Инфоурок Другое КонспектыШеберлік класс Тақырыбы: «Біз кесте»

Шеберлік класс Тақырыбы: «Біз кесте»

Скачать материал

 

Шеберлік класс

Тақырыбы: «Біз кесте»

 Мақсаты:

а) білімділігі: қазақ халқының қолөнер туындыларының шығу тарихы, жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру.

ә) дамытушылығы: оқушыны еңбекке машықтандыру арқылы іске икем-ділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.

б) тәрбиелілігі: ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру.

Жоспар

I Теориялық бөлім:

1.  Біз кесте тарихы

2.  Кесте түрлері

II Практикалық бөлім:

1.Керекті құрал жабдықтар

2.Қауіпсіздік ережелері

2.Біз кестемен жұмыс

III Қорытынды

 

Біз кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.

Сонымен бірге матаның Кесте түсер тұстарының жібін суырып тастап немесе қалың мата бетін алдын ала ойып алып та тігеді. К. тігу өнері қазақ халқына өте ертеден таныс. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде Кесте ні зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу тәсілдері кездеседі. Қазақ салтында үй жиһаздарын (тұс киіз, киім жапқыш, төсек жапқыш және үзік-туырлықтар), киім-кешектерді (кимешек, тақия, қамзол, кеудеше, т.б.), аяқ киімдерін (кебіс, мәсі,

биік өкше етіктер, т.б.), қол орамалдар мен ер-тұрмандарды, т.б. тұрмысқа қажетті заттарды безендіру үшін Кесте көп пайдаланылған. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы маталар пайдаланылады. Мұндай тігістерге өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары (зер) пайдаланылады. Алтындап тігуде, көбінесе, бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Алтын жіппен тігу түркі халықтарының бәріне тән өнер. Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, қамзол, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі. Қазақстанда құрылған “Тұскиіз” (Алматыда), “Өнерпаз” (Таразда), “Өрнек” (Өскеменде) секілді фабрикалар қазақ халқының К. өнеріне тән стильдегі бұйымдар жасайды. Олар өмір талабына сай екшеліп, жаңа түр-мазмұнға ие болуда. Республикамызда 400-ден астам Кесте ілер есімі белгілі. 1926 ж. Парижде өткен дүниежүз. көрмеде Р.Барлыбаева кестелі тұскиізі үшін халықар. сыйлық алды. 1957 ж. Респ. 1-көрмеде қарағандылық Баймағамбетова, зайсандық Құнақова, семейлік Абаеваның Кестелері көркемдік жағынан жоғары бағаланып, бірінші сыйлыққа ие болды.

 

 Кесте тігуге қажетті негізгі құрал - жабдықтар
Біз, дөңгелек және төрт бұрышты кергіштер, қайшы, оймақ, түйреуіштер, жіптер, маталар.

 

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

1. Тот басқан бізбен жұмыс жасауға болмайды.
2. Бізді кез келген жерге қадауға болмайды.
3. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.
4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
5. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.

 Жұмыстың орындалу реті керекті заттар

1. Матаны кергішке керу
2. Матаға өрнекті салу
3. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу
4. Ішкі жағын әртүрлі жіптермен толтыру Кергіш, мата
5.Мата, карандаш, біз, жіп, қайшы

Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген, бейнені ою - өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеде матаға сызылған ою - өрнекті сызық бойымен кестелеп, сонан соң ішкі жағын түрлі өңді жіптермен толтырамыз.

Тышқан із тігісі - тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз.

Қорытынды:

Кесте сан ғасырлар бойына халқымыздың таланатты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнеленген ақыл парасаттарының жауһары. Небір керемет кесте үлгілері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, толықтырылып, жаңғыртылып келеді. Кестешілік дәстүрі толысып, кемелденуімен бірге өзінің көз тұнытар көркемдігімен, жан сергітер әсемдігімен, өміршеңдігімен  халқымыздың  тірлік тынысына мән мағына қосып, материалдық және рухани өмірін әрлей, салтанатын ашуға үлес қосуда.Бұл ерекшеліктер арқылы біз қазақ халқының қолөнері кесте өнерінің бүгінгі таңдағы қолданысында қалыс қалмай жоғары сипатқа ие екендігіне көз жеткіземіз. Сырлы сипатпен мазмұнның тереңдігі арқылы көркем кестедегі ұлттық сипат өзіндік мәнін жоймасын.   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шеберлік класс Тақырыбы: «Біз кесте»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Шеберлік класс

Тақырыбы: «Біз кесте»

Мақсаты:

а) білімділігі: қазақ халқының қолөнер туындыларының шығу тарихы, жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру.

ә) дамытушылығы: оқушыны еңбекке машықтандыру арқылы іске икем-ділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.

б) тәрбиелілігі: ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру.

Жоспар

I Теориялық бөлім:

1.Біз кесте тарихы

2.Кесте түрлері

II Практикалық бөлім:

1.Керекті құрал жабдықтар

2.Қауіпсіздік ережелері

2.Біз кестемен жұмыс

III Қорытынды

Біз кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.

Сонымен бірге матаның Кесте түсер тұстарының жібін суырып тастап немесе қалың мата бетін алдын ала ойып алып та тігеді. К. тігу өнері қазақ халқына өте ертеден таныс. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде Кесте ні зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу тәсілдері кездеседі. Қазақ салтында үй жиһаздарын (тұс киіз, киім жапқыш, төсек жапқыш және үзік-туырлықтар), киім-кешектерді (кимешек, тақия, қамзол, кеудеше, т.б.), аяқ киімдерін (кебіс, мәсі,

биік өкше етіктер, т.б.), қол орамалдар мен ер-тұрмандарды, т.б. тұрмысқа қажетті заттарды безендіру үшін Кесте көп пайдаланылған. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы маталар пайдаланылады. Мұндай тігістерге өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары (зер) пайдаланылады. Алтындап тігуде, көбінесе, бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Алтын жіппен тігу түркі халықтарының бәріне тән өнер. Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, қамзол, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі. Қазақстанда құрылған “Тұскиіз” (Алматыда), “Өнерпаз” (Таразда), “Өрнек” (Өскеменде) секілді фабрикалар қазақ халқының К. өнеріне тән стильдегі бұйымдар жасайды. Олар өмір талабына сай екшеліп, жаңа түр-мазмұнға ие болуда. Республикамызда 400-ден астам Кесте ілер есімі белгілі. 1926 ж. Парижде өткен дүниежүз. көрмеде Р.Барлыбаева кестелі тұскиізі үшін халықар. сыйлық алды. 1957 ж. Респ. 1-көрмеде қарағандылық Баймағамбетова, зайсандық Құнақова, семейлік Абаеваның Кестелері көркемдік жағынан жоғары бағаланып, бірінші сыйлыққа ие болды.

Кесте тігуге қажетті негізгі құрал - жабдықтар
Біз, дөңгелек және төрт бұрышты кергіштер, қайшы, оймақ, түйреуіштер, жіптер, маталар.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

1. Тот басқан бізбен жұмыс жасауға болмайды.
2. Бізді кез келген жерге қадауға болмайды.
3. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.
4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
5. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.

Жұмыстың орындалу реті керекті заттар

1. Матаны кергішке керу
2. Матаға өрнекті салу
3. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу
4. Ішкі жағын әртүрлі жіптермен толтыру Кергіш, мата
5.Мата, карандаш, біз, жіп, қайшы

Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген, бейнені ою - өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеде матаға сызылған ою - өрнекті сызық бойымен кестелеп, сонан соң ішкі жағын түрлі өңді жіптермен толтырамыз.

Тышқан із тігісі - тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз.

Қорытынды:

Кесте сан ғасырлар бойына халқымыздың таланатты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнеленген ақыл парасаттарының жауһары. Небір керемет кесте үлгілері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, толықтырылып, жаңғыртылып келеді. Кестешілік дәстүрі толысып, кемелденуімен бірге өзінің көз тұнытар көркемдігімен, жан сергітер әсемдігімен, өміршеңдігіменхалқымыздың тірлік тынысына мән мағына қосып, материалдық және рухани өмірін әрлей, салтанатын ашуға үлес қосуда.Бұл ерекшеліктер арқылы біз қазақ халқының қолөнері кесте өнерінің бүгінгі таңдағы қолданысында қалыс қалмай жоғары сипатқа ие екендігіне көз жеткіземіз. Сырлы сипатпен мазмұнның тереңдігі арқылы көркем кестедегі ұлттық сипат өзіндік мәнін жоймасын.


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2015 1780
    • DOCX 21.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сенгалиева Марина Абдигалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1847
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе