Инфоурок / История / Конспекты / Шетелдерге қазақ диaспорасының қалыптасуы.
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Шетелдерге қазақ диaспорасының қалыптасуы.

библиотека
материалов

Шетелдерге қазақ диaспорасының қалыптасуы.



1.Қазақтардың Қазақстан аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару себептері.

Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты.Олардың бір бөлігі ирредента,ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі ата-мекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады.Алайда өкінішке қарай,қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі,отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында болып шықты.Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып,өзге халықпен бірге тұруы болып табылады. Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы XIX-XX ғасырлар шебінде жиі орын алды.Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты.Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да,шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді.Міне,мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған,дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғанан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды.Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағынан тастап Қытайға көшіп кетті.



2.Ресейдің ішкі губернияларындағы қазақтар.

Қазақтар Ресей империясымен шекаралас аймақтарда сонау ерте замандардан бері,Ресей отаршылдығы басталудан көп бұрын көшіп- қонып болатын.Кіші жүз қазақтары Еділ мен Жайық өзендерінің аралығын сонау XV-XVII ғасырларда-ақ емін-еркін жайлап,көшіп-қонып жүрді.XVIII ғасырда қазақтардың едәуір бөлігінің Оңтүстік Оралда башқұрттармен аралас көшіп-қонып жүргені де белгілі.Башқұрттар мен қазақтар көп жағдайда ауылы -аралас,қойы қоралас бірге көшіп-қонып,жайылымды бірге пайдаланып келді.Қазақтар мен башқұрттардың төскейде малы,төсекте басы қосылып,құда-жекжат болып туысып кеткен тұстары да аз емес.Олар жиын –тойлар мен үлкен астарда ат жарысын,балуан күресін ұйымдастырып,талай қызықты күндерді бірге өткізген болатын.XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында Орынбор өлкесіндегі шекара шебінде әскери бекіністер салу үрдісі қызу қарқын алғанын білеміз.Қазақ халқы өздерінің бұрыннан отырған ата қоныс жерлерінен кең-байтақ даланың ішкі жағына қарай бірте-бірте ығыстырыла түсті.XVIIIғасырдың 30-80-жылдары арасында қазақтар Жайықтың оң жағалауындағы өздерінің дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алу үшін талай рет әрекет жасап та көрді.Бірақ одан еш нәтиже шығара алған жоқ.Ұзақ жылдар бойы күш-жігер жұмсай отырып,1782жылы <сенімді> деген көшпелі Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі ғана қыс кезінде уақытша көшіп барып,бұрынғы жерлерін қыстап шығуға рұқсат алды.1801жылы Кіші жүз қазақтарының бір бөлігіне Жайықтың оң жағалауында қайта көшіп баруға ресми түрде рұқсат берілді.Мұның өзі Ішкі Орданың (Бөкей хандығының)құрылуына алып келді.1810-1822 және 1835 жылдары патша үкіметі Жаңаелек және Жаңашекара шебі аудандарын Кіші жүз қазақтардың пайдалануынан тартып алды.Сөйтіп қазақтар 4 миллион десятинаға жуық ең құнарлы жерінен айырылып қалды.Кейін ол аудандар Орынбор губерниясының кұрамына өтіп кетті.1897жылғы Жалпыресейлік халық санағының деректері бойынша Астрахан губерниясы-42,6 мың,Самара губерниясында-7,6мың,Орынбор губерниясында-3,9мың қазақ тұрған болатын.Астрахан губерниясына карасты Ішкі Ордадағы қазақтардың саны207,3мыңға жетті.Қазақтардың аздаған бөлігі Пермь,Уфа,Саратов сияқты басқа бірқатар губернияларда қоныстанды.Қазақтар Батыс Сібірдің оңтүстік аумағында ежелден көшіп-қонып жүрді.XVғасыр менXVIIғасырдың бас кезінде бұл аймақтықазақтардың қыпшақ,жалайыр,арғын,керей және уақ сияқты тайпалық бірлестіктері мекендейді.Оларды Батыс Сібірдің оңтүстік жағындағы аймақтанXVII-XVIIIғасырларда көшпелі жоңғарлар(ойраттар)бірте-бірте ығыстырып шығарған болатын.1752-1755 жылдары Орта жүздің солтүстік аймақтарының жерлерінде Жаңашекара ауданы құрылды.Соның салдарынан қазақтардың солтүстіктегі шекарасы оңтүстікке қарай 200шақырымдай жылжытылды.Ол жерлердегі қазақтар күшпен көшірілді.Қайта-қайта үздіксіз өтініш жасаусың нәтижесінде 1771жылы Орта жүз қазақтары Тобыл және Томск губернияларымен шекаралас аймақтарға уақытша көшіп-қонуға рұқсат алды.Соның өзінде тек «ерекше сенімді» ,«шын пейілдерімен берілген»қазақтар ғана аманат беру және жерге жалақы төлеу арқылы орналаса алды.Патшаның 1788 және1789 жылдары шыққан жарлықтары бойынша Ертіс бойындағы қазақтардың бір бөлігіне өзеннің оң жақ бетінде «мәңгі көшіп-қонып жүруге» рұқсат етілді.Сібір шекара шебінің ішкі жағындағы бос жатқан жерлерді пайдалану мүмкіндігі туды.Қазақтарға алдын ала бірнеше шарт қойылатыны ескертілді:біріншіден,қазақтардың көші-қоны қазыналық елді мекендерге 40 шақырымнан жақындамауы тиіс,екіншіден,олар шекара шебінен асып,30 шақырым ұзап кетпеуі керек.Томск және Тобыл губернияларының аумағында көшіп-қонып жүрген қазақтарға 1880 жылы Құлынды даласынан көлемі бір миллионға жуық десятина келетін қосымша жер бөлінді.Қазақтар ол үшін орыс шаруалары сияқты мемлекетке жылына 6 сомнан салық төлеп тұруға міндетті болды.

1911жылғы есеп бойынша,Томск губерниясында 29 мың,Тобыл губерниясында 9 мыңқазақ тұрған.Қазақтардың шағын бір бөлігі Иркутск,Забайкалье және Якут облыстарында да тұрды.олардың едәуір басым бөлігі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты.Бір қатары орыс шаруалары мен қазақтардың жалдамалы қызметкері және бақташысы болып жұмыс істеді.

Ресейде туып өкен,белгілі қоғам қайраткерлері дәрежесіне дейін көтерілген қазақ азаматтарының қатарына Қошке(Қошмұхамбет),Кемеңгеров,Асылбек,Мұсылманбек және Мұратбек Сейітовтер,Әміре Исин,Мұқан Әйтпенов және басқалары болды.



3.Қытайдағы қазақ диоспорасының қалыптасу ерекшеліктері.

Қытайдағы қазақ диоспорасының қалыптасуы XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ- жоңғар соғысына тікелей байланысты болды.Жоңғарлардың басқыншылық шабуылы барысында қазақтар Жетісу,Тарбағатай аймақтарындағы шұрайлы жайылымдарының едәуір бөлігінен айырылып қалды.Мұның өзі Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының бұрыннан дәстүрлі қалыптасқан көші-қон бағыттарының бұзылуына соқтырды.

Қытай-жоңғар және қазақ-жоңғар соғыстарының барысында Жоңғар мемлекеті тарих сахнасынан кетті.Қазақтар өздерінің байырғы дәстүрлі мал жайылымы жерлерін қайтарып алуға тырысты.Бірақ жоңғарлардың көзін жойған негізгі жеңімпаз ретінде қытай үкіметі қазақтардың ондай талабын қабыл алмады.Жоңғар хандығының орнына Қытайда Синьцзянь атты аймақ құрылды.Онда бекініс-қамал түріндегі қалалар салына бастады.Абылай хан бастаған қазақ билеушілері Қытай өкімет билігі орындарымен бірнеше рет келіссөздер жүргізіп,қазақтардың ежелгі жерлерін қайтарып беру мәселесін қайта қайта қозғаумен болды.Сонымен бірге қазақтар жаңа аумақтық құрылымның жеріне өз беттерімен қоныстануында тоқтатпады.Ақырында Қытай өкімет билігі орындары 1767 жылы қазақтардың Синьцзяньға көшіп,қоныс аударуына рұқсат етті.Бірақ оның есесіне қазақтар ондағы жайылымды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиісті болды.Төлемақының мөлшері әр түліктің 100 басына жылына бір малдан беріп тұру болып келісті.

XIX ғасырдың аяқ кезінде Қытайда 100 мыңға жуық қазақ тұрды.Бұдан кейіңгі жылдардағы халықтың қоныс аудару үрдісі барысында ондағы қазақтардың саны арта түсті.Қазақтардың Қытай шекарасына үдере қоныс аударуының басты себебі патша үкіметінің жергілікті халықтың қолындағы құнарлы жерлерін тартып алуы болды.Сонымен 1911 жылы Қытайдағы қазақтардың жалпы саны 225 мыңға дейін жетті.Ресейден Қытайға 1911 жылға дейін өткен қазақтардың барлығы да 1914 жылы Қытайдың қол астына өтіп,Қытай азаматтығын алды.Өзгелері ел аумағынан күштеп шығарылды.1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезінде патша үкіметінің қудалауына төзе алмаған 300 мыңға жуыққазақ Қытайға өтіп кетті.

Қытайдағы қазақтар мал шаруашылығымен айналысты.Соңғы кезде Шыңжаң қазақтары шекара маңындағы қазақ-орыс саудасын дамытуда маңызды рөл атқарды.



4.Моңғолиядағы қазақтар.

Моңғолияның батыс бөлігінде тұратынқазақтардың негізгі тобын абақ керейлер құрады.Абақтардың басым көпшілігі бұл елге XIX ғасырдың 60-70 жылдары Қытайдан келген болатын.Оларды бастап келгендер Қожамжар,Самырхан сұлтандар мен Көбеш Айтбайұлы,Жылқышы,Ақтайұлы сиақты ру-басылары еді.

Қоныс аударып келудің негізгі себептері Қытайдағы 1850-1864 жылдары тайпиндердің (шаруалардың)және 1862-1878 жылдары дүнгендердің көтеріліс жасауы болды.Көтерілістің негізгі себебі жер тапшылығына байланыстыеді.Қытай үкіметі бұл мәселені шешу үшін< жаңа жерлерді игеру> саясатына көшті,Шыңжаңда жер иеленуші дүнгендер мен қытайлар қапттап кетті.Мұның өзі ондағы қазақтарға қиын тиді.Малдарына жайылым қалмаған қазақтар Моңғолияға қоныс аударуға мәжбүр болды.

Олар жаңа қонысында да мал шаруашылығымен айналысты.Бірақ жалға алып пайдаланған жайылымдары үшін моңғолдарға ақы төлеп тұрды.XX ғасырдың бас кезінде Моңғолиядағы қазақтардың жалпы саны 12 мыңға жуықтады.Моңғолиядағы белгілі қазақ азаматтары Көбеш батыр(1802-1888),Жуанған би,Сүгірбай би,Тілеубай молда және басқалар болды.



5.Түрікменстандағы қазақтар.

Қазақтар Каспий сыртын ежелгі заманнан бері мекендеп келген еді.Олар Түрікменстанға Қазақстандағы ұлт азаттық көтерілістері аяусыз басылғаннан кейін барған болатын.Жазалаушы отрядтардың қаһарынан тек сонда ғана құтыла алатын.Мәселен,1869-1870 жылдары Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Түрікмен жеріне ауып кетті.1897 жылғы халық санағы бойынша,Түрікменстанда тұратын қазақтардың саны 70 мыңға жуық болды.Түрікмениядағы қазақтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.



6.Өзбекстандағы қазақтар.

Қазақтар Орта Азия мемлекеттерінің аумағында ерте замандардан бері тұрып келген болатын. Олар әсіресе Ташкенттің,Жызақтың және Ходженттің төңірегінде көп қоныстанған еді.1820 жылы Ресей саяхатшысы әрі зерттеушісі Е.МЕЙСНДОРФ Бұхар хандығындағы қазақтар туралы былай деп жазды:<Біз қырғыздарды (қазақтарды.-авт.) Бұхараның солтүстік-шығысындағы Қаршы,солтүстігіндегі қарақалпақтармен шектесетін Мианкала маңында көп көрдік>.

Қазақтардың бір қатар бөлігі бұл жаққа патша үкіметінің әскерлері Оңтүстік Қазақстанды Ресей империясына қосып алғаннан кейін қоныс аударған болатын.Олар Кенесары Қасымұлы,Жанқожа Нұрмұхамедұлының және Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістерге қатысып,қуғын көрген,жерінен айырылып қалған қазақтар еді.

1897 жылғы халық санағы Жызақ және Ходжент уезінің аумағында ғана 63 мың қазақ тұратынын көрсетті.Қазақтардың көпшілігі мал шаруашылығымен,бір қатары егіншілікпен айналысты.Бұл аумақта олар заң тәртібіне қатаң бағынатындығымен көзге түсті.Сондықтан да оларға сауда керуендеріне Қазақстан аумағында жол көрсетіп,бастап жүру міндеті сеніп тапсырылды.





7.Ауғанстандағы қазақтар.

Қазақтар Ауғанстанда ғасырдың жылдарында пайда болды.Ондағы қазақтардың алғашқы тобын Кенесары хан мен Наурызбай батырдың жасақтары құраған еді.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін,қазақ сарбаздарының бірқатары патша үкіметі жазалаушы отрядының қуғын сүргінінен кейін құтылу үшін Ауғанстанға асып кетті.Кейінірек оларға патша үкіметінің отаршылдық саясатына назары қазақтардың тобы барып қосылды.Сөйтіп XX ғасырдың бас кезінде Ауғанстандағы қазақтардың саны 2 мыңдай болды.

Сонымен,XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде шекаралас көрші мемлекеттердің аумағында қазақ халқының едәуір бөлігі тұрды.Рас, олардың бірқтар бөлігі ол жерлерді ежелден бері мекендейтін.Ал енді бірқатары қуғын-сүргін(катаклизм) кезінде қоныс аударуға мәжбүр болған еді.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы (XVIII-1914жыл ).Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Алматы:Атамұра, 2008.-352 бет.

2.Қазақстан тарихы 5томдық,Алматы.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-335722

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"