Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Шығарма "Елбасы жолы - болашақтың алтын көпірі!"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Шығарма "Елбасы жолы - болашақтың алтын көпірі!"

библиотека
материалов

«Елбасы Жолдауы – болашақтың алтын көпірі»



«Қанша қиындық көрсе де, абзалдығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, қазіргідей қиыр – шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап,өз талайын тағы бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай мақтаныш етпеспін. Қалайша бас имеспін!»


Н.Ә.Назарбаев


Табиғат тылсымына көз жүгіртейікші. Аспан әлемінде миллиондаған жұлдыздар жымыңдайды. Сол сансыз жұлдыздар ішінен даланың бозала таңының жаршысындай жап-жарық жұлдыз жарқырайды.

Шолпан жұлдыз!

Бүкіл әлемге жақсылықтың нұр сәулесін шашып, ғаламат сезімге бөлейтін бұл жұлдызды, мен, еліміздің арқа сүйері, халықтың сенімі мен үмітіне айналған Елбасы Нұлсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға балаймын. Ия, тәуекелшіл ұлтына, асыл жұртына еңкейе бас иген біртуар перзентін өздерінің биік шоқжұлдызына неге теңгермеске?

Сонау шулы да шырғалаңы мол ғасырлардың жұмыр басты пендесінің шақшадай басын шарадай еткені – тарих беттерінің еншісінде қалсын. Алайда, ешкім де, ешнәрсе де естен шықпас, тарих беттерінде мәңгілік сақтала бермек.

«Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» дейді ғой халқымыз. Қазақ елі талайғы ғасырдың куәсі болып, ендігі кезекте сол ғасырдың тонын шешіп, еркіндік пен жеңілдіктің тәтті нанын татып, бақытқа кенеліп жатқаны - Елбасының нар жүгіндей көтерген сарабдал саясатының арқасы. Халық азаттық ғасырдың, Тәуелсіз ғасырдың Ақордасын Көшбасшымызбен бірлесе тікті.

«Тәуелсіздік» деген ұғыммен есімі бірге аталатын Ұлтының Лидері Нұратамыз ел билігін өз қолына тізгіндегелі бері оның өз тағдыры ел тағдырымен өзектес болып, бұтағын кең жайған алып бәйтеректің діңгегі сияқты тұтасқан-ды. Бәйтерек демекші, Еуразия құрлығының қақ төрінде арқасын кеңге жайған жасыл желек жазиралы Сарыарқамның, иен даламның төрінде тамыры терең мәуелі бәйтерек сонадайдан көздің жақұтындай көрінеді. Тап бір ертегідегідей мәуелі ағаш мемлекетіміздің, Астанамыздың, біздің бақытты болашағымыздың символындай. Қазақ халқының ертегідегі ой – қиялының шындыққа ұласқаны іспетті.

Тамыры тереңге жайылған, аспанмен астасқан бәйтеректей алып мемлекетім – Қазақстаным!

Тәуелсіздік туын желбірете қалықтап самғай бер, қыран құсым!

Тұғырлы тәуелсіздіктің жібі тарқалмасын!

«Болашақ» деген ұғым бар. Келешегіміз кемелді болсын десең, болашағымыз баянды болсын десең, Міржақып Дулатов атамыз ұрандағандай, «Оян, қазақ!». Кемелденген болашағымыздың іргесін ірітіп алмайық, ағайын! Сол себепті «түн ұйқысын төрт бөліп» тыным көрмей жүрген Елбасымыз өзінің халқына деген кезекті Жолдауын жолдап отыр. «Аты затына сай» дегендей, аты айтып тұрғандай «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» деп үндеген Елбасы:

«Биыл - біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:

«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады». Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік!

Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы.

Жұлдызымды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық. Талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық. Халқы тату, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.

Мен 20 жылдан бері бар күш – жігерім мен білік тәжірибемді аямай, халқыма қалтқысыз қызмет етіп келемін.

Осы жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді асырған барша жетістіктеріміз – біздің ортақ табысымыз.

Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөзі бар.

Біз бүгінгі жолдау арқылы мерейлі белестегі атқарған істерімізді қорытындылап, болашаққа бағдар жасадық.

Баршаңызға ел игілігі, мемлекет мүддесі жолындағы абыройлы істерде мол табыс тілеймін!

Мерекелі күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын, ағайын!» - деп халқының маңдайында бақыт шамы, сөнбес жұлдызы сынды жарқырап жана беруіне өз шын ықыласын білдірді. Азат елінің сенімі мен үкілі үмітіне үлкен ұшқын ұялатты. Болашақтың бақыты халық пен асқан рухтың, бірлік пен жігерліліктің бейбіт қолында екендігін дәлелдеді.

Сонымен, міне, қазіргі заман – Жаңа заман! Абай атамыз:

Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек, - деген.

Ендеше, заманға қарай сазы, заманға қарай адамы керек! Заман біздікі! Дәуір – бодан емес, бостан Қазақстанның дәуірі. Заман – ынтымағы жарасқан қазақ ұлтының заманы.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген дана халқымыз. Сонау ХVІІІ ғасырдың ақылгөй дана жырауы Бұқар да өз тұсындағы үш жүздің басын құраған Абылай хан туралы:


Қырық беске келгенде,

Жақсы мен жаман демедің.

Елу жасқа келгенде,

Үш жүздің баласының

Атының басын бір кезеңге тіредің, -

десе,

Кәрібай Мұсырман ағамыздың сөзімен айтқанда:


Тұрғанда Сіз ту еткен бірлік қолда,

Басқаны анық біздің тірлік оңға.

Нұр –аға, жасампазсыз, жалғастырған

Ақ жолын Абылайдың нұрлы жолға! – деп жырлайды.


Осы өлең жолдарынан топшылаған ойым: Елбасы – бірліктің білезігін қолға таққан, халқының ынтымағын жарастырған ұлы тұлға. Нағыз саяси өмірдің жаңа жобасын жасаған саясаткер.

Біздер, жастар, іргелі ел атанып, бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген Елбасының салиқалы саясатының ізіне ілесуіміз керек. Ел көсемі халықтың болашағын жастарсыз елестете алмайды. Өйткені келешектің кемесі жастардың теңіз толқынына барып тоқтайды. Сондықтан да, Елбасының бізге артқан зор сенімін ақтауымыз міндетті.

Еліміз егемендікті еншілеген жылдар ішінде көп нәрсеге қол жеткізіп үлгердік.

Қазақстанның әлемдік саяси кеңістіктегі жетістігіне әрбір қазақ азаматы шексіз қуаныш иесі болуы қажет.

Бүгінгі Қазақстанның жеңісі – Еуропаның төрінде отыруы, талай адуынды, әрі алпауыт елдерге төрағалық етуі, Еуразияны ғана емес, бүкіл дүниежүзін мойындатуы – барша Қазақстан халқының жеңісі. Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы Саммитінің өтуі – бұл: Қазақстанның халықаралық беделі мен Мемлекет басшысының бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегін мойындау. Сондықтан да Қазақстан – бейбітшіліктің бесігін тербеткен киелі аруана.

Одан бергісі кешегі «Азиада алауы» Қазақстан елінің биік шыңдарының төрінде лапылдап жалындады емес пе?! «Жетінші қысқы Азиада -2011» - Қазақ елінің үлкен жетістігі, орасан зор мақтанышы.


Азиада – төрлет Қазақ төріне,

Туды көтер қазағымның көгіне,

Бақыт болып келдің туған жеріме,

Қуаныш боп ендің бүгін Еліме!

Елді аралап отпен жүзді ақжелкен,

Азиада – баяны мол бақ көркем.

Батыс,

Шығыс,

Солтүстік пен Оңтүстік,

Төрт құбылам

Алау отын жақты өлкем! –деп те Шөмішбай Сариев ағамыз да байыс таппай «Ақ Азиадаға» деген ішкі жан тебіренісін осылай жеткізген-ді. Азиада алау оты жалындап әрбір Қазақ жүрегі боп жана берді.

Үстіміздегі жылдың сәуір айының 3 жұлдызында Елбасымыздың тағы да бақ жұлдызының ғұмыры жарқырай жанғандығы барша Қазақстандықтарға, қала берді бүкіл әлемге әйгілі болды. Ел Президентінің кезектен тыс сайлау науқанында Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев салтанатты жеңіске жетті.

Бұл жеңіс – Елбасы жеңісі, елдік пен халықтың жемісі. Қазақ елі лайықты таңдауын жасай білді. «Саясаткер елдің бағына бітсе, - мемлекет берекелі, бақуатты тұрмыс кешеді. Сорына бітсе - соғыстан көз ашпайды» деген шығыс сөзінен пайымдайтыным: біздің бақытымызға орай, Елбасымыз елдің маңдайына біткен бақ жұлдызы болды. Еліміз тыныш, дініміз аман, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда күн кешіп жатқан жайымыз бар.

Осы ретте, Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзі еске оралады:

«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең шабысқалы келгенбіз».

Міне, осы асыл сөз иірімдерінен – ақ қазақ елінің киелі қасиетінің соншалықты байсалдылығын, көрегендігін аңғаруға болады. Бабаларымыз сол кезеңде де бейбітшіліктің ақ көгершінін әсерлі сөз тізбектерімен қолына қондыра білген.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының көшбасшысы.

Бұл партия – нағыз тәжірибелі де, ауқымы кең партия. Өткен өтпелі кезеңіміздің сағат тілін ізге кері бұрып қарасақ, небір қауқарсыз солақай партияның шырмауына оралар едік. Сол бәсекелестік сын сағаттарында ортадан жарып шыққан, тек орта бағытты ұстанып, екі жаққа жалтақ қарамай, әділеттің ақ жолына басын бұрған партия - «Нұр Отан». Партияның негізгі қуаттылығы, беріктігі, өміршеңдігі – Елбасының саяси мектебін қазақ елінің қолдағандығында.

Ендеше, өз елінің «Сұлтаны» атанған ұлы көсемімізге Алла сабыр берсін, тәуелсіздіктің тізгінін алып, алға қарай басқан қадамы құтты бола берсін, ләйім Алланың мейірім-шапағатына періштедей бөлене берсін!


Жарқылдап жанарыңда жалын ойнап,

Жүргенің қалың жұрттың қамын ойлап.

«Елбасы, аман болсын», деп тіледі,

Айбынды – Қазақ елі,

Ару – аймақ!-

деп жыр маржандарын терген Марфуға Айтқожина анамызға мың алғыс!

Елінің елдігі үшін, бейбіт өмірдің өсуі үшін, халқының қамы үшін өзегі өртенбейтін, емеуріні елжіремейтін адамзат жоқ болар, сірә.

Олай болса, келешек жас буын, жалынды жастар, қазақ деген қанымызда белгі барда Қазақстанымызды, киелі туған өлкемізді өркендетуге, өрісімізді кеңейтуге жан-тәнімізбен атсалысайық, жас ұрпақ!

Мен –азатпын, азат елмін,

Мақтанам!

Шат-шадыман халқым үшін

Шаттанам!

Көне түркі бабамыздың қалдырған,

Қыран құсы алақанда

Бапталған!

Қалықтасын аспанымда

Азат құс!

Келешекті көркейтетін

Келді тұс!

Мәңгі бақи жаса, жайна, Отаным!

Бейбіт елдің ақ тілеуін

Алып ұш!


дей отырып, егемен елімізге бейбіт өмір, ажырамас бірлік, тәтті татулық, асқан алғырлық пен жайқалған жасампаздық тілеймін!

«Алға, Қазақстан!», «Жасай бер, Нұр Отан!», «Нұрлана бер, Нұрсұлтан!», «Алға ұмтыл, жас ұрпақ!»





































Шығарма.


«Елбасы Жолдауы – болашақтың алтын көпірі»








2011 жыл.



Мен – қазақ та, сен –қалмақ,

Танысқалы келгемін!

Сен – темір де, мен – көмір,

Еріткелі келгемін!

Екі еліктің баласын,

Теліткелі келгемін!

Егесетін ер шықса,

Иілткелі келгемін!

Қазақ, қалмақ баласы

Табысқалы келгемін!

Табысуға келмесең,

Тұрысатын жеріңді айт,

Сен – қабылан да, мен – арыстан,

Алысқалы келгемін!





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-299071

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"