Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Шешендік сөздер" 9-сынып қазақ әдебиет
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Шешендік сөздер" 9-сынып қазақ әдебиет

библиотека
материалов

hello_html_75edc7a5.jpg

ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың ІІІ деңгейлік (базалық) курсы бойынша сертификатталған

Кулагино орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ санатты мұғалімі

Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызының 2014 жылы өткен аудандық «Үздік сабақ» байқауында ІІІ орын иеленген орта және қысқа мерзімді сабақтар топтамасы



9 –сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен «Халық ауыз әдебиеті» тарауының «Шешендік сөздер» бөліміне құрылған орта мерзімді сабақ жоспары

Р/с

Сабақтың

тақырыбы

Сағат саны

Күні

Оқу мақсаттары

Модульдердің кіріктірілуі

Күтілетін нәтиже

Оқытудың белсенді стратегиялары, әдіс-тәсілдері

Жоспарлан-

ған бағалау

Оқушылармен жұмыс

Ресурстар


17

Шешендік сөздер


1

9.10

Шешендік сөздер туралы ұғымдарын кеңейту, шешендік өнердің тарихи негізі туралы мәлімет беру.

Диалогтік оқыту

Сын тұрғысынан ойлау

Бағалау

Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық

Шешендік өнердің пайда болып, даму ерекшеліктері туралы деректермен танысады, өз пікірлерін дәлелдей алады.

«Ыстық орындық», «Гармошка», «Жигсо» , «Дөңгелек үстел», «Үш минутық үзіліс» әдістері.

Жұптық бағалау, бағалау бетшелері арқылы бағаланды.

Бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

оқулық, постер, маркер, интербелсенді тақта, слайдтар.

18

Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер

1

10.10

Шешендік сөздердің ақындар айтысы сияқты дау үстінде немесе ел тағдыры талқыланған үлкен жиында өмірге келгендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру

Сын тұрғысынан ойлау

Бағалау

Оқытуда АКТ-ны қолдану

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Шешендік сөздерге талдау жасауға дағдыланады, шешендік сөздердің нақты қандай жағдайда туындағанын түсіндіре алады.

«Миға шабуыл», «Екі жақты түсініктеме күнделігі», «Конверт-сұрақ», «Бұл жалған ба, әлде шындық па?» әдістері

Оқушылар бағалау бетшесі арқылы топтық бағалайды

Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, барлығы формативті бағаланып отырады.

слайдтар, смайликтер, бағалау бетшелері.

19

Шешендік сөздердің жанрлық түрлері

1

15.10

шешендік сөздің жанрлық түрлеріне қарай ажырата білуге дағдыландыру

Сын тұрғысынан ойлау

Бағалау

Оқытуда АКТ-ны қолдану

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Шешендік сөздердің жанрлық түрлерін нақты мысалдармен нақты дәлелдер арқылы түсіндіре алады.

«Гармошка», «Ортада қаламсап», «Бағдаршам», «Миға шабуыл» әдістері.

Формативті бағалау

Оқушылардың барлығы түгелдей сабаққа қатысады

Microsoft

PowerPoint, ғаламтор мәліметтері, постер, маркер, бағалау бетшелері, үлестірмелер.


20

Қазақ шешендері-нің көрнекті өкілдері

1

16.10

Қазақ шешендерінің өкілдерімен таныстар отырып, олардың еңбектеріне мән беру.

Диалогтік оқыту

Сын тұрғысынан ойлау

Талантты және дарынды балаларды оқыту,

Бағалау

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Шешендер-дің жүйелі сөздерімен, ұтқыр ойларының дәлелімен танысады.

«Ротация», «Мағынаны тану», «Өрмекші торы», «Кір жаятын жіп», «Ромб», «Бағдаршам» әдістері

Жыр түрлерінің мәнін ұғынып, өз өмірлерінде қолдана алады

Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Түрлі тапсырмаларды топтық, жұптық болып орындайды

Үлестірмелі парақшалар

Интерактивті тақта

Стикер




9 – сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен «Халық ауыз әдебиеті» тарауының «Шешендік сөздер» бөлімі бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы


Мұғалімнің аты-жөні

Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызы

Индер ауданы Кулагино орта мектебі

9.10.2014

9-сынып

17 -сабақ

Қазақ әдебиеті

Сабақтың атауы

Шешендік сөздер

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев «Мектеп» баспасы.

Жалпы мақсаты

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Шешендік сөздер туралы ұғымдарын кеңейту, шешендік өнердің тарихи негізі туралы мәлімет беру.

Шешендік өнердің қалыптасу тарихы туралы ұғымдарын қалыптастыру,аталған өнердің пайда болып, даму ерекшеліктері туралы деректер келтіру.

Шешендік сөздердің құрылысы мен сөздік құрамы, мазмұны, тұлғасы жағынан қазіргі әдеби тіліміздегі жақын екендігін ұғындыру, шешендік сөздерде кездесетін бейнелі сөз тіркестеріне талдау жасауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Шешендік сөздер туралы ұғымдары кеңейеді, шешендік өнер тарихы туралы жалпы мағлұмат алады.

Шешендік өнердің пайда болып, даму ерекшеліктері туралы деректермен танысады, өз пікірлерін дәлелдей алады.

Шешендік сөздерде кездесетін бейнелі сөз тіркестеріне талдау жасай білуге дағдыланады, шешендік сөздердің мазмұны туралы сыни пікірлері қалыптасады.

Негізгі идеялар

Шешендік өнердің тарихи кезеңдері, аталған өнердің пайда болып, даму ерекшеліктері.

Тапсырмалар

постер қорғау, сөзжұмбақ шешу, жұптық тапсырмалар.

Оқыту әдістері

«Ыстық орындық», «Гармошка», «Жигсо» , «Дөңгелек үстел», «Үш минутық үзіліс» әдістері.

Дерек көздері

оқулық, постер, маркер, интербелсенді тақта, слайдтар.


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2 минут




«Бір тілек» тренингі. Оқушыларды «Жылулық шеңберіне» тұрғызып, бір біріне бүгінгі күні тілейтін тілектерін бір-бір сөзбен жеткізу. Житондардың түстерін таңдату арқылы 4 топқа бөлу.

Бағалау бетшелерін үлестіру.

Оқушылар тренингке қатысады. Житон түстерін таңдау арқылы 4 топқа бөліну.

Бағалау бетшелеріндегі кретерийлермен танысады.

Негізгі бөлім.

Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

Үйге берілген «Қыз Жібек» жырын «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрау.

Әр топтан екі оқушыдан шығып «Ыстық орындықтың» сұрақтарына жауап береді. Топ мүшелері бірін-бірі бағалайды.

Жаңа сабақты ашу

7 минут

Сөзжұмбақ шешу.

1.Лиро –эпостық жыр атауы. («Айман –Шолпан» жыры.)

2.Ауыз әдебиетінің бір саласы. (ертегі)

3.«Ер Төстік» ертегісінің кейіпкері.(Шойынқұлақ)

4.Жылқының пірі.( Зеңгі баба)

5.«Қыз Жібек» жырының кейіпкері. (Төлеген)

6. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының кейіпкері (Қодар)

7.Ауыздан ауызға ауызша таралып жеткен шығармалар қай әдебиеттің үлгілеріне жатады? (ауыз әдебиеті)

8. Ер Төстіктің сүйген жары (Кенжекей)

9. Қозының әкесінің есімі (Сарыбай)

10. Ұлы жүздің биі. (Төле би)

11. Орта жүздің биі. (Қазыбек би)

12.Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жыры (Наурыз)

13. Кіші жүздің биі. (Әйтеке би)

14. Аңыз кейіпкері (Алдар)

Сөзжұмбақ шешілгеннен кейін сабақтың тақырыбы «Шешендік сөздер» екендігі айқындалады. Шешендік сөздер туралы слайд арқылы қысқаша мағлұмат беріледі.

Оқушылар сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын айқындайды.


Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

10 минут

«Жигсо» әдісімен жұмыс.

Топ мүшелері топ басшысы, баяндамашы, хатшы, уақыт белгілеуші, бақылаушы болып белгіленіп, өз қызметтерін атқарады.

1 – топқа: «Шешендік сөздер»;

2-топқа: «Шешендік сөздердің шығу себептері қоғамдағы ролі»

Хрестоматия бойынша

3-топқа: «Жұмбақты жұмбақпен шешу»;

4-топқа: «Жетпіс бидің тоқтамы» тақырыптарындағы шешендік сөздерге постер қорғау тапсырылады.

Топ мүшелері өз қызметтерін атқарады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» айту.

Сергіту сәті

3 минут



Зейіндерін тұрақтандыру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру мақсатында өз есімдеріне қатысты сын есімдер айтып

шығу.

мысалы, Аружан ақылды, Бекарыс батыл, Мәди мақтаншақ т.с.с.

Операциялық кезең


10 минут

«Гармошка» әдісімен жұптық жұмыс.

Топ мүшелері «Төле бидің төрелігі» атты шешендік сөзді оқып, тақырып бойынша А4 қағазын гармошка үлгісінде пайдала отырып, 2 ашық және 2 жабық сұрақ дайындайды. Жұптасып орындап, бір-бірінің жауаптарын тексереді.


«Дөңгелек үстел» әдісімен жұмыс.

Топ мүшелері шешендік сөздер туралы алған мәліметтерін қорытындылап, дәптерге түсіреді. Мұғалім «Тоқта!» деген белгі берген уақытта топтағы келесі оқушының дәптерін алып, жазылған ойды қорытады. Топ мүшелері айналып дәптер келгенше тақырып қорытындылануы тиіс.


Өзін-өзі бағалау.









Формативті бағалау.

Рефлексиялық кезең

Бағалау. Кретерий бойынша бағалау.

Жиынтық бағалау.

2

минут

Оқушыларды бағалау кретерийлері бойынша жиынтық бағалау.

Топ басшыларының бағалауы.

Кері байланыс.

2 минут

Үш минуттық үзіліс. Мұғалім Оқушыларға сабақтың идеясын, түсініктерін ойластыру, өткен материалмен, білімі мен тәжірибиесімен байланыстырып, сондай-ақ түсініксіз тұстарын анықтау үшін үш минуттық үзіліс береді.

Мен _______________ өз ойымды өзгерттім.

Мен __________________ туралы көп білдім

Мен _________________ деп ойлап жүрсем


Кері байланыс парағын толтыру.


Үйге тапсырма

1минут

Шешендік сөздер туралы қосымша мәліметтер жинақтап, слайд құрастырып келу тапсырылады.




Сабақтан кейінгі рефлексия


Не сәтті өтті?

Неліктен?


Не сәтсіз өтті?

Неліктен?


Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін

не істеймін?






Оқушылар постерді барлық кретерийлеріне сай қорғады.

Ашық сұрақтарды дайындау, жауап беру кезінде оқушылар көп уақыт жоғалтты.

Ашық сұрақтарға дайындауға дағдыландыру үшін жұмыстанамын.





















Дескрипторлар

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер.


А деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздер туралы мағлұматтары қалыптасады, бірақ мазмұнын айта алмаса;

2 ұпай - шешендік сөздердің пайда болу тарихынан мағлұматтары қалыптасады, бірақ мазмұнына талдай алмаса;

3 ұпай- шешендік сөздердің мазмұнын түсіндіре алады,

В деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздерге анықтама бере білсе;

2 ұпай – шешендік сөздер туралы толық ойын жеткізіп айта білсе;

3 ұпай – шешендік сөздердің шығу себебін айта білсе;

С деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздердің қазақ қоғамындағы ролін түсіндіре білсе;

2 ұпай – шешендік сөздерде кездесетін мақал-мәтелдерге талдау жасай білсе;

3 ұпай – шешендік сөздер бойынша ұтымды ашық сұрақтар құрастыра және ұтымды жауап бере білсе;


Бағалау парақшасы


р/с

Оқушының аты

Ыстық орындық

Сөз-

жұмбақ шешу

ЖИГСО

Гармошка

Дөңгелек үстел

Қорытынды бағалау

Бағалау кретерийлері:

Ыстық орындық

Әр дұрыс айтылған нақты жауапқа – 1 ұпай

Әдеби тілде жеткізе білуі – 3 ұпай

Сөзжұмбақ шешу.

Әр дұрыс айтылған нақты жауапқа –2ұпай

Постер толтыру:

Түйінді ой айтқандар – 3 ұпай

Ойын толық тұжырымдай білгенге – 2 ұпай

Көркем әдеби тілде жеткізе білу – 3 ұпай

Гармошка:

Өз пікірлерін дәлелдеп жеткізе білгенге – 2 ұпай

Дұрыс жауап берсе – 1 ұпай

Дөңгелек үстел:

Өз ойларын жүйелі жеткізе білгенге – 3 ұпай

сауаттылығына – 2 ұпай

16-20 ұпайға - «5»

9-15- ұпайға – «4»

3-8 ұпайға – «3»

1

Аружан







2

Асылжан







3

Дина







4

Мұхтархан







5

Бекарыс







6

Бақдәулет







7

Айсана







8

Анар







9

Парасат







10

Дарын







11

Айкөркем







12

Мәди







13

Айбек







14

Нұрбақыт







15

Асылхан







16

Нұрасыл







17

Әлішер







18

Жігер


















Мұғалімнің аты-жөні

Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызы

Индер ауданы Кулагино орта мектебі

10.10.2014

9-сынып

18-сабақ

Қазақ әдебиеті

Сабақтың атауы

Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев «Мектеп» баспасы.

Жалпы мақсаты

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Шешендік сөздердің ақындар айтысы сияқты дау үстінде немесе ел тағдыры талқыланған үлкен жиында өмірге келгендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру

Шешендік сөздердің түсінік сөзден басталып, нақты кімге байланысты қандай жағдайда шығарылғанына талдау жасай білуге дағдыландыру.

Шешендік сөздердің арнау, сәлем, өсиет түрінде дүниеге келгендігін, өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту, өзіндік ой-пікірлерін дәлелдеп жеткізе білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Шешендік сөздердің шығу себептері туралы ұғымдары қалыптасады.

Шешендік сөздерге талдау жасауға дағдыланады, шешендік сөздердің нақты қандай жағдайда туындағанын түсіндіре алады.

Шешендік сөздердің өзіне тән ерекшеліктерін меңгереді, өзіндік ой-пікірлерін топта дәлелдеп жеткізе алады.

Негізгі идеялар

Шешендік сөздердің белгілі бір нақты жағдайға, нақты себепке байланысты туындағанын, өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту.

Тапсырмалар

постер дайындау, слайд қорғау, топтық, жұптық тапсырмалар.

Оқыту әдістері

«Миға шабуыл», «Екі жақты түсініктеме күнделігі», «Конверт-сұрақ», «Бұл жалған ба, әлде шындық па?» әдістері

Дерек көздері

слайдтар, смайликтер, бағалау бетшелері.


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2 минут




Оқушыларды «Молекулалар» ойыны арқылы 3 топқа бөлу. «Күту ағашына» бүгінгі сабақтан не күтетіндіктері туралы стикерлерге жазғызып, жапсыру тапсырылады.

Оқушылар топқа бөлініп, күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін жазады.

Негізгі бөлім.

Үй тапсырмасын тексеру

7 минут

Үйге берілген тапсырма бойынша әр топтан екі оқушыдан шешендік сөздер тақырыбына дайындап келген слайдтарын қорғайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.

Жаңа сабақты ашу

8 минут

Интерактивті тақтадан слайд арқылы шешендік сөз беріледі.

Бөлтірік шешеннің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:

  • Ақ ата, бақ кімге қонады?Бала ыстық

па, байлық ыстық па?-дейді. Сонда Бөлтірік:

-Қарағым, байлық – қолда ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала – артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын-туысыңмен, ел-жұртыңмен сіз-біз деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың –күл, қуанышың – от! –дейді.

«Миға шабуыл» сұрақтары:

1.Шешендік сөз қандай жағдайда туындаған?

2.Нақты кімге байланысты?

3.Шешендік сөз кімге арналған, қандай тәрбиелік мәні бар?

4.Шешендік сөздің өзіне тән қандай ерекшеліктерін байқадыңдар ?-деген сұрақтарға жауап алу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.


Операциялық кезең

Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

10 минут

«Екі жақты түсініктеме күнделігі»

Хрестоматия бойынша шешендік сөздердің өздеріне әсер еткен тұсын, және не себепті әсер еткендігін талдап жазу тапсырылады. Әр топ шығармадан әсер еткен маңызды деп тапқан тұстарын тауып, постердің келесі жағына не үшін әсер еткенін жазады.

1-топқа: «Сырым шешеннің шешендік сөздері»;

2-топқа: «Бөлтірік шешеннің шешендік сөздері»;

3-топқа: «Абыздың аталы сөздері»

Постер қорғау.

Кретерийлер бойынша өзін-өзі бағалау.


Сергіту сәті

3 минут








hello_html_31e771f2.jpg

«Саусақтар арқылы мінез анықтау» тренингі.

Оқушылар тренингке қатысады.


10 минут

«Конверт - сұрақ» әдісі арқылы проблемалық сұрақтар беру.

1-топқа: Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері қандай?

2. Шешендік өнердің құндылығы және қиындығы туралы өз пікіріңіз?

3.Қазақ шешендік өнерінің туу тарихы туралы не білесіздер?


Өзіңді тексер. «Бұл жалған ба, әлде, шындық па?» әдісі.

1.Қазақ шешендік өнерінің тарихы Майқы биден басталып, Жиренше, Асан қайғы есімдерімен қалыптасады. (шындық)

2. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ»деген Бөлтірік шешен. (шындық)

3. «Көш бастау қиын емес, қонатын жерде су бар» деген Асан қайғы (жалған- Бұқар жырау)

4. Шешендік сөздер көбіне түсінік сөзден басталады (шындық)

5. Шешендік сөздер тек қара сөзбен жазылады. (жалған- өлең түрінде де келеді)

6. Шешендік сөздер еш өзгеріссіз бүгінгі күнге жеткен. (жалған- айтушылар тарапынан өзгеріп отырған)

Смайлик арқылы формативті бағалау.








Кретерий бойынша бағалау.

Рефлексиялық кезең

Бағалау. Кретерий бойынша бағалау.

Жиынтық бағалау.

2

минут

Оқушыларды кретерийлер бойынша бағалау.











Кері байланыс.

2 минут

Оқушылар «Күту ағашына» жазылған пікірлері оқылады. Бүгінгі сабақтан күткен тілектерін орындалғанына немесе тағы не білгісі келетіндіктеріне талдау жасалады.

Кері байланыс жасау.


Үйге тапсырма

1минут

Өтілген тақырып бойынша сұрақтар дайындап келу тапсырылады.




Сабақтан кейінгі рефлексия


Не сәтті өтті?

Неліктен?


Не сәтсіз өтті?

Неліктен?


Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін

не істеймін?






Проблемалық сұрақтарды өз дәрежесінде жауап бере білді.

Оқушылар үйден жасап келуге берілген слайдтарынан жүйесіздік көрінді.

Қосымша тапсырмалар беру, қажетті мәліметтерді жүйелі пайдалануға дағдыландыру жұмыстарын жетілдіремін.
























Дескрипторлар

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер


А деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздердің ерекшелігін түсінеді, жеткізіп айта алады;

2 ұпай - шешендік сөздердің үлгі – өнеге, өсиет түрінде келетініне мысал келтіреді, бірақ мазмұнын айта алмайды;

3 ұпай- шешендік сөздердің мазмұнын түсіндіре алады;

В деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздердің не туралы екенін айта білсе;

2 ұпай – шешендік сөздердің мазмұнына талдау жасай білсе;

3 ұпай – жабық сұрақтарға толық жауап бере білсе;


С деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздердің өзіне тән ерекшеліктерін атай білсе;

2 ұпай – шешендік сөздердегі көркемдік ерешелігіне талдау жасай білсе;

3 ұпай – шешендік сөздер бойынша жабық сұрақтар құрастыра және ұтымды жауап бере білсе;



Бағалау парақшасы


р/с

Оқушының аты

Үй тапсыр-масы

Миға шабуыл

Екі жақты түсініктеме күнделігі

Конверт-сұрақ

Бұл жалған ба, әлде шындық па?

Қорытынды бағалау

Бағалау кретерийлері:

Үй тапсырмасы

Әдеби тілде жеткізе білуі – 5 ұпай

Сөзжұмбақ шешу.

Әр дұрыс айтылған нақты жауапқа –2 ұпай

Екі жақты түсініктеме күнделігі:

Түйінді ой айтқандар – 2 ұпай

Ойын толық тұжырымдай білгенге – 3 ұпай

Көркем әдеби тілде жеткізе білу – 2 ұпай

Конверт –сұрақ:

Өз пікірлерін дәлелдеп жеткізе білгенге – 3 ұпай

Бұл жалған ба, әлде, шындық па?

Әр дұрыс айтылған нақты жауапқа –2 ұпай

15-18 ұпайға - «5»

14-9- ұпайға – «4»

3-8 ұпайға – «3»

1

Аружан







2

Асылжан







3

Дина







4

Мұхтархан







5

Бекарыс







6

Бақдәулет







7

Айсана







8

Анар







9

Парасат







10

Дарын







11

Айкөркем







12

Мәди







13

Айбек







14

Нұрбақыт







15

Асылхан







16

Нұрасыл







17

Әлішер







18

Жігер


















Мұғалімнің аты-жөні

Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызы

Индер ауданы Кулагино орта мектебі

15.10.2014

9-сынып

19 -сабақ

Қазақ әдебиеті

Сабақтың атауы

Шешендік сөздердің жанрлық түрлері

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев «Мектеп» баспасы,

тақырыпқа қатысты слайдтар.

Жалпы мақсаты

А оқушы

В оқушы

С оқушы

шешендік сөздің жанрлық түрлеріне қарай ажырата білуге дағдыландыру

тақырыпты меңгеріп, ашық және жабық сұрақтар дайындай білуге үйрету.

өз ойын нақты дәлелмен жеткізіп айта білуге, сыни тұрғыдан ойландыратын ашық сұрақтар қоя білуге баулу.

Күтілетін нәтиже

А оқушы

В оқушы

С оқушы

шешендік сөздердің үш түрге бөлінетіндігін біледі.

тақырып аясында, ашық және жабық сұрақтар дайындай алады.

Шешендік сөздердің жанрлық түрлерін нақты мысалдармен нақты дәлелдер арқылы түсіндіре алады.

Негізгі идеялар

шешендік сөздердің мазмұнына қарай үш түрге бөлінетіндігін меңгеру

Тапсырмалар

ашық және жабық сұрақтар дайындау, постер қорғау.

Оқыту әдістері

«Гармошка», «Ортада қаламсап», «Бағдаршам», «Миға шабуыл» әдістері.

Дерек көздері

ғаламтор мәліметтері, постер, маркер, бағалау бетшелері, үлестірмелер.


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2 минут




Психологиялық дайындық.

Стикердің түстері арқылы топқа бөлу.





Оқушылар стикердің түстерін таңдайды. Стикердің ішкі бетіне жазылған сандар арқылы 3 топқа бөлінеді.

Негізгі бөлім.

Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

Шешендік сөздерден өтілген тақырыптар бойынша жұптық жұмыс жүргізу тапсырылады. «Гармошка» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ жазып үлестіреді.


Бір-біріне қойылған сауалдарға жауап жазу.

Қол шапалақтау арқылы бағалау.


Жаңа сабақты ашу

2 минут

Интерактивті тақта арқылы шешендік толғау, шешендік дау, шешендік арнауға берілген шешендік сөздердің үлгілері беріледі.

Шешендік толғау.

Ай, Жәнібек хан!

Айтасам білмейсің,

Жайылып жатқан халың бар,

Аймағын көздеп көрейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай,

Өзеуреп неге сөйлейсің?

Қорған салдың бейнет қып,

Қызметшің атыр ішіп-жеп.

Он сан ноғай бүлінді,

Мұны неге білмейсің? /Асан қайғы/

Шешендік арнау.

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.

/Бөлтірік шешен/

Шешендік дау.

Орта жүз бен Кіші жүздің арасында бір мал дауы болып, Орта жүз адамдары неше рет келіп, малын ала алмайды. Соңғы рет келе жатқанда, Сырымға жолығып, жөн сұрапты.
—    Уа, азаматтар! Жол болсын! Билеріңде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ, неткен жолаушысыңдар? — дейді Сырым. Жолаушылар жай-мәнісін айтады. Сырым қосыла жүреді. Кіші жүздің ханына келіп ел дауын айтады, бірақ, екі елдің арасы бітімге келе алмайды. Сонда Сырым екі ел арасының бітімін көздеп, ханға:
—           Бір дауды шеше алмасаң сен не ғып хан болып отырсың, құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ емес пе? — дейді. Хан сөзден тосылып, малдың тұяғына тұяқ, басына бас беріп, Орта жүзді разы ғып қайырыпты.

«Миға шабуыл»

Шешендік сөздер қандай түрде берілген?

Берілген шешендік сөздердің бір-бірінен қандай айырмашылықтар бар деп ойлайсыңыздар?

Жанр дегенді қалай түсінесіздер?

Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Марапаттау.

Операциялық кезең

Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

10 минут

І топқа «Шешендік арнау»,

ІІ топқа «Шешендік дау»,

ІІІ топқа «Шешендік толғау» тақырыптарына постер қорғау тапсырылады.

«Екі жұлдыз, бір тілек айту»







10 минут

«Домино» стратегиясымен жұмыс. «Қасқакөл дауы» атты шешендік сөз оқушыларға үлестіріледі. Соның ішінен оқушылар әрқайсысы бір ашық, бір жабық сұрақ жазулары керек. Сұрақ жазылғаннан кейін қасындағы жұбы жауабын жазу үшін сұрақ сағат тілімен отырған топта айналып шығады. Жауап тексеріліп болған соң, ортада қалады да, келесі топ келіп соның ішінен сұрағы мен жауабын табады. Әр топтан қандай ұтымды сұрақ пен ұтымды жауап болғаны сұралады.

Оқушылар әуелі жұптасып, сосын топтасып жауап жазады. Бірін-бірі бағалайды.


Сергіту сәті

3 минут







5минут

«Зейінді тұрақтандыр» тренингі арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мұғалім өз есімінен басталатын сөздерді сатып алатындығын айтады. Оқушылар қай сөзді айтып тұрғанына назар салу керек.

Мысалы, Менің атым – Гаухар Жеңісқызы. Мен дүкеннен гүл мен гаршок сатып алдым


«Ортада қаламсап» стратегиясы арқылы тақырыптық түйінді сөздермен тақырыпты қорыту.

Оқушылар мұғалім айтқанын мұқият тыңдап қайталап айтады.






Оқушылар бүгінгі өткен тақырыптар бойынша түйінді сөздер айтады.







Рефлексиялық кезең

Бағалау. Кретерий бойынша бағалау.

Жиынтық бағалау.

2

минут

Мұғалім бағалау бетшелеріндегі кретерийлер бойынша оқушыларды жиынтық бағалайды.

Не үйрендім?

Не үшін үйрендім?

Қалай үйрендім?

Оқушылар тақырыпты қалай меңгергендіктері туралы дәптерлеріне жазады.


Кері байланыс.

2 минут

«Басбармақ» арқылы бүгінгі сабақты қалай меңгергендіктерін бағалау сұралады.

Жоғары – «Мен түсіндім»

Көлденең – «Мен түсінгендеймін»
Төмен «Мен түсіндім»


Басбармаққа стикер жапсыру арқылы бүгінгі сабақты қалай меңгергендіктерін білдіреді.



Үйге тапсырма

1минут

Қосымша шешендік сөздер оқып келу.




Сабақтан кейінгі рефлексия


Не сәтті өтті?

Неліктен?


Не сәтсіз өтті?

Неліктен?


Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін

не істеймін?


Оқушылар берілген тапсырмалар, стратегиялар бойынша жүйелі жұмыс жүргізді. Топтық, жұптық жұмыстарда белсенділік танытты.

-

-









Дескрипторлар

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздердің жанрлық түрлері


А деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздердің мазмұнын түсінеді, бірақ жеткізіп айта алмаса;

2 ұпай - шешендік сөздердің мазмұндық жағынан 3 түрге жіктелетін біледі, бірақ жанрлық түрлеріне ажырата алмаса;

3 ұпай- шешендік сөздерден мақал-мәтелдер, қанатты сөздерді ажырата білсе;

В деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздердің мазмұнын толық жеткізіп айта білсе;

2 ұпай – шешендік сөздердің идеясына талдау жасай білсе;

3 ұпай – ашық сұрақтарға толық жауап бере білсе;

С деңгейлі оқушы

1 ұпай – «жанр» ұғымына түсінік бере білсе;

2 ұпай - жанрлық түрлеріне ажырата білсе;

3 ұпай – шешендік сөздер бойынша ұтымды ашық сұрақтар құрастыра және ұтымды жауап бере білсе;


Бағалау парақшасы


р/с

Оқушының аты

Миға шабуыл

Постер қорғау

Домино


Ортада қаламсап


Қорытынды бағалау

Бағалау кретерийлері:

Миға шабуыл:

Әр дұрыс айтылған нақты жауапқа – 1 ұпай

Әдеби тілде жеткізе білуі – 3 ұпай

Постер толтыру:

Түйінді ой айтқандар – 3 ұпай

Ойын толық тұжырымдай білгенге – 2 ұпай

Көркем әдеби тілде жеткізе білу – 3 ұпай

Домино:

Өз пікірлерін дәлелдеп жеткізе білгенге – 3 ұпай

Дұрыс жауап берсе – 2 ұпай

Ортада қаламсап:

Өз ойларын жеткізе нақты жеткізе білгенге – 3 ұпай

16-20 ұпайға - «5»

9-15- ұпайға – «4»

3-8 ұпайға – «3»

1

Аружан






2

Асылжан






3

Дина






4

Мұхтархан






5

Бекарыс






6

Бақдәулет






7

Айсана






8

Анар






9

Парасат






10

Дарын






11

Айкөркем






12

Мәди






13

Айбек






14

Нұрбақыт






15

Асылхан






16

Нұрасыл






17

Әлішер






18

Жігер


























Мұғалімнің аты-жөні

Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызы

Индер ауданы Кулагино орта мектебі

16.10.2014

9-сынып

20 -сабақ

Қазақ әдебиеті

Сабақтың атауы

Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев «Мектеп» баспасы,

тақырыпқа қатысты бейнебаян.

Жалпы мақсаты

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Тақырыптың мазмұнын меңгерту, өзін-өзі бағалауға дағдыландыру

Қазақ шешендері туралы қосымша ізденісуге баулу

Қазақтың би-шешендерінің қоғамдағы ролі туралы пікірлерін қалыптастыру, кретерийлер бойынша бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Тақырыптың мазмұнын түсінеді

Қазақ шешендері туралы қосымща дерек келтіре алады

Қазақ тарихындағы би-шешендердің қоғамдағы ролі туралы өз ойларын ортаға сала алады.

Негізгі идеялар

Қазақ шешендерінің қоғамдағы рөлін айқындау

Тапсырмалар

Ашық және жабық сұрақтар құрастыру, мәтінмен жұмыс

Оқыту әдістері

«Ротация», «Мағынаны тану», «Өрмекші торы», «Кір жаятын жіп», «Ромб», «Бағдаршам» әдістері

Дерек көздері

Оқулық, ғаламтордан алынған дереккөздері, постер, маркер.


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2 минут




Оқушыларды 1,2,3сандары арқылы топқа бөлу. Бағалау бетшелерін үлестіру,топ басшыларын тағайындау.

Оқушылар сандар бойынша топқа бөлінеді.

Негізгі бөлім.

Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

Үйге берілген шешендік сөздердің жанрлық түрлерінен «Ротация» әдісі бойынша 5 сұрақтан тұратын тест дайындау тапсырылады.

Бірін-бірі бағалау.

Сұрақтардың жауабын келесі топ мүшелері тексеріп шығады.

Жаңа сабақты ашу

8 минут

Интерактивті тақта арқылы үш би туралы бейнебаян көрсетіледі.

«Мағынаны тану» кезеңі

Мұғалімнің жетек сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады және теориялық түсінік беріледі.


Интерактивті тақтаға назар аудару

Операциялық кезең

Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

10 минут

Үш топқа үш бидің шешендік сөзі беріледі.

«Кір жаятын жіп» әдісі бойынша шешендік сөздердің ішіндегі көркем бейнелі сөздерді табу тапсырылады.

1-топқа - Төле бидің шешендік сөздері;

2-топқа - Қазыбек бидің шешендік сөздері;

3-топқа- Әйтеке бидің шешендік сөздері бойынша

Оқушылар шешендік сөздердің ішінен көркем бейнелі сөздер мен тіркестерін тауып, «кір жаятын жіпке» тізеді.

Кретерий бойынша бірін-бірі бағалау.

Сергіту сәті

8

минут

«Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша сауал тастайды. Сол сауалдың жауабын табу арқылы бір-біріне жіпті беріп, өрмекшінің торы шешіледі.

Ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.

Формативті бағалау.


5

минут

«9 ромб» әдісі арқылы тақырыпты бағалау. Ромбтың жоғарғы жағына тақырыпқа қатысты тірек сөздерді жазу арқылы тақырыптың өзектілігі анықталады.

1-топқа: Наурыз жыры, шешендік сөздер, толғау,арнау, Қаз дауысты Қазыбек, би-шешендер.

2-топқа: Қыз Жібек, ұтымды ой, тапқырлық, шешендік дау, жер дауы, жесір дауы.

3-топқа: Құн дауы, Төле би, Әйтеке би, Бөлтірік шешен, Майқы би, үлгі –өнеге түрінде айтылатын сөздер, Қамбар батыр.

Оқушыларды формативті бағалауға қатысады. Топ басшыларының бағалауы.

Рефлексиялық кезең

Бағалау. Кретерий бойынша бағалау.

Жиынтық бағалау.

1 минут

Оқушыларды кретерийлер бойынша жиынтық бағалау.

Топ басшыларының бағалауы.

Кері байланыс.

2 минут

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасау.

Оқушылар бүгінгі тақырыпты қалай түсінгендіктері туралы түстер арқылы білдіреді.


Үйге тапсырма

1минут

Үш бидің шешендік сөздерін оқып, мәлімет жинақтап келу.




Сабақтан кейінгі рефлексия


Не сәтті өтті?

Неліктен?


Не сәтсіз өтті?

Неліктен?


Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін

не істеймін?







Оқушылар топтық, жұптық тапсырмаларды жүйелі орындады.

Топ басшыларының асыра бағалаған тұстары болды.

Бағалау кретерийлері бойынша бірін-бірі бағалауды жетілдіремін.

















Дескрипторлар

Сабақтың тақырыбы: Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері


А деңгейлі оқушы

1 ұпай – қазақ шешендері туралы мағлұматтары бар;

2 ұпай – шешендердің өмір сүрген кезеңдерін меңгерсе;

3 ұпай- қазақтың би-шешендерінің қоғамдағы ролін түсіндіре білсе;

В деңгейлі оқушы

1 ұпай - қазақтың би-шешендерінің қоғамдағы ролін түсіндіре білсе;

2 ұпай – ашық сұрақтарға толық жауап бере білсе;

3 ұпай – қазақ шешендерінің шешендік сөздеріне талдау жасай білсе;

С деңгейлі оқушы

1 ұпай – қазақтың би-шешендерінің қоғамдағы ролін түсіндіре білсе;

2 ұпай - өз бетімен шешен, билер туралы ізденіс таныта алса;

3 ұпай – жұптық, топтық жұмыста белсенділік танытса;


Бағалау парақшасы


р/с

Оқушының аты

Ротация

Мағынаны тану

Өрмекші торы

Кір жаятын жіп

Ромб

Қорытынды бағалау

Бағалау кретерийлері:

Ротация

Әр дұрыс айтылған нақты жауапқа – 1 ұпай

Мағынаны тану:

Түйінді ой айтқандар – 2 ұпай

Өрмекші торы:

Өз пікірлерін дәлелдеп жеткізе білгенге – 3 ұпай

Дұрыс жауап берсе – 2 ұпай

Кір жаятын жіп:

Өз ойларын жеткізе нақты жеткізе білгенге – 3 ұпай

Ромб:

Әр дұрыс айтылған нақты жауапқа –2ұпай

15-18 ұпайға - «5»

9-14- ұпайға – «4»

3-8 ұпайға – «3»

1

Аружан







2

Асылжан







3

Дина







4

Мұхтархан







5

Бекарыс







6

Бақдәулет







7

Айсана







8

Анар







9

Парасат







10

Дарын







11

Айкөркем







12

Мәди







13

Айбек







14

Нұрбақыт







15

Асылхан







16

Нұрасыл







17

Әлішер







18

Жігер
























Оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген 9-сыныптың қазақ әдебиеті пәнінің «Халық ауыз әдебиеті» тарауының «Шешендік сөздер» тарауы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасына рефлективті есеп


Жоспар құруда сын тұрғысынан ойлату, диалогтік оқыту әдісі, оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникативтік технологияның әдіс-тәсілдеріне көп көңіл бөлдім. «Блум таксономиясымен» жоспарланған сабақтарымда мәтінмен жұмыс жасауда «Миға шабуыл», «Домино», «Ортадағы қаламсап!», «Екі жақты түсіндірме күнделігі», «Конверт-сұрақ» әдістерін пайдалануды жоспарладым. «Ой шақыру» кезеңінде оқушыларға сұрақ қоя отырып, Харгривс пен Гэлтонше /2002/ айтқанда сол сұрақты келесі оқушыға басқаша қоймас бұрын екі минуттай кідіріс жасауды есте ұстадым. Сыныпта диалогтік әңгіме жүргізу үшін ортаға проблемалық сұрақтар тастап, оқушыларды зерттеушілік әңгімеге тарту үшін «ашық сұрақтар» дайындадым. Барнс /1976/ пен Мерсердің айтуынша /2000/, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің бір түрі. /Нұсқаулық 40 –бет/. Сабақтың соңында «Үш минуттық эссе жазу», арқылы кері байланыс жасау арқылы «оқушы үніне құлақ түруді» мақсат еттім. «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту». / Джин Раддок , 2004/.

Ал «Өрмекші торы», «Ротация», «Өзіңді тексер», «Бұл жалған ба, әлде, шындық па?», «Бағдаршам» әдістерін пайдалану арқылы оқушылар арасында топтық жұмыс арқылы ынтымақтастықты күшейту үшін жоспарладым.

Жаңа сабақты түсіндіру үшін «ДЖИГСО» әдісін пайдалануды көздедім. Осы негізде Барнстың «Оқыту мұғалімді селқос тыңдағанда емес, сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында сапалы жүзеге асады» деген пікірін басшылыққа алдым.

Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білулері керек. /Нұсқаулық 64-бет/. Осы ұстанымды ескере отырып, мен барлық сабағымда ақпараттық - коммуникациялық технологияға мән бердім.

Өткізілген сабақтар өз мақсатына жетті, соңында оқушылар кері рефлексия жасап, жаңа әдіс-тәсілдермен өткізілген сабақтың қызықты өткендігі туралы пікірлерін білдірді. Мұндай тәсілдер оқушылардың өз-өздерінен реттелуіне көмегін тигізді. Оқушылардың көтеріңкі көңіл күймен кері байланысқа түскендерін көріп Абу-ль-Фарадж ал-Исфаханидың «Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады» - деген сөзі есіме түсті. Оқушыларымның жетістігін көре отырып, Бағдарламаның жеті модулін алдағы уақытта өз сабақтарыма кірістіре отырып, жан - жақты шығармашыл тұлға қалыптастырамын деп ойлаймын.


Оқушыларды критериалды бағалау үшін бағалау бетшелерін жасаумен қатар, қол шапалақтау, смайликтер тарату, сонымен қатар, «Екі жұлдыз, бір тілек айту» сияқты формативті бағалауларды жүзеге асыруды жоспарладым. Оқушыларды топпен жұмысқа жұмылдыру және сабақтың сапалы өтуі үшін өзімді әр сабақта көшбасшы ретінде ұстаумен қатар, тапсырмалардың барлығын сол сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындадым.

Бағдарламаның 7 модулін кіріктіріп өткізген сабақтарымда:

  • Оқушыларды топтық жұмысқа;

  • Тақырып бойынша сыни пікір айтуға;

  • Өз-өздерін әділ бағалап және кретериалды бағалай білетін , өз-өздерін

реттей білетін жеке тұлға қалыптастыра аламын деген сенімдемін.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей үшінші басылым. Қазақстан – Астана, 2012ж.








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-021594

Похожие материалы