Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Шығармашылық есеп Бастауыш сынып мұғалімі Лапиева Г.К.

Шығармашылық есеп Бастауыш сынып мұғалімі Лапиева Г.К.

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов


23жалпы білім беретін орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Лапиева Гулайым Каппаровнаның


Шығармашылық есебі


Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымындағы болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі сияқты мәселелер шығармашылық жұмыстың жоғары сапасын, жеке кәсіби шеберлікті талап етеді.

Биылғы оқу жылында «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбында зерттеушілік жұмыспен айналысамын.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Осы орайда өз мектебімізден тыс қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық түрлі семинарлар мен конференцияларға қатысып, өзі іс-тәжірибеммен бөлісіп, кәсіби шыңдалу мақсатымен түрлі тақырыптарда ой бөлісіп отырамын.

Биылғы оқу жылында Қарағанды қаласы білім бөлімі бекіткен «Ғылымға алғашқы қадам» №23 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобаларының жинағын құрастырдым.

«Қазіргі бастауыш білім берудің даму жағдайы мен келешегі» атты Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Таулар» тақырыбында тақырыбында тәжірибеммен бөлістім. Мақалам конференция жинағына енді.

Грамотамен, сертификатпен марапатталдым. Саран қаласы (2014 жыл 14 қараша)

Қазан айында Ұзынағаш қаласында өткен «Тірек мектептер: қалыптасуы, жаңашылдығы, келешегі» республикалық семинарда «Мұғалім құзіреттілігі өмір талабы» тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, мақалам конференция жинағына енді

2014 жылы 2«А»сыныбында математика пәнінен « 2-ні көбейту кестесі» тақырыбымен қалалық онлайн ашық сабақ өткіздім. Сабақ «өте жақсы» деп бағаланды.

2015 жылдың маусым-шілде айларында Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің білімін көтеру институты тыңдаушыларына арнап «Интерактивті оқыту кезінде оқушылардың қабілетін және оқуға позитивтік көзқарасын дамыту» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, алғыс хатпен марапатталдым.

«Өрлеу» БА ҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы педагогтің рөлі:сытрттай өткізілген Республикалық ғылыми- практкалық конференциясының мақалалар жинағына «Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында функционалдық дамытудағы өзімнің тәжірибеммен әріптестеріммен бөлістім. .

Оқушының шығармашылық қабілетінің дамуы басты нысана болып алынумен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен іздене алуға үйрететін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалардың тұрақты жүргізіліп отырылуы оқушылардың білім, білік, дағдыларының нәтижелі ететінін нақтылай түседі. Осы жұмыстар барысында жыл сайын оқушылардың жетістіктері артып келеді.

2015-2016 о.ж. аймақтық «Парасат» интеллектуалдық марафонында 1 оқушым жүлделі орындарға ие болды. Ғазиз А.ІІ дәпежелі дипломмен марапатталды.

2013 жылы Ә. Болғанбаевтың 85 жылдығына арналған «Тілтанудағы ірі тұлға» атты РПК «Тіл сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында ой бөлісіп, мақалам «Филологияның өзекті мәселелері: синхронды-диахронды аспектілері» ғылыми еңбектер жинағына енді.

«Заманауи әлемдегі педагог» облыстық дистанциондық эссе байқауына қатысып, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығынан сертификат берілді.

2015жылы І Республикалық балаларға арналған «Сайгак- символ казахской степи» конкурсына қатысқаны үшін Алғыс хат берілді. Алматы қаласы.

2015 жылдың қаңтарында 3«А»сынып оқушысы Серикова Аяулым Шучье қаласында Республикалық «Зерде» байқауында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жеңімпаздар дайындағаны үшін Алғыс хаттар, мадақтама, сертификаттармен марапатталдым.

Методикалық кеңестерде және дөңгелек үстелдерде «Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру», «Интерактивті тақтаны бастауыш сынып сабақтарында қолдану», «Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»т.б.тақырыптарда баяндамалар жасадым.

2013 жылдан бастап бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшілік жұмысын атқарып келемін.

«Оқу мен тәрбие егіз» қағидасын ұстана отырып, тәрбие жұмыстарын жүргіземін. Мысалы, Президент күніне орай, президентіміздің еңбегін бағалай білу,құрметтеуге үйрету мақсатында «Ел тұтқасы –Елбасы»,«Туған елім - Қазақстан»т.б. өнеге сағаттарын өткіздім.

Сыныптан тыс жұмыстар: «Жүзден жүйрік...» , «Алтын күз», «Наурыз- жыл басы», «Әліппенің арғы жағы-білім бағы »т.б. тәрбиелік мәні зор іс – шаралар өткіздім.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары балаларға арналған республикалық әдеби, ғылыми танымдық «Алтын арай» газетінде және мектепішілік «Кәусар»газетінде жарияланып тұрады .

Биылғы оқу жылында бірнеше жылғы іс-тәжірибемнің жинақтарынан

Қарағанды қаласы білім бөлімі бекіткен «Ғылымға алғашқы қадам» №23 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобаларының жинағын құрастырдым. Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал құрастырдым (2015ж).

2013ж., 2015ж жылы ерен еңбегімен жас ұрпақты тәрбиелеудегі жеткен жетістіктерім үшін еңбек кітапшамда алғыс жарияланды.

2013жылы мектепішілік мақтау қағазымен марапатталдым.

2013-2014 оқу жылында Қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталдым.

2015-2016 оқу жылында Қарағанды білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталдым.

Жас жеткіншектерді сапалы біліммен, саналы тәрбиемен қаруландыратын, бойындағы бар күшін салып алға жетелейтін ұстаздардың еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В.Г.Белинскийдің:«Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр»,- деген сөзі еріксіз еске түседі. Сондықтан мектеп мұғалімі әрқашанда өзінің үлкен өмірге баратын жолдаманың басы екендігін үлкен жауапкершілікпен сезіну керек.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-501731

Похожие материалы