Инфоурок Окружающий мир КонспектыШешендік өнер 3 сынып

Шешендік өнер 3 сынып

Скачать материал

Тақырып: Шешендік өнер
Мақсаты: Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Оқушыларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: кіріктірілген
Әдіс – тәсіл: баяндау, түсіндіру, аудару
Көрнекіліктер: Шешен билердің портреті мен сөздері
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, әдебиет

Тақырып: Шешендік өнер
Мақсаты: Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Оқушыларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: кіріктірілген
Әдіс – тәсіл: баяндау, түсіндіру, аудару
Көрнекіліктер: Шешен билердің портреті мен сөздері
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, әдебиет
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә ) Оқушыларды сабаққа дайындау
б) Сөйлесім

Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар біз өткен сабақта, Теледидар, радио туралы мағлұматтар алған болатынбыз сол тақырып бойынша сұрақ – жауап білімімізді тексерейік, өткен сабаққа шолу жасайық.
1. Теледидар дегеніміз не?(ақпарат көзі)
2. Телевизор деген сөз латын тілінен қалай аударылады?(қашықтықтан көремін)
3. Республикамызда бұқаралық радио хабарлау қашан басталды?(1931ж)
4. Радио термині қашаннан бері қолданды?(20Ғ - 10 ж)
5. РАДИО латын сөзі нені білдіреді?(сәуле шығаратын дегенді білдіреді)

Жаңа сабақ: ( мақсатымен таныстыру ) Ой – қозғау.
Балалар бүгінгі жаңа сабағымды бастамас бұрын мынандай сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Балалар, қазақтың атақты адамдары дегенді қалай түсінеміз?
Мысалы: (ақындар, жазушылар, батырлар, билер, хандар )
2. Елбасы дегенді қалай түсінеміз?
3. Қазір біздің Тәуелсіз Қазақстанымызда Елбасы кім?
4. Ал бұрынғы заманда елді кімдер басқарған?
(хандар, билер )
СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС 
Шешендік – красноречие
Өнер – искусство
Би - советник
Әдет - заң – обычай
Көнеден – от старца
Көргенді – мудрый
Ой – мысль
Адамгершілік - человечество
Инабаттылық - порядочный
Ізгілік - доброе дело
Ақылды - умный
Туған жерді сүю - любить родину

- Ендеше кешегі Егемендік пен бірлік – Төле бидің толғауында,
Қазыбек бидің қаз дауысында, Әйтеке бидің шешендігінде көрініс тапқан болатын. Біз оларды тарих сабағынан жақсы білеміз. 17 - 18 ғасырларда өмір сүрген би – хандарымыз яғни, Абылай хан, Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би.
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың басты қонағы ретінде тарих пәнінің
мұғалімі Ербол Зекеновичті шақырған болатынбыз сөз кезегі өзіңізде.
ЖАҚСЫ, сонымен Шешендік сөз дегеніміз не?
Шешендік сөз дегеніміз ол – белгілі бір оқиғаға байланысты, тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және оны жұртшылық қабылдайтын, елге тараған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.
Қазыбек би атамыз айтқандай: « Бір қолың ұрыста болса, екінші қолың арашашы болсын».
Ашу – араз, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме деген...
Яғни: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса
Көшінің ең соңы болады.

Әйтеке би: Асқар тау, сенде бір мін бар –
Асу бермейсің,
Тасқын су, сенде бір мін бар –
Өткел бермейсің,
Билер, сендерде бір мін бар –
Басқаға сөз бермейсің!

Ал енді Төле би бабамыз айтқандай,
- Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің данасы бол.
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол.
Досыңа адал бол. (Балаларға оқытып, дәптерлеріне жаздыру.)
Жазба жұмысы (кітаппен жұмыс), (синтаксистік талдау).
Шешендік өнер халықтық - демократиялық қоғамдарда ақыл – ойға, сөзге еркіндік бар жерде дамиды.
Мақал - мәтелдер:
1. Ердің сыншысы болма, адамның сыншысы бол.
2. Оқу инемен құдық қазғандай
3. Көп сөз көмір, аз сөз алтын.
4. Өлімнен ұят күшті.
5. Атаңның баласы болма, елдің баласы бол.
Осы мақал - мәтелдерді оқи отырып не алдық?
Адамгершілік, инабаттылық, ізгілік, кішіпейілділік, ақылдылық, туған жерді сүю, мейрімділік.

Енді бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе
НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК?
Қандай қазақ би – шешендерімен таныстық?
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
Шешендік – билер жалпы қандай болуы керек?
Яғни, қайраткер, дау, билік, дарынды, сауатты, ұтымды болулары керек. Бабаларымыз айтқандай «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер.» Сондықтан да оқушыларымыз дайындаған шағын көрініске назар аударайық. (Рөлдік ойын)
БАТА
- Ата, бата деген не?
- Бата – ақ ниет, жақсы тілек, халқымыздың ежелгі мұрасы.
- Ендеше ата маған батаңызды беріңіз.
«Арыстандай болсын айбатың,
Аюдай болсың қайратың,
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің,
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!»
- ӘУМИН!
Үйге тапсырма: «Шешендік өнер» туралы шығарма жазу.
Бағалау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шешендік өнер 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.12.2015 4668
    • DOCX 40 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орынбасарова Қаламқас Манатайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28485
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе