Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / 1-ші Қыркүйекке арналған тәрбие сағаты "Менің Отаным-менің Қазақстаным"

1-ші Қыркүйекке арналған тәрбие сағаты "Менің Отаным-менің Қазақстаным"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным-менің Қазақстаным

Сабақтың мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру.ҚР-ның Конституциясының 20 жылдығы және Қазақстан халқының Ассамблеясына 20 жылдығы туралы білімдерін толықтыру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, мектептеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.

Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.

Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, ойын,сұрақ-жауап.

 Барысы:

І. Кіріспе бөлім.

Мемлекеттік әнұранды орындау.

Тәрбиеші: -Сәлеметсіңдер ме балалар,ата-аналар және біздің қонақтарымыз! Бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің ҚР-ның Конституциясына мен Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жылдығына арналып тұр. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін үлкен мереке күні болып саналады.

Балалар,сендер балабақшада оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алдындар, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.

(балалардың жауабын тыңдау)

Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.

Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?

Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы, біз қай ауылда туып, өмір сүріп жатырмыз?

Балалар: Біз Рузаевка ауылында туып, өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің мектебіміздің аты қалай?

Балалар: Калинов орта мектебі

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер.Балаларды мадақтау.

Ал енді кішкене дем алайық.

Сергіту сәті.

II.Негізгі бөлім:

Тәрбиеші:Балалар 30-шы тамызда қандай мереке болды?

Балалардың жауабы тыңдалады.

-Дұрыс балалар 30-шы тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл болды.1995 жылы 30-шы тамызынан бастап біз жылда осы мерекені тойлап өтеміз. ҚР-ның Конституциясы бұл-әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің құжаты.Бұл құжатта әр түрлі заңдар жазылған.

Суретпен жұмыс(ФОТО КОНСТИТУЦИЯНЫҢ КІТАПШАСЫ)

Тәрбиеші:- Балалар біздің елімізде қандай ұлттар тұрады? кім біледі? -Орыс,неміс,өзбек,қазақ,корей және т.б ұлттар.

Біздің орныққан көпұлтты мемлекетімізде біз бәріміз бір шаңырақтың астында тату болып тұрамыз. Тек сонда ғана біз қойылған мақсатымызға тез жете аламыз. ФОТО ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫНА 20жыл

Міне, осындай тату тәтті, бақытты мемлекетте біз өмір сүріп жатырмыз.

ОЙЫН: «Кім жылдам?» пазл жинау.

Мақсаты :балалардың ойлау қабілеттерін,тілдерін дамыту.

Бұл не? Неден жасалған? Не үшін керек? Қай жерде көрдіңдер?

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.

Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыі үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.




Автор
Дата добавления 01.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров201
Номер материала ДВ-113570
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх