Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Шешендік өнер" үйірме жұмысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Шешендік өнер" үйірме жұмысы

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ

«ЖАҢАТАЛАП ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ







Мәнерлеп оқу және сахналық қойылымдар

3 сынып



Мутиханова Мейрамгүл Әбенқызы















2015-2016 оқу жылы

Үйірме жұмысы

Тақырыбы: Мәнерлеп оқу және сахналық қойылымдар

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, сана сезімін жан-жақты дамыту. Ата-бабамыздан қалған әдеби мұралар-халқымыздың өсиеті мен өнегесіне дәріптеу дәстүрі. Даналардың уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты нақылдарды дамыту.Шешендік сөздерді оқытып, жатқа айтқызу арқылы оқушыларды ойлауға, сөйлей және жаза білуге төселдіру.

Ресурстар: Ұлы билерімізден қалған нақыл сөздер, Ұлы билердің портреттері, қазақ киімдері

Үйірме жұмысының жүру барысы:

І – бөлім. Мәнерлеп оқу.

ІІ – бөлім Сахналық қойылымдар.

Мұғалім:- Құрметті үйірме жұмысына қатысып отырған көрермендер, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Қош келдіңіздер! Бүгін 2 сыныптың үйірмеде атқарған жұмыстарымен танысасыздар. Үйірме «Шешендік өнер» яғни риторика бағыты бойынша жүргізіледі. Мақсатым оқушыларға шешеннің ел мен жер жайын, батыр мен би-болыстардың іс-әрекеттерін терең таныта отырып, түсініктерін арттыру. Шешендік сөзі әділеттілікке, бірлікке, берекеге, әділдіктің – тура жолға бастайтынын бүінгі өмірде шындыққа шығаратынын ұғындыра түсу. Ұлттық сөз саптау ерекшелігін танытқым келеді. Қазақстанның келешекте өркендеп өсуіне өз үлесін қосатын жеке тұлға тәрбиелегім келеді. Оқушылар шешендік өнерді игеру арқылы шығармашылық әдіс-тәсілдерді меңгереді.

І – бөлім «Мәнерлеп өлең оқу» деп аталады. Бұл бөлімде оқушылар Қазақстан, Тәуелсіздік, Қазақ тілі туралы ақындардың жүрек жарды өлеңдерін оқиды.

Күләш Ахметова, «Қазағым менің» Оқитын: Қанафия Арайлым

Бір жерде тұрлау таппаған, Қосылмай малы қаптаған,

Бөлініп қонған қазақты Кімдер де кімдер шаппаған?!


Бағынып бірақ қалмаған, Тәуелсіз қайран жан далам!

Жер бар ма жалпақ төсінде Қасірет жасы тамбаған?!


Толқимын –дағы тоқталам, Тоқталмай кімдер өтті аман,

Ардағын қимай қазақтар Қай жерге күмбез соқпаған?!


Құстары көлде шулаған, Тұлпары белде тулаған.

Тулары биік желбіреп, Қандай бір әндер тумаған?!


Жауына қатты қасарған, Қасарған сайын жасарған.

Найзамен, нағыз қазақтың Намысын кімдер баса алған?!


Өшпеген қанша қамалдан, Қамалдар шықса тағы алдан.

Несібі жомарт қазақтың, Есігін кімдер жаба алған?!


Жатты да кейде бауыр дер, Жақсы қыз бенен жалынды ер.

Жиын той болса –бәрі ақын, Жау тисе түгел – жауынгер!


Аударып жұрттың назарын, Бардың да көрген базарын.

Жоқтың да көрген азабын, Даладай дарқан қазағым.


Ойлар толып көптеген, Өрнегін қанша төкті өлең.

Ұрпақты сақтап қалсақ деп, Қайда да, қайда кетпеген?!


Бәрі де таныс жайт маған, Әділет болмас айтпаған.

Ақыры алтын бесікке Сабылып қайдан қайтпаған?!

Сағынып қайдан қайтпаған

Қазақ тілі. Байбота Серікбаев

Оқитын: Жұмажанов Ақтілек.

Сан дәуірден сарабдал асыл мұрам,

Сені қалай басқаға бағындырам?!

Күмбірлеген үніңе құлақ түрсем,

Құм астында көмілген ғасырды ұғам.

Сенде -

Қайсар халықтың азат үні,

Сенде-

Ата-бабамның азап-мұңы.

Абай туған ғасырда әлем танып,

Байсал таптың, киелі қазақ тілі!

Талай сұңқар ұшырдың сен тұғырдан,

Мұхтар тудың ғаламды тәнті қылған.

Саған тілін тигізсе

Төбелестім,

Қалсам-дағы таяқ жеп тантық ұлдан.

Көзін ашып ,

Жырлатсам бір жылағанды,

Сайрап берер шаршамай мың жылғы әнді.

Ана тілін білмейтін ақуалар

Кейде әлі де түсірер ұнжырғамды!

Сен арқылы шертем мен сыр әдемі,

Жатсынбайды даусымды жыр әлемі.

Қызғыш болып қорғаймын, қазақ тілі,

Туған жоқ па сол үшін, сірә, мені!!!


3. Тәуелсіздік. Оқитын: Ержан Айерке.

4. Біз көшпелі елміз. Оқитындар: Серкханқызы Жаннұр, Әділханов Ерзат.

5. Абай өлеңдерін оқушы Ержан Айерке, Маратқызы Томирис


ІІ бөлім. Сахналық қойылымдар.


1. Төле би мен Жетес бала. Рөлде: Әли және Айбар

2. Қазыбек би мен Қонтайшы. Рөлде: Ақтілек пен Ерзат

3. Қарға мен түлкі Рөлде: Жаннұр мен Томирис

4. Қаңбақ пен бидай Рөлде: Арайлым мен Айерке

5. Құмырсқа мен шегіртке Рөлде. Әли мен Арайлым


Үйірме жұмысын қорытындылау. Қонақтарға сөз беру.



hello_html_m47f6b431.jpg


«Қарға мен түлкі» мысалынан көрініс.

hello_html_m3037318c.jpg


Үйірме мүшелері

hello_html_m7b1ff587.jpg

Постер қорғау



hello_html_m38f88117.jpghello_html_m36f32f39.jpg«Төле би мен Жетес Бала» көрініс «Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан



hello_html_m7697a9a2.jpg



























Автор
Дата добавления 18.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров301
Номер материала ДБ-039464
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх