Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Шещендік өнер "Сыпайылық дегеніміз не?"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Шещендік өнер "Сыпайылық дегеніміз не?"

библиотека
материалов


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында шығармашылық және ғылыми ізденіс қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары .



Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.

Питер Клайн.



Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының “ басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.


Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.

Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру керек. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет.
Қазіргі білім мен тәрбиенің негізгі бағыты-жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру, тұлғаның «Мен» менталитетін қалыптастыру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту мәселесінің айналасында болып отыр.

Оқушымен шығармашылық жұмыс бастамас бұрын мұғалім өзіне төмендегідей талап қойғаны дұрыс:
1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;
2. Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;
3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;
4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың
тапсырмалар беру, орындалуына талап қою;
5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;
6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.











Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындауда мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет:

  • Тақырыптың ғылыми құндылылығы;
    - Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы еңбегінің сипаты, қосқан үлесі;
    - Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;
    - Ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, 
    аудиторияны тартуы;
    - Жұмыстың көркем безендірілуі.


Оқушылардың бойында дарындылық қасиеттерін, ізденімпаздығын қалыптастыруда кластан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен үйірмелер, факультативтік сабақтардың маңызы зор.Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Мектептегі пәндік сайыстар, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

  • «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің


  • басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.

  • Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық құрметті әріптестер!


Баяандамашы: А.К. Нұрпайзова




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

ХХІ ғасыр  көшбасшысы

Мақсаты : Оқушылардың  білім  қабілеттерін  тексеру , бастауыш  сынып  оқушылары арасынан ХХІ ғасыр көшбасшысын анықтау .

Көрнекілігі : Интерактивті  тақта

Барысы : 1 . Ұйымдастыру  кезеңі .

     Жүргізуші : Уа , халайық , халайық !

                  Бәріне жар салайық ,

                     Бүгінгі кеш трінде,

                     Білімділер елінде,

                     Есеп шешіп жарысып,

                     Жұмбақ шешіп андысып,

                    Шабыт тасып, шалқысып,

                      Көңілді кеш жасайық,

                     Жұмбақ шеру  шашайық

                     Мұнда қызық табылар,

                       Жұмбақ, есеп бәрі бар

                       Ал, сайыскер  балалар,

                      Білімдеріңді  сынайық

                        ХХІ ғасыр

                        Көшбасшысын табайық.

  Жүргізуші : Құрметті  ұстаздар , оқушылар  сіздерді  4 сыныптар арасында өтетін

«ХХІ ғасыр  көшбасшысы»  атты  сайыс  сағатын  көруге  шақырамыз .

( Әділқазлар  алқасын сайлау )

Біреуінің  жүрегінің  түгі бар ,

Біреуінің арқалап  жүрген  қоғамдық жүгі бар,

Бәрінен де бастысы – барлығының

Қатты  істейтін  миы бар ! – дей келе , енді осы  сайыскерлерімізді  таныстырып  өтейін .

    Сайыскерлерге  тілек :

Ғылымның  сырын ұғына,

Шығыңдар білім  шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздей өренді

Ғылымдардың сырына!

Қадамдарың оң болсын, 

Сәт - сапар енді тілейік !

Ойынымыз  V турдан  тұрады , Әрбір дұрыс  жауап үшін қатысушыларға  5 ұпайдан  беріледі . ІІ турдан кейін  ұпайы төмен оқушылар  шығып отырады

( ең соңында  бір оқушы , яғни көшбасшы  қалу керек )

I тур. «Бәйге»

II тур. «Сөзден сөз шығар»

III тур. «Тапқыр болсаң тауып көр»

IV тур. «Полиглот»

V тур . «Жеңімпаз»

Сайыскерлер дайын болса , сайысымызды  бастайық .

І тур . «Бәйге»  сұрақ – жауап.

Ақындар мен жазушылар : 20 -  «Адам болам десеңіз » өлеңінің авторы ? Абай.

         30 – Балаларға арнап тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім ? А .Байтұрсынұлы

         40 – Қазақ даласындағы « сәулелі жұлдыз» атанған көрнекті ақын? Ыбырай

Ән мен әнші : 20 – Қазақстан Республикасының гимнің әнің жазған кім ? Ш . Қалдаяқов

 30 –«Елімнің жүрегі » дегенАлтынай Жорабаеваның әні қай қалаға арналған ?       Астана қаласына .40 – Бір ән айту .

Мақал – мәтелдер : 20 – Білім туралы

                                   30 – Еңбек туралы

                                    40 –Отан  туралы

Жалпы сұрақ :   20 -  Қазақтың тұңғыш ғарышкері ? Т . Әубәкіров .

                            30 – 120 : 4  Жауабы : 30

                    40 - Жылқыда не жоқ ? Өт жоқ .

ІІ тур «Сөзден сөз шығар »  « Қазақстан»  сөзінен  сөздер құрастыру .

ІІІ тур «Тапқыр болсаң тауып көр »

Мақалдарды жалғастыру . 1 .Өнер алды  қызыл тіл.

                                                       2 . Әдепті бала арлы бала,

                                                       Әдепсіз бала  сорлы бала .

                                                       3 .Көз қорқақ ,

                                                       Қол батыр.

                                           4 .  Кітапты сүйіп оқы,

                                             Көңілге түйіп оқы.

                                           5 . Егінші  жерге қарайды

                                            Құс көкке қарайды.

                                                6 . Ақыл жастан шығар,

                                                Асыл тастан шығар .

                                                  7 . Білім инемен

                                             Құдық қазғандай .

                                             8 . Отан  оттан да ыстық .

IV тур  «Полиглот»

 Жұмбақ жасырылады , шешуі қазақ , орыс  тілдерінде  айтылады .

1 . Айдалада ақ отау

Аузы мұрны жоқ отау . (Жұмыртқа -яйцо)

2 . Ти тесем, тимейді

Тиме десем, тиеді . (Ерін - губы)

3 . Аспай піскен,

Қайнамай түскен .(Жеміс - фрукты)

4 .Сырт- сырт соғады ,

Уақыт озады .(Сағат - часы)

V тур . «Жеңімпаз » Соңында  ұпайы көп екі  оқушы қалады . Бір оқушы шығарылады .

Сұрақтар оқылады .

  1. Қ.Р. Тәуелсіздігі қашан жарияланды ?  1991 жылы 16 желтоқсан
  2. Дененің қызуын  өлшейтін құрал . Градусник.
  3.  Адамдардың  қатынас  құралы . Тіл .
  4. Ұзындық  өлшем  бірліктері . мм,см,м,км
  5. Қазақтың  атақты  суретшісі . Ә . Қастеев
  6. Біздің  туда не  бейнеленген ?  Күн , бүркіт, ою-өрнек .
  7. Абылай ханның  шын аты . Әбілмансұр.
  8. Адамның  қанын соратын жәндік . Маса .
  9. Өсімдіктердің  мүшелерін  ата . Тамыр, сабақ,жапырақ , гүлі,тұқымы .
  10.  Қазақ  тарихында тұңғыш  ғарышқа кім ұшты ? 1991ж . 2 қазан Т. Әубәкіров

 

Әділқазылар  шешімін  шығарады . Жүргізуші:   Міне, біз «Мыңнан  тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан  ХХІ ғасыр  көшбасшысын  анықтайтын  кезге  де  жеттік.   Ендігі   сөз   кезегін  әділқазыларға береміз. (Жеңімпаз  оқушы  анықталады.)«Келешек  білімді ұрпақ  қолында» екендігін  Елбасымыз халқына жолдауында  атап   көрсеткен  болатын.   Еліміздің   ертеңі,  Тәуелсіз    Қазақстанның    кемел болашағын келешекке  жеткізер  осынау  озық  ойлы  ұрпағы  бар елдің   жалауы  ешқандай  еңкеймек  емес. Алдағы  уақытта  да  тек  қана  биіктерден  көріне  беріңіздер  деген   ізгі  ниетпен  біз  сайысымызды  аяқтаймыз. 

Автор
Дата добавления 02.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров417
Номер материала 417907
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх