Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Ши тоқу сабақ /4 класс/
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Ши тоқу сабақ /4 класс/

библиотека
материалов

Қазақ халқы ерте заманнан төрт түлік мал шаруашылығымен айналысқан. Төрт түлік малдың жүнін ең басты шикізат ретінде қол-өнер бұйымдарының неше түрілісін жасауға пайдаланған. Жиектелген, көздің жауын алатын әсемде жеңіл сырмақ, оюлы текемет, түскиіз, сан түрлі, сан өрнекті термелер мен қақпа алашалар жүннен жасалынған және әлі күнге тұрмыс сәні. Айталық, жүннен иірілген жіп - жылу ұстағыштығымен, күннің көзің өткізбейтіндігімен, бояу алғыштығымен жоғары бағаланған.

Ел ішінде әр істің қас шебері болған. Аты шыққан қолөнер шеберлері – кілемшелер, киіз басушылар, текеметке ою ойыстыратындар өз өнерлерін ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған. Сөйтіп, өнердің осынау бір мәңгі түрі тұрмысымызда күні бүгінге дейін өз орнын алып келеді.

Мен өзім сабақ беретін жоғары класс оқушыларына еңбек сабағында «Жүннен жасалатын бұйымдар» бөлімін жоспарлап, жүн қырқудан, оны түту , иіру, тоқу, киіз басу, сырмақ сыру, текемет ойыстыру, алаша тоқу сияқты түрлерін оқытып, сол бұйымдарды жасау шеберлігімен таныстырып отырамын.

Қазақ халқының қолөнер бұйымдарының бірі-ши тоқу өнерін оқушыларға төмендегідей сабақ түрінде таныстырып, ши тоқу өнерін толық игерттім.

Сабақтың тақырыбы:Ши тоқу өнерімен таныстыру.

Сабақтың мақсаты:Қазақ халқының ұлттық қолөнер түрінің бірі-ши тоқу өнерімен таныстыру.Шиді тоқу әдістерін үйрету.

Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққы баулу.Халқымыздың сәндік қолданбалы бұйымдарын таныстыра отырып, өнерге деген құштарлықтарын, талғам –танымдарын арттыруға көмектесу.

Сабақты жабдықтау:Ши тоқуға арналған заттар.(Ши , әр-түрлі жіптер, жіпке орайтын тастар), ши тоқитын құралдар:(станок), киіз үйдің макеті, шидің түрлері, шиге түсетін өрнектер (суреттер).

Техникалық құралдар: Эпидиоскоп,күйтабақ ойналатын радиола (күй «Сарыарқа»).

Сабаққа ауылымыздағы халқымыздың сәндік – қолданбалы бұйымдарын жасаудың шебері – Рысқан Мәлібекқызын шақырдым.

Сабақтың мазмұны: I. Өткен сабақтарды пысықтау.

а) Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

*Жүннен жасалатын бұйымдарды атаңдар.(киіз, текемет, сырмақ, қомша, алаша, өрмек, аяқ қап, тоқым т.б).

*Киіз қалай басылады.(Киіз басуға күзем жүні мен қозы жүні қолданылады.Жүнді жуып, кептіреді.Жуылған жүн қайшы мен ұсақталып кесіледі де, оны сабайды.Ши дайындалады.Шидің бір шетінен бастап жүнді бір тегіс жайып, мол етіп ыстық су шашып,ұқыптап орайды.Осы орауды аз уақыттан соң жазып, ыстық су сеуіп, шимен қосып орайды, екі шетін тұйықтап жабады.Қатты буып байлап, тебуге шығады.Ши сыртына жүн қылшықтары шыға бастағанда тоқтатылады.Киіз неғұрлым көп тебілсе, солғұрлым ширақ болады).

*Текеметке оюдың қандай түрлері түседі?(Қошқар мүйіз, тармақ мүйіз, қырық мүйіз, өсімдік тәрізді оюлар, күн сәулесісекілді тармағын жайған шеңберлі оюлар түсіріледі).

*Сырмақтың қандай түрлері бар,және бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?(Сырмақтың екі түрі бар:ақ сырмақ және қара ала сырмақ.Үсті шымқай ақ киізбен жабдықталған, бетіне ақ шуда жіппен ою-өрнек түсіріле сырылған сырмақты ақ сырмақ, ал үсті шымқай қара киізбен көмкерілген, тек қара шуда жіппен ою-өрнек түсіріле сырылған сырмақты қара ала сырмақ деп атайды).

II.Жаңа сабаққа кіріспе.

Қазақ халқының қолөнері көне заманмен астасып жатыр.Талай ғасыр бойы даламен сырласып, көшіп –қонып жүрген халық табиғаттан сұлулықты тани біліп, ою-өрнектерді табиғат көріністерімен байланыстырып, сәндік-қолданбалы бұйымдарды өрнектеген.

Оған дәлел халық шеберлерінің сақталған қолөнер бұйымдары: кілемдер, текеметтер, алашалар, сырмақтар, кестеленген киімдер.Мұндай бұйыдарды Қазақстанның орталықтарынан көптеп кездестіруге болады.Сонымен бірге тарихи ескерткіштер:Есік қаласынан табылған «Алтын киімді адам», «Ахмет Яссауи»мазары, Сауран мұнарасындағы өрнектер көздің жауын ала мың құбылып, қас шебердің шеберлігін мойындатады.(эпидоскоптан «Алтын киімді адам», «Ахмет Яссауи» мазарының суреттері және сақталған ұлттық бұйымдардың бірнеше түрлері көрсетілді).Халық шеберлерінің қолдан жасалған қандай бұйымы болмасын, ол ең алдымен тұрмыстық, одан кейін рухани қажеттілікті өтейді.

III.Жаңа тақырып.Бүгінгі тақырыбымыз «Ши тоқу өнерімен таныстыру» деп аталады.Түркі тектес халықтардың тұтынған өсімдіктерінің бірі-ши өсімдігі. Күні кешеге дейін ши киіз үйлердің көркін асырған әшекейі болған. Бай жихаздалған киіз үйлерде ши тек қазан-аяқ жаққа ғана ұсталып қоймақ, кереге мен туырлықтың арасынан айналдыра тұтылып, туырлықты кереге көгінің жыртылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түсіп, туырлықты қайырып қойғанда, алуан түрлі жіппен ою түсірілген ши үйге өзінше сән берген.(1-сурет).

Шидің екі түрі бар:ақ ши және шым ши.Алуан түрлі боялған қой жүнін шиге орау арқылы өрнектеліп тоқылған ши-шым ши, ал тек ақ жіппен тоқылған ши-ақ ши деп аталады.Шиге сынық мүйіз, сыңар мүйіз және геометриялық ою-өрнектер түсірілген.(2-сурет)

(Ши түрлерін эпидиоскоптан көрсету).

Ши негізінен күзде дайындалады.Шиді қабығын аршып, күнге кептіру қажет,сосын аздап от табына ұстаған жөн.Шиге әр , көрік беретін-жүн. Күзем жүнді жақсылап, су құйылған ыдысқа салып, бояу араластырып, 30-40 минуттай қайнатады. Бояу сіңгеннен кейін, жүнді жақсылап кептіреді. Содан соң оны қайтадан түтеді. Осыдан соң шиге өрнек салу басталады.

Ши тоқуға арналған құралдың белдеуіне аралығы 10см.біркелкі оралған жіптерді асыра ілеміз, аяқ жағына тас байлаймыз.(3-сурет).

Ши тоқуды ары қарай осы ауылдың қолөнер шеберлерінің бірі- Рысхан апай жүргізіді.Оң қолға ши сабағын ұстап, сол қолға аздап боялған жүн аламыз. Алған жүнді ширатып, бір ұшын шимен қоса ұстап, ши сабағын аздап айналдыра отырып жүн ораймыз.Шиге жүнді жақсылап орағаннан соң жүн ұстаған қолымызды ши сабағынан аздап жылжытып, әрі қарай жүнді шиге орай береміз. Белгіленген жерге жеткен соң сол қолмен жүнді ши сабағына қыса ұстап, жақсылап ораймыз, келесі жүнді орау осылай жалғаса береді.(3-сурет а,б).

Жүнмен оралған шилерді бір-бірімен қатарластыра қойып отыру керек. Жобадағы көрсетілген өрнектер ши сабағына толық орнатылып біткен соң ши сабақтарын көлденең орналастырылған белдеуге бекітіп, жіп байлаған тастарды екі жаққа айқастыру арқылы тоқу жұмысын жүргіземіз. Тоқып біткен соң жіп ұштарын жақсылап байлаймыз.

Рысхан апайдың ши тоқуды қалай жүргізетінін әбден түсінгеннен соң, оқушы балаларды біртіндеп шақырып, ши тоқуды ары қарай оқушылардың өздері жүргізеді.

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар берілді:

1.Шидің қандай түрлері болады?

2.Шиді не үшін пайдаланады?

3.Шиді қай кезде дайындайды?

4.Қойдың қандай жүні пайдаланылады?

Оқушылар түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап берді.

Қыз балаға неше өнер болса да аз. «Қыз ермеккестесімен көркем», «ою ойған сызу да сызады», «Ойсыздан оюшы шықпайды» деп халық мәтелдерінде айтылғандай қыз баланың өнерлі болғаны жақсы. Ол баланың болашағына пайдалы.

«Білмеген нәрсені сұрап алуды ар көрме, адам сұрап білмесе, ештеңе үйренбейді» - деген шығыс ойшылы Сарайидің сөзінде көп мән жатыр. Не нәрсемен айналыссаң да, үлкендерден сұрап біліп, талаппен бастап, талғаммен аяқтау керек.

Оқушыларды қазақ қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарымен таныстырып, бейімдесек, біз оларды халық өнеріне біршама жақындатып, халықымыздың осынау өшпес өнерін бойларына сіңіріп, ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыруға көмектесетініміз даусыз.



Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров220
Номер материала ДВ-187548
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх