"Шеңбер және дөңгелек" математика сабағының жоспары (5-сынып)

Предпросмотр материала:

Тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек

 

Мақсаты: Оқушыларда шеңбер және дөңгелек, олардың элементтері туралы түсінік қалыптастыру; алған білімдерін есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын қалыптастыру; білімдерін жүйеге келтіру.

 

Қолданылған технология: Блум таксономиясы

 

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасу.

Сабақ жоспары Блум таксономиясы бойынша жоспарланғандықтан, сабақ алты  кезеңнен тұрады (білім, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау). Төменде әр кезеңнің тапсырмалары берілген. 

 

І. Оқулықты пайдаланып көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой:

1.     Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан барлық нүктелер жиынын ..................... деп атайды.

 

2.     Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі ........................... деп аталады.

 

3.     Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын қосынды  ................. деп аталады.

 

4.     Радиус .......... әрпімен белгіленеді.

 

5.     Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні ........................... деп атайды.

 

6.     Диаметр ................ әрпімен белгіленеді.

 

7.     Диаметр екі ......................... тең.

 

ІІ. Сәйкестікті анықта:

 

Шеңбер                                                 Радиус

 

 

Дөңгелек                                              Шеңбердің бойындағы кез келген

                                                               екі нүктені қосатын кесінді

 

 

Радиус                                                  Диаметр

 

 

R                                                        Бір нүктеден бірдей қашықтықта

                                                           жатқан барлық нүктелер жиыны

 

Диаметр                                            Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі

                                                           бөлігі

 

D                                                        D

 

 

2R                                                      Шеңбердің бойындағы екі нүктені

                                                          қосатын және центр арқылы өтетін

                                                          кесінді

 

ІІІ. Қолдану: Алған біліміңді есептерді шығаруда қолдан:

1.     Диалогты оқып оны математикалық есеп түрінде жаз:

Залина: Мен дәптерге центрі О нүктесі етіп, шеңбер сыздым.

Камал: Оның радиусы неше сантиметр?

Залина: Радиусы 3 см.

Камал: Оның диаметрі неше сантиметр болады?

2.     Ақпаратты пайдаланып, есепті шығарыңдар:

Радиусы 3 см шеңбер сызыңдар. Шеңбердің ішінде жататын С нүктесін және шеңбердің сыртында жататын D нүктесін белгілеңдер. Шеңбердің центрі О нүтесін С және D нүктелерімен қосыңдар. ОС және ОD кесінділерін радиуспен салыстырып жазыңдар. ОС және ОD кесінділерінің қайсысының шеңбермен ортақ нүктесі болады?

3.     Пайымдау арқылы дәлелдеңдер:

Ұзындығы 6 см АВ кесіндісін сызыңдар. Центрі А нүктесі, радиусы 4 см шеңбер сызыңдар. Центрі В нүктесі, радиусы 3 см шеңбер сызыңдар. Шеңберлер не себепті қиылысады? Дәлелдеңдер.

 

ІV. Көршілесіңмен ақылдаса отырып пайымдау арқылы дәлелде:

Киіз үйдің табаны дөңгелек екені белгілі. Киіз үйдің диаметрі 6 м. Сара киіз үйдің табанының центрінен 2 м қашықтықта, Марат 4 м қашықтықта тұр. Кім киіз үйдің сыртында, кім киіз үйдің ішінде тұр?

 

V. Пайымдау арқылы анықта:

1.     Пайымдау арқылы анықта:

Суреттегі шеңбердің диаметрін бірлік кесінді есебімен жазыңдар. Шеңбердің радиусы бірлік кесінді есебімен неге тең?

 

                                            О

  0        1        2        3        4        5        6        7        8                                  х  

 

 

2.     «Шеңбер» сөзіне синквейн жаз.

 

VІ. Мәтіндік хабарлама түрінде бағала:

Жер Күннен 150 000 000 км қашықтықта орналасқан. Жер орбитасы 50 000 000 км қашықтыққа орнынан қозғалды деп елестет. Жер бетінде не болуы мүмкін? Өз жауабыңды пайымда және оны мәтіндік хабарлама түрінде көрсет.

 

Краткое описание материала

"Шеңбер және дөңгелек" математика сабағының жоспары (5-сынып)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Нуртазина Кенжегул Жексеновна

учитель

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 79244
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 15
  • 79244
    просмотров
  • 15
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Нуртазина Кенжегул Жексеновна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: