Инфоурок Другое Другие методич. материалыШеберлік сабағы. Тақырыбы: 1 МАМЫР - БІРЛІК КҮНІ

Шеберлік сабағы. Тақырыбы: 1 МАМЫР - БІРЛІК КҮНІ

Скачать материал

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

Кабдолдинова  Еркежан  Сериковна

Өскемен қаласы

«№ 1 орта мектебі» КММ

Тақырыбы:

1-МАМЫР -ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ.

 

Мақсаты:

 

1.     Ұлтаралық татулық пен тұрақтылық феномені- Қазақстан халықтары Ассамблеясы туралы , қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық туралы түсініктерді талдау. Еліміздің өсіп - өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу.

2.     Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиеленеді.

3.     Жауапкершіліктерін арттырады.

 

Күтілетін нәтиже:

 

Ø Тақырып аясында толық талдайды; түсінеді, рефлексия жасайды;

Ø Топта бірлескен әрекет нәтижеге бағытталады;

Ø Өзара ынтымақтастықты жұмыс жасап, жауапкершіліктері артады;

Көрнекіліктер:

Постер, түрлі-түсті маркерлер, үлестірме  ресурстар қағаздар, интерактивті тақта, слайд-презентация, стикерлер, қайшы,желім, топ ережелері, «Ынтымақ ағашы»

Әдіс-тәсілдері :

Топтық, ұжымдық жұмыс,АКТ, СТО, диалог 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал:

Танысу тренингі.

Мысалы: Мен-Еркежанмын. Өскемен қаласынан келдім.

 

 

 

 

1-топ:

 

2-топ:

 

3-топ:

 

4-топ:

 

5-топ:

Қосымша № 1

Топқа бөлу:

Әр қатысушы қолдарына бір-бір мақалдың сөздерін алады. Өзге қатысушылармен араласып жүріп, өз мақалын құрау арқылы, тобына табады.

Келісіп пішкен тон келте болмас.
байлық емес, бірлік байлық.
Байлық
Бірлік бар  жерде бар.
тірлік
сонда.
қайда болса, ырыс
Ынтымақ
құралады.
Ынтымақ- ұйымнан
Теңге-
тиыннан,
 

 

 

 

 

 

 

 

 


Осылайша топқа бөлініп отырады.

Ø Сіздерді қандай мақал-мәтел біріктірді?

Ø Ендеше, топ ережелерін құрып алайық.

Топтың

«7 қасиетті» ережелері:

1.     Тәртіп, тыныштық

2.     Өзара сыйластық

3.     Уақытты тиімді пайдалану

4.     Көмектесу, көмек көрсету

5.     Өз көзқарасыңды білдіру

6.     Топ жұмысына белесен араласу

7.     Ортақ шешімге келу

Ой қозғау

Слайд көрсетіледі

Ø Нені тамашаладық?

Ø Сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын анықтауға бола ма?

Мәтінді талдау:

Қосымша № 2

 

«Аквариум» әдісі

 

Ø Әр қатысушыға «1-мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тақырыбында мәтін таратылады.

Ø Әр қатысушы өзіне жұп таңдап алып, ортаға шығулары сұралады. Екі шеңбер болып ортаға тұрады.

                                                      балықтар

                                                         жақтаулары

Ø Балықтар мәтінді талдауды бастайды, 2 минут өткен соң ауысады.

«Кезбе тілші»

Әр топ  бір-бір тілшісін сайлайды. Тақырып аясында, қорытындылау мақсатында 2 сұрақтан тілші ретінде қойып шығады.

Ø Әдетте, тілші сұрақ қоюды қалай бастайды?

Сергіту сәті

Әр қатысушы өз орындықтарымен ортаға келеді. Шеңбер құрып отырады. Әр ұлттың ұлттық тағамдарының атауларымен ұйымдастырылады.

Өзбек –палау. 

Қазақ –бешбармақ. 

Орыс –борщ.

Татар –бәліш.

Түрік –дөнер

Ø Қай тағам аталса сол тағамды алған қатысушы орындарын ауыстырады.

Ø «Бәрі» дегенде бәрі орын ауыстырулары қажет.

 

Топтарға

бекіту тапсырмалары:

 

Қосымша № 3

 

 

 

 

 

Формативті бағалау жүзеге асырылады.

1-топ:  Мәтінге постер құру.

2-топ: «Бірлік, достық» тақырыбына коллаж жасау.

3-топ:  Өлең құрастыру.

Бірлік керек, бірлік керек ағайын!

Елдің басын біріктірер әрдайым.

............................................................,

............................................................. .

4-топ: «Ынтымағы жарасқан елміз» тақырыбында эссе жазу

5-топ: «Татулық, бірлік» тақырыбына шағын көрініс көрсету.

1-топты - 2-топ           шапалақ арқылы

2-топты - 3-топ           мимика арқылы

3-топты - 4-топ           бес балдық жүйе арқылы

4-топты - 5-топ           бес бармақ арқылы

5-топты - 1-топ           сөз  арқылы

Ø Мұғалім сабаққа өз бағасы береді. «Та-ма-ша!»

 

Ой сергіту картасы

Қосымша № 4

 

1-топ:  «Білемін, білмеймін»

2-топ:  «Иә, жоқ»

3-топ:  «Дұрыс, бұрыс»

4-топ:  «Сенемін, сенбеймін»

5-топ:  «Шын, өтірік»

Рефлексия

·        «Қарлы кесек» ойыны  арқылы жүзеге асырылады.

Ø Ақ парақтарына бүгінгі тақырып аясында бір сұрақ жазып, бір-біріне лақтырады.

Ø Белгі  болғанда, бір қарды тауып алады. Сұрағына жауап береді.

Қорытынды рефлексия

«Ынтымақ ағашы»

Ø Стикерге бүгінгі сабаққа дейінгі әсері мен сабақтан кейінгі әсерлерін жазады.

Ø Ойларын ортаға салады

·        Сіздермен сабақ сәтті өтті. Рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША № 1

 

 

4-адамнан 5 топқа (20 адамға)

 

1.           Ынтымақ болмай іс оңбас.

2.           Теңге тиыннан,

Ынтымақ ұйымнан.

3.           Көппен көрген - ұлы той.

4.           Берекелі жерден мереке кетпес.

5.           Бес бармақ жиналса — жұдырық.

 

 

 

 

5-адамнан 5 топқа (25 адамға)

 

1.           Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

2.           Байлық байлық емес, бірлік байлық.

3.           Бірлік бар жерде тірлік бар.

4.           Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда.

5.           Теңге- тиыннан, ынтымақ- ұйымнан құрылады.

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША № 2

Қазақстан халқы Ассамблеясының рәмізі1-МАМЫР -ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ.

 

1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған,ұлтаралық татулық пен тұрақтылық феномені- Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени  бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамдлея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/b/be/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D1%85%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B.jpgБүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етеді.

Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер қатарында ерекше көрсетіліп кеткен бағыттың бірі- Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты «Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру» мәселесі. Бағытты бұлай аталуының өзі өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын көрсетеді.

Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптарсырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған қазіргі мол тәжірибе этносаралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде.

ҚОСЫМША № 3

 

3-топ:  Өлең құрастыру.

 

Бірлік керек, бірлік керек ағайын!

Елдің басын біріктірер әрдайым.

............................................................,

............................................................. .

 

 

Бірлік керек, бірлік керек ағайын!

Елдің басын біріктірер әрдайым.

.............................................................,

.............................................................. .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША № 4

Карта: «Сенемін, сенбеймін»

Пікір

«Сенемін»

«Сенбеймін»

1.      

Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе?!

 

 

2.      

Ассамблея- еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

 

 

3.      

 

 

 

 

Карта: «Білемін, білмеймін»

Пікір

«Білемін»

«Білмеймін»

1.      

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер қатарында ерекше көрсетіліп кеткен бағыттың бірі- Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайту болды.

 

 

2.      

Қазақстан-ортақ үйіміз.

 

 

3.      

Қазақстанда табиғаты ғажап жерлер өте көп.

 

 

 

Карта: «Келісемін, келіспеймін»

Пікір

«Келісемін»

«Келіспеймін»

1.      

Қазақ тілі – мемлекеттік тіліміз үш тілдің бірі емес, бірегейі.

 

 

2.      

Біздің елімізде спорт саласы дамымаған.

 

 

3.      

Тәуелсіз Қазақстанның қуатты ел екенін мойындап жатқандардың саны күн сайын артып келеді.

 

 

 

 

 

Карта: «Шын, өтірік»

Пікір

«Шын»

«Өтірік»

1.      

1986 жыл,16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан қасіретті күн еді.

 

 

 

2.      

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауы: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталды.

 

 

3.      

Мемлекеттік тіл-орыс тілі.

 

 

 

Карта: «Дұрыс, бұрыс»

Пікір

«Дұрыс»

«Бұрыс»

1.      

Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ.

 

 

2.      

Елімізде өзге ұлттың тілінде сөйлеуге шектеу қойылған.

 

 

3.      

1995 жылдың наурызында Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шеберлік сабағы. Тақырыбы: 1 МАМЫР - БІРЛІК КҮНІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 403 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2016 1810
    • DOCX 164.5 кбайт
    • 45 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабдолдинова Еркежан Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1906
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой