановпен бірге оқиды. Сол кісінің ықпалы, әсері көп болады. Кейін әлем жазушыларының бел ортасында жүретін Мұхтар Әуезов те оған қамқор болған, көп көмек көрсеткен. Ш. Айтматовтың еңбектері



hello_html_m591d5dfc.gif


  1. Сөйлесу бөлімі.

І тур. Мәтінмен жұмыс.

а) Оқушыларды бес топқа бөліп, соған сәйкес шығарманы да мазмұны бойынша бес бөлікке бөле отырып оқытқызу.

ә) Әр топтағы оқушы өзі оқыған абзацқа ат қоя отырып, мәтінге тезис жазу.

б) Мәтіннің әр бөлімдеріне қарай композициялық құрылымына талдау жасау.

«Найман – Ана».

І. Экспозициясы: Тарихқа көз жүгірту.

1. Құлдықта қалған тұтқындардың күні.

2. Аңызға айналған Ана – Бейіт зираты.

3. Ең ауыр жаза.

4. Ананың өзі - өзімен сырласуы.

5. Тарихқа көз жүгірту.

ІІ. Басталуы: Саудагерлердің дастархан басындағы әңгімесі.

ІІІ. Дамуы: Найман – Ананың Сарыөзекке аттануы.

ІV. Шарықтау шегі: Өз анасын танымаған жас жауынгер.

V. Шешімі: Найман – Ананың өз баласының қолынан мерт болуы.

Қосымша қойылатын сұрақтар:

1.Сарыөзекті картадан көрсет.

2. Ананың монологы мәтіннің қай бөлімінде кездеседі?

3. Жуан – жуандар дегендер кімдер?

4. Ақ інгенді, Найман – Ананы суреттеген жерін мәтіннен тауып оқып бер.

5. Қожа Ахмет Иассауи және Түркістан қаласы туралы не білесің?

6. Жоламанның бейнесін тауып оқып бер.

7. Жазушы жуан – жуандардың бейнесін қалай көрсеткен?


ІІ тур. Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың танымдылығын және тіл байлыған дамыту мақсатында сұрақтар берілген карточкалар үлестіру. Әр топ мүшелері ақылдаса отырып, араларындағы жетекші оқушы жауап береді. Со оқушының жауабына қарай, оқушыға да баға қойылады.

1 карточка

Ана – Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады;

Тапсырма: Мәтіннің мазмұнына жүгіне отырып жауап беру.


№2 карточка

Мәңгүрт ұлын іздеп іздеп келе жатқанана қандай психологиялық күйде болды?

Тапсырма: Мәтіннен тауып айтып бер.


№3 карточка

Жауыздыққа, оның асқан түрі адамды ақыл – естен айыруға сендердің көзқарастарың қандай?

Тапсырма: Өзіндік ойын, пікірін айту.


№4 карточка

Баласы тірі болса да ана не үшін жоқтау жырын айтты? «Жоқтау» туралы не білесің?

Тапсырма: Ұлттық салт - дәстүр негізінде жауап беру.


5 карточка

Романдағы «Мәңгүрт» сөзінің астары не деп білесіңдер? Қазіргі заманның «мәңгүрттері» деп қандай адамды айтуға болады? Найман – Анадағы мәңгүрттің олардан айырмашылығы неде?

Тапсырма: Өмірмен байланыстырып өз ойыңды айт.



Қорытынды бөлім.

а) Мұғалімнің сабақты қорыту сөзі.

- Ал, құрметті оқушылар, сонымен сабағымызды қорыта келгенде осы аңыз әңгімеден қандай ой түйіндедік?

Бұдан ананың балаға деген махаббаты шексіз, мәңгілік болатынын білдік. Оның символы ретінде ана өліп бара жатқан кездегі басынан ұшқан ақ жаулықтың құсқа айналып кетуі дәлел бола алады. Ал енді «мәңгүрт» деген сөздің мағынасын түсіндік пе? Ол – ақыл-естен айырылу, адамгершілік, мейірімділіктің жоғалуы. Қазіргі кезде ана тілін білмеу, ұлттық салт – дәстүрін білмеу, өз сана – сезімдерін нашамен, темекімен, ішімдікпен улап жүрген кейбір жастарымызды да «мәңгүрт» деуге болады. Ал жас ұрпақ осындай мәңгүрттіктен аулақ болу керек. Негізгі жазушының айтайын деген ойы, идеясы осы еді. Сонымен қатар қоғамдағы қайшылықты және ұрпақ сабақтастығын көрсеткісі келген. Мысалы, Жоламанның шыққан тегін ана есіне салғысы келеді. Сол сияқты шыққан тегімізді, жеті атамызды білуіміз қажет.

ә) Оқушылардың білімін бағалау

Сарапшылар «бағалау парағын» пайдалана отырып, оқушылардың жинаған ұпайларына қарай білімдерін бағалайды.

б) Үйге тапсырма: «Боранды бекет» романының кез келген өзіңе ұнаған бөліміне шағын сценарий жазып келу.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-445889
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>