Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / Шет тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Шет тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:


Шет тілін оқытудағы әдіс тәсілдер


«Жаңа формация мұғалімі –бұл рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,педагокикалық құралдардың барлық түрлерін шебермеңгерген білікті маман,өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға .(Н.Ә.Назарбаев,ҚРПрезиденті)
Өз бетімен білім алуға дағдыландыру үшін оқытудың негізі жеті модулін тізбектелген төрт сабағымның соңғысына ықпалдастырдым.

Мектептегі тәжірибемді 8-сынып оқушыларымен өткіздім.

Стратегиялық іс- әрекеттер.

1. Шаттық шеңбер құру

2.Оқушыларды топқа бөлу.

3. «Ойлан, ізден тап .ойлан.

4.Постер мен жұмыс .

5.Сергіту сәті.

6.Кестемен жұмыс.

7.Бағалау.


hello_html_4cf62144.png


Шаттық шеңбер құру


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланып оқушыларды шаттық шеңбер құрып бір-біріне жақсы тілектер айтуын сұрадым.Бірақ мұғаліммен ғана амандасып кеңістікке шықпаған оқушыларды қысылып тұрғанын байқадым.Осы сәтте мен өзін-өзін жетілдіру үшін Мнемониканы пайдаландым.Loci әдісі -есте сақтағыңыз келетінін ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып елестетуге негізделген ең белгілі әдіс мнемотикалықәдіс.Сіз нақтылайтын бөлшектердіан ағұрлым көбірек қолданғанын табысқа деген мүмкіндігіміз ұлғая түседі.Оқушылар визуальді образды құру арқылы бір -біріне тілектерін жеткізді.Оқушылар шеңберде шаттанып,жағымды атмосфералық ынтымақтастық туындады.Шеңберде оқушылар өздерін еркін ұстай бастағанын көрдім табысқа деген мүмкіндігіміз ұлғая түседі.Оқушылар визуальді образды құру арқылы бір –біріне жүректен жүрекке ойша тәсіл арқылы тілектерін жеткізді.Оқушылар шеңберде шаттанып,жағымды отмосфералық ынтымақтастық туындады.Шеңберде оқушылар өздерін еркін ұстай бастағанын көрдім.Оқушыларды шаттық шеңбер құрып ,атмосфералық ынтымақтастық қалыптастыруды мен Бірңіншіт кезең- «Бетпе-бет» аудиторлық оқу кезеңінде үйрендім.Бұл әдісті мен мектептегі практикалық тәжірибемде 8-сынып оқушыларына қолдандым.Бұл әдіс оқушыларыма қатты ұнады,келешекте мен осы әдіс-тәсілді барлық сыныптарда түрленедіріп ,шаттық шеңберін құрып бір-біріне лебіздерін білдіру арқылы достық қарым–қатынасқа түсуге, еркін ой бөлісулеріне ықпал етемін.

Оқушыларды дәлелді пікірталасқа тарту үшін бір-бірімен қарым -қатынас жасауға үйрету мақсатында оқушыларды топтарға бөлдім.

hello_html_710f25b3.jpg











Оқушыларды топқа бөлу

«London»тақырыбындағы ең алғашқы сабағымда тақырып Лондон туралы болғандықтан оқушыларды ең алдымен 3 топқа бөлдім.1- топ «Economу»(Саяси жағдайы) 2-топ «Culture» (Мәдениеті) 3-топ «Symbols» (Символдар)

Бағалау оқушының білім деңгейін бағалау.Сыныпта мен бағалауды жазбаша және ауызша баға қою жолымен бағаладым.Бұл баланың дамуы,оқуы және уәжі туралы түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау оқушылардың қабілетін және күш жігерін алға ұмтылуға жетелейді.Сабақтың басында оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіріп,оқушылармен бірге бағалау крийтерияларын құрып алдым.

1.Мәнерлеп оқуы

2.Жылдамдығы

3.Сөздің дұрыс оқылуы

4.Шығармашылығы

5.Мазмұны

Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру керек. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағаладым.

Ауызша сұрақ қою арқылы оқушылардың білімін тексеріп, бағалау үшін жиі қолдандым. Бұл әдіс арқылы мен оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтадым ,білімдерін ауызша тексергенде кемшілік болды. Өйткені мен сабақта бес-алты оқушыдан ғана сұрап үлгердім,келесі сабағымда әр-түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланып барлық оқушыны сабаққа қатысуын қамтыдым. Оқушыларға «Ұлыбритания» -туралы барлық ақпараттарды жеткізуге тырыстым,сондықтан да оқушыларға Интербелсенді тақтадан Ұлыбритания туралы керемет видео роликтер көрсеттім,олар осы арқылы Лондон туралы барлық мәліметтерді біле алады деп сендім.Оқушылар ең алдымен өз топтары туралы мәлімет бере отырып, сұрақ қою керек болды.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп,оны жақсарта және кеңейте алады.Мен сұрақтарды төмен дәрежелі «жабық» сұрақтан бастадым.

«What the capital of Great Britain?» деген қарапайым сұрақтан тапсырманы бастадым.(Ұлыбританияның астанасын атаңыз).Одан ары қарай сұрақтарды күрделендіре отырып жалғастырдым.Оқушыларға:What can you say about London as the capital of Great Britain?

How many peopl live in London?

Where is London situated?

What did you learn about the City?

How many people work in the City?

Ұлыбританияны кім басқарады ,олардың басқару жүйесі қандай?»деген

жоғарғы дәрежелі сұрақтар қойдым.Сұраққа оқушылар бірден жауап бере алмады, тек мен басқару жүйесі біздің елдің басқару жүйесіне ұқсамайды-деп көмек бергенде ғана, бір оқушы оларда патшайым басқарады конституциялы монархия жүйесі деп жауап берді.Бұл арада менің байқағаным «Көпіршелер - оқушыға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интерактивті мүмкіндіктер керек» (МАН, 28- бет) деген Выготский пікірінің дұрыс екенін түсіндім.Сабақта сурет пен сұрақты негізге ала отырып, «миға шабуыл» әдісі бойынша тың тақырыпты игеруді мақсат еттім.

Александр(2008) Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды.Бұл пікірмен менде қосылып ,кеңейтілген диалог құруды,және де осы арқылы олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алатындығына сеніп ,3 топқа бөлінген оқушыларға өз тақырыптары бойынша деректер көзін беріп бір-бірімен мәлімет алмастырдым.Диалог арқылы оқушылар Лондон туралы көп ақпарат жинай алды.Мысалы «Economy» тобындағы оқушы Лондонның Еуропадағы ең үлкен қаржылық орталық екенін айтса, «Culture» тобындағы оқушы Лондонның кино саласында да алғашқы орынды алатыны туралы,тіпті ең көне студиода осы Лондонда екенін қоса айтты. Ал «Symbols» тобындағы оқушылар туының « Union Flag» екенін ,Гимні « God Save The King» «Құдайым патшамызды қорға» деп аталатынын да айта кетті. Диалог арқылы оқушылар Лондон туралы көп нарсе біліп , келесі тапсырмаға дайын болды.Келесі тапсырмаға оқушыларға карточкалар таратылды,ол карточкада Лондонға байланысты сөздер мен сұрақтар берілген,сол сөздерді және сұрақтарды оқушылар мағынасын ашып я болмаса қай жерде орналасқанын айту керек болды. Мысалға бірінші топқа мынандай сұрақ қойылды- «Where is situated the statue of Britannia?» бұл сұраққа 3-інші топ оқушылары қол көтергенімен 1-інші топ оқушылары да сәл кідіріс пен жауап берді.Себебі бұл сұрақ «Symbols» тобына бірінші кезеңдегі диалог бойынша мәлімет бергенде айтылған болатын,оқушылардың есте сақтау қабілеті орташа көрсеткішті көрсетті. Байқауымша оқушылар әлі де өз бетінше ізденуге дағдыланбаған, мұғалім түсіндіруі арқылы қабылдап үйренгенін бақыладым. Бұл оқушыны ынталандыру үшін «өте жақсы жауап бердің, түсінігін дұрыс екен» деген сөздермен мадақтап смайликпен марапаттадым, басқа топ оқушылары қол соғып қолдау көрсетті.

hello_html_3759a351.jpg










2-топ басшысы тапсырмаға байланысты постер қорғап жатыр


Келесі тапсырмада оқушылар «Постер» қорғады.Бірінші топ оқушылары Лондонның орналасқан жерін,ауа райын,дем алыс орындарын,өндіріс орындарын,ал екінші топ оқушылары мәдениетін, киносы мен дәстүрлі музыкасын,тағамдарын,мерекелерін айтып қорғады.Үшініші топ оқушылары Туын,Гимнін,Бостандық ескерткішін қорғады.Постер қолдануда оқушылар визуалды көру арқылы өзі түсінген нәрсені бейнелі түрде жеткізіп, оны қорғауда өз қолымен жасаған дүниесін, яғни суретті сөйлетуге тырысты. А.Әлімов «Адам үшін ең қызықты нәрсе – өз қолымен жасағаны» дейді. Осы орайда айтайын дегенім постермен жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылығы артатынын аңғардым, cебебі олар оны өз қолымен жасады, ой елегінен өткізді, әрі бұл әдіс оқушыларға да қатты ұнағандарын жасырмады. Жұмыс жасау барысында оқытудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолдана отырып, диалогктік қатынасқа түсу кезінде сөздердің дұрыс дыбысталуына, жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар байқауға болады деген ой түйдім.

hello_html_m623d3144.jpg









АКТ-ны пайдаланып слайд жасап оқушылардың білімдерін дамыту


Әрбір модульдің өзіндік ерекшелігі мен сабақты жан-жақты жүргізуде қосар үлесі мол. Мысалы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалог арқылы оқыту ағылшын тілі сабағында үнемі қолданылады. Өйткені оқушының тіл байлығын дамыту үшін диалог негізінде өзара сұхбаттасуы, өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал. (МАН, 12-бет). Сабақ барысында қолданылып отырған тапсырмалардың барлығы оқушылардың жас ерекшелігіне сай жоспарланды. Мысалы сергіту сәтінде балаларға өздерінің жас шамасына лайықтап музыка таңдадым. . Ойашар тапсырмаларында тілді жаттықтыру үшін алынған тақпақтың мазмұны баланың жас шамасына бейімделген, оларды сабаққа осы жаңылтпаш тәрізді тақпақтар арқылы қызықтыра да, ынталандыра да аламыз. Екінші сабақта тілді жаттықтыру үшін диалог ретінде келтірілген тақпақ та оқушылардың жас шамасына сай.Суреттерді топтастыру кезінде, 1 топқа«Лондонға» саяхат

2 топқа «Лондонның» әдемі табиғаты,3-топқа «Лондонның» ауа-райын суреттеу тапсырылды.Бұл салған ерекше суретт 2-топтың үлгерімі төмен,сабаққа ынтасы жоқ Б деген оқушы салған суреті болды.Осы тапсырмадан салған суретін керемет сипаттап берді,байқағыным бұрын сабаққа қызықпай ,қатыспай отыратын оқушының сабаққа деген ынтасы артты.Кездескен кедергіні, оқушыларға түрлі стратегияны пайдалану арқылы,ұяң,сөздік қоры аз оқушыларды көзқарасын өзгертуге болатынын сабаққа деген ынтасын арттырамын.

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғарғы жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады.(МАН )

.Диалогтық қарымқатынас кезінде де оқушының жас шамасы ескерілді. Кейбір сыныптың оқушылары өздерін белсенді таныта алмайтынына көзің жеткен жағдайда орындайтын тапсырмалар, яғни оқытудағы тәсілдердің жеңіл түрлерін дайындау керектігін түсіндім. Бұл сыныптың білім деңгейін жақсы білетіндіктен бірінші сабақтан кейін бақылауым бойынша шамасы келетін, жоспарланған стратегиялардың барлығын төрт сабағыма қамти алдым.

Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тиіс.Басқаша айтқанда,оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай,оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады.Менің мақсатым оқушылар өздігінен нәтижие шығару тиіс және сабаққа деген құштарлығын арттыру болды.Осыған орай сабақта алған білімдерін қайталау және арттыру мақсатында шағын Эссе жазғыздым.Оқушылар шығармаларын оқып өздерінің нәтежиелерімен бөлісті.Мысалға М.деген оқушының шығармасы ең үздік шығарма атанды.

The London

London, the capital of Great Britain, is one of the oldest cities in Europe.

When Julius Caesar crossed the English Channel and invaded Britain as far as the Thames in the middle of the first century BC people had already settled there and were living on both sides of the river.

Like many other very old cities, London was never planned. It grew around two centres – a fort the Romans built on one bank of the Thames, and an abbey , founded later on the other bank. As time went by, the place round the Roman fort developed into the City of London. London was growing.

Келесі тапсырмада оқушылар тақырыпқа байланысты сөздерді жаттап алуын және оларды сөйлемде еш қиындықсыз қолдануын көздедім сол үшін «Адасқан әріптер» тапсырмасын бердім .Бұл тапсырмада орындары ауыстырылған сөздер берілді.

Бірінші топқа-1- Leavrt ( travel)

2- Ript (trip)

3- Hisp (ship)

4- Teckti (ticket)

5- Yaidhol (holiday)

Екінші топқа -1- Vais (visa)

2- Etnt (tent)

3-Ingpmac (camping)

4-Nitra (train)

5- Tivis (visit)

Үшінші топқа-1- Yenjrou (journey)

2- Egvoyo (voyage)

3- Lochtgin (clothing)

Оқушылар адасқан әріптерді дұрыстап жаазып топпен жүргізілді.

Балл жағынан үздіктердің қатарынан «EKONOMY» тобы көрінді бұл топ «Excellent»деген сөзі жазылған қызыл түсті кубикті жеңіп алды. 2-топ «CULTURE» бұл топ «Good» cөзі жазылған көк түсті кубикті еншіледі. Ал сәл бәсеңдеу болған «SYMBOLS» тобы сары түсті «satisfaction» сөзі жазылған дөңгелекпен қанағаттанды.

Оқушылардың біраз шаршағанын байқап «Сергіту сәтін» ұйымдастырдым. Бұл «Теңізге саяхат» деп аталды.Оларға ортақ сұрақ қойдым-Саяхатқа немен шығамыз шығамыз? Әрине кемемен-деп жауап берді

-Ендеше кеттік мен сендерге капитан боламын ,сендер матрос боласыңдар.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары

1. Сапта бірінен кейін бірі жүру

2. Балапан- өкшемен жүру

3. Пингвин- алшақ қадаммен жүру

4. Түлкі-бүкіл табанмен қалыпты, жұмсақ жүру

hello_html_65e7bf29.jpg

Сергіту сәті

Келесі тапсырма бойынша алған білімдерін Венн диаграммасына түсіру арқылы ойларын қорытындылады. Байқағаным, үлгерімі төмен Б. деген оқушы, сабаққа деген қызығушылығы оянып, «Мен де өз ойымды айтамын» деп белсенділігін танытты. Үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа қызыға қарауы мен үшін үлкен нәтиже деп ой түйдім. Жұмыс жасау барысында оқытудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолдана отырып, диалогктік қатынасқа түсу кезінде сөздердің дұрыс дыбысталуына, жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар орындатуға, сыни тұрғыда ойлануға, бағалаудың түрлерін қолдануға, АКТ мүмкіндіктерін пайдалануға, дарынды балалардың қабілеттерін ашуға, сыныпта мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстарын барынша жандандыруға тырыстым.hello_html_m251a27c6.jpg

hello_html_14a97b6c.jpg











Ыстық орындық әдісін пайдаланып,сұрақ қою

Тізбектелген сабағымның ең соңғысына оқытудың жеті модулін қамтудағы мақсатым, тәжірибе барысында оқушылардың дарындылығы мен талантын, топтағы лидерлік іс-әрекеттерін сонғы сабақта байқауға болады деген ой түйдім. Әрбір модулдің өзіндік ерекшелігі мен сабақты жан-жақты жүргізуде қосар үлесі мол. Мысалы, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалог арқылы оқыту ағылшын тілі сабағында үнемі қолданылады. Өйткені оқушының тіл байлығын дамыту үшін диалог негізінде өзара сұхбаттасуы, өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал. (МАН, 12-бет). Сонымен қатар осы модульде қарастыратын стратегиялардың өн бойында белсенділікті танытуға арналған мотивациялық қасиет жатыр. Атап айтар болсам шаттық шеңберінің өзінде қаншама іс-әрекетті жүзеге асыруға болады. Мысалы, балалар шеңберде шаттанып, жағымды атмосфералық ынтымақтастық туындайды, тілек тілеу сәті орын алады. Әрі шеңберде оқушылар өздерін сондай еркін ұстайтынын байқадым. Кері байланыс орнатуда бала өзіне-өзі есеп берді, өзін басқамен салыстырды, ал мен үшін тиімді жағы сабағымның қандай дәрежеде өткендігіне көзім жетті. Рефлексия арқылы мұғаілім мен оқушы бір-біріне жақындай түседі екен, баланың ішкі жан дүниесін тербеткен мәселесін мұғалім бір ауыз сөзден түсіне алу мүкіндігіне ие болатынын түсіндім. Стикерге балалар ойларын мынандай сөздер арқылы жеткізген: «Сабақта топпен ақылдасып орындадым, маған ұнады», «Сабақ бүгін ерекше болды», «Жақсы оқығаным үшін смайлик алдым», Н.деген оқушы: «Сабақ өте, өте ұнады, өйткені диалог оқыдым», «Бүгін сабақ ұнады және оқушылар топ ережесін сақтады», «Топта бәрі жұмыс жасады», «Билеген ұнады», «Жаттығу жасаған күшті болды». Ынталандыру үшін смайликпен марапаттау, критерийлер бойынша бағалау, өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы да оқушының әділ бағалануына әсері бар. Осы аталаған іс-әрекеттің барлығы да топтық жұмыс жасау арқылы іске асты. Интербелсенді әдіспен оқытудың ең негізгі ерекшелігінің бірі осы топпен оқуда екенін түсіндім.Өткізген бірінші сабағымда мынандай негізгі кедергілер кездесті.

1) Оқушыларды жасқаншақтылығы ойларын дұрыс жүйелі ,еркін жеткізе алмауы.

2)Оқушылардың өзіне деген сенімсіздігі,баяу қозғалысы.

Келешекте осы кездескен кедергілерді жойып,оқушыларды сыни пікір -көзқарасы жүйелі дамыған,ынталы,сенімді, тұлға ретінде қалыптастырамын.

Оқушының іс-әрекет етуі қаншалықты баяу жылдам болу себептерін анықтап алу керек.Ол үшін мектеп психологі мен де трениктер өткізіп нәтижесінде көңіл бөлу керек деп ойлап, мектеп психологімен де тығыз байланыста болым керек деп шештім.Дарынды және таланнты балаларды анықтауда әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды пайдаланып,олардың қандай деңгейде жұмыс істей алатындығына көзім жетті.Болашақта дарынды және талантты оқушыларды анықтап білім динамикасын көтеру керек.Ол мектеп үшін,мұғалім үшін ,ата-ана үшін пайдалы.



Пайдаланылған әдебиеттер

Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012ж

Wood (1998) How Children Think and Learn.(Балалар қалай ойлайды және қалай оқиды?) Cambridge Dialogs UK.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.11.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Статьи
Просмотров17
Номер материала ДБ-389873
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх