Инфоурок Другое Другие методич. материалыШығарма тақырыбы "Абайдың табиғат лирикасын оқыту"

Шығарма тақырыбы "Абайдың табиғат лирикасын оқыту"

Скачать материал

 

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арналған

«Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында өткізілетін аудандық ғылыми-практикалық конференция

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Абайдың  табиғат  лирикасын  оқыту.

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:  Жалпы білім беретін Мүткенов атындағы

                    орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

                                 пәнінің мұғалімі:

           Асемгуль Мейрамқызы Муканова

 

 

 

 

 

 

2015 – 2016 оқу жылы

 

Мазмұны

 

 

І  Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1.  Өнер, білім  тақырыбындағы Абай өлеңдерін оқыту.

2. Абайдың  табиғат  лирикасын  оқыту.

III Қорытынды

IV Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

Кіріспе

Еліміз өз тəуелсіздігіне ие болып, ұлттық санада үлкен өзгерістер байқалып жатқан шақта əдебиет пəнінің танымдық та, тəрбиелік те мəніне ерекше көңіл бөлінуде. Себебі, қашаннан жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру ісінде олардың дүниеге көзқарасын қалыптастырып, сана-сезімін дамытатын пəндер арасында əдебиет пəніне ешбірі тең түсе алмайды.

«Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында өткізілетін аудандық ғылыми-практикалық конференциясына  «Абай лирикасы және оны оқыту» атты тақырыпты алып отырмын.

Егеменді  ел  мүддесі  тұрғысына  сай  жаңа  адамды  қалыптастыруға   жалпы  бастау  болар  тәрбиенің  көзі  Абайдан  табылады. Абай  мұрасын  оқытуда  өркениетке  бет  бұрған  қазақ тілі және әдебиеті оқытушылары    осы заман  талабымен  жаңаша  пайымдап,  қайта ой  сарасынан  өткізуді  талап  етеді. Абайдың  адам  тұлғасын  қалыптастыруға  негіз  боларлық  ғибрат  сөздері  ұрпақ  тәрбиесіне  ат  салысам  дегендердің  тілегімен  тікелей  қабысып  жатыр.

Абай шығармаларын, өзге де ақын-жазушылардың туындылдарын оқып үйренуде пайдалану  мəселесі қарастырылады.

«Абайдың табиғат лирикасын оқыту» табиғат туралы яғни пейзаждық өлеңдерін үйренудің əдіс-тəсілдері туралы.

Оқушыларды  Абай  шығармаларына  қызықтыру  жолдарын  іздеу, оларға  керекті  практикалық  жұмыстар  жүргізу,  тиімді  әдіс-тәсілдерді  пайдалану. Ал  оқу-тәрбие  процесінде  Абай  шығармаларын  нәтижелі  өтудің  бір  кепілі – мұғалімнің  әр  сабақта  ұтымды  әдіс-тәсілдерді  қолдануы қажет.

 

 

 

 

3

1 ӨНЕР, БІЛІМ  ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫТУ

Абай  Құнанбаев  шығармаларын  оқыту  бастауыш  сыныптардан  басталып,  орта буында,  жоғары  сыныптарда  түгел  қамтылады.  Осы  сыныптардың  әр  қайсысына  сай  оқытудың  принциптерін    білу  әдіс-тәсілдердің  нәтижелі  іске  асуының  алғы  шарты  болып  табылады.  Мәселен,  төменгі  сыныптарда  оқушылардың  ойлауы  мен  қиялы  күшті  болады.

Бүгінгі   күні  дамыған  технологияға  негізделген  әр  түрлі   жаңа  әдістер  көп  айтылып  жүр. Соның  бірі  –  оқытудың  инновациялық  әдісі.  Бұл әдістің ерекшелігі бұрыннан  танымал әдістерді негізге ала отырып,  оқушы  қызығушылығын  арттыру,  оқушы  еркіндігін,  белсенділігін  туғызу,  сезім  күйіне  жағымды  ықпал  ету  болып  табылады. Абай  шығармаларын оқытуда  тиімді  әдіс-тәсіл оқушы  қызығушылығын  арттыру,  сезіміне  әсер  ету,  қиялын  ұштау,  сол  арқылы  шығармашылыққа  жол  ашу,  оқушыға  еркіндік  беру  деп  түсінеміз. Осы  жолда  жақсы  нәтижеге  жетектер  бір  жол – сабақта  ойын  түрлерін  пайдалану.

Кез  келген  бала  ойын  үстінде  өзін  әлде  қайда  еркін  сезінеді.  Көп  жағдайда  оқушыға  сабақтың қалыптасып қалған  міндеттілік, мәжбүрлік,  ықтиярсыз  шаралары  кері  ықпал етеді.  Ойын  оқушыны еркін ойлауға,  еркін сезінуге,  шапшаңдыққа, шығармашылыққа  бастайды.  Абайдың жыл мезгілдеріне  арналған  өлеңдерін  оқытқанда  оқудың  танымдық  ойын  түрлерін  ұйымдастыруға  көп  мүмкіндіктер  бар.

Мысалы: «Кім  тапқыр» ойыны.  Ойынның  шарты  бойынша  өлеңнен  алынған  сөз  немесе  сөз  тіркесі  кімге,  неге  қатысты  айтылғанын,  қай  сөзбен  байланысып  тұрғанын  табуды  екі  оқушыға  немесе  екі  топқа  ұсынса,  тапсырма  әлдеқайда  тезірек,  әрі  қызықты  орындалады.  Әңгіме-сұхбат тәсілі  Абай  шығармаларын  жалпы  көркем  туындыларды  өз  мәнінде  қабылдауға  үлкен  ықпал  етеді.  Абайдың  табиғат  лирикасы,  «Құлақтан  кіріп  бойды  алар», 

4

«Өлең – сөздің  патшасы»  т.б.  шығармалары  оқушыны  эстетикалық  әсерге,  талғамға  шақырса,  Әбдірахманға  арналған  өлеңдері,  саяси - әлеуметтік  лирикасы  ақынның  ішкі   толғанысына  толы.  Көркем  шығармадан  эстетикалық  ләззат  алу,  басқа  адамның  эмоциялық  жай-күйін  түсіну,  жанына  жақын  тұту,  сезіну,  жүрегімен  қабылдау  дегендер  оқытудың  жағымды  нәтижелері  болып  есептеледі.  Абай  лирикасындығы  көркемдікті  таныту  үшін  ақынның  өз  тілінде  айтқанда  мағыналы  мазмұнға  «оймен  араласудың»,  «жүректің  көзін  ашудың»  бір  тәсілі  іспетті.

Лирикалық  шығарма  дегеніміз – тікелей  ой  мен  сезімнің  әсерлі  де  асқақтата  суреттелуі.  Сөз  жоқ,  көркем  шығарманың    қай-қайсысында да  әсерлі,  асқақтата  айту  болады.  Бірақ  прозада  ол  сөз  шығарманың  бір  қыры  сияқты  көрінсе, лирикалық  шығармада  ақын  сезімі  айқын  көрініп  тұрады.  Яғни  ақын  қуанып  тұр ма,  жоқ  қайғыру  бар  ма,  т.б.  оның  ішкі  эмоциялық  жағдайы  шығармада  байқалады.

Мектеп  қабырғасында  әдебиетті  оқытудың  алғашқы  уақытынан  бастап,  мектеп  бітіргенше  мұғалімнің  көздегені  оқушының  шығармашылық  қиялын  ояту,  оны  жетілдіру,  оны  адамдық  биік  қасиеттерге  тәрбиелеу  болуы  керек.  Сол  үшін  де  әрбір  лирикалық  шығарманың  өтілуінен  кейінгі  қойылатын  сұрақ-тапсырмалар  ойланып  қойылуы  тиіс.

Абай білім алу –  білікті  адам болу және ол білімнің басқаға да, өзіне де игілікке жұмсалуы үшін керек екендігін терең сөз етеді.

2 АБАЙДЫҢ  ТАБИҒАТ  ЛИРИКАСЫН  ОҚЫТУ  ЖОЛДАРЫ

Абай  Құнанбаев  шығармаларын  оқыту  бастауыш  сыныптардан  басталып,  орта  буында,  жоғары  сыныптарда  түгел  қамтылады.  Абай  шығармаларын  төменгі  сыныптарда  немесе  орта  буынның   5, 6 – сыныптарында  оқытқанда,  оқушылардың  ассоциациялық  ойлауы  мен  қиялын  дамытатын  әдіс-тәсілдер  пайдалану  орынды  деп  есептейміз.

5

Мысалы,  Абайдың  табиғат  лирикасынан  «Күз»  өлеңін  оқытқанда  мына  тектес  сұрақтар  беруге  болады.

1. Күз  сөзі  көз  алдымызға  қандай  көріністерді  елестетеді?

2. Күз  сендерге  қандай  сезім-күй  туғызады?

Сұрақ,  тапсырмаларға  берілген  жауаптарды  жинақтап,  оқушылардың  дәптерлеріне  немесе  тақтаға  еркін  жазу,  яғни  оқушы  жауаптары  бойынша  жүйесі   жазып  шығу  керек. Оқушы  өз  ассоциациясындағыларын  бөлек  теріп  жинақтайды,  оларды  топтастырып  шығуға  болады.

Мәселен: Олар: «Алғашқы  қоңырау  үні»,  «оқушылар  мектепке  бара  жатыр»,  «құстар  жылы  жаққа  ұшады»,  «құстардың  сайрағаны  естілмейді»,  «жапырақтар  сарғаяды».   Осы  ұғымдар  бойынша  оқушылар  жыл  мезгілінің  тұтас  көрінісін  елестете  алу  мүмкіншілігіне  ие  болады.

Ал  күздің  түсі  қандай  деген  сұраққа  оқушылардың  көбі  дерлік  «сары  түс»  деген  жауап  қайырады.  Оқушы  қиялын  ұштау  үшін  әр  түстегі  қағаз  қиындыларын  немесе  жапырақтарды  жая  отырып,  «күз  бояуын  келтір»  деген  тапсырмамен  түстерді  іріктетіп  алдыру  немесе  түстер  қиындысынан  құрақ  жасату,  сондай-ақ  күздің  әр  көрінісіндегі  суреттерді  көрсету,  сурет  салдыру  т.б.  тапсырмалар  берген  орынды.  Сол  арқылы  ағаштың,  жердің,  далалы  алқаптың  түстері  күздің  басы,  ортасы,  аяғында  әр  реңге  ауысып  отыратынын,  күз  мезгілінің  түстерге  аса  бай  екендігін  білдіруге  болады.

«Қыс»  мезгілін  оқытар  алдында  берілген  сұрақтарға  «қар»,  «қырау»,  «аяз»,  «үскірік» т.б. алуға  болады.  Қысты  оқушылардың  барлығы  бірдей  ақ  түсті  табиғи  деп  таниды.

Көктем  белгілеріне  қатысты  қойылған  сұрақтарға    «қар  ериді»,  «жаңбыр»,  «үйлердің  шатырына  қатқан  мұздардың  еріп,  тамшылап  тұрғаны» т.б.  Мұндай  жұмыс  түрлерін  ұйымдастырудағы  басты  мақсат  оқылатын  шығарманы  дұрыс,  өз  дәрежесінде  қабылдауға  жағдай  туғызу,  оқушы  қиялын  ұштау  болып  табылады.

6

«Күз»  өлеңінде  Абай  бұлттың  түсін  неліктен  басқаша  қолданбай, (қара  бұлт,  ақ  бұлт,   т.б)  «сұр  бұлт  тіркесімен  берген?  немесе  «дымқыл  тұманның  ерекшелігі  қандай?»  деген  сұрақтар  табиғат  ерекшеліктерін  тереңдей  ұғуға  әрі  жете  түсінуге  жетектейді.

Білмеймін,  тойғаны  ма,  тоңғаны  ма,

Жылқы  ойнап,  бие  қашқан,  тай  жарысқан.

Жасыл  шөп,  бәйшешек  жоқ  бұрыңғыдай,

Жастар  күлмес,  жүгірмес,  бала  шулай, – деген   жолдарға  назар  аударта  оқыту  оқушы  ойын,  ассоциациялық  қиялын  күз  көріністерімен  толықтырады,  жаңа  ұғым,  түсініктерге,  сезімге  ойыстырады. Оқушы  санасында  Абай  бейнелеген  күздің  тұтас  суреті  орнығады.

Ал  жыл  мезгіліне  қатысты  оқушылар  қандай  түсті  елестететінін  сұрау  да  белгілі  бір  дәрежеде  оқушы  санасына  әсер  етеді. Оқыту  жұмысының  нәтижелі  болуы  оқыту  әдістерін   үйлесімді  етіп  таңдап  ала  білуге  байланысты.  Себебі  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формасы – сабақ.  Ал  сабақтың  мақсаты  мұғалім  мен  оқушының  ұжымдық,  шығармашылық  еңбегі,  сондай-ақ  сабақта  оқыту  мен  тәрбиенің  міндеттері,  мақсаттары  жүзеге  асырылады,  оқушылардың  ой - өрісі  кеңіп,  қабілеті  шыңдала  түседі,  өмірге  деген  көзқарасы  қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ әдебиетінің бәйтерегі Абайдың шығармашылығы бала бақшасындағы тәлім алып жатқан бүлдіршіндерден бастап, жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің де таным мен тәрбие алатын, эстетикалық талғамын өсіріп, көркемдікке жақындататын, әдебиетті түсінуге жол көрсететін жарқын жұлдыз болып табылады. Ақынның шығармаларының мәні мен маңызы, көркемдік әлемімізді байытатын жемісі жыл өткен сайын айқындала түсуде. Мұны біз күнделікті тұрмысымыздан, Абайға, оның асыл мұрасына болған халықтың ықыласынан көріп те, танып та келеміз.

Біз өзіміздің мамандық жұмысымызда ұлы ақынның лирикалық туындыларын 5-8 сыныптарда оқытудың мәні мен маңызына және оқыту барысында қолданылатын әдістемелік мәселелерге тоқталып өттік. Осы тұрғыдан қарағанда Абай лирикасы мектептерде оқытыла бастағанына жүз жылға шамалас уақыт өтсе де, әр заман, дәуір, ұлттық идеологияны басшылыққа ала отырып, оның жаңаша әдістемесін жасап шығады.

Қазіргі талап – оқушы тек үйренуші ғана емес- талдаушы, аналитикалық пікірлеуші, бағалаушы және оқыған, түсінгенін тұрмыста жүзеге асырушы да болуы шарт. Олай болса, қазіргі методикада оқушыны ізденуге, ситуацияларды өзі тудырып, оны дұрыс шешуге, әрбір тақырыпқа сын көзбен қарап, өзінше баға беруге баулу, дағдыландыру қажеттігі айқын байқалуда.

Абай – сан алуан тақырыпқа қалам тартқан ақын. Ол поэзияның адам өмірінде, қоғамдық тұрмыста алатын орнын әдебиетімізде бірінші рет нақты дәлелдеп берді.

5-8-сыныптарда Абайдың бағдарламаға енген өлеңдерін танытумен бірге ақынның оқулықта жоқ, бірақ  үйренуге титісті шығармаларын да оқушыларға таныстырып, оларды сыныптан тыс  оқуды, талдап түсінетін дәрежеге жеткізіп қамтамасыз ету – әрбір оқытушының негізгі міндеті болып есептеледі.

8

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.     Әділханов Т. Абай  өлеңдерінің білімдік, тәрбиелік  мәні.  Қазақ  тілі         

мен  әдебиеті.  1994

2. Бөкейханов  Ә.  Абай  Құнанбаев.  Абайды  оқы, таңырқа. А.  1993

3. Есенжолова А. Абай шығармаларын  оқытудың тиімді әдістемелері.   

     Қазақ  тілі  мен әдебиеті. 1993 ж.

4. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті  оқыту  методикасы. Алматы. 1990

5. Мұқаева  К. Абайдың  лирикасын  оқыту. Қазақстан  мектебі. 1973

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шығарма тақырыбы "Абайдың табиғат лирикасын оқыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 056 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 2446
    • DOCX 26.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муканова Асемгуль Мейрамовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муканова Асемгуль Мейрамовна
    Муканова Асемгуль Мейрамовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56276
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе