Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Шет тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдалану

Шет тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдалану

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Шет тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдалану


Оқу процесін жеделдетумен байланысты шет тілдерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Бұл бұдан бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолданбау деген пікір емес. Қайта бұл жаңа методиканың дамуына негіз салады. Атап айтқанда әртүрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталату, текстерді жаттату, естеріне түсіру тағы да басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып, шаршататыны мәлім.

Сондықтан шет тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Мысалы, оқудың алғашқы кезінде оқушы тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, ал бара-бара матераилдың күрделенуіне байланысты оқушы әртүрлі қиыншылықтарға кездеседі.

Ал бұған мүғалімдер кезіндекөмек жасай алмайды. Демек оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Ол үшін мұғаліммен бірге оқушы да ойынның шартын (ережесін) жақсы меңгеруі тиіс. Ойын түрлері дұрыс қолданылып өткізілген сабақта оқушының шет тілін үйренуге деген ықыласы артып, сол тілде сөйлеп үйренуге, оның тілін білуге қызығады. Зерттеу жұмыстарына қарағанда оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі бір дағдылармен қабілеттілікті қажет етеді. Сондықтанда сабақ процесінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығушылық пайда болады.

Танымдық қызығушылық психологиялық жағынан алғанда активтік процестен құралады. Сондықтан да оқушының танымдық қызығушылығы екі түрлі жолмен бірі дамыта оқыту, екінші тәрбиелік қызметі арқылы қалыптасады. Дамыта оқыту – белгілі затты танып білу, ал тәрбиелік қызмет – оқыту процесі арқылы затты танудағы өзгерістік қатынастар. Оқыту процесінің әртүрлі сатысында ойын түрлерінде танымдық мақсатты көздей отырып, оқушының жас ерекшелігіне қарай әртүрлі формала қолданылады. Бастауыш сынып оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығушылық басым келеді.

Көрнекті педагог Ш.Амонашвилидің пікірінше бастауыш сыныпта оқушылардың қатесін үнемі көрсете бермей, қайта олардың өзіндік дара қабілетін дамыту керек.

Демек көрнекті педагог бастауыш сынып оқушыларын қызықтыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұсынады. Сабақ үстінде түрлі ойын түрлері арқылы осы әдіс-тәсілдердің іске асуын қажет деп санайды. Мысалы, мұғалім тақтаға бір сөзді әдейі қате жазады: pleap ал оны оқушылар түзейді. Яғни сөзді дұрыс жазып көрсетеді.

12-14 жастағы оқушыларда танымдық қабілетті меңгеруде өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Демек бұларда әлі де болса заттың сыртқы белгілеріне түсіне қызығушлық басым келеді. әдіскерлер бұл жастағы оқушыларға өз бетінше іздендіру мақсатындағы жұмыстарды беріп, ойын түрлерін шығармашылық мәнде ұйымдастыру пайдалы екенін атап көрсетеді. Жоғары сынып оқушылары әртүрлі шығармашылық жұмыстар істеп үйренгендіктен, олардың бойында білім алудың активті формалары қалыптасып дамиды. Олай болса, бұл сыныптарда ойын түрлері шығармашылық мәнде мақсатты жүргізіледі. Адамның психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасағанда, танымдық қабілеті оның жас ерекшелігіне ғана емес оның жеке басына да тікелей байланысты болатындығын айтады. Сондықтан мұғалім сабақта ойын түрлерін пайдалануда осы мәселеге де көңіл аудару қажет. Тәжірибелі мұғалімдердің айтуынша 13-14 жастағы оқушының өзі оқыа отырған пәніне қызығушылығы барған сайын төмендейді. Ал психологтар бұл жағдайды үдемелі берілген информация әсерінен деп қарап оқушыларға әруақытта жаңадан білім алуға ынтасын арттыру керектігін, ешуақытта білімді дайын, даяр күйінде қабылдатудан сақтандырады. Ал, оқыту процесінде ойын түрлі бұл жағдайды болдырмайды. Бүкіл сабақө бойында оқушының қызығушылық ынтасының төмендеуі мынадай себептерден болады:

1. Ойлау процесіне, миына көп салмақ түсіруден

2. Сабақты бірыңғай бір сарынды жүргізуден

3. Жазба жұмыстарын мөлшерден тыс жиі

жүргізуден.

4. Нашар оқитын оқушыға көбірек көңіл

бөліп,сабақты созып жіберуден.

Демек, оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Дегенменде, ойын сабақты 45 минут бойы алуы тиіс емес, онда ол оқушыны жалықтырып жібереді. Сабақтағы ойын түрі-ұжымдық еңбек, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар тәсілдердің бірі.

Ойынды орындау барысында жеке оқушының қабілеті оның іскерлігі көрінеді, байқалады. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады.ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді. Ойын түрін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Сондықтан ойынды дұрыс ұйымдастыруда шешуші роль атқарады. Мұғалім әр тақырыптың ерекшелігіне, қиындығына, жеңілдігіне қарай ойынды дұрыс таңдап алу қажет. Белгілі мақсат қоя отырып, оқушының даярлығымен жас ерекшелігінде ескеру тиіс. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер береді. Кейде ойынды жаңа материалды бекіту кезеңінде қолдану керек деген пікірлерде бар. Мұғалім ойын түрін қалай, қандай жағдайда қолдану керектігін, яғни жаңа материалды түсіндіру немесе қайталау кезеңіндеме оны дұрыс жоспарлауы тиіс. Демек сынып оқушылары түгел қатысуы қажет. Бұл мәселеде мұғалім ерекше роль атқарады.

Негізгі бөлім.

«Алфавитті дұрыс білдіру» ойыны

Әріптердің орны қайда? Ойынға қажетті материалдар: карточкада жазылған әріптерді немесе дыбыстар құрастыру. Ойынның мақсаты: әріптерді алфавит тәртібі ретімен қою. Кімде-кім әріптерді алфавитке дұрыс қойып шықса сол оқушы жеңген болып саналады. Оқушылар дәптерлеріне алфавитті мына тәртіппен жазып шығады.


А.В.С....

1. Әріптерді дұрыс тәртіппен қою (ойыны)


Қажетті материалдар: жапсырылған немесе қолдан салынған суреттері бар карточкалар және олардың жанына сол суреттердің аттарын құрайтын әріптердің тобы беріледі.

Bga bag

Vaez vaze

Sfhi ____

Frgo ____



«Суреттерді ойлан тап»


  1. Ойыншықтар аузы байланған қалтада.

  2. Ойынның мақсаты:Оқушылар қалта ішіндегі ойыншықтарды сыртынан сипау арқылы ойыншықтың атын беретін сөзді дұрыс айтуы керек.

  3. Екі оқушы көздері байланған күйде ойыншықтар жатқан столға жақындайды. Қолдарындағы қарындаштармен ойыншықтардың үстінен жүргізіп олардың (заттардың) атын беретін сөздерді дұрыс айтуы керек. Оқушылар дәптерлеріне әріптің жазылуын және баспа таңбасын жазады, алфавиттен басталатын сөзді сол сөзге байланысты суретпен әртүрлі өрнектер жасайды.



Орфографиялвқ дағдыны дамытатын ойын түрі.сөзікті сөзді тап. Ойынға қажетті материалдар. әртүрлі заттың графикалық жазумен салынған суреті, карточкіде алфавиттегі әріптердің таңбасы жазулы болады.

Ойынның мақсаты. Қазақ-ағылшын сөздігінен сурет бойынша сөздерді тауып, оны алфавит ретімен қойып шығу, бұл материалды оқушы алфавит ретінде пайдалануына болады.


Лексиканы меңгерту ойыны


Сөзді көшіріп жаз. Ойынға қажетті материал:

Карточкіде бірінші басталатын әрпі жоқ сөздер жазылған: ed (bed) ble (table).

Ойынның мақсаты: сөздің бірінші әрпін тауып жазу. Кім сөздің бірінші әрпін тапса сол жеңген болып саналады. Ойынның басқа варианты болуы мүмкін. Барлық сөздердің бірінші әрпін табу.


Сөздің есіңде сақта (ойыны)

Ойынға қажетті материал алфавит әріптерді АВС. Ойынның мақсаты карточкадан өздеріне керекті сөздерді тауып алу. Мысалы: мынау С әрпі. Оқушылар осы әріппен басталатын сөздерді ойлап табады. Еске иүсірілетін сөз белгілі бір тақырып төңірегінде болуы мүмкін. Мысалы: жануаpлаp дүниесі тақырыбынан алуға да болады. Ойында көп сөзді тапқан оқушы жеңеді.


Сөзді дұрыс жаз ойыны.

Ойынға қажетті материалдар:

Тақтаға екі сөз жазылып қойылады. Мысалы:

Bank swim


Ойынның мақсаты әр команданың жетекшісі әр әріптің астына сөзді жазады. Команда мүшелері жетекшісіне көмек берулеріне болады. Кімде-кім сөзді көп тауып жазса, сол жеңген болып саналады.

Мысалы:

Т-команда

Bank ball apple not kettle


S-команда

Son well in mother








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-180500
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>