Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Шетел азаматтарынан алимент өндіріп алу ерекшеліктері

Шетел азаматтарынан алимент өндіріп алу ерекшеліктері



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасы

Аға оқытушы: Нурекешов Т.К. Магистрант: Гапуов А.Е.


Особенности взыскания алиментов с иностранных граждан


Одним из основных принципов семейного права является обеспечение приоритетной защиты прав и интересов несовершеннолетних и нетрудоспособных членов семьи.

Родители обязаны содержать своих несовершеннолетних детей. Материальное содержание детей является необходимой предпосылкой для обеспечения всех иных родительских прав и обязанностей. Родители имеют равные права и обязанности по материальному содержанию детей. А в тех случаях, когда они уклоняются от выполнения этой обязанности, алименты взыскиваются с них по суду.

Часто развод с иностранным гражданином заканчивается взысканием алиментов на воспитание общего ребёнка. Чтобы добиться взыскания средств, нужно в обязательном порядке обратиться в суд.

Взыскание алиментов с иностранного гражданина является весьма сложным вопросом, для решения которого требуется учитывать многие нюансы.


Features of the recovery of maintenance with foreigners


One of the basic principles of family law is to provide a priority to protect the rights and interests of minors and disabled family members.

Parents are obliged to maintain their minor children. Income maintenance of children is a prerequisite for all other parental rights and responsibilities. Parents have equal rights and duties under the material content of children. And in those cases where they shirk this responsibility, alimony exacted from them by the court.

Often, a divorce with a foreign citizen finishes the recovery of maintenance for the general education of the child. In order to achieve recovery of funds is necessary to compulsorily go to court. Collecting child support from a foreign citizen is a very complex issue for which solutions need to take into account the many nuances.



Шетел азаматтарынан алимент өндіріп алу ерекшеліктері


Неке-отбасы қатынастарының қазіргі заманғы құқықтық қоғаммен талқыланатын өзекті мәселелердің бірі- Қазақстанда және шет ел мемлекеттерінен алимент өндіру мәселелері. Өкінішке орай, отбасылар ажырасқан кезде баланы асырап, тәрбиелеу мәселесі бұрынғы ерлі-зайыптылар өзара ақылдасып, кеңесіп емес, сотқа жүгіну арқылы талас тартыспен шешеді. Содан кейін бала бағып, өсіру сот үкімімен өндірілетін алимент арқылы қамтамасыз етіледі. Ал мәжбүрлі алимент өндіру өз кезегінде әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік сияқты мәселелерді туындататыны жалтарып, әртүрлі әрекеттерге барып жатады.

Отбасы құқығында алимент сөзі (лат. alimentum- ұстау, асырау) деген мағынада, яғни заңдарда көзделгендей бір отбасы мүшесі басқа отбасы мүшесін асырауға міндеттенеді. Алименттер – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат.[1]

Алимент” деген сөзге мінездеме беретін болсақ, ол: отбасында баланың өмір сүру көзі болып қызмет атқарады; тура бағытталған мақсаты кәмелетке толмаған баланы асырау; ай сайынғы тұрақты төленетін сомма; ата-аналардың жеке міндеттеріне жатады; аса дербес мінездемесі бар; баланың тумысынан төлеу басталып және баланың кәмелет жасқа толып, толық әрекет қабілеттілік бар болған тоқталады; әрбір кәмелетке толмаған балаларға төленеді (ол қай жерде болмасын, яғни балалар мекемесінде, басқа да табыс көздері болған жағдайда төленеді.); міндеттеме ретінде қарастырылады, егер төленбеген жағдайда қылмыстық жазаға тартылады. [2,92 б.]

Алименттік міндеттемелер Қазақстан Республикасы неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы Кодексімен ғана емес, сонымен қатар кейбір шет елдерде Азаматтық кодекспен реттеледі. Мысалы, Грузия, Франция, Германия, Перу, Испания, Греция, Португалия және т.б. кей мемлекеттерде отбасы қатынастары Азаматтық кодексте реттеледі. Беларуссия, Украина, РФ, Вьетнам, Куба және т.б. мемлекеттерде отбасы кодекстерімен реттеледі.

АҚШ-та ата-аналар некелерін бұзған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаға әкесіне алимент төлеттіреді. АҚШ-тың соттары және көптеген Еуропа мемлекеттерінің алименттік міндеттемелері борышкердің қайтыс болғаннан соң тоқтатылады деген пікірді ұстанады. Бірақта кейбір штаттарда (Uniform Marriage and Divorse Act) – (некені бұзу туралы біркелкі заң) алимент төлеу міндеттемелері борышкердің өлімімен тоқтатылмайды, алименттік міндеттемелер баланың кәмелетке толғанша жалғасады екен.

Англияда балаға алимент төлеу бала он алты жасқа келгенше төленеді. Баланың алуын он алты жастан кейін оқу орнына түссе, әрі қарай кәсіптік дайындықтан өтіп жатса, баланың осы жаста жұмыс істеуіне не істеуіне қарамастан сот тәртібімен алиментті өндіріп алуға болады. Балаға алимент өндіру түрлері: тұрақты анықталған соммада; кезеңдермен төлеу соммасы; мүлікті қайта бөлу. 

Кейбір шет мемлекеттерінде ата-аналар және балалардың алименттік міндеттемелері (РФ, Сербия, АҚШ), ата-аналар алименттік міндеттемелері екі ата-анада баланың кәмелетке толғанша және оқуын толық аяқтағанша қамтамасыз етеді. Алимент алушы болып, заңды некеде және некеден тыс туылған балалар, кәмелетке толған балалар егер де олар еңбекке қабілетсіз, көмекке мұқтаж болғандар алимент алуға құқығы бар. АҚШ заңнамасы бойынша бұрынғы ерлі-зайыптылары біреуі біріне 3 түрлі алименттерді анықтайды. Олар: тұрақты, уақытша, қалпына келтіру(реабилитациа).

Тұрақты алимент аз қолданылады. Кейбір штаттарда мұндай алимент түрін мүлдем қолданбайды екен. Уақытша алимент ажырасу сатысындағы уақытта төленетін алимент. Мұндай алимент түрі басқа штаттарда әйел жақ жеңіп шығады. Қалпына келтіру алиментінің мақсаты-алимент алушы алимент ала отырып өзінің кәсібилігін арттыру, қайта мамандандырылуы, тәжірибе алуына, әрі қарай өзін асырауға мүмкіндік беру үшін қажет. Алимент егер алимент алу жұбайы басқа некеге отырса немесе басқа азаматпен азаматтық некеде бірге тұрса тоқтатылады.

Англия елінде бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері бойынша алимент төлеу тек бұрынғы жұбайына артылатын. Англияда бұрынғы ерлі-зайыптылардың ең төменгі ең жоғарғы алимент төлеу қаражаты анықталмаған. Бірақ тәжірибеде өте қызықты жағдай, Англия соты ажырасқан ерлі-зайыптылардың алимент төлеуді көбіне бұрынғы жұбайына артады және ол әйелін өмір бойы асырауға міндеттенеді. Англия соты қазіргі уақытта үш жылға дейін асырауға міндеттейді, алайда бұлда баламен қалған аналардың жағдайы түзеліп жатқан жоқ.

Франция мемлекетінде алименттік міндеттемелер Азаматтық кодекспен реттеледі. Францияның Азаматтық кодексінің 217-бабы бойынша “ерлі-зайыптылар отбасыға мүмкіндігінше өздерінің үлесін қосу қажет”. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы бір-бірінен алимент талап етуге құқылы. Бұрынғы жұбайы апатқа, денсаулығына, белгілі жасына байланысты әйелінен алимент сұрауға құқығы бар. Франция соты ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде мынадай жағдайларды ескереді:

-Ерлі-зайыптылардың материалдық жағдайын, табыс көздерін таба алатындығын, мүліктік жағдайын және өзге табыс көздерін анықтайды;

-Баланың бар екенін және егер араларында бала болса, баланың материалдық жағдайын және қажеттілігін анықтайды;

-Ерлі-зайыптылардың жастарына байланысты денсаулығын анықтайды;

-Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қаржы және біліктілігін анықтайды.

Франция мемлекеті АК-нің 281-бабы бойынша “ерлі-зайыптылардың ажырасуға себепкер болуға ерлі-зайыптылардың біреуі толығымен материалдық жауапкер болады”. Сонымен келе жауапкер толығымен материалдық және екінші жұбайды ұзақ уақытқа немесе өмір бойы асырауға міндеттенеді.

Ал Италия мемлекетінің заңнамасы бойынша, егер алдыңғы некесін бұзғанына он ай толмаса, жаңа некеге тұруға болмайды. Жаңа неке құру үшін итальянстар коммунадан арнайы рұқсатнама қағаздарын алуы қажет. Бұл мемлекеттің өзіне тән, құқықтық материалдық нормаларымен ерекшеленгенімен, өзге елдер сияқты, алименттік өндіру қатаң жүргізіледі, яғни ажырасқан және бөлек тұратын жұбайына, сондай-ақ балаларының шығындарына көмектесуге міндеттенеді.

Мысалға Израиль мемлекетін алатын болсақ, “Алимент өндіру туралы” Заңы бойынша екі жағдайда алимент өндіруге болады. Біріншіден, Ұлттық сақтандыру қызметіне жүгіну (Битаух муми). Егер алимент алушы шет ел мемлекеттерге шығатын болса, алимент алу құқығынан айырылады.[3, 205 б.]

Германия мемлекетінде алимент өндіру “алиментті жағдайы жақсы, алимент төлей алатын жақ болуы қажет” деген қағида ұстанады. Ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде мүлікті қайта бөлу, қажеттілікті толтыру мақсатында алимент төлей алатын жаққа ауырлық түседі. Сот алимент алушыны жағдайларға байланысты анықтайды:

-  Белгілі бір жағдайларға байланысты жұмыс істей алмайтын болса танылады;

-  Ажырасқаннан кейін өмірге бейімделу;

-  Некеге тұру кезінде бала босану немесе біліктілігін арттыру.

Сот кейбір жағдайларға байланысты алимент алуға шешімін бермеуі мүмкін.

-  Некенің ұзақ болмауына;

-  Ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыс жасаса, отбасы мүшелеріне қарсы пайдақорлық мақсатымен қылмыс жасаған кезде;

-  Пайдақорлық мақсатпен алимент сұрайтын болса;

-  Өзге де жағдайлар және жоғарыда айтылғандар орын алса.

Германия мемлекетіндегі отбасы қатынастарын реттеуде “бірінші кезекте” алименттік қамтамасыз ету жағдайы бойынша некеден тыс туылған балаларға алимент төленеді және алимент төлеуші қайтыс болған соң, оның алимент төлеу міндеттері некедегі балаларына өтеді екен. Сонымен қатар Заңда “жүкті кезінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелінің бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы” көрсетілген. Осыған орай кейбір авторлар мысалы, В.П.Шахматов “осы кезеңде әйелдің уақытша еңбекке қабілеті жоқ, сондықтан алимент алуға құқылы” деп санайды. [4,108 б.]

Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығын куәландыратын құжаты бар тұлғаларды шетел азаматтары деп танимыз. Ал Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылмайтын және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығын куәландыратын құжаты жоқ тұлғаларды азаматтығы жоқ тұлғалар деп танылады. Некелiк және отбасылық қатынастары. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей некелiк және отбасылық қатынастардағы құқықтарды пайдаланады және мiндеткерлiкте болады. Біздің заңнамаға сәйкес, ерлі-зайыптылар тұрғылықты жерді таңдауға ерікті болып табылады. Ерлі- зайыптылар бірге де, бөлекте тұруға құқылы. Бір тұлғаның өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру екінші тұлғаға сонын артынан ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материалдық көмек көрсетіп тұруға міндетті. Егер ерлі-зайыптылардың бірі еңбекке жарамсыз болып қалатын болса, онда біздің заңнама бойынша, оның екіншісі оған материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады.[5,165 б.]

Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар балаға деген алимент, біздің заңнама бойынша талапкердің талабы бойынша баланың қай мемлекетте тұрақты тұрады, сол мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін. Бұл норма, яғни баланың басқа мемлекеттің азаматы, бірақ тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасының қолданылуы. Заңнама баланың тұрақты тұратын жердің заңнамасын қолдану туралы сотқа міндет артпайды, сот талапкердің талап етіп отырған заңнамасы егер де баланың мүддесіне қайшы келмейді деп шешетін кезде ғана қолданады. Тұлғаның қай мемлекетке жататыны және қай мемлекеттің заңы қолданылуы мүмкін екенін сот шешім қабылдағанша шешеді. Егер бала бір мемлекеттің азаматы болып, шешім шыққанша басқа мемлекеттің азаматы болып танылса, онда сот соңғы азаматтығына қарайды. Егер ерлі-зайыптылар неке шартын және алимент төлеу туралы келісімшартқа отырмаса, ортақ азаматтығы жоқ немесе бірге тұрмаса, олардың белгіленген құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін белгілі мемлекеттің заңнамасын таңдай алады.[6,87 б.]

Кәмелетке толған балаларының ата-аналарының пайдасына алименттік міндеттемелері, сондай-ақ басқа да отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Бірге тұратын жері болмаған жағдайда мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Мысалы, егер шет ел мемлекетінің азаматы болып табылатын әйел баласымен басқа елде тұратын болса, қазақстандық азаматынан Астана қаласында тұратын алимент өндіру туралы біздің елдің сотына талап арыз берген болса, сот бұл дауды қарастыру барысында, баланың қай мемлекеттің азаматы болса, сол мемлекеттің заңнамасын қарастыру керек. Ал бала мен ана Қазақстан жерінде тұрып, басқа мемлекеттің азаматына алимент өндіру туралы талап арыз түскен жағдайда, сот егер бала Қазақстан азаматтығында болса, біздің елдің заңнамасын қолданады.

Шет елінен алимент өндіру бойынша құқықтық көмек және азаматтардың бірқатар құқықтарының жүзеге асырылуы мақсатында құқықтық реттелетін нормалардың бірі ҚР Минск Конвенциясына қосылғанын айта аламыз. 1993 жылы қаңтар айында Минскте ТМД 10 мемлекеттерінің басшылары арасында (Армения, Беларусь, ҚР, Қырғызстан, Молдова, РФ, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина) азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық өзара көмек беру туралы Минск конвенциясына қол қойылды. Бұл келісімшарт азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша соттардың және құқық қорғау органдарының арасында және қай жерде тұратынына қарамастан, азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету мақсатындағы механизмі және күш көрсететін тұтқасын шығарды десек те болады.

Сонымен қатар, 1994 жылы 9 қыркүйекте Москва қаласында Әзірбайжан, Армения, ҚР, Қырғызстан, Молдова, РФ, Түркменстан, Өзбекстан, Украина Үкіметтері жасасқан қол қойылған әлеуметтік жәрдемақы, балалы отбасыларғы өтемақы төлеу және алимент төлеу саласындағы азаматтардың құқықтық кепілдіктері туралы келісімге отырды. Бұл келісімнің мақсаты балалы отбасыларға және алимент төлеу саласындағы азаматтарға құқықтық кепілдіктер беру болып табылады. Тараптардың азаматтарына алименттер белгілеу мен өндіріп алу (төлету) олар тұрған аумақтағы тараптың ұлттық заңдарына көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. [6,90 б.]

Отбасы қатынастары бұл шеңбер тәрізді оған мемлекет аса қамқорлықпен қарауы тиіс. Алименттік қатынастар бұл өзінің табиғатына қарай біріншіден, отбасы қатынастарында қатысушылардың өзара көмек көрсетуі қамқорлықтың белгісі, екіншіден, алименттік құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырудағы мемлекеттің құжат жүзінде жазылуына кепілдік береді, ал бұл ісшаралардың орындалмағанына мемлекет құқықбұзушыларды қылмыстық қудалауды жүзеге асырады



Қолданылған әдебиеттер


1.Қазақстан Республикасы неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы Кодексі., 26 желтоқсан 2011 жыл., Алматы «Юрист» 2012 ж.

2.Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы. Практикум.-Алматы,2005

3.Максимович Л.Б. Соглашение об уплате алиментов: вопросы теории и практики // Труды института государства и права Российской академии наук. – 2008. № 2. – С. 205-226.

4.Шахматова В.П. «Законодательство о браке и семье (практика применения, некоторые вопросы теории» Томск, 1981

5. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық.- Алматы: Жеті жарғы, 2006.- 165 бет.

6.Карпушина Т.Д, ЫнтымаковС.А. Семейное право. Практикум.-Алматы,2002




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров46
Номер материала ДБ-083078
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх