Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Шетел тілін оқытуда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолданудың маңызы (Баяндама)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Шетел тілін оқытуда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолданудың маңызы (Баяндама)

библиотека
материалов

Шетел тілін оқытуда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолданудың маңызы

Д. Барнстың (1976 ) ж. «Сыныптағы тіл және оқыту» атты мақаласында атап көрсеткендей, оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде , яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асады деген. Шынында бұған дәлел ретінде АҚШ-тағы ұлттық оқу зертханасында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, практика кезеңінде 75%, талқылау кезеңінде 50%, ал білім беру, яғни бірін- бірі оқыту кезеңінде 90% ақпараттың есте сақталатынын атасақ болады. Яғни, мейлінше сабақта талқылау, тілдік байланыс көп жүргізілсе, соншалықты сабақ та нәтижелі болады. Сондықтан да, ағылшын тілін мектепте оқыту мен оқуда нәтижеге жету үшін тиімді әдіс -тәсілдерді айқындау мен қолданысқа енгізудің маңызы зор. Ол әрбір мұғалімнің тәжірибе барысында қалыптасқан көзқарасы, шешімі мен іс- әрекеті барысында айқындалады.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ,Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында оқып үйренген әдіс –тәсілдердерімді қолданысқа енгізу үшін, мен ең бірінші бұл әдіс менің пәніме, менің бүгінгі сабағыма тиімді ме, егер тиімді болса, оны сабағыма енгізе алсам, мен сол әдістерді қолдану арқылы оқушыларды қалай бағалймын, сол әдіс –тәсілдер оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік бере ме деген сұрақтар қоя отырып, айқындап, қолданысқа енгізуді жоспарладым.

Сол әдістердің ішінде ең алдымен оқушыларды сөйлеуге үйретуде, соның ішінде тілді қарым қатынас құралы ретінде меңгеруіне ұмтылдыру үшін , оған сай ниетін оятып, әрі оқу атмосферасын орнататын тәсілдің бірі «Блиц кездесу» стратегиясына тоқталғым келеді. Бұл стратегияда оқушылар екеуі, біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап отыру керек. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді (дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар –мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді. «Body language» тақырбында өткен сабағым ым, ишара тақырыбына байланысты болғандықтан, оқушылар интерактивті тақтадағы негізгі сөзді өз тобындағы оқушыға түсіндіру үшін, мимиканы пайдаланса, тақтада тұрған оқушы сол ым арқылы негізгі сөзді дереу таба алды. Бұл әдіс оқушылардың тек қызығушылығын арттырып қана қоймай, сыни тұрғыдан ойлануына, оқушылардың бір -бірінен үйренуіне, ойын жинақтауға көмек береді. Және ең маңыздысы –тақырып бойынша жаңа сөздерді есте сақтауда өте тиімді тәсіл екенін аңғаруға болады.

C:\Users\Admin\Desktop\10 а ашык сабак\20140924_120202.jpg

Жаңа сөздерді есте сақтауда тиімді тәсілдерің ішінде «10 сұрақ» тәсілін ерекше атап өтсек болады. Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. Бұл стратегия оқушыға тіл үйретудегі тиімділікті қамтамасыз ететін әрекеттер жиынтығы, яғни ақпаратты оқуға, табуға, сақтауға және пайдалануға көмектеседі. Сонымен бірге зейінсіз балалармен бірге отыратын оқушылар олардың жинақталуына көмек көрсету арқылы оқуға тартуға көмектесе алады; мұғалім оларға сұрақтармен жиі қатынас жасай отырып, зейінсіз оқушылардың назарын бағыттай алады.

C:\Users\User\Desktop\фото видео открытых уроков\2014-04-12\DSC03531.JPG

Тіл үйренуде стратегияларды қолданатын оқушылар жоғары нәтижеге қол жеткізетінін білеміз. Соның бірі «Шоудаун» стратегиясы да оқудың тамаша құралы екенін аңғаруға болады. Бұл әдіс төрт адамнан тұратын топтарда нәтижелі болады. Мұнда сыныптастары үшін 5 сұрақ жазады. (әрбір карточкаға бір сұрақ жазып, жауаптарын артында көрсетеді).Басқа топпен карточкаларды алмасады. Көшбасшы топқа берілген сұрақты оқиды. Топтың қатысушылары жауаптарын планшетке жазып, үлкен саусағын жоғары көрсетеді, ол олардың дайын екендігін білдіреді. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы жауабын ашады. Топта жұмыс істеу арқылы оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптасады, оқушылар бірге ойланады. Өз ойларын дауыстап айту арқылы сөздерді бір бірімен байланыстыра алады, жаңа сөздермен бұрынғы сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін, сөйлем құрай алады.

C:\Users\User\Desktop\фото видео открытых уроков\2014-04-12\DSC03508.JPG

Сабақ өту барысында сабақ тартымды, қызықты өту және оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында оқыту мен оқудың түрлі жаңа тәсілдерді үнемі пайдаланып отырамын. Пікірлесу, әңгіме дебат құру, сұрақ-жауаптар, диалог, талдау,зерттеу тәсілдері. Бұл тәсілді қолдана отырып оқыту мен оқу оқушылардың өзара әңгімелесуі және мұғалім мен оқушы арасындағы, оқушы мен оқушы арасындағы диалогтың жүйелі дамуына көмектесетін жол екені көрінеді.

Сол сөздің дәлелі ретінде мен «Кір жаятын жіп» әдісін атап өткім келеді.Сабағымды өткен тарауға шолу жасап, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін айқындау мақсатында «Кір жаятын жіп » әдісі бойынша әр топқа ресурс беріп,ондағы сөйлемдердегі көп нүктенің орнына парақтағы жеке-жеке жазылған сөздерді кезекпен кір жаятын жіпке ілдірттім.

Әр топтың жіпте ілінген сөздерінің дұрыс кезекте жазылғанын тексеру мақсатында, интербелсенді тақтадан дұрыс жазылған вариантын көрсеттім. Бұл тәсіл арқылы әр топ өзін-өзі бағалай алады

C:\Users\User\Desktop\фото видео открытых уроков\2 сабак фото\SAM_0048.JPG

Сол сөздерді жіпке ілу арқылы оқушылар сөздерді есте сақтап қана қоймай, шынайы қызығушылығын арттырады, білімге құштарлықты дамытады, оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербальдандыруға көмектеседі.

Балалардың оқудағы эмоциональдық, әлеуметтік және мінез-құлықтық кедергілерді жеңуі үшін жеңіл қолдана алатын бірқатар стратегиялары бар:бірінші және ең маңызды жол – негізгі ұғымдарға анықтама беру; бұған оқушылардың қалауы арқылы олардың қызығушылықтарын ескере отырып, тапсырмалар жасау арқылы немесе барынша көмегімізді ұсына отырып қол жеткізе аламыз. Сабақты бекітетін кезеңде, яғни әр сабақтан кейін алған білімдерін жинақтап, қорытындылау мақсатында «Жылжымалы шеңбер» стратегиясын қолданудың тиімділігі жоғары. Бұл әдіс бойынша әр оқушы өз жұбына бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін әріптесіне, бір- біріне түсіндіреді де, жылжып, келесі әріптесіне түсіндіреді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, білім беру арқылы, яғни бір- біріне үйрету арқылы сол сабақты, сол тақырыпты 90% есте сақтай алады.

C:\Users\User\Desktop\фото видео открытых уроков\2014-04-12\DSC03514.JPG







Жалпы стратегиялар – оқушыға тіл үйретудегі тиімділікті қамтамасыз ететін әрекеттер жиынтығы, яғни ақпаратты оқуға, табуға, сақтауға және пайдалануға көмектеседі. Стратегияны осы тұрғыдан қарастыру оны стратегиялардың басқа түрлерінен, атап айтқанда қарым-қатынас стратегиясынан айыруға мүмкіндік береді. Стратегиялармен жұмыс сонымен қатар оқушыларға оқуда көмектесетін түсінікті, таныс жұмыстарды қамтиды, оқу тиімділігін арттыруға бағытталған стратегия туралы оқушылардың білімдерін кеңейтеді.

Алайда, оқушыларға тіл үйрену стратегияларын қолдану туралы еске салып отыру керек. Егер бiз бұны тек қана бiр сабақта iстесек, онда оқушылардың көпшiлiгi бұл туралы ұмытып кетеді, тек бір-екеуі ғана есте сақтап, сабақта қолданады.

Мен жоғарыда төрт-бес әдісті ғана атап көрсеттім. Бірақ стратегиялар қатары аталғандармен шектелмейді. Егер біз жекелеген оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, біз жұмыс істейтін жағдайлар жекелеген оқушыларға оқуға көмектесетін бірқатар шығармашылық тәсілдерді таңдау сенімді оқу ортасын құруға көмектеседі.
















































69 жалпы орта мектебі













Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы: «Шетел тілін оқытуда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолданудың маңызы»





Дайындаған: Оспанова А.




















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров137
Номер материала ДВ-572658
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх