Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыШетел тіліне оқытуда интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдалану

Шетел тіліне оқытуда интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдалану

Скачать материал

Соңғы 10 – 15 жылдың ішінде компьютер мен компьютерлік ақпараттар біздің өмірімізге белсенді түрде ену үстінде. Бүгінгі күнде компьютер – бұл ақпаратты алу мен өңдеудің, компьютерлік және желілік технологиялардың мүмкіндіктерінің өте қуатты құралы, олардың жылдамдығы ақыл – ойды таң қалдырарлықтай дәрежеде. Сондықтан да бұл құралдардың қазіргі заманғы оқу процесіне енуі заңды құбылыс.

Әлеуметтік – мәдени компетенцияның тиімді жолдарын іздестіруде зерттеушілер арасында бұрын болмаған үлкен мүмкіндіктері бар компьютерлік технологиялар үлкен қызығушылық тудыруда. Атап айтқанда, вертуалды кеңістікке, аутентті вертуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену көптеген зерттеуші - әдіскерлермен аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. 

Егер шетел тілінде оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге толығырақ тоқталсақ, келесілерді атауға болар еді: мысалы, студенттер Интернет тораптарында берілетін тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына – телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламалар тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың қандай да түрлерін қолдауға мүмкіндіктер бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі, интерактивтілік (жылдам кері байланыс мүмкіндігі), іздеу жүйелері арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды түрлі тасушыларға ауыстырып салу және т.б. сияқты Интернеттің артықшылықтары пайдаланылады.

Интернет шетел тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.

Дегенмен, Е.С Полаттың көрсетуі бойынша, «қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттың-тақырыптың ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан, диалектикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекте болып табылады». Демек, Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады.

         Бұған қоса, ғаламдық желінің ақпараттың ресурстарын қолдана отыра, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес диалектикалық түсініктемелер беру арқылы диалекикалық мәселелердің келесі қатарын тиімді шешуге болады:

-         күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды тікелей пайдаланып, оқылым дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;

-         Интернеттен алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде монологтың және диалогтың айтылым білігін жетілдіру;

-         Жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінен басқа да эпистолярлы өнімдерін дайындауға қатысу арқылы жазбаша тіл білігін жетілдіру;

-         Активті және пассивті сөз қорын қоғамның әлеуметтік және саяси құбылысын, мәдениет дамуының белгілі сатысын білдіретін қазіргі ШТ лекциясымен толтыру;

-         Өз бойында тілдік этикетті, түрлі халықтардың қатынас жасау жағдайында тілдік тәлімінің ерекшеліктерін, оқылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін қамтитын мәдени танымдық білімдерімен танысу;

-         «Тірі» материалдарды жүйелі түрде қолдану мен қызығушылық тудыратын мәселелердің талқылау негізінде өзге тілді қызметтің мақсаты мотивациясын қалыптастыру.

Тәжірибелік сабақ үстінде тікелей Интернетке кіруге мүмкін емес, себебі бүгінде жеткілікті компьютерлер саны мен Интернетке тегін кіру мүмкіндіктері бар жабдықталған кабинеттер оңай табыла қоймайды, әрі кабинеттердің техникалық жабдықталуы желінің барлық мүмкіндіктерін толық пайдаландырмай отыр. Бүгінгі біздің жағдайымызда ұдайы қызмет түріне пайдаланушылардың көпшілігінің қолы жетпей отыр. Интернетті оқу үрдісіне толыққанды құрал ретінде ендіру жөнінде айту әлі ертерек, бірақ біз Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық (статикалық немесе динамикалық) және дыбыстың ақпаратпен қамтамасыз ете алатынына сенеміз. Мұнда оның басты және маңызды ерекшелігі ретінде оның аутенттілігі саналады. Бұған біз Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты сабақтың мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы өндірілуі жөнінде айта алатынымыз анықталды.

Интернеттің қандай деңгейде қолданылуының келесі мүмкіндіктерін атауға болады:

-         оқытушы сабақ өткізер алдында тәжірибелік сабақты өткізуі үшін қандай да бір аутентті материалдарды таңдай алады;

-         дыбыстық ақпаратты жазып алуға болады (дыбыстық плата болған жағдайда);

-         тіл тасушыларының түрлі тақырыптарға қызықты сөздерін қажетті қалыпқа дейін қысқартып алуларына болады;

-         жөндеп алынған түрлі мәселелерге ақпаратты ауызша талқылау, пікірталас өткізу;

-         тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының мәдениетінде оның қызмет ету ерекшеліктерін көрсететін идеомалар, мәтелдер, неологизмдер және т.б. алынатын нақты хабарламаларын, ауызша немесе жазбаша айтылымдарына лингвистикалық талдау жүргізу;

-         тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық анықтамалардан, сөздіктерден, елтанымдық сипаттағы анықтамалардан алынған материалдарды пайдалану.

Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігінің әлеуметінің жоғары болуына қарамастан, оқытудың нәтижелері күткендей болмайды. Көптеген әдіскерлер компьютерлік оқытудың өзін ақтамай жататындығын, көптеген бағдарламалардың Интернет сайттарының әдістемелік көзқарас тұрғысынан әлсіз болуымен, оқытудың міндеттеріне жауап бере алмайтындығына, елеулі шектеулері болуы мен дәстүрлі оқыту технологиясымен  бәсекелесе алмайтындығымен байланыстырады. Басты мәселе, жаңа құралдардың кемшіліктерінде емес, компьютермен соған сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етулердің болуымен қатар, оқытушының олардың пайдалану әдістемесін меңгергендігінде және осы әдістемені практикада іске асыра алуында.

Қазіргі таңда шетел тілін меңгеру әлеуметтік маңызды фактор ретінде күннен – күнге дамып келе жатқан мультилингвалды және мультимәдени әлемде болашақ азаматтың тәжірибелік және кәсіби тұрғыда дайындығының кепілі болып отыр. Елбасының жолдауында көрсетілгендей, алдыңғы елу мемлекеттің қатарына кіру және бірнеше шет тілін білу, үйрену, сондай-ақ компьютерді жетік меңгеру ХХІ ғасыр жастарының негізгі мақсаты болмақ.

Қазақстан Республикасының шетел тілінде білім беру бағдарламасында 2015-ші жылға дейін шетел тілінде білім беру саласын дамыту көзделіп отыр. Бағдарламаның мақсаты шетел тілінде білім берудің негізгі бағыттарын анықтап, ұлттың кеңістігіне шығару. Осыған орай мәдениеті жоғары, жаңа ғасыр адамын қалыптастыру міндеті мен оған білім беру ісін ілгерілендіру қажет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шетел тіліне оқытуда интернет мүмкіндіктерін тиімді пайдалану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 791 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2015 1214
    • DOCX 37.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бисенгалиева Айнур Сагымбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 31395
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения немецкому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель немецкого языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 242 человека

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек