Инфоурок География ПрезентацииШебер сынып

Шебер сынып

Скачать материал

ақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.

1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз той»

Ая: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Жазира: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

Айжан: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 – жұп: Дильназ бен Арсен
2 – жұп: Бержан мен Гүлжан
3 – жұп: Меруерт пен Айдын

1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.
1 – бөлім: «Кел, танысайық»,2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық», 3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 4 - бөлім: «Мені жалғастыр», 5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
2 - жүргізуші: Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.

Нұрдос: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

1 - жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.
1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)
6 – сұрақ: Жұмбақ
Ағаштардың көсемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады. (Шырша)

Альбина: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.

Берекет: Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.

1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)

Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Аркен: Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.

Ақниет: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.
Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.
1) Әдепті бала – арлы бала,
.............................................

Өлеңді жалғастыр
................. тоңбаймын,
.................. қорғаймын.
Ойынға бір. ..................
Секеңдеуді . ....................

2) Таулы жер бұлақсыз болмас,
...................................................
Өлеңді жалғастыр.
..................... сайрайды,
..................... жайнайды.
...................... құлпырып,
....................... сыйлайды.
3) Бір тал кессең -. .........................
Өлеңді жалғастыр.
................. атпаймыз,
................. сатпаймыз.
.................. қорғаймыз,
................. ақтаймыз.

1 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.

1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!

2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шебер сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

І. Теориялық бөлім:

Бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Халықаралық Кембридж Университетінің емтихан кеңесімен өзара жинақтаған тәжірибесін еліміздегі жалпы білім беретін мектептерге тарату туралы Елбасының тапсырмасын (2011 жылдың 18-сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы) жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы құрылды (ары қарай – ПШО).

Жарғыға сәйкес, педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді тарату болып табылады.

ПШО қазақстандық және халықаралық серіктестерімен бірге Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарламаларын құрастырды (бірінші (жетілген), екінші (негізгі), үшінші (базалық).

Деңгейлік бағдарлама мазмұнының басым бағыттары негізінде өзекті тақырып аумағында келесі модулдер анықталды:

Суреттегі аударма: бірінші (жетілдірілген), екінші (негізгі), үшінші (базалық).

  1. Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер
  2. Сыни ойлауға оқыту
  3. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
  4. Білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
  6. Оқушылардың жас ерекшеліктері қарай білім беру және оқыту
  7. Оқытудағы жетекшілік пен көшбасшылық

Деңгейлік бағдарламаны жүзеге асыру аясында оқыту-әдістемелік материалдар құрастырылды. Оның өзегі:

  • Курс алдында берілетін тапсырмалар
  • Жаттықтырушыға арналған жетекшілік құралдар
  • Мұғалімге арналған жетекшілік құралдар
  • Мектептегі практика кезінде орындауы тиіс тапсырмалар
  • ПШО білім порталындағы құрылымдық оқыту материалдары.

Барлық материалдар үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылады және ПШО сайтына орналастырыладыwww.cpm.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 29-желтоқсандағы №1440 Қаулысына енгізілген толықтыруларға сәйкес «Мемлекеттік бюджет есебімен қамтамасыз етілетін азаматтық қызметкерлердің, ұйым жұмысшыларының, қазыналық кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын төлеу жүйесі туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1424 қаулысы) бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беруде оқыту бағдарламасын жүзеге асырушы, ДББҰ бағдарламасы бойынша біліктілікті көтеру курстарын өткен, сәйкестік деңгейіне сай сертификаттар алған: 3-деңгей — лауазымдық еңбекақысына 30%, 2-деңгей — лауазымдық еңбекақысына 70%, 1-деңгей — лауазымдық еңбекақысына 100% қосымша ақы тағайындалады.

2013 ж. 4-қаңтардағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің №1 бұйрығымен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ оқыту бағдарламаларына сәйкес үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (жетілдірілген) деңгейлері бойынша біліктілік көтеру курстарына педагогикалық кадрларды қабылдау мен таңдау шаттары нақтыланған педагогикалық кадрлар біліктілігін көтеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқау бекітілді.

Бұл нұсқау деңгейлік бағдарламаларды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын анықтайды:

3-деңгей бойынша дайындық – ПШО мен оның филиалдары, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті көтеру орталығы» Акционерлік қоғамы (ары қарай – «Өрлеу» ҰБКО» АҚ) және оның филиалдары;

2-деңгей бойынша дайындық — ПШО мен оның филиалдары, «Өрлеу» ҰБКО» АҚ;

1-деңгей бойынша дайындық — ПШО мен оның филиалдары.

Деңгейлік бағдарламаларды ұтымды жүзеге асыру және Зияткерлік мектептер тәжрибесін тарату үшін қалаларда ПШО 16 филиалы ашылды: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Талдықорган, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент.

Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің деңгейлік бағдарлама негізіндегі біліктілікті көтеру курстарында оқыту құқығына ПШО Кембридж Университеті эксперттері дайындаған және Халықаралық Кембридж емтихан кеңесі — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ сертификаты бар жаттықтырушылар ие. Көрсетілген уақыт аралығында үшінші (базалық) деңгей бойынша 304 жаттықтырушы, екінші (негізгі) деңгейі бойныша 165 жаттықтырушы, бірінші (жетілдірілген) деңгей бойынша 133 жаттықтырушы дайындықтан өтті. 237 жаттықтырушы Халықаралық Кембридж емтихан кеңесінің сертификатын алды.

Деңгейлік бағдарлама негізінде оқытылған педагогтардың кәсіби желілік қауымдастығы қызмет ететін бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін құру мақсатында ПШО сайты құрылды. 2013 ж.сәуір айындағы көрсеткішке сәйкес бүгінде сайтқа 10 600 қолданушы тіркеліп, 169 575 қонақ кірген, жалпы бір күндегі орта есеп – 3 218 қолданушыны құрайды.

Сайтта мұғалімдердің күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылауына арналған форум бар. Форум жұмыс істегелі 61152 хат жазылып, 6038 тақырып талқыланған.

ПШО сайтының порталында www.cpm.kz қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде деңгейлік бағдарламаға дайындалулары үшін оқыту-әдістемелік кешен орналастырылған, оны тіркелген әр қолданушы еркін түрде қолдана алады.

ПШО Кембридж университетінің білім Факультетімен бірге Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат Министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитетінде 2012 ж. 08 маусымында № 12804 – Ж тіркелген қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттық-әдістемелік «Педагогикалық диалог» журналын шығарады.

Журналды шығарудағы мақсат — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Журналды шығару жиілігі үш айда 1 рет.

Есеп беру айналымындағы уақыт аралығында ПШО республика мұғалімдерінің біліктілігін көтеру жөніндегі қазақстандық-британдық жобаның жүзеге асырылуы туралы екі фильм әзірленді, сонымен қатар атауы ортақ «Әлем өзгереді – біз де өзгереміз» атты Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру курсының тыңдаушыларының пікірлері жазылған эсселердің екі жинағы жарық көрді.

ІІ. Практикалық бөлім:

Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру.

1.Оқушылар тобының ұраны: «білімді оқушы-мұғалімнің нәтижесі, санасыз оқушы-мұғалімнің еңбегінің бекершілігі»

2.Мұғалімдер тобы: «мұғалім мектептің ұйтқысы, негізгі қозғау механизмі»

3.Ата-аналар тобы: «баланың адамшылығы ата-ана тәрбиесінен басталады»

4.Мектеп тобы: «Мектеп-кеме, білім-теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы болғай»

Мағынаны ашу, сыни көзқарас қалыптастыру «Мінсіз...» (мінсіз оқушы, ата-ана, мұғалім және мінсіз мектеп бейнесін көрсету» Флипчартта мінсіз «бейнесін» кескіндеу, қорғау.

Қорытынды:

Сухомлинский сөзі: “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”

Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру

Стикерлерді толтырып, тақтада тұрған тілектер мен ұсыныстар кітабына жабыстырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 896 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2015 980
    • DOCX 17.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байдилдаева Назгуль Абаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байдилдаева Назгуль Абаевна
    Байдилдаева Назгуль Абаевна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20681
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в преподавании географии детям с ОВЗ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 26 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 30 регионов

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе