Инфоурок / Другое / Конспекты / Шешендік өнердің тарихи негіздері танымдық сабақ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Шешендік өнердің тарихи негіздері танымдық сабақ



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қазақ әдебиеті

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Шешендік өнердің тарихи негіздері.

Мақсаты

а) оқушыларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру;

ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;

Топқа бөлу

Гүлдер арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

« Атомдар мен молекулалар » 
Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек .
Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады . 

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Өткен тақырыпты қайталау

Оқушылар естеріне түсіреді, тест тапсырмаларына жауап береді

Мағынаны тану

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.

Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.

Қоғам қашанда дарынды қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және танымын дамыту керек. Сондықтан біз, мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатыр деп қарастырдық. Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені, даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру.

Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері- атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.

Қазақ шешендік өнерінің піспегі – шешен билер де, күбісі – халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері – шешен-би. Халық заманы озған сайын әлгіндей сөз үлгілерін талқыға салып, қырлап, өңдеп, құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан-саққа жүгіртіп әркімдердің (шешен-билердің) атынан айтады. Осындай әдеби-халықтық, фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер шымырқанған қымыздай жұтылған, таңдай татарлық дүниелер болып келеді.

Би-шешендер – шешендік өнердің негізгі доминанты (қозғаушы күші). Аталмыш өнер атауының өзі осы қалыптан шығып отыр. Бұл тұрғыдағы ойларымыз алдағы тарауларда кеңірек баяндайтын боламыз.

Ұлттық өнеріміздің тарихында Майқы би Мәнұлынан (Айса пайғамбардың тұстасы) бастап, Майқы би Төбейұлы (1105-1225 жылдар шамасы), Аяз би Жаманұлы (11-12 ғ.), Мөңке би (1207-1250), Едіге би (1354-1419), Бәйдібек би (1356-1419 жылдар шамасы), Әз Жәнібек (1406-1473), Жиренше шешен, Шоған би (1584-1642), Әсет би (1676-1723), Қадір-Тайжан, Тоқсан, Жанкісі, Антайлақ, Бөлтірік, Сары, Сырлыбек, Бала би, Ноғайбай, Саққұлақ, Бапан, Шоң, Шорман, Байдалы, Қараменде, Зіл-қара, Алшынбай, Асаубай секілді, сондай –ақ, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билердің жарқын бейнелерін әлі де қазақ даласындағы айтулы шешен-билер есімімен толықтыра, молықтыра айтуға болады.

Қазақта шешен, би деген ұғымдар дербес тұрып та, қосарланып та айтыла береді. Белгілі бір шешендерін өкіл деп танысақ, мәселен, Жиренше шешен, Зілқара шешен, Әлібек шешен, Сүйінбай шешен, Бөлтірік шешен, Шәңкі шешен, Мүсіреп шешен, Тұяқ шешен, ал енді бір сыңарын би деп түстеу, мәселен, Майқы би, Аяз би, Мөңке би, Әйтеке би, Бала би т.б.деп атау қалыптасқан.

Би атауы-әлгіндей емес, белгілі бір мақсатқа, мемлекеттік мүддеге қызмет ететін, жалпы шешендіктен салыстырмалы түрде тар арнаға ыңғайланған шешендердің тобын көрсететін атау.

Бұдан билердің рөлі тек қоғамдық мәселелерді шешу үстінде ғана айрықша да, одан былайғы тұста шешендік сипаты жойылады деген ой туындамауы керек. Би дегеніміз - ел-жұрттың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, өткен-кеткен көне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың, жан-жануарлардың сан алуан қасиеттерін, құпияларын жетік білетін, бүгінгіге баға беретін, болашаққа болжам жасап, адамдардың көкірек көмбелеріне ой көзімен қарап көре алатын, қырлы-қырлы мінез-құлықтарды айтқызбай – ақ доп басатын, ғылым-білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар біртума жандар.

Сонымен шешен деген тұста бұл ұғым біздің жадымызда көне Грек пен Римнің сот залдарында алқалы жиындарда тоқтаусыз ағыл-тегіл сөйлеп, аудиторияны сөзіне ұйытып, айтар ойына мүлгітіп тұрған оратор түсінігінде ассоциациаланады да, би ұғымы заңдық, билік күші бар судья болмысы арқылы көрінеді. Осы екі ұғымды, екі болмысты, табиғатты жақындастыратын, жанастыратын қалып- шешендік, шешендік сөйлеу процесі. Шешендік өнер ілімі (риторика) ерте қалыптасқан антикалық Грек пен Рим теоретиктері, іргелес орыс теоретиктері шешендік өнерді сөйлеу процесі тұрғысынан мейлінше жан- жақты талдады, ілгері еңбектер жазды. Риторика ілімнің көне және орта дәуірінде Протогор, Демосфен, Цицерон, Аристотель, Квинтилиан, Марк Антоний, Луций Крам қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдері Кампонелла, Томас Мор, Петрарка, Данте, Рабле, Шекспир, орыс шешендік өнерінің теориясында Макарич, Усачев, Ломоносов, Рижский, Мерзляков, Галюч, Коменский, Сперанский есімдері тарих бетінде жарқырап қалды.

Үйлестірмелер  бойынша  сұрақ-жауап  әдісі

                1.Шешендік  өнер  дегеніміз  не?

                2.Шешендік  өнердің  түрлерін  атаңыз?

                3.Шешендік  сөзге  тән  қандай  ерекшелікті  білесіз!

                4.Би  дегеніміз  кім? Оның  тарихтағы  орны?

                5.Атақты  би-шешендерден  кімдерді  атай  аласыз?

                6.Билер  сөзінен  қосымша  іздендіңіз  бе?

                7.Осы  күнге  шешендік  өнердің  жайында  не  айтар  едіңіз?     

Ой толғаныс

а) Ақылды болу үшін не істеу керек?
Сабақты жақсы оқу.
ә) Қандай адам өжет болады?
Шыншыл
б) Тапқырлық көзі - іздену, әдеби кітаптарды көп оқу, үлкендермен көп әңгімелесу, көп тыңдау.
в) Тәрбиелі болу үшін не қажет? Ата - ана, ұстаздарды сыйлау, тәрбиесін алу. Тек жақсылық жасау, жақсылық ойлау.
г) Ақын болу үшін? Ақын боп адам тууы мүмкін. Мұны тума талант дейді. Бірақ ұйқасын тауып талаптануға болады.
Міне, көз алдымыздағы кішкене қарағаш гүлденіп өсіп, үлкен бәйтерекке айналды. Сендер де осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңірсеңдер, өскенде үлкен азамат, ең бастысы нағыз адам боласыңдар.
- Я құдайым бала берсең дана бер деген екен бір данышпан. Сол сияқты ақылды, дана болып өсіңдер.
Шешендіктің тағы бір тармағы - мақал - мәтелдер.
Менің сұрағыма кім мақалмен жауап береді екен?
1. Сиырдың сүті қай жерінде?(Сиырдың сүті тілінде) Не сипағанды білмейді? ( Сиыр сипағанды білмейді) Қандай бала сүйкімді? (Күлшелі бала сүйкімді)

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Үйге тапсырма

Тақырып туралы мәліметтер жинақтау



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-117767

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>