Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Шет тілін оқыту мен дамыту

Шет тілін оқыту мен дамыту

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Тілді оқыту мен дамыту

Автор: Кулбосинова Лиза Жаулыбайқызы
№184 ЖБББ КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі

Тұлғаның зияткерлік- шығармашылдық әлеуетінің даму деңгейін және оның жетістіктерінің деңгейін, қоғаммен ортаның ықпалын зерттейтін арнаулы зерттеулер көп. Әрине, бұл салаға белсенді атсалушылар – педагогтар.

Жаңа педагогикалық технологиялар білімнің бейтаныс қырларын жиі ашады. Осының арқасында балалардың жетістіктерінің деңгейі, бұрын үздік деп табылса, қазіргі таңда әдеттегі және қол жетімді болып саналады.Мысалы, байқалғаны, дарынды балалар (біреулердің көмегінсіз) 2-3 жас шамасында өздері оқып кетеді.

Қазіргі таңда білім берудің жаңа технологиялары ашылып, аса қиындықты тудырмай бұл операцияға кез келген дені сау бала 1,5 жасында қол жеткізе алады(Г.Доман, П.В.Тюленев т.б). Кеңес замынында мектеп бітірушілер шет тілін 5-ші сыныптан бастап оқып, Жоғарғы оқу орнында жалғастырса да, көп жылдық оқу нәтижесінде түлектердің жадында ешқандай шетелдік сөздер қалмаған. Жаңа білім беру технологиялар пайда болуымен, кез-келген бүлдіршін «лингвист-данышпан» болатыны айқын-ақ. 1,5 - 2 жасында ол бір емес, оншақты , бір-біріне ұқсамайтын тілдерді меңгеруі мүмкін.

Тілдің дамуына әсер ететін ортаның еңмаңызды факторы, бұл ересек адаммен және бала арасындағы қарым-қатынастың психикалық стимуляциясы болып табылады. Белгілі болғандай, орта ықпалының маңызды бөлшегі - отбасының рөлі зор. Баланы қоршаған орта максимальды түрде ақпараттандыру керек, бұл қағида оның дамуына ықпалын тигізеді. Жан-жақты орта , кейде кездейсоқ болатын өзгерістерге төтеп беру керек. Оның өзгерістерге дайын болмауы, тілдің дамуына кері әсерін тигізеді.

Мектепте білім беру жүйесінің жан-жақты ортаның даму мүмкіндіктері шектелген, тілді оқытудың және оның өркендеуінің жолдары тарылған. Уақытты үнемдеу, қаражаттың болуы, материалдық база-бұл ұстанымдарды еңгізу себептері:тілді оқытудағы ерекшеліктерін көрсету. Бір тақырыпты терең және ұзақ мерзімде зерттеуді қажет етеді, баланы осы зерттеулерден шеттетпеу керек. Сонымен:

-балалар тілді табиғи жолмен үйренеді, атап айтсақ оларды қоршаған адамдармен қарым-қатынас арқылы, сол себептен мектептің рөлі: тілді кез-келген жағдайда және басқа да мақсаттарда қолдана білуіндегі ортаны ұйымдастыру;

-оқыту бағдарламалары оқушының қызығушылығынан туып және олардың бастамаларының негізінен шығуы қажет;

-оқушылар фонетиканы, лексиканы, грамматиканы тұтас оқу керек, өйткені шынайы әлемде бұл жүйелер бір-бірімен байланысты. Жалпыға бірдей қабылданған: сөйлемнің құрамын аңғармағанша, оқушының пунктуация жүйесі ересек адамдардың пунктуация ережелеріне сәйкес болмайды; ол үшін көп оқып, жазу керек. Жалпыға бірдей қабылданған емлелерге жету жолдары - оқу мен жазу арқылы;

-тілді қажет ететін контекстке тәлім-тәрбие жатады. Тілді үйретудегі ең ұтымды жолы- тілді үйрету емес, сол уақыттағы мұғалім мен оқушы арасындағы болып жатқан іс-әрекет;

Оқытушы, балалар тілді үйренуіне мүдделі болса, тілді үйретудегі ең тиімді, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолданып, жеңіске жетеді. Тілді үйретудегі біртұтас, жүйелі әдіс - оқушыларға әлемді тануда жағымды әсер мен зор ықпалын тигізеді.



Автор
Дата добавления 15.12.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров94
Номер материала ДВ-260907
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх