Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Шығарма " Ешкім де ұмытылмайды"

Шығарма " Ешкім де ұмытылмайды"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Ұлы Отан соғысының 70-жылдығы



Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.



Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да қазір санамызға қайта оралып, жатқан тұлғалар аз емес. Мысалы, Батыр Ораз Бейсекбаевты аға буын өкілдері білген жоқ қой. Қазір еліміздегі ең жоғарғы награда «Халық қаһарманы» атағының иегері. Отан соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?... Оны ашып анықтау белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып елге танытып, лайықты атаққа ие болғызу, оларға қамқорлық жасау - бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті парызымыз.


Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.

Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі.


Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және көп басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.


Жарыстар Мәскеуде, Ленинградта, Сталинградта жүргізді. Көрнекті Қазақ ақын, Жамбыл Жабаев, Ленинградтың ауыр тағдыры туралы өлең жазды.


Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің!

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағымдай көремін...

9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Бiздiң ардагерлеріміз! Олар кемде-кемде қалды. Оларға лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, оларға көмектесу керек. Ұлы жеңістің күнімен құтты болсын! Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жеңіс - біздің ата-бабаларымыздың батырлығы. Бұл     соғысты  ешкім  де  ұмытпауы, ешнәрсе  де ұмытылмауы керек. Қазіргі таңдағы бақытты балалық шағымызға, тату да бейбіт өмірге, әрқашан қуаныштымыз, бақыттымыз!





Автор
Дата добавления 08.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров296
Номер материала ДВ-510256
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх