Инфоурок Иностранные языки КонспектыШетел мультфильмдерінің бала психикасына әсері

Шетел мультфильмдерінің бала психикасына әсері

Скачать материал

 

Орал гуманитарлық-техникалық колледж

 

 

 

 

 

 

 

                      Баяндама

 

 

 

 

  

              Тақырыбы:   Жөргектік кезеңдегі дене дамуы және күтімі

 

Дайындаған:  Педагогика,психология кафедрасының оқытушысы Ж.С.Жубатова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал, 2015 жыл

 

Жөргектік кезеңдегі дене дамуы және күтімі

                         

1.     Бір жасар баланың дене даму ерекшеліктері  (Күн тәртібін ұйымдастыру.Гигиеналық шаралар.Гимнастикалық жаттығулар.Массаж).

2.     Анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

3.     Дене жаттығуларының кешені (Тұлғаның 1,5 айлықтан-3 айлығына дейінгі кезең, 3 айдан 4  айлыққа дейінгі кезең, 4 айлықтан 6  айлыққа дейінгі кезең, 6 айдан 9 айға дейінгі кезең,  9-10 айлықтан 1 жасқа (12 айға) дейінгі балалардың даму ерекшеліктері. 1 жастағы балалардың қимыл-қозғалыс ерекшеліктері)

 

Бір жасар баланың дене тәрбиесі. Бұл жастағы балаларды тәрбиелеу кезінде күн тәртібін ұйымдастыруға, дұрыс гигиеналық күтім әдістемесіне көп көңіл аударылуы тиіс. Бұрын аталып көрсетілгендей, баланың бір жасар шағында дамудың жоғары қарқындылығы, қысқа мерзім ішінде дене дамуының және жүйкелік-психологиялық дамудың тез өзгеріп отыруы байқалады. Орталық жүйке жүйесінің сыртқы ортамен үнемі өзара әрекеттестік кезінде дамуы барлық сезім мүшелерінің дамуына, жағымды эмоциялардың тууына және жетілуіне, негізгі қозғалыстарды меңгеруге, тіл әзірлігі кезеңдерінің дамуына көмектеседі. Мұның өзінде ересек адам үлкен роль атқарады. Бір жасар баланы тәрбиелеу кезінде оның жағымды эмоциялық жағдайда болуын қамтамасыз етудің маңызы өте зор. Жайдары, шаттықты көңіл күйі тәндік және жүйкелік-пси­хологиялық дамудың дұрыс және өз уақытында өтуінің, денсаулықтың жақсы болуы шарттарының бірі болып табылады. Бала өмірінің алғашқы айларында шаттанып күледі, көптеген қимыл-қозғалыс жасайды-талпынудың неше түрін көрсетеді, бұл қол, кеуде т.б. қозғалыстарының одан әрі дамуының негізі болып табылады. Балалардың негізгі қозғалыстарды өз уақытында және дұрыс меңгеруі бойдың өсуіне, негізгі мүшелер мен жүйелер әрекетіне игі ықпалын тигізеді, өзін-өзі айтарлықтай меңгеруді қамтамасыз етеді де, сол арқылы психикалық даму мүмкіндігін кеңейтеді. Қозғалыстардың даму қарқыны мен бір ізділігі тәрбие жағдайына және ересек адамның ықпалына, сондай-ақ баланың жеке  ерекшеліктеріне тәуелді. Орталық жүйке  жүйесіндегі және тірек-қозғалыс аппаратындағы жас мөлшеріне қатысты өзгерістер әрбір жас кезеңінде белгілі бір қозғалыстардың дамуы үшін алғы шарттарды тудырады. Бұл алғы шарттар тиісті жағдайлар бар ке­зінде жүзеге мейлінше тиімді асырылады. Арнайы мақсатты бағытта әсер ету жолымен әр нәрсеге икемділікті, дағдыларды қалыптастыруға, сол арқылы бүкіл ағза дамуының әлдеқайда жоғары деңгейіне жетуге көмектесуге болады. Керісінше, дер кезінде қолға алынған дұрыс тәрбие мен үйретудің болмауы дамудың мешеу қалуына алып келеді, кейін мұның орнын толтыру қиын болады. Тәрбиелеудің ең негізгі қағидаларының бірі -белгілі бір дағдының, икемділіктің, психикалық іс-әрекеттің өзінен-өзі пайда болуын күтіп отыра бермей, ағзаның нақты бір кезеңінде жүйке жүйесінің тиісті орталықтарының толысуы арқы­лы пісіп жетілетін функцияларының көрініс беруіне белсене көмектесу. Оның үстіне тәрбиелік әрекеттер жаңа функцияны қолдағандай болады, оның көрініс беруіне жағдай туғызады. Статикалық және қимыл-қозғалыстық функциялардың дамуына әр күн сайын жәрдемдесу, баланың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес күн тәртібін ұйымдастыру балалардың дұрыс және үйлесімді дамуын қамтамасыз етудің, дене дамуындағы және денсаулық жағдайындағы ауытқушылықты болдырмаудың қуатты факторы болып табылады. Сәби жаста күн тәртібін орынды ұйымдастыруға, гигиеналық шараларға дене тәрбиесінің құралы ретінде ерекше мән беріледі. Әрбір жас кезеңінде сергектіктің, ұйқы мен тамақтанудың алмасып отыруындағы қажетті бір ізділік қамтамасыз етіледі. Жасына қарай тамақтандыру, ұйықтау және сергек болу сағаттары анықталады. Бөлмені жақсы желдету, таза ауа жайлы, тәтті ұйықтауды қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайларда бала сергек жүрген сағаттарда тыныш әрі белсенді болады. Бір жасар балалар таза ауада 4-6 сағат болуы тиіс. Балалардың денсаулығын нығайту үшін, сондай-ақ күн тәртібіндегі шынықтыру мақсатымен, табиғаттың жаратылыстық факторларын пайдаланудың (ауаның, судың, күннің) маңызы зор. Күн тәртібін жүзеге асыру кезінде балалардың бойына гигиеналық дағдылар мен әдеттерді сіңіру қажет. Бұған мұқият гигиеналық күтім (жуындыру, шайындыру, іш киім ауыстыру, шомылдыру т. б.) көмегін тигізеді. Дене тәрбиесінің ең негізгі құралдарының бірі - гимнастикалық жаттығулар және массаж жасау болып табылады. Бір жасар балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру үшін дене жаттықтыру мен массажбен айналысудың ұйымдастырылған формалары пайдаланылады, сондай-ақ еркін қимыл-қозғалыс әрекетінде болуды қамтамасыз етудің де маңызы зор. Өз бетімен қимыл-қозғалыстық әрекет етудің физиологиялық маңызы - балаға тән қозғалысқа қажеттілікті қанағаттандыру: бала өз ыңғайымен қозғалады, өзінің қалауы бойынша жату, отыру, тұру қалпын алмастырады, қозғалысты дем алумен кезектестіріп отырады. Сондықтан да өз бетімен жасалған әрекет - балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігінің барлық түрлері ішінде ең аз қажытатын әрекет. Бала өмірінің алғашқы апталарынан бастап оның қимыл-қозғалыс белсенділігі үшін оптималды жағдайлар жасаудың маңызы зор. Бір жарым айдан алты айға дейінгі шамада балалар әрекет үстінде болу сағаттарының бәрін көлемі жеткілікті мөлшердегі (бір балаға 0,5 м есебінен) жасына сай ойыншықтармен жабдықталған манежде өткізеді. Жеті айлық кезінде балаларды еденге жіберу ұсынылады. Бұл үшін бөлменің бір бөлігін (бір балаға 0,75 м2 есебінен) биіктігі 40-45 см кедергімен қоршайды, жылы болуы үшін түкті көрпе және жууы жеңіл клеенка төсейді. Бөлменің бұл бөлі­гін-«едендегі манежді»-балаларды белсенді қимылға (еңбектеуге, қаз-қаз тұруға, өрмелеуге, аяқ басуға т.с.с.) ынталандыратын құралдармен жабдықтайды. Едендегі манежге сатылы және сырғанақты шағын төбешікті, дөңгелеткішті, клеенкамен қапталған жылтыр бөренені, жүретін көпіршені, үлкен доптарды қояды. Баланың киімі жасына сай ауыстырылады және оның қимыл-қозғалысына кедергі жасамайды. Бір жастың алғашқы ширегінде (3 айға дейін) балада басын тік тұрғанда ұстай білуді және етпетінен жатқанда басын көтеріп ұстай білуді жетілдіру керек. Мұндай жағдайда жатып бас көтеру кезінде омыртқа иілістері қалыптасады, мойын жә­не арқа бұлшық еттері бекемденеді, мидың қан айналымы жақсарады. Yш айдан соң бала басын еркін көтереді, жотасын қайқайтады, иық тірейді. Осы кезге таман бала ойыншықты әр түрлі жағдайда алуды меңгереді. Тәрбиеші бұл икемділікті әр түрлі қозғалыстарды дамытуға пайдалануы тиіс. Осы кезеңде қол қимылын дамытуға көп көңіл бөлу керек. Yш-төрт айлық шамада бала қолтығынан сүйегенде тұра бастайды. Ересек адам күніне бірнеше рет баланы киіндірген кезде қолына алып тік тұрғызуы, қатты жерге (үстел үстіне) тұрғызып көруі, аяқты ырғақ ыңғайымен бүгіп-жазып билей басуына мүмкіндік беруі тиіс. Бұл баланың көңіл күйін көтеріп, шаттандырады, ересек адамның сөзі мен жымиюына әрекет қимылмен жауап қатуға мүмкіндік береді, бұлшық еттерін нығайтады, аяғының буындарын бекіндіреді, аяқ тіреудің жақсы дамуына жағдай жасайды. Төрт-бес айлығында бала манеж ішінде ойыншықтармен ойнап жатып, шалқасынан жатқан күйінен бір қырындап, етпеттеп жатуға ауысуды, етпетінен жатып қол тіреуді, басын жақсылап көтеруді меңгере бастайды. Егер бала етпеттеп ұзақ уақыт жататын, солай жатып ойыншыққа қол созатын болса, тезірек еңбектейді, содан соң отырады және бір нәрсеге сүйеніп тұра бастайды. Жеті-сегіз айлығында бала төрт тағандап тұрады, еңбектеп жүре алады. Еңбектеу - бала қозғалысы дамуының маңызды кезеңі, бұлайша жүргенде ол жаңа сенсорлық әсерлер алады. Балаларда локомоторлық функцияларды - еңбектеуді, кедергі қоршауды бойлай аяқ басуды дамыту маңызды. Баланың өзі үйренбейінше оны отырғызуға және тұрғызуға болмайды. Өз бетімен отыру, тұру дағдыларын меңгеру омыртқа иілістерінің қалыптасуына, кеуде, аяқ бұлшық еттерінің нығаюына көмегін тигізеді, дененің үйлесімді дамуына игі әсер етеді. Баланың психикалық даму мүмкіндігі кеңейеді. Ол ойыншықпен отырып ойнап алады (бұл ыңғайлы), айналадағылардың бәрін көреді. Сегіз-тоғыз айлығында бала қоршауды айнала аяқ басып, қозғалады, төбешіктің сатысына шығады, бөренеден асып аунайды - мұның бәрі оның қабылдау ауқымын едәуір кеңейтеді, жүйкелік-психологиялық дамуға көмектеседі. Бір жасқа таянғанда бала өз бетімен жүре бастайды, міне осы жерде тәрбиешінің жүруге үйретудегі, баланы өз қозғалысына қуандырып, көңіл күйін көтерудегі ролі зор. Тәрбиеші балалар қуанышты, қимылдағыш, жайдары болуы үшін олармен көбірек сөйлесуі тиіс Тәрбиеші күн сайын балалар әрекет үстінде жүрген кезде, қимыл-қозғалысты дамыту үшін сол қозғалыс қалыптасып бекігенше әр баламен сабақ-ойын өткізеді. Әр жас шама кезеңде белгілі бір міндеттер шешімін табады. Алғашқы үш айда ересек адам аймалау, аялау арқылы ба­ланың алуан түрлі талпыныстарын қолдайды, қол қимылдарын (ойыншықты алу, оны ұстап тұру т.б.) жетілдіреді. Алғашқы жарты жылдықта еңбектеуге әзірленуге көмектесу керек: етпетінен жата білуді, шалқасынан жатқан жерінен аунап түсіп етпетінен жата білуді қалыптастыру қажет. Бұл үшін ойыншықтар, ересектер көмегі пайдаланылады. Екінші жарты жылдықта негізгі міндет балалардың еңбектеуін және аяқ басып тұруын дамытудан тұрады. Алғашында бұл қозғалыстар ересектердің ептеп көмектесуімен атқарылады. Мәселен, еңбектеуге үйрету кезінде бала аяғын тіреуі үшін табанына алақан тосуға, ұмтылып жетуі үшін алдына ойыншық қоюға болады. Аяқ басып тұратын кезде баланы алғашында екі қолынан, кейінірек бір қолынан ұстап демейді, содан соң қадам жасауға итермелейді. Дене жаттығуларымен және массажбен арнайы айналысу да қозғалысты дер кезінде дамытуға, статикалық және динамикалық қозғалыстардың (еңбектеу, отыру, жүру) сапасы мен дәлдігін жетілдіруге жәрдемдеседі. Сәби жастағы балалардың гимнастикалық жаттығулардағы қимыл-қозғалыстарының дұрыстығы мен дәлдігі тәрбиешілердің қолдарымен немесе арнаулы құралдармен (дөңгелектер, таяқшалар) қатаң түрде шарттас болады, гимнастикамен айналысу балалардың қозғалыс белсенділігінің басқа формаларынан осы арқылы да ерекшеленеді. Тыйым саларлықтай себеп жоқ болса, 1-1,5 айлық кезден бастап дене жаттығулары, массаж жасау белгіленеді және оларды күн тәртібіне ендіреді. Балаларды қимыл-қозғалыстарға үйрету әдістемесі белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс: біріншіден, ыңғайлы жаттығулар, яғни, баланың жас шамалық және функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жаттығулар іріктеліп алынады; екіншіден, балаларды жаттығуларды орындауға ынталандыратын әдіс жас шамасына сәйкес болуы тиіс. Бала өмірінің алғашқы жарты жылында белсенділікті ынталандыру үшін туа біткен - шартсыз рефлекстер содан соң вестибулярлық (денені белгілі қалыпта ұстау) рефлекстері пайдаланылады. Бүгілдіргіштер мен жазылдырғыштар тонусын теңестіруге көмектесу үшін жазумен байланысты рефлекстер пайдаланылады. Екінші жарты жылдықта жаттығуларды орындау белсенділігі - көру (ойыншық, дөңгелек, тәрбиешінің қозғалысы т.б.), қозғалыс (жаттығуларды орын­дау кезіндегі тәрбиеші көмегі-жетелеу, аяғын көтеру т.б.), есту (тәрбиешінің сөздері-санауы, «отыр», «тұр», «жүр» т.б.) шартты қоздырғыштарды қолдану арқылы ынталандырылады. Мұның өзінде сөз кешенді қоздырғыштың әлі де нашар компоненті болып табылады. Екінші жарты жылдық барысында ол міндетті түрде көру қоздырғышымен және ең қуатты қоздырғыш-қозғалыс қоздырғышымен үйлестірілуі тиіс. Егер тәрбиеші балаға «отыр, отыр» дейтін болса, бала оның нұсқауын әрқашан орындай бермейді, бірақ бұл нұсқау ересек адамның бала қолын жай ғана төмен тартқылаумен үйлесе келсе, ол нұсқауды оңай орындайды. Бала өмірінің алғашқы жылында гимнастиканың бәсең түрі ретінде массаж жасауға мол орын беріледі, ол бүкіл бұлшық ет топтарын қамтиды. Yш-төрт айлығында рефлекторлық жаттығулардан бөлек ересек адамдар көмегімен атқарылатын бәсең жаттығулар пай­даланылады. Алғашқы жарты жылдықтың соңына таман олар белсенді-бәсең жаттығулармен (көбіне ересек адамдардың шамалы көмек көрсетуімен орындалады) алмастырылады, сөйтіп бала бір жасқа толар шамада негізінен белсенді жаттығулар пайдаланылады. Мейлінше мол физиологиялық тиімділікке және бұлшық етке түсер жүкті қатаң мөлшерлеу үшін мына төмендегі талаптарды сақтау қажет:

1) жаттығулар барлық бұлшық ет топтарын-қол, иық белдеуі, арқа, кеуде, аяқ, табан бұлшық еттерін қамтуы тиіс;

   2)дене жаттығуларын оның алдында атқарылатын массажбен кезектестіріп отыру керек;

    3)жаттығулармен айналысу процесінде әр түрлі бұлшық еттік топтарға арналған жаттығуларды кезектестіру қажет.

    4)жаттығуларды бастар кездегі қалыпты-шалқалап, етпеттеп қырын жатып, отырып, тұрып бастау қалыптарын ке­зектестіріп отыру керек;

    5)әлдеқайда жеңіл жаттығулардан бастап, бірте-бірте күрделісіне көшу және қайтадан едәуір жеңілімен аяқтау қажет;

    6)жаттығулар дем алумен «үзіліспен» кезектесіп отыруы тиіс, массаж да осындай демалыс болып табылады, өйткені ол бұлшық еттердің мейлінше босаңсуын қамтамасыз етеді.

Денеге күш түсіруді: жаттығуды қайталауды жиілету есебінен (2-3-тен жыл аяғында 5-6-ға дейін), массаж жасауды 3-4-тен 6-8-ге дейін жиілету, айналысу мерзімі ұзақтығын алғашқы жарты жылдықтағы 5-6 минуттан жыл аяғын­да 8-10 минутқа дейін созу есебінен бірте-бірте арттырып оты­ру қажет.

Бір жасқа дейінгі балалардың дамуының жас шамасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес дене жаттығулары кешенін құрастырғанда 5 кезеңді басшылыққа алады. I-1,5 айлықтан 3 айлығына дейін; II-3 ай­лықтан 4 айлығына дейін; III-4 айлықтан 6 айлығына де­йін; IV-6 айлықтан 9 айлығына дейін; V-9 айлықтан 12 айлығына дейін.

1,5 айлықтан 3 айлығына дейінгі кезең қол-аяқтар бүгілуінің анық физиологиялық гипертониясымен сипатталады. Осыған байланысты бұл жақтағы балаларда бәсең қимылдар болмайды. Массаж жасау - сипау кең қолданылады, ол бүгілдіргіштердің босаңсуына көмектеседі. Белсенді қимылдар туа біткен рефлекстердің болатындығына - тері-бұлшық еттік жағдайларда негізделеді. Кешендерге рефлекторлық жаттығулар деп аталатын жаттығулар ендіріледі. Олар бұлшық еттердің белсене шымырқануын, анық байқалатын қозғалыстық жауап реакциясын туғызады және бұлшық еттерге күш түсуді қатаң мөлшерлеп, отыруға мүмкіндік береді. Мысалы: омыртқаның рефлекторлық жазылуын (арқа рефлексін) баланы қырынан жатқызып, құйрықтан жоғары иыққа қарай екі саусақпен сипау арқылы жүргізеді, бұл омыртқаның белсене, жазылуын тудырады арқа, мойын еттерін нығайтады. Балада белгілі бір шартсыз рефлекстің жоқ болуы немесе сылбыр көрініс беруі кезінде, рефлекторлық қозғалыстың пайда болмауы мүмкін шақта тиісті қозғалыстарды қолдануды уақытша тоқтата тұрып, аяқ, қолды, қарын, арқаны сипаумен шектелу керек, бұл тыныс алуды, қан айналымын, тіндік алмасуларды жандандырады.

1,5 айлық шақтан 3 айлыққа дейінгі балаларға арналған дене жаттығулары мен массаждың үлгі кешені:

Қол массажы - сипау.

Қарын массажы - сипау.

Аяқ массажы - сипау.

Қырынан жатқызып омыртқаны рефлекторлық жазу  (арқа рефлексі).

Етпетінен жатқызу ( рефлекторлық жаттығу).

Арқа массажы (2 айлық шақтан) - сипау.

Омыртқаны және аяқты жазу (баланы кеудесінің астынан ұстап көтеріп тұрып аяғын түзете созу) - қалыптық рефлекс.

Табан массажы - сипау.

Аяқтың башпай саусақтарын бүгіп-жазу - табандық рефлекс.

«Билету»-аяқ рефлексі (2,5-3 айлық шақтан). Айналысу ұзақтығы - 5-6 мин.

3-4 айлық шақ қол бұлшық еттерін бүгілдіргіштердің фи­зиологиялық гипертониясының жоғалуымен, кейбір ықтиярлы қозғалыстардың-дене қалпын өзгерту (шалқалап жатудан жамбастап жатуға, содан соң етпеттеп жатуға аударылу) көрініс беруімен сипатталады. 3 айлық шаққа таман қолтығынан ұстап сүйеген кезде аяғын жақсы басып тұру байқалады, бала етпетінен жатып басын жақсы ұстай алады және иық тірейді. Бұл мойын етінің, арқа бұлшық еттерінің нығаюымен сабақтас болып келеді. Дене жаттығулары кешеніне сипау массажынан басқа сылау және аяқ-қолдарды керіп-созу енеді. Қолдардың бұлшық еттер бүгілдіргіштері мен жазылдырғыштары тонусының теңесуі орнығумен байланысты қолға  арналған бәсеңдеу жаттығулар ендіріледі (қолды төс үстінде айқастыру және құлашын жазу). Бәсең жаттығуларды жасау кезінде жүйке орталықтары мен бұлшық еттердің тиісті топтары арасында рефлекторлық байланыс пайда болады. Жаттығуларды қайталағанда шартты рефлекторлық байланыстар нығаяды және белсенді қимылдардың жетілуі үшін негіз болып табылады. Бәсең жаттығуларды қолдану қозғалысты дәл де дұрыс етіп шығаруға, қажетті күш салуға, бұлшық ет әрекеті үстінде тиісті физиологиялық әсер алуға көмектеседі. Бұл жаста шартсыз рефлекстер (тері-бұлшық еттік және дене қалпы рефлекстері) әлі де анық байқалады, жаттығулар кешеніне рефлекторлық сипаттағы тиісті жаттығулар ендіріледі. Баланың белсене қатысуымен орындалатын қозғалыстың осы түрінің үлкен физиологиялық құны бар екенін атап өту керек, өйткені ол қимыл-қозғалыстық функцияны, сондай-ақ баланың барлық мүшелері мен жүйелері функцияларын жандандырады. Мысалы омыртқаны және аяқты жазу (қалыптық рефлекс). Баланы бір қолымен төсінің астыңғы жағынан ұстап, екінші қолмен созған аяғынан ұстап жоғары көтеру, баланы үстел үстінен жоғары көтеру, мұндайда ол рефлекторлық түрде жотасын жазады және басын көтереді. Осы белсенді қозғалыс арқа, мойын бұлшық еттерін нығайтады. Рефлекторлық сипаттағы жаттығуларды шартсыз рефлекстер анық байқалып тұрғанға дейін пайдалана беру қажет. Шартты қимыл-қозғалыстық реакцияларды дер кезінде  және мейлінше жетілдіруді дамыту мақсатымен, сондай-ақ тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және басқа жүйелердің функциясын күшейту үшін кешенге тиісті белсенді-бәсең жаттығулар ендіріледі. Мысалы, шалқасынан жатқан жерінен қарнына аунату, аяқ бастыру т. б. Бұл қозғалыстар ересектер көмегімен болса да баланың белсене қатысуымен орындалады. Бұл кешен біріншісінің табиғи жалғасы болып табылады. Оның ұзақтығы-5- 6 минут.

4 айдан 6 айлыққа дейінгі шақ аяқ бұлшық еттерінің   бүгілдіргіштері мен жазылдырғыштары аралығында теңдік орнатумен,  мойынның алдыңғы жағындағы бұлшық еттерді нығайтумен сипатталады. Бала бұл шағында шалқасынан жатып кеудесін көтеруге, яғни отыруға талпынады. 4 айлық шағында бала екі қолынан ұстап демесе, ал 5 айлығында бір қолынан   демесе отыра алады. Қолтығынан ұстап демеген кезде аяғын тік басып тұрады, екі қолынан ұстап демегенде тұра бастайды. Тік тұрғанда қимылдап-қозғалу көрініс береді. Бес айлығына таман қолтығынан демеген кезде бала аяқ басуға талпынады, ал 6 айлыққа таман аяғын жап-жақсы баса алады. 6 айға таянғанда етпетінен жатқан жерінен шалқасынан аунап түседі, қолын тіреп ойыншыққа қарай еңбектеуге тал­пынады. Жаттығулар кешеніне аяққа арналған бәсең жаттығулар ендіріледі, белсенді рефлекторлық жаттығулар қолданылады (қалыптық рефлекстер негізінде): қолды көтеріп ұстап тұрып кеудені бүгіп, жазу. Ересектер көмегімен атқарылатын белсенді жаттығулар ендіріледі: қолынан ұстап отырғызу, қолтығынан, қолынан демеп тәй-тәйлау. Жаттығуларды санап тұрып орындау кең пайдаланылады (дыбыс сигналына қимылдық-шартты рефлекстер тәрбиесі), осы арқылы баланың ырғақ-қозғалысы қамтамасыз етіледі. Кешенге аяққа және қолға, арқаға, қарынға, кеудеге, табанға арналған массаж ендіріледі. Сипау, сылау, уқалау тәсілдері пайдаланылады. Дененің жекелеген мүшелеріне масаж жасаудың әр түрі әрқашанда сипап-сылаумен басталып, сонымен аяқталады. Жаңа дене жаттығулары және массаж жасау тәсілдері кешенге бірте-бірте, баланың жетілуіне және оның алда өткен жаттығуларды игеруіне қарай ендіріледі. Кешеннің ұзақтығы – 6-8 минут. 6-9 айлық шақта балаларда ықтиярлы қозғалысқа деген қабілеттілік шапшаң артады, қимыл-қозғалыстар барған сайын сараланып, үйлесімді бола түседі. Мәселен, 1 айлығында бала етпетінен жатқан жерінен өз бетімен шалқасынан аунап түседі, 7 айлығында төрт тағандап тұрады және еңбектей бастайды, 8 айлығында өздігінен отырады,  қоршауға жармасып орнынан тұрады т. б. Сонымен бірге тиісті тері-бұлшық еттік рефлекстердің және қалыптық рефлекстердің көмегімен болатын қимыл-қозғалыстар оларда көмескі көрініс береді немесе тіпті көрініс бермейді. Статикалық функциялар дамиды: сүйенбей отыру және сүйеніп тұру. Осыған байланысты кешендерге арқа және аяқ бұлшық еттерін нығайтатын жаттығулар қосылады, еңбектеуге жаттықтыру ендіріледі. Бала неғұрлым ерте еңбектесе және көп еңбектесе, кеуде, аяқ, иық бұлшық еттері соғұрлым жақсы нығаяды, бұл отыру, тұру, жүру дағдыларын жетілдіру үшін маңызды. Алты айлығынан бастап балада заттарды қолында ұзақ уақыт ұстау қабілеті көрініс береді, бұл қол басы және саусақтардың майда бұлшық еттерінің жақсы жиырылғыштық қабілетімен сабақтас келеді. Бұл шығыршықтармен жаттығуға мүмкіндік береді. Екінші жарты жылдықта сөзді түсіну дамиды, осыған бай­ланысты сөздік нұсқаулар енгізіледі, ол көру (ойыншықты) және қозғалыс (мысалы, аяқ көтеруге көмектесу) сигналдарымен толықтырылады. Бұл жаста қол массажы жасалмайды, аяқ массажы аяқтың бұлшық етін нығайту қажет жағдайда қалдырылады, арқа, кеуде, қарын массажы міндетті түрде болады. Массаждың барлық түрлері: сипау, сылау, уқалау пайдаланылады.

           6 айдан 9 айлыққа дейінгі балаларға арналған дене жаттығуларының үлгі кешені:

Шығыршық ұстап, қолды айналдыра қозғау (белсенді бәсең жаттығу).

Карын массажы - сипау, сылау, уқалау.

Аяқты тікейте көтеру (бәсең жаттығу).

Табан массажы - сипау, сылау, уқалау.

Арқадан қарынға аудара аунату (белсенді жаттығу).

Иықты артқа қайқайту (белсенді-бәсең жаттығу).

Кеуде массажы - сипау, сылау.

Шығыршықпен бірге қолды кезектестіре бүгу және жазу (белсенді-бәсең жаттығу).

Қарын массажы - сипау, сылау, уқалау.

Отырғызу (белсенді-бәсең жаттығу).

Баланы қолынан ұстап тұрғызу (белсенді жаттыгу).

Еңбектеу (белсенді-бәсең жаттығу).

Тәй-тәйлау(белсенді жаттығу).

9 айдан 12 айлыққа дейінгі  шақта бір қолынан демегенде тұрады, жатқан жерінен бас көтеріп отырады, отырған күйінен қисайып жатуға ауысады. Бала қозғалатын заттың артынан (қоларба т. б.) жылжып қадымдайды, қаз-қаз тұрады, бір қолынан демегенде жүреді, өз бетімен алғашқы адым жасауға талпынады. 12-13 айлығында өз бетімен жүре  бастайды, сүйенішсіз тұрады, тізе бүгеді, тұрады, заттарды көтере бастайды. 9-12 айлық шақтағы балаларда оларды өз бетімен тұруға және жүруге әзірлейтін белсенді, үйлесімді қозғалыстардың едәуір жетілгендігі байқалады. Осыған байланысты кейбір тұрып орындайтын дене жаттығулары беріледі. Бала кейбір дене жаттығуларын ересек адамның сөзі бойынша орындай алады. Баланың белсенділігін және оның ынтасын едәуір көтеру үшін қарапайым құралдарды - шығырларды, таяқшаларды пайдалану керек. Бұл шақта массаждың негізгі түрлері жасалмайды, бірақ қарын және арқа массажын қалдырған жөн. Дене жаттығуларымен айналысу балаларда заттар, әрекеттер және осы заттар мен әрекеттер арасындағы байланысты дамытуға көмектеседі, сондықтан сөзбен нұсқау беруді кең пайдалануға болады. Бұл шақтағы балалар үшін ересектердің аздаған көмегімен немесе өз беттерімен айналысатын белсенді жаттығулардың, яғни қозғалыстардың санын арттыра ендіріп отыру керек: қолды айналдыра қозғау, аяқты тік ұстап көтеру, шығырды ұстап тізе бүгіп отыру, қарынымен немесе төрттағандап еңбектеу т.б. Дене жаттығуларымен айналысқан кезде тәрбиешінің баламен сөйлесуі, онда күлкі, уіл тудыруға талпынуы керек. Балалардың белсенді қозғалыстарын көтермелеу үшін әр түрлі жарқын түсті, дыбыс шығаратын ойыншықтарды көрсетуі, тиісінше сөзге ынталандыруды қолдануы керек. Тәрбиеші де­не жаттығуларымен айналысудың бүкіл барысында баланың белсенді қалыпта болуына ұмтылады. Шаршаудың алғашқы белгілері кезінде-ақ (сылбырлық, саусақ сора бастау т. б.) ба­ланың тұру қалпын өзгерту немесе тыныс алу жаттығуларын, сипап-сылау массажын жасау қажет. Егер бала мазасызданатын, жылайтын болса, айналысуды тоқтатып, оның тынышталуын күту керек. Дене жаттығуларымен айналысқан уақытта, жазда, баланың үстінен барлық киімін шешіп тастайды, ал жылдың суық кездерінде оның кей киімдерін (кофтасын неме­се ползункиін) шешеді. Дене жаттығуларымен және массажбен айналысу тәрбиешінің балаларды түгел көріп түруы, ал манеждегі балалар оның даусын естуі және сондай-ақ оның қимылдарын байқап отыруы үшін топқа арналған бөлме ішінде өткізіледі. Бұл бөлмені алдын ала жақсылап желдету керек. Yй ішінің температурасы 22с-тан төмен болмауы тиіс. Жазда, температураның жылылығы 220-тан астам және жел жоқ кездерде сабақты ашық ауада, көлеңкеде өткізу ұсынылады. Сабақты белгілі бір сағатта, дұрысы, баланың белсенді де көңілді шағында, түске дейін, бірақ, тамақтанған соң кем дегенде жарты сағаттан кейін өткізген жөн. Массаж бен жеке сабақтар үстіне жұқалап мақта төселіп клеенкамен қапталған арнаулы үстел үстінде (биіктігі 72-75 см, ені 70-80 см, ұзындығы 120 см) өткізеді. Сабақ кезінде үстел  үстін әр бала үшін жеке ақ жамылғы немесе жаялықпен жабады. Мұндай үстел орнына қажетті жағдайда ағаш немесе фанер қалқанды (өлшемдері 60-70х85-100 см) қолдануға болады. Қалқанды баланы жаялыққа орайтын үстел үстіне немесе екі қабырғасы жоғары көтеріліп, жақсы бекітілген бала төсегінің үстіне көлденең қояды да үстін жұмсақ көрпемен жабады, оның үстіне шағын клеенка төсейді. Әр баламен айналысар алдында қолын жылы сумен мұқият сабындап жуып алуы керек. Баланы суық қолмен ұстау жағымсыз түйсік, жағымсыз әсер тудырады. Тәрбиешінің тырнақтары тұқылданып алынуы тиіс, айналысқан кезде ол сақина, сағат т.б. алып тастауы қажет, киімінде ілгекті заттар т.б. түйреуіш, ине болмауы керек. Массаж жасаған кезде бала терісіндегі тері көздерін бітеп тастамау үшін тальк (ұнтақ), вазелин қолданбау керек. Бұл кезеңдегі балалардың үйдегі ваннада немесе хауызда (бассейнде) жүзуі секілді денені дамыту құралдары бүгінгі күні өте кең тарап отыр. Жүзуге үйретуді бала дүниеге келгеннен кейінгі 2 аптадан 3 айға дейінгі аралықта, жүзу рефлексі жойылмай тұрғанда бастаған дұрыс (өйткені бала ананың құрсағында үнемі қимылдаумен болады-ол жүзіп, қалықтап жүрді). Ал егер бұл жаттығуды екі жыл бойы жалғастырса, бұл дағды өмір бойы сакталатындығына сенуге болады. Сауықтыру жүзуімен шұғылданатын балалар жылдам дамиды, аз ауырады, ерте жүріп кетеді. Жаттығу кезіндегі су температурасы 36,5 градустан төмен болмауы тиіс, ал су ішінде болатын уақыт 10-15 минуттен аспасын. Егер сырқаттануына байланысты жаттығуда үзіліс болса, онда үзілістен кейінгі жаттығуды бастапқы температурадан бастаған дұрыс. Емшектегі балаларды жүзуге үйретуді аптасына 3-4 рет, онда да ұйқыға дейінгі екі тамақтанудың алдында жүргізген жақсы. Дененің өзге мүшелеріне қарағанда жаңа туған баланың басы өте ауыр болатындықтан, оны міндетті түрде демеп, ұстау қажет. Алғашқы жаттығу уақытында баланы аяғынан бастап, арқасымен суға баяу батыру керек. Бұдан кейін ол астаудың шетінен аяғымен рефлекторлы түрде итерілетіндей етіп, суда оны жан-жақка қарай қозғай бастау қажет. Кеудесімен жүзгенде оның иегінен демеп ұстап, су жұтып коймауын қадағалау керек. Нәресте есу қимылдарын жасай бастаса, оны бір қолмен демеуге де болады, ал кейін қолмен ұстап, демемесе де болады. Баланың басы судың бетінде болуы үшін телпекке пенопластан істелген қалытқыны бекіту қажет. Айға толғаннан кейін, егер бәрі жақсы болып келе жатса, тыныс алуды кідіртуге баланы үйретуге болады. Баланың басын демеп, ұстап, оны 4-10 секунд  суға батыру керек (ауыз бен мұрын суға батқанда). Жүзуге үйрету басталғаннан кейін бір ай өткесін, ваннада баланың болатын уақытын өсіруге болады және ол 5 минуттан көп болмасын. Кейін келесі айда тағы 5 минутқа және осылай жалғастыра берген жөн. Жасқа толған бала ваннада сағаттан астам бола алады. Су температурасын 36,5 градусқа дейін біртіндеп және ұқыпты түрде төмендету қажет. Бірақ басты шарт - бала жүзуден қанағаттанғандық сезім алуы тиіс, бала тарапынан жағымсыз сезім-әсер байқалса жаттығуды өткізуге болмайды. Бір жасқа дейін жүзумен белсенді айналысқан нәрестелердің, жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі бір жылда салмағы өсетіндігі байқалады, ақырында келесі жылда (2 жасында) қозғалыс белсенділігінің өзге бір түрін таңдау қажет болады. Өмірге келгесін 1-ші айдың аяғында сылап-сипауды, ал 2-айдан бастап гимнастиканы жасаған пайдалы. 1,5 айдан 3 айға дейінгі балаларға ішпен жату, табан үшін жаттығулар, бүйірмен жатқанда омыртқаларды бүгу, жазу секілді шартсыз рефлекстерге негізделген жаттығуларды ұсынуға болады.

3 айдан 4 айға дейінгі балалар үшін төмендегідей жаттығулар ұсынылады: қолдарды жанға созып оларды кеуде тұсында айқастыру, колдан демеп ұстап арқасынан етпетіне қарай аударып жатқызу, ішпен жатқанда басты артқа қарай шалқайту, аяқтар үшін жаттығулар.

4-6 айлық балалар үшін еңбектеуге ұмтылдыратын және затты алуға икемділікті дамытатын жаттығулар - шалқалап жатқан қалыптағы "сырғанау адымдары", аяқтан демеп ұстап арқада жатқан қалыптан ішіне аудару, шалқалап жатқан қалыпта қалықтау, аяқтар бірге ұсталғанда алма-кезек бүгіп, жазу, шалқалап жатқан қалыптан дененің жоғарғы бөлігін көтеру.

6 айдан 10 ай аралығында нәрестелерге: кеуде мен аяқ еттері үшін  дұрыс отыруға, тұруға, жүруге дайындайтын жаттығулар, жанға созылған екі қолдан ұстап отырғызу, еңбектеу және т.б.

10 айдан 1 жас 2 ай аралығындағы нәрестелер үшін - кеудені еңкейту  және аяқтарды тіке ұстап, кеудені жазу, жазылған аяқтарды көтеріп ұсталған таяқшаға дейін көтеру, аяқтарды бірге ұстауға тырысып, дербес өзінің отыруы, алға еңкею, артқа шалқаю: ересек адамның тізесінде отырғанда, баланың қолынан ұстап, отырған қалпынан.

Осы жастағы балалардың дене тәрбиесі 3 бағытта болады:

§  баланың қозғалғыштығын арттыру (еңбектеуде, жүруде, жүгіруде);

§  есту аппараттарының кызметін дамыту;

§  қолдардың ептілік дағдыларын қалыптастыру.

Баланың қозғалғыштығының ерте дамуы, оның денесінің ақыл-ойының, әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Дүниеге келген сәтге балалар қозғалуға жаттықты - 7 айлығының өзінде бірден жарыққа жылжып шығуға толық дайын болады. Бала қаншалықты жылдам және ойдағыдай жылжып, еңбектеуге үйренуі, біздің оған қандай мүмкіндік туғызуымызға байланысты (Г.Домен, 1995).

Бір жастағы сәбилердің дене жаттығуларымен шұғылдануын өткізудегі әдістемелік ұсыныстар:

-баланы етбетінен жиі жатқызу керек ("арқаны жоғары қарата, әдеттегі жағдайға қарама-қайшы, қорғаныссыз қалып";

-еңбектеу үшін қауіпсіз жэне гигиеналық жағдайларды жасау (жол немесе еден, табиғи жамылғы, бірақ өте түкті, қылшықты болмасын);

-баланы қолдан ұстап тік қалыпта жиі, бірақ аз ғана уақыт ұстау маңызды (арқа мен мойын еттерін нығайту үшін).

-көрінетін және жететіндей жерге, өзі қозғалуға жағдай туғызу үшін, ойыншықтарды ілу және кою. Баланың алдына бір зат қойып, осы нысанаға жетуге оны қолдай, оған бірінші жетуге мүмкіндік жасаңыз. Мысалы, бала затқа жорғалап жетіп, оған бірінші болып қол тигізсін. Ата-аналарға тән қателік - бала жорғалайды, ойыншықты ұстағысы келеді, ал ата-аналар соңғы сәтте ойыншықты қайсыбір аралыққа қашықтатып қояды. Бала тағы да еңбектеп жеткенмен, ойыншықты кейін ысырады. Бұл соншалықты азапты шаруа екендігін түсінуге балаға онша көп уақыт кажет болмайды.

Жаттығуды тамақ ішкеннен кейін 40 минут өткесін ғана бастау керек, қолдардың, аяқтардың және кеуде қозғалыс-қимылдары кезектесуі тиіс. Әрбір жаттығуға арқа мен іштің еттерін дамытуға себепші болатын жаттығулар енгізілуі керек. Жаттығу орындау барысында айту, нұсқаулар қатар жүреді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шетел мультфильмдерінің бала психикасына әсері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Шетел мультфильмдерінің бала психикасына әсері

 

Анимация – ұлы өнер. Тіпті оның мүмкіндіктері кинодан да асып түседі. Мәселен, қандай да бір философиялық ойды жеткізгің келсе, жансыз денеге «тіл бітіріп» сол арқылы беруге болады. Сол себепті де анимация әлемінің қыр-сырын меңгергісі келген жасқа бірінші кезекте шығармашылық көзқарас пен еңбекқорлық қажет. Бұл саланың жүгі, әсіресе, сонау алғаш кезде, қазақ анима­циясының бойына қан жүгіре бастаған тұста ауыр болды. Себебі ол заманда суретшілер 1 минуттың орнын толтыруға 1500-ге жуық сурет салуы тиіс еді. Ал 10-15 минуттық мультфильмдер шығару үшін қанша еңбектену керек? Сон­дық­тан да анимацияны күрделі өнер қата­рына жатқызамыз. Өйткені мульт­кейіпкердің әрбір сөзіне, әрбір қада­мына үлкен мән беріледі. Мұнда ұқыптылық пен сабыр­лы­лық қажет. Кейіпкердің көңіл күйін, сөйлеген кездегі еріндерінің қимылын дұрыс жеткізу үшін әрбір ұсақ-түйекке мұқият қарап отыру керек. Ани­мацияда еріншек­терге орын жоқ.

Қазір барлық озық елдерде «motion capture» техно­логиясы қолданылады. Онда мульт кейіпкерді адам өзі қозғалтып, өзі күл­діре алады. Десе де, белгілі мультипли­катор Ф.Хитрук суретшінің саусақта­рының ізі қалмаса, компьютерге са­лын­ғанда натурализм өлі боп шығады дегенді айтқан екен. Талай анимациялық фильмдер тудырған шебердің бұл айт­қаны дұрыс секілді. Себебі бұрындары суретшілер мыңдаған сурет салатын. Сол суреттің барлығында шебер қолы­ның табы қалады. Сондықтан да ол кездегі картиналар көзімізге оттай басылып, ескіргеніне қарамастан көре бергің келіп тұрады. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 838 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2015 1166
    • DOCX 105.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жубатова Жанар Сагынгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жубатова Жанар Сагынгалиевна
    Жубатова Жанар Сагынгалиевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43404
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 54 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель испанского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 28 регионов

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 33 регионов

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 14 регионов

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе